chondrikí mou
397 subscribers
9 photos
5 videos
1 file
1 link
Буду делиться своими мыслями и знаниями
Download Telegram
Армандай алу

Армандау процесі өте оңай сияқты көрінеді. Өзіңде қазір жоқ нәрсенің бар болғанын қалайсың, болды.

Бірақ, адамды басқа адамнан ерекшелейтін тағы да бір дүние - арманның ірілігі мен маңыздылығы шығар.

Арманның ірілігі деген болашаққа көбірек “импакт” беретін дүниені армандай алу. Бүгін “Миллиардер болғым келеді” деп армандауың мен “жарымды тапсам екен” деген арманның арасы алыстау. Базар жоқ, екеуі екі бөлек сфера. Бірақ, біреуі саған байланысты и екіншісі жоқ.

Осы жерден, арманның маңыздылығы деген дүние туады. Егер өлшем бірлігі және уақыт аралығында шектелетін дүниені армандасаң, срочно арманыңды қайтадан қарау керек. Себебі,сен армандаған дүниені басқа біреу дисциплина мен бәсекелестіктің арқасында иеленіп жүр. Демек, сен жасай алмайтын дүниені Алладан сұра, арман ет.


Қорытынды орынына, армандап отыра бермей, амал етуді де ұмытпа!
27👍10🔥4🤔2
Алла Тағалаға айналамдағы адам үшін үлкен рахмет айтқым келеді және мыңдаған шүкіршіліктер болсын!


Адамға аға-бауыр мен інінің орны әртүрлі болады ғой. Алла Тағала мені барлық позицияның орнына қойып, және мен болмаған позицияларда менің басқа адамдардың тарапынан жақсылықтарды сезінуге мүмкіндік беріп жатқанына қуаныштымын.



Аға деген кім? Аға қандай болуы керек? Аға деген сенде пайда болған барлық сұрақтардың жауабын білуі керек. Сен ойланғың келмейтін сұрақтардың барлығын саған жеткізбей шеше алатын адам бола алатын болса, сен ағаңа толықтай АҒА деп айта аласың. Тұрсынбектің айтатын брАТАН деген приколындағыдай бір атанның күші бар адамды аға деп айтуға болады. Аға қандай болуы керек? Қолындағы барымен бөлісіп, сенің кемшіліктеріңді толықтыратын, артық кетсең, орныңа қоятын адам болуы керек.



Бауыр деген кім? Сенің ойлануың және шешуі керек сұрақтарыңды сенімен бірге ойланатын адам болуы керек. Сондай-ақ, сен бар немесе жоқ жерде, сенің мерейіңді асырып отыратын адамды бауыр деп атаймыз. Бауырдың достан айырмашылығы бауыр өзінің әрекеттері сенің көңіліңе әсер еткендігі үшін сенен емес, өзінен кінә іздеп, уайымдайтын адам. Адам денесіндегі бауырдың функциясы қандай? Ол дезинтоксикация. Яғни, қауіпті және уытты[токсинді] заттарды шығару. Дәл сол сияқты, өмірдегі бауырыңда сенің проблемаларыңды сенімен бірге шешуге көмектесуі керек.



Іні деген кім? Ол сенің тура жолдан таймауыңның және бұзылмауыңның кепілі. Себебі, сенен үлгі алуы мүмкін адамның алдындағы сенің жауапкершілігің сені уайымдатуы керек. Сол үшін сен осы қарым-қатынаста еркін болмағаныңда ақталады. Өз кезегінде, іні не істеуі керек? Іні сенің шеше алатын, алайда шешуге ерінген істеріңе көмектесуі керек.


Өмір=коммуникация. Жалғыз өмір сүру мүмкін емес=жалғыз адамда коммуникация болмайды.
24❤‍🔥4👍3🔥2
Қоғамда діннің таралуының артуы

Неге адамдар қазір дінге көбірек тартылуда?
Себептер көп, бірақ менің ойымша, ең көп әсер еткенінің бірі - біздің КСРО құрамында болуымыз. Сол кезде біздің ата-әжелеріміздің намазды тығылып оқыған дегенді естіген жастар капитализмнің қиыншылығы кезінде үміт беретін дүние ретінде дінді көретін шығар. Осы жерден діннің құндылығының қайтып келгендігін көре аламыз.

Капитализм кезінде адамдардың, точнее жастардың ауруларының көпшілігі психологиялық аурулар ғой. Біздің поколение «біз кімбіз?», «өмірдің мәні неде?» деген сұрақтарды біздің ата-аналарымызға қарағанда көбірек қояды. Ата-анамыздың осы сұрақты қоймауының себебі - олар тіршіліктің қамымен көп жүрді, ал біз жас кезімізден белгілі бір қиыншылықтарды көрмедік. Күйбең тіршіліктің әсер ететіндігін сол ата-анамыз пенсияға шығып,күйбең тіршіліктен алыстағаннан кейін де, дінге жақындайтынын көре аламыз. Осы жерден дінге қажеттіліктің бар екендігін, бірақ белгілі бір шарттар болуы керек екендігін көре аламыз.

Діннің жастардың арасында қатты таралып кетуіне не себеп?
Бірінші,діннің құнды екендігін қоғам қайтадан түсінді. И қазіргі қоғамдағы жастардың ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелік олар өте тез еліктейді. Олардың осы еліктегіш қасиетіне тикток, инстаграмдағы қазір көп салынып кеткен діни публикацияларды қосу керек. То есть, қажеттілігі бар жастарға, трендтер арқылы дінді насихаттап жатырмыз. Ол жаман ба, жақсы ма анығын Алла Тағала біледі.

Бірақ, арақпен қол көтеріп тілек айтатындарға қарағанда, азан шақырып қол көтеретіндердің көп болғаны жақсы-ау
38👍8🏆3🔥2👏2🐳2
коммент жаза алмайсыңдар ау
Жігіттің болашағына, қыздың өткеніне қарау

Дисклеймер: осы жазбада адамдардың функционалдық ерекшеліктеріне баса назар аударуға тырыстым. Ер/әйел біреуін артық немесе кем деп ойлауға шақырмаймын.

Бүгін келесі сұрақтарға жауап іздейміз:
1)Жігіттің болашағы неге өткеніне қарағанда маңызды?
2)Неге қыздың болашағына қарағанда өткеніне қарағанда маңызды?

1)Жігіттің міндеттерінің біріне оның өзі дүниеге келген отбасын және өзі құрған отбасысын асырау кіреді. Осы міндетті орындау үшін ол біраз амалдарды орындап көретіні анық. Барлық әрекеттер маңызды болмаса да, болашағы бар адам отбасысын асырай алады. Керемет өткені бар жігіт болашағына қарамай кетуі мүмкін(«кейбір байдың балалары»)
И жігіттің болашаққа деген арман-мақсаттары оның әйелінің и отбасысының арман-мақсаттарына тікелей әсер етеді. Сл үшін жігітке өткеніне қарағанда болашағы маңызды.

Обычно, жігіттер өткені туралы ойланғанда (біздің қоғамдағы менталитеттің арқасында/кесірінен) жіберіп алған мүмкіндіктері туралы ойланады. Одан дым өзгермейді. Баяғыда осылай істеу керек еді деген жігітке қарағанда «че там, брат, бірдеңе істеу керек еді» жігіт дұрысырақ

2)Неге қыздың өткені маңызды? Әйел=отбасы болашағының бағдары. Балаларды тәрбиелеуші(еркек те тәрбиелейді, бірақ әйелдің орны ерекше). И өзі көп нәрсені түйген қызды таңдау керек. Ал, қыз қай кезде көп нәрсені ойға түйеді? Өткені дұрыс болғанда.

Неге әйелдің болашағына қарап таңдамауы керек? Әйел адам болашақ туралы ойланған кезде көп сценарийлер құрып тастайды. «Осылай болады, баламның атын осылай қоямын» деген сияқты. Ол неге дұрыс емес? Себебі, көп сценарийде нәтиже әртүрлі болуы мүмкін екенін әйел адам тез түсінеді. И болашаққа әрекет етуге күмән пайда болады.

Ойым толығырақ түсініктірек болуы үшін салыстырулар жасайық:
1) Болашақты қарап таңдалған еркек пен болашағына қарап таңдалған әйел қосылса, екеуінің де амбициялары басым болып кетеді. Бұл кісілер керемет напарник/коллега болуы мүмкін, бірақ отбасы мүшелері емес.
2) Болашағына қарап таңдалған әйел мен өткеніне қарап таңдалған еркек қосылса, екеуінің функциялары ауысып кетеді. Осындай отбасыларда әйел адам көп зардап шегеді, өз нәзіктігін жоғалтады.
3) Өткеніне қарап таңдалған әйел мен өткеніне қарап таңдалған еркек қосылса, бұл отбасы мүшелері екеуі бір-бірін өшіріп отырады. Осындай отбасыларды еркектер құртады. Себебі, әйелінің артықшылықтарын өзінің әлсіздігінен/бірнәрсені дұрыс жасамауынан деп ойлап, қызғаныш пен айқай басталады.
3) Болашағына қарап таңдалған еркек пен өткеніне қарап таңдалған әйел қосылса, макеба макеба ғой

Қорытындылай келе, қазақтың аты шыққан ұлың болсын, аты шықпаған қызың болсын деген мақалымен аяқтаса болады.
27👍7🔥6👏3🐳2❤‍🔥1
Адасып қалу


Қалай оқуға қызықтыру керектігін білмеймін, жай ғана өзімнің басымнан өткен/өтіп жатқан оқиғалардан түсінгендерімді жаздым Адасып қалу деген қызық сезім,себебі адасып қалғаныңды өзіңде білмей қалуың мүмкін. Егер сенің өміріңде барлығы қайталанып, монотонды болып жатқан сияқты сезінетін болсаң, сен уже адасып бастап жатырсың.

Адасып кету деген не сомен? - Тура мағынасында бара жатқан жолыңнан кетіп қалу

Ал, өмірде келесі ситуациялар:
- бастапқы мақсатыңды ұмытып, қосымша қызықты нәрселерге алданып қалуың( Мысалы: сабаққа отырып, телефон қарау- школьниктер үшін, не үшін істі бастағаныңды ұмыту- барлығымыз үшін)
- барынша діни сауатты өмір сүргің келу, бірақ тоже шатасып кету (қаза болған намаздар,жайнамаз сыйлаймын деп қызбен бөлек кездесу)
- психикаңды емдемей, бір нәрсеге салынып кету (ашуланып, соны ұмыту үшін жұмысқа беріліп кету)

Енді, осындай ситуацияларда не істеу керек?
Өмірде тура мағынасында адасып кеткенде, адам бірінші не істейді? Картаға қарап, баратын жеріне маршрут құрады, такси ұстайды т.б. Басқа кездерде де дәл сондай болу керек! Сенің барлық ситуациядағы картаң болуы керек! Жұмыстағы карта - жазылған және көрінетін жерге ілінген мақсатың Діни өмірдегі картаң - Құран/хадистер жинағы/подкасттар
Психикалық картаң - достарың

Сол үшін, өзің адасқан кездеріңде «Не үшін өмірге келдім? Қазір не істеп жүрмін? Менің айналамда кімдер?» деген сұрақтарға жауап ізде!

Қорытындының орнына: адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң!

Но, постарайтесь, адаспағанға)

P.S. комментке өз ойларыңды жазыңдар
30👍8🔥5💯3
Эмоциональды гигиена

Адам -эмоциялардың жиынтығы. Дәл осы логикадан, қоғамда эмоциялардың жиынтығы екенін де көре аламыз.

Енді, тақырыпқа келейік.

Қоғамда тазалықты сақтау үшін гигиена керек екендігі түсінікті. Егер гигиена сақталмайтын болса, адам физикалық ауруларға ұшырайды. Ауырмау үшін өзіңнің зиянды вирустарыңды өзіңде сақтаймын деп маска тағу, дәрі ішу арқылы жауапкершілік таныту сияқты түрлі жолдары көп.

Енді, эмоциональды гигиена туралы айтайық.

1. Басқа адамның эмоциясына жауапкершілік алмау. Ол дегеніміз не? Мысалы, сен үшін ол адамның бір ортада үндемей отырғанын көріп и сен оның көңілін көтеру үшін онымен сөйлесесің, ашуға тырысасың. Ал, осы уақытта ол адам өзі тыныштықта отырғысы келуі мүмкін.
2. “Умеренное сострадение”. Біреуге жаныңның ашығаны дұрыс, бірақ қатты маңыздысы өзіңді ұмытпа. Мұхаммед Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) “Жәрдем немесе қайыр-садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста” деген сөзі бар.
3. Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды болып жатқан сферасында қалдыру. Мысалы, жеке өмірге байланысты ашуды жұмысқа араластырмау, көңіл-күйіңді бұзбау. Неге маңызды? Өміріңнің бөліктерін былықтырып алмау үшін.

Тазалықты сақтаңдар! Эмоциальды гигиенаны тоже♥️
39👍5🔥3
Шегаралардың болуы

Біздерде болуы мүмкін шектеулердің барлығы қандай да бір шегалардың арқасында пайда болады. Ол шектеулер жақсы мағынада (этика, діни шектеулер) немесе жаман мағынада (өзімізді шектеу, қорқыныш) болуы мүмкін.
Бірақ, мен бүгін шегаралардың жақсы не жаман мағынада әсер етуі туралы емес, олардың қай жерде болуы немесе болмауы дұрыс екендігі туралы сөйлескім келеді.


Болуы керек шегаралар:
- Өзіңнің жеке өмірің мен басқа біреулердің өмірі және соған байланысты кез келген бөлік (құндылықтар, жұмыс). Соның арқасында сен өзіңе ұнайтын немесе ұнамайтын нәрселерден анықтай аласың. ЛГБТ сенің шегараңның сыртында немесе өтірік айтпайтын адамдар сенің шегараңның ішінде
- Сенің әрекеттерің басқа біреулерге әсер етуі мүмкін кезде (жақсы және жаман кезде де). Барлық адам жақсылыққа мұқтаж емес. Бұнымен айтқым келген нәрсе, біреуге көмектесемін деп, шын мәнінде оған зиян келтіруің мүмкін. Понятное дело, что біреуді жамандауға, зиян келтіруге т.б. болмайды. Вот осындай кезде шегара болуы керек.



Болмауы керек шегаралар
- Қабілетіңе/талантыңа/ақшаңа байланысты шегаралар. Бәрі салыстыруға жатады. Қолыңнан бірнәрсе жасау (мысалы, шахмат ойнау) келетін болса, онда көп уақытты соған арнаған деген сөз. Егер келмесе (кітап оқу), онда сен оған просто уақыт бөлмей жүрсің.
- Махаббат/сезімге байланысты шегаралар. Бір қызды ұнатып, «она из другой поляни», «менің ақшам жетпейді» деу дұрыс емес. Себебі, махаббат пен сезімдер уақыт пен вниманиеге байланысты. Ұнататын қызыңа барып айт. Басың түсіп қалмайды. Откажет, внимание бөл. Не откажет, бақытты бол.



Ұмытпау керек нәрсе: Егер басымызда шегара болатын болса, біз шектелген әлемде өмір сүреміз. Ал, айналамызда болса, өзіміздің әлемімізді шектейміз. Әлемнің барлығы саған керек емес, саған өзіңнің әлемің жетеді.

Қорытынды орнына, шегара біздің басымызда емес, айналамызда болуы керек.
🔥197👍6💅3
«Дәстүрлі» ой

Мүмкін, бұл пост мүлдем кино туралы емес, мүмкін тек қана кино туралы...

Адамдар шешім қабылдаған кезде көптеген факторлардың әсерінде болады. Адамның алған тәрбиесі, сол кездегі эмоционалды жағдайы, діні және қоршаған ортасы, логика т.б.факторлар әсер ететіні сөзсіз.

Бірақ, адам сонда да сол көптеген әсер еткен факторлардың арасынан біреуін таңдап немесе әртүрлі факторларды біріктіріп, өзі шешім қабылдайды.

Осы жерде көптеген адамдар көбіне өзінің халқының дәстүріне сай немесе өзінің дәстүрлі таңдауларына ұқсас шешім қабылдап, бірақ басқаша нәтиже күтіп отырады. Содан соң, бәріне кінәлі "дәстүр" деп шығады. Бірақ, ол қаншалықты дұрыс екені непонятно...
Сол үшін адам шешімнен кейін болған жақсы немесе жаман жағдайдың жауапкершілігін басқа біреуге лақтырмауы керек.

Қорытынды орнына, "адам өз ісінің нәтижелерімен тек "өзі" ғана қалады"...

P.S. түсініксіз болса, киноны көріңіз. Көріп тұрып, түсінбесең сұрақтарың төменге...
22🔥4🫡3🐳1
Пайдалы болсын деген мақсатта, салып қоюды жөн көрдім
👍43👏1
РАМАЗАНҒА_ЖОСПАР.pdf
1.2 MB
20😍6🙏3🍓21🔥1🥰1
Адамдардың өмірдегі орны

Осы жазбада адамдардың сенің өміріңе келуі мен кетуінің мәні туралы сөйлесеміз.

Cенің айналаңдағы адамдар - сенің жаныңның айнасы. Бірақ, айнаға көп адам қараған кезде айнаның лас болатыны сияқты, біздің айналамызда адамдар көбейген сайын біз өзіміздің жанымызды түсінбей бастаймыз. Себебі, көп адамдар айнаға қараған сайын олар айнаны ұстап, айнаның бетіне өз қолының іздерін қалдырады. Біздің өмірімізде де дәл солай. Біздің өмірімізге келіп-кеткен адамдар біздің жанымызға өз ізін қалдырып кетеді.

Осы жерде маңызды дүние олардың біздің жанымызға ізін қалдырып кетуі емес, ол ізді біздің қалай көруімізде. Біз «неге ол адам осы ізді қалдырды?» деп ойланудың орнына, «осы іздің салынуынан мен не түсіндім?» деген сұрақты қоюымыз керек.

Неге?
Себеп біреу.

БІз қанша жерден ақылды болсақ та, адамдардың ішкі дүниесін немесе бір әрекетті жасау себебін толық біле алмаймыз. Сол үшін біз қоятын сұрақ «басқа адам неге осылай жасады?» деген емес, «менің өміріме осы нәрсе не түсіндіргісі келді?» деген болу керек.

Адам өміріне келген адамдар да, кеткен адамдар да бізге бірнәрсе үйретуге келеді. Бірақ, ол адамдардың келіп-кетуінен сабақ алу тек бізге байланысты.

Сол сабақты алмайынша Алла Тағала бізге бір типтегі адамдарды кездестіре береді. Мысалы, бір типаждағы қызды кездестіре беру.

Сабақты түсінгеннен кейін ғана, біз жаңа жолға түсеміз.
Сол үшін өміріңізге келген және кеткен адамдардан үйренген дүниелеріңізді ойланыңыз.

P.S.Жаман адам бірнәрсе үйретеді дегенге көндігу мен тәкәппарланбау қиын. Алайда , ең алғашқы күнәлар да осы екеуі екенін ұмытпаңыз.


Алла Тағала естіп-білгенімізге амал етуді нәсіп етсін!
42🔥2👏2🐳21👍1😁1🕊1🏆1
Дайын болу….

Біз бүгін дайын болу деген не және жолдың басында дайын болуы мен жолдың ортасындағы дайын болу сезімі туралы сөйлесетін боламыз.
Енді, әрқайсысы туралы көбірек.

Бір істің бастар алдында «мен дайын емес сияқтымын» , «әлде де дайындалып алу керек» деген ойлардың болуы барлық кезде жақсы емес.
Әрине, адам өмірін құтқаруға байланысты немесе сондай бір кризистік моменттерде керек. Алайда, біз осы жағдайларды да ескермесек болады. Ол кезде шешетіні біздің дайындығымыздың деңгейі емес, табиғи инстинкттер.

Енді, бір істі бастар алдындағы «дайындалып алайын» деген түсінік, бізді тоқтатқанымен ғана қоймай, бізді нәпсігімізге жеңілдеттіреді. Себебі, неше рет понедельниктен бастап жүгіріп бастадыңдар, неше рет курс сатып алып, тастап кеттіңдер немесе, мен әлі намаз оқуға дайын емес сияқтымын деген сөздер.
Осындай сөздер, адамды істі жасаудан тоқтатады. Осы жерде жаттап алу керек Мәулана Румидің сөзі «Жолға шық, жол өзі апарады»

Келесісі, жолға шығып кеткен кездегі «мен дайынмын ба?» , «может әлі де ұзағырақ дайындаламын» деген ойлардың болуы. Оны түсіндіру үшін литромантика күшті мысал бола алады. Сөйлесіп бастап кеттің , бірақ әлі не рыба, не мяса боп жүрсің. Значит, мен әлі отношениеге дайын емеспін деген ой келеді. Неге солай? Себебі, біз әлі керемет жар болуға дайын емеспіз немесе сол екінші адам сені әлі удивить етуге дайын емес.

Осы екі ситуацияда адам не үшін дайындалады?
Бәрі 100% жақсы , идеально болуы үшін.
Бірақ, сендер и так білесіңдер, что ештеңе идеально емес. Демек, адамның дайындаламын деп жүріп и ешнәрсе істемеуі қателік.

Адам дайындық барысында өзгермейді, іс барысында өзгереді.

p.s. "Егер сен өзіңді өзгертпесең, Алла сені  өзгертпейді." ("Рағыд" сүресі, 11-аят)

Алла Тағала естіп-білгенімізге амал етуді нәсіп етсін.
36👍7❤‍🔥5🔥1🕊1🐳1
«Жүрегім, қалайсың?» емес, «Жүрегім қалайсың?»

Бұл постта бізге қоғамның әсер етуі туралы және жақсы ортаның өзі сені бұзып жіберуі мүмкін екендігі туралы сөйлесеміз.

Қазір біз почти барлығымыз «қалайсың?» деген сұрақтың қадірін жоғалтып алдық. Оған біздің стандартты «жақсы, рақмет, сен қалайсың?» деген жауабымыз дайын тұрады. Алайда, осы сұрақ біздің өміріміздегі маңызды сұрақтардың бірі.

Неге?

Себебі, осы сұраққа жалғанатын зат есімдер арқылы біз өзіміздің өміріміздің приоритеттерін анықтай аламыз.

Осы сұрақтың мәнін жоғалтып алған адамдарда болатын оқиғалар:
1. не үшін жұмыс жасап жүргенін білмейді? Барып-келіп, айлығын алып, оны жұмсап и т.д жүрген адамдар
2. мә, бәрі қызбен/жігітпен жүріп жатыр, бәрі үйленіп жатыр деп айтып, жеке өмірін реттегісі келіп кететіндер
3. арман/мақсат қойып алып, но оған жеткізетін жұмыстарды жасауға мотивация таппай жүргендер
4. «бәрі бірбәле бітіріп жатыр, хотя бы кітап оқып жатыр, ал мен даже оны да істеп жатқан жоқпын» дейтіндер и т.б.

Осы 4 оқиғаның барлығына ортақ нәрсе ол - сізде болып жатқан осы дүниелер Сіздікі емес. Яғни, Сіз оны Өзіңіздің жүрегіңізге байлағыңыз келмесе де, сырттағы адамдар Сіздің жүрегіңізге байлаттырып тастаған.

Осындай ситуациялар болып жатқан кезде, «Жүрегім, қалайсың?» деп сұрақ қойыңдар. Сұрақтың жауабын күткен сәтте, жүрегіңіз байланыс аясынан тыс жерде болса, Сізге истихара және/немесе истишара көмектеседі.

БІз просто осы айтылған мысалдардың бәрінде өмірде бір мақсаттарға жеткізіміз келгенінен жасаймыз.
Бірақ…….

Өмірде мақсатың болуы міндетті дүние емес, өмірде мән болу міндетті.

Себебі, әрбір адамның дүниеге келгендегі мақсаты құлшылық. Қалғаны - Алла Тағала береді. Тіпті, құлшылықты да беретін Алла Тағала.

Сол үшін Сіздің жүрегіңізде қоғамның клишесі тұрмауы керек.

Алла Тағала естіп-білгенімізге амал етуді нәсіп етсін!
49❤‍🔥6👍1🕊1🐳1
Махаббаттың қырық бірінші қағидасы

Бұл пост, бұйырса Алла, менің келесі жазылатын посттарымның кіріспесі секілді. Осы постта мен соңғы уақытта оқыған ең қызықты кітаптағы ,«Махаббаттың қырық қағидасы» , қырық қағиданың әрқайсысына жеке түсіндірме жазғым келеді.

Бүгін, махаббат дегеннің не екендігіне анықтама беруге тырысып көрейін.


Махаббат деген қозғалтқыш. Тоқтап тұрса да, ол болмаса, сен толық болмайсың.

Махаббат деген үнсіздіктен ән есту.

Махаббат деген өз жаныңның бөлігін басқа біреудің жанына салу.

Махаббат- ол қайғы. Біреудің әрекеті мен әрекетсіздігінен өзіңді көру. Біреудің әрекеті мен әрекетсіздігінен өзіңді көре алмау.

Махаббат ол бастама. Сезімдердің басталатын жері.
Махаббат ол мәре. Сезімдерді аяқтайтын жер.

Махаббат ол сабыр. Адамнан бір әрекетті күту. Жазғанын, қоңырау шалғанын.

Махаббат ол құрбан бола алу. Махаббат ол құрбан болғанды көре алу.

Махаббат ол қасында болу. Махаббат ол хайырлырақ болса, тастап кету.

Бірақ, бастысы:
«Махаббат - өз алдына бөлек бір әлем. Не ішінде – қақ ортасындасың. Не сыртында – қасірет құшағындасың.»



Сен үшін махаббат деген не?
29❤‍🔥3👏1🐳1💅1
Махаббаттың алғашқы қағидасы

Бұл пост махаббаттың алғашқы қағидасы болғанымен, Сіздің алғашқы махаббатыңызды «соңғы махаббатыңызға» айналдыруына көмектесу үшін жазылған.


Алғашқы махаббатты айтқан кезде бізге биіктегі қол жетпес армандар ғана емес, сонымен бірге әлі өмірдің ащы-тұщысын көрмеген бала кезіміз еске түсетіні анық. БІрақ, өмірдің қызығы сонда, біздің көбіміз алғашқы махаббаттарымыздың есімдерін ғана есімізде сақтағанбыз.Бірақ, біз ол туралы еске алған кезде жылы сөздерді ғана қолданамыз. «Келесі» махаббаттармен де дәл солай. Нешінші екені маңызды емес, бірақ біреуге махаббатыңыз ашылған кезде Сіз ол туралы тек жақсылықты еске аласыз.

Ал, «махаббат деген не» сұрақ қойылған кезде ше? Әркімде әртүрлі. Себебі біреу.

«Жаратқанды сипаттаған сөзіміз – өзіміз жайлы ой-айнамыз. Хақ Тағала дегенде әуелі қорқынышты, ұятты нәрсе ойыңа оралса, демек, сен де қорқыныш пен ұяттан өлейін деп жүргенің. Ал Алланың аты аталғанда махаббатын, рақымы мен шапағатын есіңе алсаң, демек, тұла бойың соған тұнып тұрғаны.»


Бұл - махаббаттың бірінші қағидасы.

Осы қағида бізге қалай көмектеседі?
⁃ біздің ішкі жан дүниемізді «есту» үшін. Біз өзіміздің ішкі дауысымызды көп тыңдай бермейміз. Оны тыңдасақ, ол бізге белгі беруін жалғастыра береді. Тыңдамасақ, ол «беззвучный» режимге кетеді. Осы логика қағидамен қалай жұмыс істейді? Бір адам/зат/оқиға туралы ойлаған кезде ішіңізде не дауыс бірінші шықса, сол дұрыс. Екінші рет ойланбаңыз.
⁃ Сыртқы әлеммен байланысты реттеу үшін. Басқалардың басқа адамдар туралы ойын естіңіз. Олардың ішінде не барын солай көруге болады. «Құмырада не болса, сол төгіледі» деген мәтел бар, дәл соның адамның ішінде не болса, сол шығады дегенінің перефразировкасы.

Біздің махаббатымызға деген сөздеріміздің де өзгеруінің себебі де осы қағиданы ұстанбаған кезде. Біздің махаббатымызды сипаттайтын сөздердің «сиқыры» кетуінің себебі біздің ішіміздегі оттың сөнуі. Іштегі от сөнген кезде жалындаған сөздер жылыта алмайды.

Қорытынды орнына, сипаттаушы сөздеріміздің әртүрлі болатыны анық. Сөз ұнаса - жақсы, ұнамаса - өзгерт. Сөз өзгеруі үшін біз өзгеруіміз керек.

p.s. «Шын мәнінде, адам өзі өзгермейінше, Алла оның (жағдайын) өзгертпейді»
31❤‍🔥3🔥2🐳2👍1
Махаббаттың екінші қағидасы


Осының алдындағы махаббаттың бірінші қағидасына арналған постқа Дамир өте керемет құнды пікірлер жазыпты. Дамирдің қойған сұрақтары:
1. Мидағы дауыс пен жүректегі дауыстың айырмашылығы неде?
2. Харам заттардан сезімдер болады ма?
3. Жаман сезімдерде Алла Тағаладан ба?
4. Тәуелділік пен таза сезімді қалай ажыратамыз?
5. Жақсы көрмеу керек адамды жақсы көру тоже дұрыс сезім бе?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін өте көп ойландым. Себебі, шынымен осы сұрақтарға жауап беру арқылы біраз кездерде пайда болатын күмәндердің алдын алатындай сезіндім.
Сәйкестік пе, махаббаттың екінші қағидасы да осы туралы екен.

Оқи және ойлана келе, адамға келетін ойдың 4 түрі бар екенін білуге болады.Олар келесідей:
Біріншісі, адамға нәпсіден келетін ойлар. Яғни, өзіңмен өзің күресуің керек кездер. Адами және физикалық қажеттіліктеріңді шектеу , ораза ұстау, зина жасамау сияқты.
Екіншісі, адамға шайтаннан келетін ойлар. Ол қалай жұмыс жасайды? Адамға жақсылықтарға деген күмән, жаман сезімдер, жақсы көрмеу керек адамды жақсы көру, харам сезімдер туралы ойлар шайтаннан келетіні сөзсіз. Себебі, олардың барлығы өзіміздің, діннің және қоғамның стандарттарына қарсы шығады.
Үшіншісі, періштеден келетін ойлар. Шайтан жаман ойларға азғыратын болса, періштелер жаман ойларға шақырады.
Төртіншісі, Алла Тағаладан. Оны «ильхам» деп атайды. Алла Тағаладан келген ойлар адамды Алла Тағалаға қалай жетелейді. Мысалы, жақсы ұстаз болса, Алла Тағаланың жолында қызмет етуді ұмытпау керек.

Енді, тәуелділік пен таза сезімді немесе шайтан мен нәпсіден келген ойлар мен Алла Тағала мен періштеден келген ойларды қалай ажыратуға болады? Жауабы қызық: «Азубилляхи мина шшайтани рраджим» деп айту керек. Уәсуәс пен нәпсіден келген ойлар осы сөздерден кейін тоқтайды.
Қорытынды орнына, махаббаттың екінші қағидасын жазуға болатын сияқты:

 
Тура жолға түсу – ақылдың емес, жүректің ісі. Жетекшің иық үстіндегі басың емес, жүрегің болсын. Өз отын өзі өшіретіндердің емес, танитындардың қатарында бол.
29👍2🐳2❤‍🔥1
77 күннен кейінгі жазба, ересектік туралы болмақ...

Біздің өмірімізде жасы үлкен адамдардың бәрі "ересек", немесе кішкентайлардың барлығы "бала" емес. Неге осыны жазғым келіп жатыр?
Неге "ересек" адам мен "баланы" ажырата алуымыз керек?
Себебі, оларға подход/спрос/требованиелер басқа
Ересек адамды қалай біле аламыз?
- Жауапкершілік ала алу. Өзіне, істеріне, жақындарына, таңдауларына.
- Түсінігінің болуы. Бәрін бірден, қазір келмейтінін / әлем оның айналасында айналмайтынын/ әлемде тек қана соның пікірі бар деп ойламайтын адам
- Салыстыра алатын адам. Адамдарды, ситуацияларды, құрбан болу керек моменттерді
- Ұялмайды. Өзінен, ата-анасынан, туысқандарынан, көмек сұраудан, көмек алудан


"Баланы" қалай ажыратамыз?
- Ұнамайтынды өзгертпейді. Өзін, істерін, жақындарын, таңдауларын
- Назар аударуды талап етеді
- Құнсыздандырғанды жақсы көреді. Басқаларды, басқалардың таңдауларын, басқаның мәселесін
- Бар жақсы өзіне байланысты дейтін. Жетістіктерін, басқалардың жетістіктерін,

Ажыратқаннан кейінгі істеу керек нәрсе, сол адам саған қай позицияда тұрғанына қарамастан ұнаса адамды алып қалу, ұнамаса "давай, до свидания"

енді, маған сендерден совет керек
Өмірлеріңде "ересек" адам мен "бала" адамдарды тағы қалай ажыратасыңдар?
🔥2412🐳3👍2🥰1👏1😍1
100 күннен кейінгі пост жазуым керек еді.

идея жоқ, сендерден тақырып и менен шабыт болса пост

пока что цитата:
"қайда баратыныңды білмей басталған жол, аялдамада отырғаннан жақсы"
26🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
57🕊6🤯3