"Субстанция" шыққанда боди-хоррор тақырыбы көп қозғала бастады. Бірақ оған дейін де бұл тақырыпқа қалам камера сілтеген Алекс Гарландті атамасақ — көзі қарақты көрермен деген атағымызға сын болар еді. "Men/Род мужской" — боди-хоррордың жарқын үлгісі. Ал көтерген тақырыбына қарап режиссерді көреген деуге болады.
❤3👍2
Джеймс Ганның "Супермені" қанық, жарқын түстер арқылы балалар аудиториясын көбірек қамтығысы келгендей. Бірақ, сюжетте елдер арасындағы соғыс — өмірде болып жатқан қазіргі жағдайға сілтеп, көрерменін геосаясаттан хабардар болуға итермелейді. Әрі сүліктей жабысып сүйіскен көріністер балалар көретіндей нәрсе емес. Қысқасы, екіұдай ой тастайды екен.
Кейіпкердің фанаты болмасаңыз өткізіп жіберсе болады екен. Бұрынғы Снайдер салып кеткен салмақтылық жетпей тұр.
Қатты әсер еткен бір сахнасы бар. Бірақ ол спойлер болады. Сондықтан оқу-оқымауды өзіңіз шешіңіз:
Диктатор басқаратын бір агрессор ел көршісінің шекарасына басып кіргенде, әлсіз елдің халқы жерін қорғау үшін жалаң қолмен қарсылық танытады. Нөпір халықтың арасынан екі бала Суперменнің белгісі бар жалауды көтеріп, қаһарманды көмекке шақырады. Осыған қарап: шынымен қазір Украинаға Супермен сияқты жойқын күші бар біреу келіп көмектеспесе, қазіргі жасалып жатқан әрекеттің әсері ел мен жерді қорғауға аздық етіп тұр деген ой келді.
Кейіпкердің фанаты болмасаңыз өткізіп жіберсе болады екен. Бұрынғы Снайдер салып кеткен салмақтылық жетпей тұр.
Қатты әсер еткен бір сахнасы бар. Бірақ ол спойлер болады. Сондықтан оқу-оқымауды өзіңіз шешіңіз:
❤3
Астанада ЕХРО кешенінде түсірілген шетелдік фантастикалық фильмнің трейлері шықты. Басты рөлде — Том Фелтон ("Хәрри Поттердегі" Драко Малфой).
https://www.youtube.com/watch?v=PgKIPAtFCWo

YouTube
Альтер | Тизер-трейлер
В КИНО С 18 СЕНТЯБРЯ
После глобальной катастрофы мир повернул не туда. Генетически улучшенные люди живут в роскоши, остальные — ютятся в бедных районах. Леон, инвалид и гениальный изобретатель, создаёт экзоскелет, чтобы защитить слабых и бросить вызов тем…

🔥3🐳1
"Бөө" атып шығып, кенеттен шошытуға арналған хоррорлардың дәуірі емес қазір. Хоррор жасаушылар қазір үрейдің артына әлдебір авторлық идеяны, әлеуметтік мәселе қосып, тіпті болмаса визуалымен таңғалту арқылы жаңашылдық әкелуге тырысып жүр осы жанрға. Сол трендтің арқасында біраз хоррор режиссерлер алдыңғы планға шығып алды.
Солардың бірі - Зак Креггер. Мистика мен реализмді араластыра отырып, көрерменді экранға телміртіп қоятыны бар. Әзірше екі картинасы бар, екеуі де қатты рекоменделеді:
- Варвар / Barbarian, 2022
- Орудия / Weapons, 2025

❤9
Киностан ️
Қорқынышты фильмнің қысқа болғаны өзіме ұнайды. Қорқытатын бүжәймен 1-2 минутта танысып, келесі оқиғаға өтесің, оның сыры мен тарихына сағаттап үңілудің қажеті жоқ. DC үшін Шазамның екі фильмін түсірген Дэвид Ф. Сандберг үлкен киноға келгенге дейін осындай…
Дэвид Ф. Сандбергтің қолынан шыққан хоррор фильмнің барлығы жақсы деп ойлаушы едім. Соңғы жұмысы "Until Dawn" сәл сылдыр болып кетіпті. Сюжеті оригинал болмағасын шығар деп түйдім, Sony Playstation шығарған ойынға сүйенген картина екен. Рекомендемеймін, бірақ режиссерден күдер үзбеймін.
❤3
The Boiling Point / Точка кипения
HBO биыл 4 сериядан тұратын "Adolescence" / "Өтпелі кезең" мини-сериалымен бір дүркіретіп еді. Соны түсірген Фил Барантинидің бірнеше жыл бұрынғы жұмысына тап болдым. "The Boiling Point" / "Точка кипения" деп аталатын драмада басты рөлде Стивен Грем ойнайды ("Өтпелі кезеңде" әке рөлімен белгілі) және бұл фильм де "Өтпелі кезеңдегідей" бір кадрмен түсірілген. Бұл алғашқы секундтан-ақ көрерменді шиеленіскен ортаға атып ұрады, ақырғы титрға дейін кейіпкерлермен бірге тызақтап, жаныңды қоярға жер таппайсың. Бұған "монтажсыз кадр" тәсілі әсер етсе керек.
Фильмнің артынан 4 сериядан тұратын мини-сериал түріндегі жалғасы (2023) шықты. Фильм ұнаған болса оны да көру уәжіп.

👍2
Қазақтың Албастысы
Әділхан Ержановтың "Қазақтың қорқынышты ертегілері" сериалындағы Албастыға қарап: "өзіміздікі, қазақтыкі" (озыныкы ондырысты) дегің келеді.
Білмеймін, сөзбен айтып жеткізе алмаймын, бірақ осы жиіркенішті сұмырайды көргенде — түрін жасаған адам батыс киносындағы клишелерді көшіріп ала салмай, қазақтың дүниетанымын біліп істегенін ұғасың.
Әділхан Ержановтың "Қазақтың қорқынышты ертегілері" сериалындағы Албастыға қарап: "өзіміздікі, қазақтыкі" (
Білмеймін, сөзбен айтып жеткізе алмаймын, бірақ осы жиіркенішті сұмырайды көргенде — түрін жасаған адам батыс киносындағы клишелерді көшіріп ала салмай, қазақтың дүниетанымын біліп істегенін ұғасың.
👍7
Киностан ️
Қазақтың Албастысы Әділхан Ержановтың "Қазақтың қорқынышты ертегілері" сериалындағы Албастыға қарап: "өзіміздікі, қазақтыкі" (озыныкы ондырысты) дегің келеді. Білмеймін, сөзбен айтып жеткізе алмаймын, бірақ осы жиіркенішті сұмырайды көргенде — түрін жасаған…
Басы тәп-тәуір келе жатты да, соңғы серияларына келгенде авторларда қиял жетпей қалғандай көрінді.
Фридом медианың өніміне шүйліккен екенмін, тағы біреуіне тоқталайын:
"Адасқан" — детектив стиліндегі сериал деді. Бастапқы 1-2 сериясы тартымды болды, кейінгілері есінетіп, жалықтырып жіберді. 6-бөліміне әзер жетіп, аяқтамай жауып тастадым. 30 минуттан тұратын 6өлімді үзіп-үзіп қарап, 2 күнге создым. Тым іш пыстырарлық.
Операторы - Азиз Жамбакиев. Берлиналеде "Күміс аю" жеңіп алған кезінде. Бірақ, кадрлары мемлекеттік телеарналардан көрсетілетін арзанқол сериалдардан айырмасы жоқ. Тіпті, облыстық телевидениенің операторы түсірді ме деп қалдым бастапқыда.

👍6
Отандық кино арасынан — техникалық орындалуы, актерлер ойыны, диалогы, түс коррекциясы — бәрі көңілден шыққан фильм болды мен үшін.
Әлеуметтік желіде дым түсінбей шықтық деп жазғанды да, "неткен картина, шіркін-ай" деп тебіренгенді де көп кездестірдім. Екі тарапты да түсінемін, өйткені, бұл өткінші емес — толғануды қажет ететін кино.
Қазақта "бақұлдасу" деген сөз бар. Қазір бұл сөз қолданыла ма — білмеймін. Не туралы деп сұрасаң, бұл бақұлдасу туралы фильм. Біреу жеке қасіретіме қатысы бар деп қабылдар, біреу тұтас елдің қасіретін метафораға жатқызған картина деп түсінер.
Мінсіз фильм демеймін. Маған, мысалы, кейбір жерінде музыка сүйемелдеуі артық болып көрінді. Күрсінуге арналған мелодрама сияқты болып кетіпті сол жерлері.
Бірақ идеясы, оны көрерменге жеткізу жағына келсек — жыл фильмдерінің бірі дер едім. Фестивалдік әлеуеті де зор деп ойлаймын.

❤13
Forwarded from Buzyq (ilyas pilyas)
Билігіміз қазақша дубляждың дамуына аса үлес қоспай жатса да (биыл үкіметтің қолдауымен бірде-бір фильм/мультпильм дубляжданбады), Disney ақшасын аяп жатқан жоқ. Киностудия әртістерімізге өз қалтасынан төлеп, тағы бір жаңа жобасын қазақ тілінде дубляждап шығарды.
"Аңдар шаhары 2" кинода – бейсенбіден бері. Дегенмен, әдеттегідей орыс тіліндегі сеанстардың саны әлдеқайда көп. Астананы алсақ... Ертең қала кинотеатрлары мультиктің қазақша нұсқасын 21 рет көрсетпек, ал орысшасын – 76 рет.
KZ дубляж да, RU дубляж да Қазақстанда жасалған. Дубляж режисөрі әрі әктөрі – Шах-Мұрат Ордабаев. Клохаузер деген томпақ гепард полицейді өзі дыбыстаған (екі тілде де).

❤9👏1
Қашқын / The Running Man
Уақыт өлтіруге тамаша фильм. Экшн да, юмор да молынан. Оның үстіне әлеуметтік мәселелер, қазір өзекті болып жүрген — фейк ақпарат, дипфейк, пропаганда жайы да қозғалыпты.
Арни ойнаған түпнұсқа фильмді балақай кезімде көрдім, сюжеті толық есімде жоқ. Ол фильм көңіл көтеруге арналған таза экшн болған сияқты, ал жаңасына күн тәртібіндегі мәселелер қосылыпты.
Көріп тастауға болады.

👍3✍1
Батырбек досым екеуміз тағы бір досымыз — Ақеркенің подкасына барып, "№37" фильмін талқыладық. Аздап спойлер бар, сақ боласыңдар ғой. Өйткені сюжетіне қатысты теорияларды талқыладық, бұл жерде сюжет ашпаса тағы болмайды.
Тыңдау
Тыңдау
❤11🤯1
Менің атым Қожа 2: Жаңа саяхат
Классикаға айналған "Менің атым Қожа" фильмінің сиквелі деп ұсынылған картинаның цифрлық релизі шықты.
Не дейін? "Менің атым Қожа" сиквелге де, приквелге де, спин-оффқа да, ремейкке де мұқтаж емес туынды еді. Біз оны түпнұсқа деп қабылдаймыз, болды. Басқа формада, басқа интерпретацияда қабылдай алмаймыз. Біздің түсінігімізде — Қожа әлі де сол ауылда, сол мектепте тіршілік етіп жатыр. Ол есейген жоқ, ол өзгерген жоқ.
Жаңа фильмді өз басым канон емес, фанфик деп қабылдадым. Түпнұсқа фильмдегі кейіпкерлерге ұқсас актерлер алынған, сол фильмге ұқсас локациялар, ұқсас антураж таңдалған. Болғаны осы. Әрі қарайғы іс-қимыл — сценаристер мен креавтившілердің қиялы.
Елестетіңіз, араға 15 жыл салып Гарри Поттердің жалғасын түсірсе — тек түпнұсқадағы актерлердің орнында соларға сырт келбеті ұқсас актерлер болса, ал сюжеті ешбір трансформацияны көздемейтін атүсті құрастырылған болса қабылдар ма едіңіз?

👍12❤2
Аватар: От пен күл
Аватар әлемі, соған қолданылған киноның озық технологиялары Джеймс Кэмеронның бағы да, соры да болды. Өзі планканы көтеріп беріп, көрерменін тым еркелетіп алды.
Үшіншісіне техникалық тұрғыда мін айта алмайсың. Бірақ мына кереметтің бәрін бұрын көргенсің, таңғалдыра алмайсың. Сюжеті де екіншіні қайталайды деуге болады, тіпті сюжеттің кейбір тұстары бірдей ме деп қаласың.
Эмоцияңды оятатын, кейіпкерге шын жаның ашитын сәттер үшіншіге қарағанда екінші бөлімде көп болды.
Барып жатсаңдар қазақша дубляжын көріңдер.

❤7👍3🔥1
2026 жылы көрген алғашқы екі фильм — екеуі де рекомендейшн
Аңдар патшалығы / Le règne animal (2023)
Белгісіз себеппен адамдар біртіндеп хайуанға айнала бастағаны туралы француз антиутопиясы. Әйелі аңға айналып кеткен соң ұлын осы індеттен қорғауға ұмтылған отағасының оқиғасы.
Heldin (қазақшаласақ — Батыр әйел дегенге келеді, орысша релизі "Ночная смена"), 2025
Ауруханадағы медбикенің бір ауысымы. Медицина қызметкерлерінің жетіспеуі біз сияқты дамушы елде ғана емес, дамыған елдердің де проблемасы екенін түсінесің. Көрермен медбике болып істейтін әйелдің қасында жүргендей болады. Өте әсерлі кино.

❤7
Ернар Нұрғалиев комедия түсіруге төселіп алды. Жылына екеуден-үшеуден ұра береді. Кезінде "Жаным, ты не поверишь" біраз шулатып еді. "Әкеңнің баласы" да экшн мен ситуациялық комедияға толы фильм болып шығыпты.
Кезінде Пьер Ришар мен Жерар Депардье ойнаған "Папашиді" еске түсіреді. Демалыстың кешін қысқартып, бір күліп алуға лайық дүние шығыпты.
Қазақстанның стримингтерінен іздеңіз.

🤔3👍2😁2😭1
"Байқа! Алаяқ!" — егде жастағы адамдарға көшеде кезіккен, болмаса телефон шалған бейтаныс адамдарға сене беруге болмайтынын түсіндіруді мақсат еткен фильм.
Қазір банк шотынан ақша ұрлау, адамның көңілшектігін пайдаланып алдап кету өршіген заман. Осындай алаяқтық істердің егжей-тегжейін комедия арқылы, отбасы қарым-қатынасына құрылған сюжет арқылы түсінікті тілмен беруді шешіпті авторлар.
Абсурд тұстары да, келіспей қалған жерлері де бар енді. Бірақ әке-шешеңді ертіп бір күліп қайтуға болады деп ойлаймын.