KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.72K subscribers
1.02K photos
48 videos
21 files
390 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
1917 жыл, Германия.
Отан алдындағы борыш пен даңқ туралы ұранды сөздер, плакаттар бүкіл жерден жаңғырып тұр. Содан жігерленген, кеше ғана мектеп бітірген Пауль Боймер деген жас жеткіншек майданға аттанады.

Бірақ окоптағы өмір патриоттық сөздерде айтылатын өмірге мүлде ұқсамайды. Романтика реализммен бетпе-бет келді: "өйтсем бүйтер едім" деген әдемі идеялар емес, тамақ табу, атыс арасындағы аз ғана тыныштық және таң атқанша аман қалу маңызды.

Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
9🤔2😍2🔥1👏1👀1
Халықтың және биліктің кітапқа бірте-бірте жақындап келе жатқаны қуантады. Бірден Айға ұшып кеткен жоқпыз, бірақ аз-аздан қадам басып келе жатырмыз. Алға қарай. Халықтың дені білімді, кәсіпкер болатын, тауар өндіретін, қауіпсіздікте, тоқшылықта өмір сүретін, ылғи ізденетін, кемелдікке ұмтылатын күнге бәріміз бірге жетеміз. Оған көп себептің бірі - кітап оқу деп білеміз.

Кітап сені құр жатқызбайды. Ғапылдықта қалдырмайды. Өзіңмен өзіңді оңаша қалдырады. Ойландырады. Басыңды қасытады. Күнделік жазғызады. Нені өзгерту керектігін, қалай жасаудың жолын көрсетеді. Үнсіз дос...
30😁3👍1
«Алла Тағаланың алдында дұғадан қадірлі еш нәрсе жоқ» дейді Адамзаттың асыл тәжі пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын). Дұға мүминнің өмірдегі ажырамас серігі болуы керек. Ол Алла мен пенде арасындағы алтын көпір іспеттес.

Біз көбіне қиналған кезде ғана дұға етеміз. «Кімде-кім дұғасының қиыншылыққа тап болған кезде қабыл болуын қаласа, өмірінің жарқын сәттерінде де дұға етуін көбейтсін» дейді пайғамбарымыз.

Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
31👍3😍2👏1🤔1
Қай адамды көбірек құрметтейсіз: ақылы кем адамды ма әлде данышпанды ма?

Ақыл-есі кем адам бірнеше айдың ішінде данышпанға айнала ала ма? Наубайханада еден жуушы болып істейтін Чарли Гордон деген жігіт соны зерттемек болды. Нәтижесінде тышқан лабиринттен зу-зу етіп тез өте шығып, мықты есеп көрсетті.

Енді Чарли тәжірибені өзіне жасайды: бұрын қате-қате жазатын жігіт енді ғылыми теорияларды құрастыра бастайды. Бұған дейін өзін мазақ еткен адамдарды сөзден тұқыртып, кегін қайтарады.

Бірақ бір күні Элджернон тышқан өзін біртүрлі ұстай бастайды, сонда Чарли керемет ақылы үшін үлкен құн төлеуге тура келетінін түсінеді.

Бұл кітап – адамды қандай болса, сол қалпында қабылдау туралы хикая. Не маңызды: ақылды болу ма әлде бақытты болып, қоғамға сіңісу ме?

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
14🤔3👍2🔥2🤯21😁1
Жаман болатын жігіт шегіншек келеді,
Кедей болатын жігіт еріншек келеді.


Шегіншек – ез, айтатын жерде айтуға ұялып, тәуекелге баратын жерде тартынып, жауапкершілік алатын жерде қашатын адам.

Еріншектік – күллі жаманшылықтың басы, кедейлік содан шығады.

Жігіттерге сыйлайтын кітаптар:
- Нағыз жігіт – жігіттің 40 қасиеті
- Идеал жігіт
- Жігіттің сұлтаны бол


Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
12🔥4👍3🥰1👏1
Қыз ақылды болады - болғысы келсе;
Шыдамды болады - қолынан келсе;
Сұлу болады - уақыт берсе;
Батыр болады - сынға түссе;
Адал жұбай болады - жары сүйсе.

Қыздарға оқуға кітаптар:
- Әдебі әдемі ханшайым бол
- Еркем, өмірің болсын көркем

- Ұлпан
- Ақбілек


Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
22👍1🔥1
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым, аман-саумысың?


Байқайсыздар ма, қазіргінің қартының көбі телефонға тәуелді боп барады. Баладан гөрі үлкендердің телефонға телміруі қызық та қиын бір жағдай боп тұр.

Жарайды, қарай берсін дейін десең, көретіні - ылғи соғыс, Украина мен Ресей, АҚШ пен Иран, пайдасы аз дүниелер. Сол уақыттың орнына кітап оқымайды. Бата бергеніне қарап қысыласың. Немересіне ертегі айтып бере алмайды.

Жаңадан өнер үйренбейді. 63 жаста зейнетке шығумен өмір бітпейді ғой. "Қара басың жерге кіргенше білім үйрен" деген бабаларымыз. Сондай қызық кезең боп тұр...

Аузы дуалы, көреген, ақылы тұнық, өмір көрген, парасатты ақсақалдарға мұқтажбыз.
16🔥6💔5👏3👍1🥰1🤔1
Мына атақты шумақ есіңде ме? Соны Мәшһүр Жүсіп 8 жасында жазған екен. Ал енді осыдан кейін Мәшһүр үшін қуанып, өзің үшін көңіл-күйің түспей қайтсін! 8 жаста мұрнымызды сүрте алмай жүрген едік. Эхх тектілік-ай десейші. Мұндай өлеңді қазір пайғамбар жасына жеткен қарттардың өзі айта алмай жүргені өкінішті.
23👍9🔥2🕊2🤝2
Өлім аузынан аман қалған психиатр

Освенцим концлагерінде психиатр Виктор Франкл бір заңдылықты байқайды: тірі қалғандар - ең мықты денелі адамдар емес, керісінше өмір сүруге сылтау тапқандар. Мысалы: кітабын басып шығару, туыстың баласын құтқару, басқа тұтқындарға көмектесу.

Өзі сол түрмеден шыққанда мынадай тұжырымды негізге алып кітап жазады:
адамның негізгі қозғаушы күші – ләззат емес (Зигмунд Фрейд) әрі билік те емес (Альфред Адлер), керісінше өмірдің мәніне ұмтылу.

Қандай қиын жағдай болмасын, адамның қолындағы бір қаруды ешкім ала алмайды. Ол — болып жатқан жағдайға деген өз көзқарасыңды таңдау.

Бұл кітап — ертең не болары белгісіз жағдайлар мен дағдарыс кезінде өмір сүруге тірек табуға арналған кітап.

Қазақша кітабы да бар: «Өмірден мән іздеген адам». Одан бөлек «Логотерапия» кітабы да сатылымда бар.
Тапсырыс беру:
https://clck.ru/3TJfVu
❤‍🔥8👍3🔥31🥰1
Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтады: "Кімде-кім Алла жолында мал-дүниесінен бір нәрсе жұмсаса, оған соның жеті жүз сауабы жазылады". (Әбу Яхия Хурайм ибн Фәтик жеткізген)

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
21👍1
Елжас Ертайұлының ұсынысымен Мирас Кесебаевтің «Үнсіз айғай» кітабын оқып шықтым. Бұл кітапты ата-аналарға, жоғары сынып оқушыларына және сынып жетекшілеріне оқуға ұсынамын.

Себебін кітаптағы мына бір оймен жеткізгім келеді:
«Олар қабілетсіз, ақылсыз, еріншек те емес. Ішкі даусы өшірілген балалар. Соны қайта оятатын, түсінетін, тыңдайтын адам болса ғой, шіркін».

Әр баланың ішкі үнін ести білу маңызды.

Данияр Уалиев, Өскемен НИШ директоры
20👍13🔥3🥰1
Кітаптар тізімін сілтемеден қараңыз. Тізімде жоқ кітаптарға -10% жеңілдік!

https://www.instagram.com/p/DYP7SaRjpVi/?img_index=1

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
9👍3😁1
Табиғат не үшін жаратылған деген сұраққа Құран кәрім жауап береді.

Қалай жаратылған деген сұраққа осы кітап (ғылым) жауап береді.

ҰБТ үшін тек тесттің дұрыс жауабын жаттап емес, есепті түсініп шығару керек. Бұл кітапта 8 жасар балаға түсіндіргендей оңай жазылған.

Құранға да, осы кітапқа да жеңілдік бар.

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
13🤔1
Қазір бізде не жоқ деп ойлайтын уақыт емес. Қазір - қолда бармен не істей алатыныңды ойла.
"Шал мен теңіз", Эрнст Хэменгуей

Бүгін кітаптарға 50%-ға дейінгі жеңілдіктің соңғы күні. Үлгеріңіздер🥰
Тапсырыс беру:
https://clck.ru/3TJfVu
🥰7👍52🔥2👏1😍1
Не қалайтыныңды білмесең, қаламаған нәрселеріңнің астында көміліп өлесің.

Чак Паланик, Бойцовский клуб

1) Достарыңа мақтану үшін алған смартфон;
2) жолдастарыңа көрсету үшін алған трендтегі киім; екінші рет киюге ұяласың.
3) туысқандарыңа дәлелдеу үшін несиеге саяхат жасап келу; енді ай сайын үлкен сумма төлеу;
4) акция деп, керек емес болса да гаджеттер, зат алу; кофемашина, соковыжималка, чудопечь, т.б.;
5) жұрттан қалмаймын деп, 7 жылға бөліп төлеуге Чанган алу (или любой қытай машинасы).

Оқы, оқы және оқы! Кітап оқып, эмоцияңды бақылауды, басқаруды, суытуды үйренесің.

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
🔥145👍3🥰1😍1
"Скейтбордты абайлап айдаймын деген нәрсе жоқ, досым" - Стивен Кинг, "Ол".

Өмірді де байқап, байыппен сүремін деген нәрсе іш пыстырады. Бәрін қолмен ұстап, дәмін сезіп, "неге бұлай?" деп түбіне дейін зерттеу керек.
Қателесу арқылы тәжірибе жинаймыз. Тек екінші рет қайталамау керек.
Кітап оқу арқылы бұған дейін өмір сүрген тұлғалардың өмірін қайта сүріп, олардың даналығын сіңіреміз.

Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
11👍2🔥2🥰1😍1
Бәрі жақсы, мен жаман,
Бәрі бидай, мен сабан.


Әулиелердің ұстазы Ахмед Яссауи осы екі жол өлеңмен бізге кішіпейіл, ғаріп күйде болуды насихаттайды. Адамдардың алдында емес. Алла Тағаланың алдында. Жаратушының алдында кішіпейіл болған адам онсыз да адамдарға кішіпейіл болады. Ғаріп болу деген – өзіңнің Алласыз өте әлсіз екеніңді, дымың жоқ пақыр, бір тамшы судан жаралған ғажайып екеніңді сезіну. 24/7 бақылауда екеніңді түсіну.

Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu
11👍21🔥1