Kitapal
1.52K subscribers
131 photos
4 videos
1 file
65 links
Кітаптардан үзінді салып, талқылап отырамыз. Зиялы ортаға қосыл!
Download Telegram
Сіз қыз баласына тән табиғатыңызбен сұлусыз. Сіздің сыңғырлаған күлкіңізге, назды үніңізге, аялы алақаныңызға әлемде еш нәрсе тең келмейді. Бірақ әр нәрсенің өзіндік мақсаты бар, соны естен шығармаған жөн. Сіздің өз табиғатыңызды сақтауыңыз - болашақтағы ұлы бір іске дайындық. Ол - аяулы жар болу, мейірімді ана атанып, бір қолыңызбен бесік тербетсеңіз, екінші қолыңызбен әлемді тербету!

Өмірде әйел адамның алатын рөлі орасан зор. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Әйел - өмірдің сәні! Әйел - сұлу жаратылыс! Шіркін, әйел кісі жаратылудағы міндетін дұрыс жолда қолдана білсе, небір кереметтердің куәсі болар едік!

©️Данияр Сүлейменов “Ең бақытты әйел” кітабынан үзінді
Қайырлы таң, достар!☀️

Қалдарыңыз қалай?
Ұлы адамдардың өмірін өзгерткен 10 кітап

1. Габриэл Гарсия Маркесті өзгерткен «Превращение» кітабы, авторы Франц Кафка

Осы кітапты оқып, Маркес жазушы болам деген шешімге келеді. Ол әдетте ұйықтау үшін кітап оқитын, бірақ осы жолы бұл кітап оны ұйқысынан оятып жібергендей. Таң атысымен бірден жазу үстеліне отырады. Өзінің айтуы бойынша, Кафканың «Метаморфоз» кітабы оның өмірлік жолын сызып берген. Содан бастап ол бойына қонған шабытты сөндіріп алмас үшін үйінен шықпаған, университетке де бармаған.

2. Джоан Роулингті өзгерткен «Эмма» кітабы, авторы Джейн Остин

Фрэнк пен Джейннің арасындағы қарым-қатынастың құпиясы кітап біткенше оқырманды ұстап тұрады. Автор Остиннің осы шеберлігі Роулинге қанат бітірген. Ол өзі де дәл осындай интрига тудыратын шығарма жазғысы келген. Бұл мақсатына «Кездейсоқ вакансия» кітабында қол жеткізген деп ойлаймыз.


3. Альберт Эйнштейнді өзгерткен «Адам табиғаты туралы трактат» еңбегі, авторы Дэвид Юм

Бұл кітап үш бөлімнен тұрады: «Таным туралы», «Жан күйзелісі туралы», «Ғибрат туралы». Бірінші еңбегінде философ Юм уақыт, кеңістік, білім, ықтималдық, себеп пен салдар сияқты түсініктердің салыстырмалылығы туралы жазады.

Осы еңбектен шабыттанған Эйнштейн атақты «Салыстырмалылық теориясын» құрастырған. «Осы еңбекті оқымағанда, қазіргі ғылыми еңбектеріме қол жеткізбес едім» деп мойындаған.


4. Сергей Бринді өзгерткен «Сіз әзілдеп тұрған боларсыз, Фейнман мырза» кітабы

Сергей – миллиардер, Google-дың атасы. Ол Нобель сыйлығын алған Ричард Фейнманның автобиографиясын оқып, жаңалықтарға үйір болады. Шығармашылық қабілетін дамытуға күш салады. Осылай өмірге Google іздеу жүйесі келген.


5. Курт Кобейнді өзгерткен «Парфюмер» кітабы, авторы Патрик Зюскинд

Атақты «Нирвана» рок группасының әншісі Курт «Парфюмер» кітабын кем дегенде 10 рет оқыған. «Оны оқымай тұра алмаймын. Мені жібермей ұстап тұрады. Ішкі әлемімді сыртқа шығарып жібергендей болады» деген екен әнші.


6. Марк Цукербергті өзгерткен «Энеида» кітабы, авторы Вергилия

«Энеида» кітабында Энеи есімді троялық қаһарман Италияға халқымен көшіп келіп, Лавиний қаласын тұрғызады. Бұл қаланың уақыт бойынша шегі жоқ, ұлылығы мәңгі. Дәл осы эпизод Марктің өміріне қатты әсер етеді. Тұп-тура Энеи секілді бұл да шегі жоқ Facebook деген виртуалды қала тұрғызып, ұлылыққа жетті.


7. Мэрилин Монроны өзгерткен «Улисс» кітабы, авторы Джеймс Джойс

Монроның осы кітапты оқып отырған суреті ең танымал суреттердің біріне жатады. «Ол бұл кітапты көлігінде сақтайды, қолы қалт етсе оқып жүреді. Оған кітаптың қалай жазылғаны ұнайды. Сондықтан оны дауыстап оқитын» дейді оның фотографы.

Осы сурет арқылы «блондинкалар ақылды емес» деген таптаурынды бұзды. Оның жеке кітапханасында интеллектуалдық, психологиялық кітаптар сіресіп тұрады екен.


8. Михаил Булгаковты өзгерткен «Саардамдық ағаш ұстасы» кітабы, авторы Петр Фурман

Оның айтуынша бұл кітап оның ең сүйікті шығармаларының бірі. Сондықтан үйде жиі оқыған. Бұл кітап оған бала кезінің, алаңсыз бақытты шағының белгісі іспеттес. «Бұл кітап мәңгі тұратын еңбектің бірі» деп бағалаған екен.


9. Иосиф Бродскийді өзгерткен «Йейтстің естеліктері» кітабы, авторы Уистен Оден

Бродскийге біреу ағылшын поэзиясының антологиясын сыйлаған екен. Сөздікпен оқи отырып, бір күні Оденнің өлеңдеріне көзі түседі. «Оның өлеңін оқығанда шағын күркенің қуықтай терезесінен сыртқа қарап, оқығанымды қорытуға тырыстым. Сонау 1939 жылы «Уақыт тілге сиынады» деп жазған Ақынның сөздеріне сене алмадым» деп ағынан жарылған.


10. Эрнест Хэмингуэйді өзгерткен «Соғыс және бейбітшілік» кітабы, авторы Лев Толстой

Барлық жазушының ішінен Эрнестке қатты әсер еткені осы кітап екен. Кітаптың ашықтығы, қоғамның дұшпандарын өткір әшкерелейтіні таңғалдырған. Хэмингуэй авторларды бокстың стилінде түсіндірген. «Мен Тургеневті жеңдім. Одан кейін де Мопассанды әзер дегенде құлаттым. Стендаль мырзамен екі рет итжығыс болды, бірақ соңғы раундта ұпаймен ұттым деп ойлаймын. Бірақ Толстоймен ешқашан рингке шықпас едім» деген екен.
📚Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай оятуға болады?

1. Көлемі аз кітапты оқудан бастаңыз.
Сол кітапты бітірген кезде сізде тағы басқа кітапты оқуға мотивацияңыз оянады

2. Өзіңізге ұнайтын жанрдағы кітапты таңдаңыз. Қандай тақырып қызықтырады? Не туралы білген ұнайды? Нені оқысаңыз жалықпайсыз?

3. Күніне кем дегенде 10 бет оқуға мақсат қойыңыз. Басында оқу қиын болғанымен, кітаптың қызығына кіріп кетіп қалай сағаттап кітап оқығаныңызды білмей қаласыз
Есік қақпасаң - ешкім ашпайды. Тәуекелге бел бумасаң – қолыңнан түк келмейтін адам болып қала бересің.

©️Ошо
📌Егер жетістікке жеткіңіз келсе, 6 «кеселден» аулақ болыңыз:

ұйқышылдық, жалқаулық, қорқыныш, ашу, сауыққұмарлық пен жігерсіздік.

©️Конфуций
Қайырлы күн💓
Оқырмандар қойған сұраққа Абай атамыз қалай жауап берер еді?🤔

Посттан толығырақ оқыңыз💓
– Қуаныш тек күлкімен ғана келмейді. Ол тек бала басынан кешіретін тәтті қуаныш қана. Азаппен келетін ащы қуаныш та болады. Нағыз қуаныш һәмәнда жанды қинап, жүректі сыздатып, жылата келеді ғой, қарағым. Ең қайырлы қуаныш та сол болады.

📚Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"
Сұғанақ болып бiреудiң ақысын жеп, жерiн даулап, елiн жаулап алайық деуден аулақ бола тұрып, сыбағаңнан, өзiне тиесiлi игiлiктен айрылу — бейшаралық.

©️Шерхан Мұртаза
«Орынсыз, бос нәрсемен айналысуға өмір тым қысқа»

Андре Моруа
«Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де бір ант ұрғандық»

Төртінші қара сөз 🕯
📣ВАКАНСИЯ

Kitapal компаниясы жаңа СММ қыз іздейді👩🏻‍💻

Талаптар:
🔺Алматы қаласынан
🔺Жасы 18-25 аралығында
🔺Студент болмауы керек
🔺Камера алдында сөйлей алатын
🔺Видеоға түсе алатын, түсіре алатын
🔺Актёрлық шеберлігі бар
🔺Жауапкершілігі бар
🔺Оффлайн жұмыс
🔺График 5/2


Осы талаптарға сай болсаңыз, сізді күтеміз💓

Вакансия бойынша осы нөмерге жазыңыз👇🏻

https://api.whatsapp.com/send?phone=7770960797
Шынымен-ақ адамдардың жүрегі бітеу етке айналып кеткені ме? Мемлекеттік қызметкерлердің шынымен-ақ халықтың, оның бір бөлшегі болып саналатын мен сияқтылардың мұң-мұқтажына құлақ асуды қойғаны ма? Адамдарды енді түсіне бастағандаймын. Менің ішімде әлдене өлді. Адамдарға деген сенімімді жоғалта бастадым. Сондықтан қолында билігі барларға титтей де ықыласым жоқ! Араларында бір-біріне деген сатусыз, екі жаққа бірдей таза сенімі, саналы, кісілікті сыйласымы болғандықтан да адамдардың малдан айырмасы бар. Біз онсыз бір-бірімізден айрыламыз, өзімізді де, өзгені де біржола құртамыз. Жан дейтін байлықтан айрыламыз. Жансыз ештеңе жасалынбайды. Жан кеткен соң, өзіңді өлік деп есепте!

💌Мұқағали Мақатаев "Күнделік"