📚Электронды кітаптар
31.6K subscribers
624 photos
108 videos
429 files
624 links
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
⚡️ Жасанды интеллект жасап шығарған киіз үй дейді...

Тамсанып отырмыз. Мынадай үйде жазғы демалысты өткізгенге не жетсін.

Арна оқырмандары бағалай жатар👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Айнұр Тұрсынбаевадан бір сағат кеңес алу 300 мың, рухани сөйлесу 900 мың теңге тұрады екен...

Айнұрдан ақылы кеңес алу үшін тірнектеп тапқан 300 мың теңгеңізді жұмсар ма едіңіз? Әлде осы ақшаға кітап сатып аласыз ба? 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🕖 Таңғы сағат 8-00...

Бойы 1,90 метр, салмағы 120 кило тартатын, екі иығына адам мінгендей жігіт ағасы дүкенде "барни" алып тұр...

Бұл сірә, сақылдаған сары аязда түнгі сменнен шыққан адам.

Таң атпай алдынан шығатын кішкентай қызына беретін кішкентай "барниді" күректей алақанымен қалтасына салып алды. Темекі алмайды, арақ алмайды!

"Есектің артын жуса да да" мал тауып жүрген бір қазақ.

Ал біреулер "қазақтың жігіттері анау дейді, мынау" дейді. "Шетелдің жігіттері күшті ухаживают" дейді.

Қазақтың қызына да, жігітіне де ешкім жетпейді! Барды бағалап, шүкір деу керек қой, дұрыс па?! 👍

©️ Арнұр Асқар

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😢 Мына видеода ағылшынша сөйлеп, Сіздерден көмек сұрап отырған жігіттің есімі – Жәнібек, бірақ қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған...

Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғыз басты анасы асырап алуға алып кеткен. Туған анамның үшінші баласы болуым мүмкін дейді ол. Фламанд тілінде өскен ол, қазақша не орысша білмейді. Есесіне, ағылшын, испан, француз, неміс тілдерінде сөйлейді. Қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген. Осы күндері Астанада, өзінің туған әке-шешесін іздеп келіпті.

Кеше осы жігіт туралы пост жазып, артынан біздің заңнамаға сәйкес, баланың өзі айтуы керек деген соң оны алуға мәжбүр болғам. Бүгін өзінің рұқсатымен видеосын жариялап отырмын. Туған әке-шешемнен түк керек емес, тек анамның жүзін көріп, бір рет құшақтап, жүрегімді тыншытсам болды деген Жәнібек мына видеоны бүгін неше рет түсіргенін білсеңіз ғой... Әлі толқып жүрмін, ана туралы ойласам, эмоциямды басқара алмай қаламын дейді.

20 желтоқсан Астанадан Испанияға ұшып кететін Жәнібек, баршаңыздан көмек күтіп отыр. Қазақстан тым алыс, енді қашан келерім белгісіз, мұнда түрім қазақ, тілім өзгеше бәрі біртүрлі қарайды дейді. Мальоркада ол атбегілікпен айналысады. Жылқыны жақсы көреді екен...

Барынша таратып, қандасымызға қол ұшын созып жіберейік, ағайын! 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Шала қазақтарды көрсеңіз қырсығып, тек қазақша сөйлеңіз!..

Кеше бір мекемеде қызық болды. Менеджер де, басшысы да қазақша білмейді екен. Кәдімгідей түсінбейді. Алдымен менеджер "Аружан, помоги" деп шақырды. Аударып берші дегені ғой. Ұят жоқ. Кәдімгі Ресейде қызмет жасап отырғандай. Алдында якут не тувалық азамат отырғандай. Жоқ, сіз көрсетіңіз дедім. Я не понимаю деді. Онда мен де қызметті алмаймын деп, бастығына бардым. Сөйтсем Ерлашка да (есімі) "менікі кінәлі емес" екен. Түсінемін, жартылай түсініп, талпынысы болса екен. Әй, не ұят жоқ, не кешірім сұрау жоқ, наглый осылар.

Жалпы былай. Қазір нарық билейді. Талап етуді қоймау керек. Қазір орысша білмейтін қазақ жоқ. Сонда да осындай жәйттерде ақымақ бола қалыңыздар. Түсінбеймін. Қазақша беріңдер. Әйтпесе үйтем бүйтем дей беру керек.

Мысалға орыс тілді тұтынушы келсе анау орысы жоқ Қарасаз бен Құрықтан келген жас жеткіншек тілін сындырса да орысша жауап беруге міндетті. Нарық заңы, тұтынушы тілінде жауап береді. Жауап бермей көр. Истерика жасап жіберсің.

Қазақ тілін дамытудың бір әдісі - тұтынушы ретінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап ету. Ол үшін осындай шалақазақтарды көрсеңіз қырсықтық танытып, тек қазақша сөйлеңіз!.

©️Марғұлан Ермағанбетұлы

Автордың пікірімен келісетіндер көп шығар 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Әлеуметтік желіде "Айка" деген сутінердың жариялаған тізімінде 2002 жылғы қыздар жүр...

Өрімдей қыздардың сондай жолға түсуіне не себеп болды деп ойлайсыздар? Әрине, тәрбиеден дейсіздер. Мен айтар едім қазақи мейірімнің жоғалып бара жатқанынан. Қазір адамдар тек өз отбасынан шықпайды. Бұрынғыдай туыстық сезім деген жоғалып барады. Бауырлар бір-бірімен араласпайтын заман болды.

Кеше "әпке" деген пост жарияладым. Бәрі өз сезімдерін жеткізіп, тіпті жекеме жылап қалғандарын жазып жатқан адамдар болды. Неге? Өйткені бар адам мейірімге зәру. Туыстық мейірімге. Бала кездегі бір-бірімен ойнап, шекісіп қалса да қайта татуласа салатын аңғал кездерін сағынады. Мың сан адамдармен араласса да бауырдың мейірімін аңсайды...

Біз ғой кезінде әпке, аға жағалап үлкен қалада өмір сүрдік. Солардың аядай бөлмесінде тұрып оқыдық. Солай адам болдық. Сонан кейін де жаман жолға түсуден аман қалған шығармыз. Ал қазір ше? Қазір кең зәулім үйі болса да кіргізеретін туыс азайып барады. Қалаға оқуға келген қыз-жігіттер хостел жағалап жүр. Сосын қыз бұзылмағанда қайтеді? Ұл бұзылмағанда қайтеді? Кеше ғана хостелде өртеніп кеткен жастар осының дәлелі. Айканың тізіміндегі қыздар осының дәлелі.

Біз қазір ұлт ретінде жоғаудың жоғары сатысында тұрмыз. Ұлт дегенде тіл, мәдениет есімізге түседі, иә. Жооқ, қазақи бауырмалдық, туыстық, қонақжайлық сезімді жоғалтып барамыз. Бізді басқа ұлттан ерекшелеп тұратын да осы қасиеттеріміз еді. Қазақи тәрбие, қазақи қарым-қатынас, қазақи өмір...Осыларды жоғалтудан қорқайық, ағайын!

©️Гүлжан Амангелдіқызы

Автордың сөзі шындық қой, иә? Келісесіз бе?👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазақ әдебиетін жүйелеп оқымаған, бірақ оқығысы келетін жастарға мына тізімді ұсындым:

1. Оралхан "Қар қызы"
2. Сайын "Жусан иісі", "Жабайы алма", әңгімелері
3. Бердібек "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Өлгендер қайтып келмейді"
4. Тынымбай Нұрмағамбетов "Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс" деген кітаптағы әңгімелері
5. Мағауин "Шақан-Шері", "Аласапыран", "Көкбалақ", "Тазының өлімі".
6. Әуезов "Көксерек", "Қараш-қараш оқиғасы", "Абай жолы"
7. Бейімбет "Күлпаш", "Шұғаның белгісі"
8. Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілек"
9. Әбіш "Аңыздың ақыры", "Ханша-дария хикаясы", "Шыңырау"
10. Дулат Исабеков "Гауһартас", "Сүйекші".

©️Арман Әлменбет

Осы шығармалардың қайсысын оқыдыңыз? 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Шавкат Рахмонов: "Мен басқа тіл білмегеніме ұялмаймын! Тек қазақша жақсы сөйлесем болды! Басқасы қызықтырмайды! Менің ана тілім - қазақ тілі!".

@kitapkz1
Мұхтар_Шаханов_Таңдамалы_шығармалар.pdf
9.4 MB
©️ Мұхтар Шаханов
📗Таңдамалы шығармалары

Кітаптан үзінді:
Қай жылы "қазақстандық" атанамыз дегенде, мен тоқтатқанмын. Аштық жарияладым. Мені 4000-нан астам адам қолдады. Бүкіл халық көтеріліп кететін болған соң билік қорқып, тоқтатты. Егер солай жасамағанда осы күні «мен – қазақпын» деп айта алмай жүретін едік.

📚@kitapkz1
⚡️ Қандай жаста болсаң да, нендей жағдайда жүрсең де әрдайым оқы, үйрен, білім ал. Үйренуге ешқашан кеш емес. Үйрену үшін оңтайлы уақытты, ыңғайлы жағдайды күтпе!

© Қайрат Жолдыбайұлы, "Кемел адам"

Автордың пікірін құптайсыз ба?👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сайын_Мұратбеков_Басында_Үшқараның.pdf
23.4 MB
©️ Сайын Мұратбеков
📘 Басында Үшқараның

Кітап туралы қызықты ақпар: Сайын Мұратбековтың тарихы өзгеше шығармасы – «Басында Үшқараның» әңгімесі. Әңгімесі бір туғандай тату, адал дос болған Әкім Таразиге арналған. Шығарманың басты кейіпкері Әсет – жазушының өзі. Туған ауылын, оның әсем табиғатын сүйетін қаламгердің суреткерлігі ерекше байқалады.

📚@kitapkz1
Нұрғали Ораз - Түнгі жалғыздық.pdf
1.4 MB
©️ Нұрғали Ораз
📕 Түнгі жалғыздық

Кітап туралы: Бұл әңгіменің негізгі кейіпкері адам емес. Жануар да емес: Жалғыздық! Басқа шығармалардағы кейіпкерлер сықылды жүреді, жүгіреді, күледі, қамығады, бастысы сезіне алады. Нұрғали Ораздың аталған әңгімесінен адам кейпіндегі жалғыздықтың бүгінгі қоғамға, қала тұрғындарына деген көзқарасын байқадық.

📚@kitapkz1
⚡️ Қонаев: Зухрамен жарты ғасырдан астам жұбайлық ғұмыр кешсек те арамызда бала болмады...

Зухра жеңгеңіздің бүкіл өмірі ізденіспен өтті деп айта аламын. Мысалы, ол дүниеге мүлде қызықпайтын. Бұл жағынан да екеуміздің арамызда ерекше ұқсастық бой көрсетті.

Сізге тағы бір сырымды ашайын.

Зухрамен жарты ғасырдан астам жұбайлық ғұмыр кешсек те арамызда бала болмады. Тағдырдың бұл тәлкегі жанымызға қатты батқанын да жасырмаймын.

Бірде, әулетіміздің ақылман қариялары жиналып: "Димаш, келіннің ерекше жақсы адам екенін білеміз. Ата дәстүрге жүгінсек, өзің сияқты атпал азаматтан ұрпақ алып қалмау - елдігімізге сын. Тіпті, Мұхаммед Пайғамбар да осы салада үлгі көрсетпеді ме? Бәлкім, бұған келін де қарсы болмас!" – деді.

Рас, Зухра да қариялардың ұсынысын қолдады. Өзім көнбедім. Себебі, мен үшін Зухра сияқты әйел жалғанда біреу ғана.

Сондықтан оның маған деген шексіз махаббатына көлеңке түсіргеннен гөрі, тағдырдың пешенемізге жазғанына мойын ұсынуды әлдеқайда жеңіл санадым.

©️ Мұхтар Шаханов, "Қонаевпен сырласу"

Кітаптың толық нұсқасын оқығыңыз келе ме? 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Аласармас Асқарлар.epub
676.9 KB
©️ Нұрлытай Үркімбай
📕Аласармас асқарлар

Кітаптан бір үзік ой: "Отанымызды қорғап жүрміз", – деп ойладық. Елімізді пәшестерден қорғамаққа өршелене ұмтылушы ек. Сөйтсек, онымыз әшейін тәуелді елдің баласының билеуші елге бола қан төккені боп шығыпты. Мұның бәрін кейін, «сәбеттің» қатарынан бөлініп, жеке шыққаннан кейін оқып-біліп жатырмыз ғой. Еліңнің тізгіні өз қолыңа тиді. Нағыз қорғайтын Отаның- осы!

📚@kitapkz1
Бейбіт Сарыбай - Мейірім .pdf
123.4 KB
©️ Бейбіт Сарыбай
📕 Мейірім

Кітап туралы: Қай тақырыпта жазса да, адамның қоғамдағы орнын, қоғаммен қатынасын ашып, оны көркем тілмен, ұтымды да шебер жеткізе білетін жазушы Бейбіт Сарыбайдың бұл шығармасы да оқырман көңілінен шығары анық. Ол бұл туындысында өмір шындығын барынша жан-жақты суреттеген.

📚@kitapkz1
💯 Жақсылық күткенге келмейді, күні-түні еңбек еткенге келеді.

©️ Жақау Дәуренбеков, «Ойдауа»

Кітаптың толық нұсқасын іздестіру үстіндеміз 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Түпсана А.Тұрсынбаева.pdf
30.1 MB
©️Айнұр Тұрсынбаева
📒ТҮПСАНА(психология)

Кітап туралы: Түпсана? Бұл кітаптан мына тақырыптар аясында керемет ақпарат аласыз: Түпсана деген не?
Қорқыныштан қалай арылуға болады?
Садақаның сіз бен біз біле бермейтін пайдасы. Шүкіршілік техникасы. Түпсанамен емдеу. Бақытты болу "әдеті" қандай?..

📚@kitapkz1
⚡️ Өмір заңы: бала-бала болуы керек. Балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек...

Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін есейгенде аңсап тұрасың. Ал жалпы, қай жаста болсаң да кей-кейде бала болып, балалық шаққа оралғанның ерсілігі жоқ па деймін. Сәби шағын мүлде ұмытып кеткендер, артына бұрылып бір қарамағандар – тегін білмес топастар ма деп қаламын. Олар туған анасын да, Отанын да тез ұмытып кететін опасыздар сияқтанады да тұрады.

© Шерхан Мұртаза, "Ай мен Айша
"

📚@kitapkz1
Ықылас_Ожайұлы_Қалам_ұшына_тұнған_сыр.pdf
35.1 MB
©️ Ықылас Ожайұлы
📕 Қалам ұшына тұнған сыр

Кітаптан бір үзік ой: Біздегі осы үлкен кісілердің түсінігі қызық. Оларға салсаң қолыңа құман, иығыңа сүлгі іліп мәңгілік солардың қызметіне жегілуің керек. Бұған енді әмәнда үлкендердің ғана айтқаны дұрыс деген «классикалық пәлсапаны» қосыңыз. Ал осы бір «ғажайып» пәлсапаға сәл қиғаш келсеңіз болғаны басыңызға бәле үйіріліп «бұлардың сірә дә ұяты жоқ, үлкендерді еш сыйламайды» деген секілді нөпір сөздің астында қаласыз.

📚@kitapkz1