KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.93K subscribers
977 photos
48 videos
21 files
374 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Рамазанда сыйлық алғыңыз келе ме?

Онда өзіңіз алдымен өзгелерге сыйлық беріңіз. Себебі сыйлық - жүректі шаттыққа бөлейді, сүйіспеншілікті арттырады, жек көруді азайтады.
🥰1814😍4👍3❤‍🔥2😁1
Осы Рамазан айында қай бағытта өзгерем деп мақсат қойдыңыз?

Былтырғы Рамазанда тоймай тұрып тамақ ішуді тоқтатуды үйренгенмін. Ары қарай бір жыл бойы ұстандым. Биыл Рамазанда:

1) Асықпауды
2) Жүректі тазалауды
3) Ойды тазалауды ниет еттім.


Ол қалай? Адамның басына күн сайын алты мың ой келеді. Оның ішінде жақсысы, жаманы бар. Жақсысын ұстап қаласың, амалға айналдырасың. Ал жаманы қалай келсе, солай өткізіп жіберу. Ұстап қалмау. Дамытпау. Сюжетке айналдырмау. Соңынан кетпеу.

Иманды күшейту үшін «Бақыт формуласы» кітабын оқыңыз.
40👍7🔥2🥰2
ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛАТЫН КҮНДІ КҮТУ ЭЙФОРИЯСЫ

Шамамен барлық адамда қарыз бар қазір: ипотека, автокредит, кредит, бөліп төлеу, досыңа қарыз. Бірінде 5 айдан кейін бітеді, бірінде 1,5 жылдан соң жабылады, енді бірі 9 айда құтылады. Ай сайын осы қарыздың бөлігін жабуға жұмыс істейді. Әйтпесе банк бүкіл туысқанына звондап, қанын ішіп қояды.

Бұл адамның ойында: «5 ай шыдап берсем, қарызымнан құтылам. Сонда нағыз рахат болады. Одан кейін ешкімнен қарыз алмаспын!» деген ой болады. Қарыздан құтылатын күнді ойлағанда кеудесін қуаныш кернейді. Сол күні бақытқа бөленетіндей сезім. Осы сезім оны жұмыс істеуге жетелейді.

Алайда...
Айтылған мерзім келіп, қарызынан құтылған күні өзі күткен үлкен қуанышты сезінбейді. Қарапайым, көп күннің бірі сияқты. Неге бұлай? Қарыз болмаған соң енді жұмыс істеуге де мотивация жоқ. Себебі ми әбден қарызды жабу үшін ғана жұмыс істеуге бейімделіп қалған.

Енді ары қарай не істейді?
Адам қайтадан бөліп төлеуге зат алады. Алғашқы жарнасын төлеп, көлік не үй алады. Қайтадан қарыздың дөңгелегіне түсіп айнала бастайды. Ақша табуға мотивация пайда болады.

Сонда біздің миымыздың қателігі:
🆘6 ай ақша жинап,
зат сатып алуға құлқымыз жоқ.

Сол затты 6 айға бөліп төлеуге алып,
ақшасын төлеуге құлқымыз бар.

Проблеманы шешу үшін оқылатын кітаптар:
Қаржы қағидалары
Вавилондағы ең бай адам
Ақша және мен
Мен және ақша
Қарызсыз қазақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
25👍8🔥6🥰1
Момын мұсылман адам не істесе де, қоштасып тұрғандай істеуі керек.

Рамазанмен қоштасып тұрғандай, соңғы Рамазанды өткізіп жатқандай сезіммен.

Бауырыңмен жақсы қарым-қатынаста, қоштасып тұрғандай сезіммен.

Біреуге жақсылық істесең, соңғы жақсылығыңдай сезініп, таза ықыласпен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
45👍9😍5🔥3
Жақында👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥39👍11😍5👏32🔥2😁1🤔1
Жерге бір шалғайдағы ғаламшар тұрғыны келіп, жер тұрғындарын «Ақылды өркениеттер каталогына» енгізу үшін сұрайды:
— Жер, су, жарық мол бола тұра, неге Жерде көп адам аштық азабын тартып жатыр?
— Ақша жоқ.
— Қаншама мүмкіндіктеріңіз бола тұра, неге үйсіз-күйсіз адамдар көп?
— Ақша жетпейді.
— Неге жер бетін осыншалық ластайсыздар?
— Таза ұстайық десек, ақша жоқ.
— Неге емі бар аурулармен ауыратындар көп?
— Емдеуге қаржы тапшы.
— Сонда бұл қандай тапшы ресурс? Мүмкін оны басқа планеталардан әкеліп көмектесейік пе? Жалпы, оны қайдан өндіресіздер?
— Әкелудің қажеті жоқ, біз оны өзіміз басып шығарамыз.
Сөйтіп, әлгі ғаламшарлық жер тұрғындарын ақылды жаратылыстар тізімінен сызып тастапты.
21🤔8🆒2👍1😢1
Дайындалған адам қорықпайды

Дайындалған адам алдын-ала жоспар жасайды. Түрлі ситуацияға. “Егер мынау болмай қалса, онда мынауым дайын тұруы керек» дегендей. Карантинде көбі үйде жұмыссыз, аңырып қалғаны естеріңде шығар? Бұл – жоқ нәрседен қорқу емес, дұрыс стратегия. Сақтансаң - Құдай сақтайды.

Алда әлем су тапшылығын сезінсе, көрші елде соғыс болса, ЖИ жұмысымызға араласса, азық-түлік қымбаттаса, ауырып қалсам, аяғым сал боп қалса, жұмыстан шығып қалсам, т.б. жағдайларға дайын жүріңіз. Бұлар болады деп емес, болып қалса не істеуім керек деген оймен.

Дұрыс жоспар жасау үшін дұрыс ойлана білу керек. Кітап ойландырады. Миды қозғайды.
32👍8🔥2🥰1
Әр кітапты оқып біткен сайын "Мен не білдім?", “Мұны қай жерде қолданам?" деп өз-өзіңнен сұрасаң, кітаптың пайдасын көресің.

Оқып бола сала, жауып қойсаң, сөреге қоя салсаң, бір айдан кейін не оқығаныңды ұмытып қаласың.
51❤‍🔥6👍5🔥2🥰1
Әркім қорыққанынан қашады. Тек Алладан қорыққандар Оған қарай жақындайды.

(с) Хәким Әбул Қасим

"Имам Ғазали - Ихия улумиддин, 5-кітап"
34👍7🔥2💊1
ХӘРРИ ПОТТЕР ПЕН МӘНШҮК МӘМЕТОВА

Ауылға апаратын қораптағы 50 кітаптың бағасы 210 000 тг. Бірақ біз оны 175 000 тг қылып ұстап отырмыз. Ақша жинап жатқан жастарға қиын болмасын деп. Ең жақсы кітаптарды таңдап алған соң, олар арзан емес. Тіл үйрену, мамандық таңдау, тұлғалық даму, әдет қалыптастыру, мінез өзгерту, Қайрат ағаның «Кемел адамы», Скаковтың «Мен, Сені», Қаныш пен Өзбекәлі, Жұмабектің майдандары, Ахмет пен Бейсен, Галилео мен Эйнштейн, Франклин мен Момышұлы, Хәрри Поттер пен Мәншүк, т.б.

Осы кітаптарды оқып, ауылдағы мектеп оқушылары шабыттанып, арқаланып, кім болатынын шешіп жатыр. Сен де үлес қос, адам!

https://pay.kaspi.kz/pay/lqmlhbut - үлес қосу.
15👍10🔥1🥰1😁1
Адреналин керек болса, Қаныш сияқты кір! | Kitapal podcast #47

Бүгінгі подкастта ағартушы, жазушы Санжар Керімбай мырзамен сұқбаттастық. Орта жас кризисі, мүшел жастың маңызы, ар-ождан мазаламас үшін не істеу керек, өмірдің мәні, ұлы тұлғалардың өмірін не үшін оқыту керек, бітеу дүрбі, рухани катаракта, не үшін кітап оқу керек, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбіттік.

https://youtu.be/G9PSi-23HDI

Бөлісіп жіберіңіздер🌟
🔥11👍32🤔1
Бір хадисте Алла Расулы (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) денесін өртетуді өсиет еткен бір адам жайлы баяндайды. Бұл кісі ұлдарына: «Мәйітімді өртеп, күлімді ұшырып жіберіңдер» дейді. Олар да дәл солай істейді. Одан кейінгісін Пайғамбарымыз (с.а.с.) былайша суреттейді: «Алла оның күлін қайтадан зәррелеріне дейін біріктіреді де, «Неге бұлай істедің?» – деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: «Күнәларыммен Алланың құзырына баруға қорыққанымнан» деп жауап береді».


Көріп тұрғанымыздай, бұл жерде мүлде басқа бір ішкі ой, рухани күй бар. Шіркін, осындай бір діріл бізді де сілкіп өтсе ғой! Осындай рухани қорқыныш, жауапкершілік сезімі біздің де амал-әрекетіміздің өзегіне айналса ғой!

(Кітаптан үзінді)
😭207🔥6👍1🍓1👀1
Кітаптан үзінділер

Мықты адамдар өзінің әлсіз кезін біреудің көріп қалуынан қорқады.

Маргарет Митчелл, "Унесённые ветром"

Өмірде ең жаманы - күту. Күтуден басқа ештеңе істей алмайтын кез.
Эрих Мария Ремарк, "Три товарища"

Ойландыратын нәрсе көп. Өткенді өзгерте алмайсың, ендеше неге оған бас ауырта бересің? Одан да қазір өзгерте алатын заттарды ойлайық.
Маргарет Митчелл, "Унесённые ветром"

- Не қалайсың?
- Уақытты өлтіргім келеді.
- Уақыт өзін өлтіргендерді ұнатпайды.

Льюис Кэрролл, "Алиса в стране чудес"

Адамдармен танысқанда "Қуаныштымын" деп айтамын. Бірақ қуанып тұрғаным шамалы. Адам болғасын айтуыңа тура келеді.
Джером Дэвид Сэлинджер, "Над пропастью во ржи"
6👍2🤔1