Конгресс кітапханасы - әлемдегі ең ірі кітапхана. Вашингтонда орналасқан, оның 470 тілде 155 миллионнан астам кітабы бар. Сонымен қатар, мұнда қолжазбалар, аудиожазбалар мен фильмдер сақталған. Ол сондай-ақ ең сұлудың бірі. Онда мектептер мен ғылыми ұйымдардан бастап, мемлекеттік мекемелерге арналған әдебиеттерге дейінгі әртүрлі сипаттағы әдебиеттер бар. Кітапханада 18 оқу залы бар, олар күніне 1500 адамды қабылдай алады. Жалпы сандар туралы айтатын болсақ, кітапханаға жылына 1,7 миллионға жуық оқырман келеді, ал мұнда 3600 қызметкер жұмыс істейді.
❤32👍9😍5
Жар таңдаудың жарғысы
Жасаулы деп, малды деп байдан алма.
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма!
✍️Абай Құнанбайұлы
Жасаулы деп, малды деп байдан алма.
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма!
✍️Абай Құнанбайұлы
👍41❤12
АЛДЫМЕН ЖАҒДАЙ ЖАСАП АЛАЙЫН…
Ер жігіт болсын, қыз бала болсын, барынша ерте отбасын құрғаны абзал. Ер азаматтар 20-25 жас аралығында, ал қыздар 20 жасқа дейін, ары кетсе 21-22 жасқа дейін отау құрғаны дұрыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 25 жасында үйленген. Кеш үйленудің зияны шаш етектен. “Таңдаған тазға жолығады” дейді қазақ. Әркімге бір көз салып, әркімнен бір мін тауып жүргенде, жасың өтіп, дәуренің бітеді. Кемшіліксіз пенде жоқ. Кемшілік атаулыдан ада - бір Алла ғана. Мінсіз еркек жоқ. Мінсіз әйел жоқ. Бәрінің бір “әттеген-айы” болады. Жоғарыда айтылған сипаттар табылып тұрса, тәуекел етуден қорықпау керек.
📝Қабылбек Әліпбайұлы
📘“Жан ұясы” кітабынан

❤40😇6👍5
Біреу бізге түйткілін айтса, біз бірден шешімін табуға тырысамыз. Алайда неке арифметикалық есеп емес. Отбасыңда ең бастысы — қарым-қатынас.
🖊️Гәри Чәпмән
“Махаббаттың бес тілі” кітабынан
🖊️Гәри Чәпмән
“Махаббаттың бес тілі” кітабынан
❤28👍8👏3
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген...
Оның алғашқысы: ұят болады.
Екіншісі: жаман болады.
Үшіншісі: обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы дегені еді;
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;
Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді.

❤54👍6💊6
Кеш жарық!✨
Қалайсыздар? Жағдайларыңыз қалай?
Бүгінгі күндеріңіз қалай өтті? Бүгін неше бет кітап оқыдыңыздар?📚

❤7👍1
Үнемдеу өнері
Үнемдеу-қажет емес кезде ақша жұмсамау. Қажет пен қалаудың аражігін ажырату мәселесі ғой. Мысалы, қарным ашты дейік. Түскі асты қай жерден ішемін? Жанымда бір ресторан бар. Орташа чек: 3500 тг. Одан бөлек бір кафе бар. Орташа чек: 2000 тг. Ресторанды қалтам көтереді. Нәпсім қалап тұр. Енді қалау мен қажет тұрғысынан қарап көрейік. Менің қажетім: қарнымды тойдыру. Ал ресторан-қалауым, қажетім емес. Демек, қалауымды шетке ысырып, қажетімді өтесем, үнемдеген боламын. Қажет емес кезде ақша жұмсамадым.💵✅
✍️Данияр Жігітбек
“Қаржы қағидалары” кітабынан

👍41❤18
Өзіңіздің қаншалықты маңызды екеніңізді сезінің. Сіз бұл әлем үшін өте маңыздысыз. Өзіне деген құрметі, бағасы жоғары адамға ешқандай мотивацияның қажеті жоқ.
Адамдар бақытқа жету үшін көп ақша табу керек деп ойлайды. Бірақ байлық, жетістік, көлік, яхталар - бұл процесс емес, нәтиже ғана. Ақша - бұл сіздің тиімді қызметіңіздің жанама нәтижесі ғана.
Тиімді қызмет дегеніміз - бұл ресурстарды аз пайдалана отырып жеткен нәтижелер саны.
📝Бақытжан Бұқарбай
“МАРҒҰЛАН БИЗНЕС ПЕН ӨМІР ТУРАЛЫ” кітабынан

❤33👍8👏1
Қайырлы таң!
Бүгінгі жұма күнгі жасаған жақсылықтарыңызбен дұғараларыңыз қабыл болсын!✨

❤33
Табысқа жетудің бірінші шарты - бір мәселенің шешімі үшін үздіксіз ойлау қабілеті мен физикалық күш салу.
Томас Эдисон
Томас Эдисон
❤32
“Қамқоршылардың арасынан кімде-кім бай болса, жетімнің мал-мүлкіне тимесін ал қолы қысқа адам (жетімге көрсеткен қамқорлығының ақысы ретінде) оның мал-мүлкінен мұң-мұқтажын өтейтіндей ғана мөлшерде ішіп жесін”.
👍25❤10🐳6
Дінмұхаммед Қонаевтың нақыл сөздері
⬇️⬇️⬇️
Жатсық шақ қанаттарын жайып салу үшін емес, ұшу, жұмыс істеу, жұмыс істеу, жұмыс істеу үшін берілген.
Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
Бүгінгі күн - кешегі күннің шәкірті.
Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.
Сыпайылық кішіліктен ғана емес, кісіліктен де туады.
Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
Сенім — құдіретті күш:
тауды да қозғайды.

❤35❤🔥9👍4
Әңгімелесуді үйрену үшін күні бойы басыңыздан өткерген эмоцияларыңызды жазып отырыңыз.✍️
😍44❤6💊6👍5
Кофеқұмар бір жігіт:
“Бұлай кофені көп іше бергенім жарамас. Енді тек кітап оқыған кезде ғана кофе ішемін”- деп уәде қылып, солай солай кофені қойып кетіпті)

😭56😁45❤19😍1
Ең тиімді сәт ҚАЗІР🔥
💔18🤝12❤11
Кітап оқу әдетін қалыптастыру үшін кітап бетімен емес, оқитын уақытпен әдет орнықтырған абзал.
Күніне 20 бет оқу ❌
Күніне 20 минут оқу ✅
Күніне 20 бет оқимын деп жүйеленсең, 20 бет аяқталғанша апыр-топыр етіп, асығып оқи шығасың.
Ал 20 минут деп жүйе қойсаң, бәлкім сол уақытта 5-ақ бет оқысаң да, кітапты терең түсініп, саналы түрде 20 минут оқисың.
Поварнин айтпақшы: «Кітапты түсінбегеннен де жаман нәрсе кітапты қате түсіну».

❤38😍16👍11💊3👌2
Достар осы жылға Kitapal Telegram каналымыздың оқырман санын 8000-ға жеткізсек деген ниетіміз бар. Сіздер сол оқырманның санына жетуімізге, бірден-бір себепкер бола аласыздар. Осы каналдың сілтемесін достарыңызбен бөлісіп, пайдалы ақпарат алуына себепкер болыңыз.
Сәттілік!✨
Сәттілік!✨
❤51👍15💊1
Неғұрлым қысқа сөйлеу үшін соғұрлым ұзақ дайындық керек.
✍️Уинстон Черчилль
✍️Уинстон Черчилль
❤68👍8🤝4💊2
Харуки Мураками
Сезімді сыртқа шығарып үйрену қажет. Әйтпесе, ол іште жатып, қатайып, өледі.
Махаббатсыз өмірді есік сыртындағы желге теңеуге болады. Ұстай да, сезе де алмайсың.
Қателіктер өмірдің тыныс белгілері секілді. Олар болмаса, мәтіндегі сияқты, өмірдің де еш мағынасы болмайды.
Біздің өміріміздің екі жағы бар: бар болған жайт және есіңе түсіргің келмейтін жайт.
әлем классикасы

❤53👍18⚡4💔2💊2🤯1
Самурайлар: “Мен дұшпанымның кім екендігін білмеймін, бірақ егер мен жеңілмейтіндікке жетсем, қарсы алдымда кім тұрғаны маңызды емес” деген екен
⚡20❤7
Ағылшынша өлеңдерді біз қалай айтамыз?
Snowman Sia
I want you to know that I’m never leaving
‘Cause I’m Mrs. Snow, ‘til death we’ll be breezing
Yeah, you are my home, my home for all seasons
So come on, let’s go
Aй уочоророу за айм не левин
Көз айм мистер сноу, тил бірбәле бірбәле
Ю а ма хоум, фо наннанана
Соу кооом он, леес гоу
Пікірге өз нұсқаңызды жазыңыз😄😅
⬇️⬇️⬇️✍️

😁29❤🔥5❤2💊1