chondrikí mou
397 subscribers
9 photos
5 videos
1 file
1 link
Буду делиться своими мыслями и знаниями
Download Telegram
Шегаралардың болуы

Біздерде болуы мүмкін шектеулердің барлығы қандай да бір шегалардың арқасында пайда болады. Ол шектеулер жақсы мағынада (этика, діни шектеулер) немесе жаман мағынада (өзімізді шектеу, қорқыныш) болуы мүмкін.
Бірақ, мен бүгін шегаралардың жақсы не жаман мағынада әсер етуі туралы емес, олардың қай жерде болуы немесе болмауы дұрыс екендігі туралы сөйлескім келеді.


Болуы керек шегаралар:
- Өзіңнің жеке өмірің мен басқа біреулердің өмірі және соған байланысты кез келген бөлік (құндылықтар, жұмыс). Соның арқасында сен өзіңе ұнайтын немесе ұнамайтын нәрселерден анықтай аласың. ЛГБТ сенің шегараңның сыртында немесе өтірік айтпайтын адамдар сенің шегараңның ішінде
- Сенің әрекеттерің басқа біреулерге әсер етуі мүмкін кезде (жақсы және жаман кезде де). Барлық адам жақсылыққа мұқтаж емес. Бұнымен айтқым келген нәрсе, біреуге көмектесемін деп, шын мәнінде оған зиян келтіруің мүмкін. Понятное дело, что біреуді жамандауға, зиян келтіруге т.б. болмайды. Вот осындай кезде шегара болуы керек.



Болмауы керек шегаралар
- Қабілетіңе/талантыңа/ақшаңа байланысты шегаралар. Бәрі салыстыруға жатады. Қолыңнан бірнәрсе жасау (мысалы, шахмат ойнау) келетін болса, онда көп уақытты соған арнаған деген сөз. Егер келмесе (кітап оқу), онда сен оған просто уақыт бөлмей жүрсің.
- Махаббат/сезімге байланысты шегаралар. Бір қызды ұнатып, «она из другой поляни», «менің ақшам жетпейді» деу дұрыс емес. Себебі, махаббат пен сезімдер уақыт пен вниманиеге байланысты. Ұнататын қызыңа барып айт. Басың түсіп қалмайды. Откажет, внимание бөл. Не откажет, бақытты бол.



Ұмытпау керек нәрсе: Егер басымызда шегара болатын болса, біз шектелген әлемде өмір сүреміз. Ал, айналамызда болса, өзіміздің әлемімізді шектейміз. Әлемнің барлығы саған керек емес, саған өзіңнің әлемің жетеді.

Қорытынды орнына, шегара біздің басымызда емес, айналамызда болуы керек.
🔥197👍6💅3
«Дәстүрлі» ой

Мүмкін, бұл пост мүлдем кино туралы емес, мүмкін тек қана кино туралы...

Адамдар шешім қабылдаған кезде көптеген факторлардың әсерінде болады. Адамның алған тәрбиесі, сол кездегі эмоционалды жағдайы, діні және қоршаған ортасы, логика т.б.факторлар әсер ететіні сөзсіз.

Бірақ, адам сонда да сол көптеген әсер еткен факторлардың арасынан біреуін таңдап немесе әртүрлі факторларды біріктіріп, өзі шешім қабылдайды.

Осы жерде көптеген адамдар көбіне өзінің халқының дәстүріне сай немесе өзінің дәстүрлі таңдауларына ұқсас шешім қабылдап, бірақ басқаша нәтиже күтіп отырады. Содан соң, бәріне кінәлі "дәстүр" деп шығады. Бірақ, ол қаншалықты дұрыс екені непонятно...
Сол үшін адам шешімнен кейін болған жақсы немесе жаман жағдайдың жауапкершілігін басқа біреуге лақтырмауы керек.

Қорытынды орнына, "адам өз ісінің нәтижелерімен тек "өзі" ғана қалады"...

P.S. түсініксіз болса, киноны көріңіз. Көріп тұрып, түсінбесең сұрақтарың төменге...
22🔥4🫡3🐳1
Пайдалы болсын деген мақсатта, салып қоюды жөн көрдім
👍43👏1
РАМАЗАНҒА_ЖОСПАР.pdf
1.2 MB
20😍6🙏3🍓21🔥1🥰1
Адамдардың өмірдегі орны

Осы жазбада адамдардың сенің өміріңе келуі мен кетуінің мәні туралы сөйлесеміз.

Cенің айналаңдағы адамдар - сенің жаныңның айнасы. Бірақ, айнаға көп адам қараған кезде айнаның лас болатыны сияқты, біздің айналамызда адамдар көбейген сайын біз өзіміздің жанымызды түсінбей бастаймыз. Себебі, көп адамдар айнаға қараған сайын олар айнаны ұстап, айнаның бетіне өз қолының іздерін қалдырады. Біздің өмірімізде де дәл солай. Біздің өмірімізге келіп-кеткен адамдар біздің жанымызға өз ізін қалдырып кетеді.

Осы жерде маңызды дүние олардың біздің жанымызға ізін қалдырып кетуі емес, ол ізді біздің қалай көруімізде. Біз «неге ол адам осы ізді қалдырды?» деп ойланудың орнына, «осы іздің салынуынан мен не түсіндім?» деген сұрақты қоюымыз керек.

Неге?
Себеп біреу.

БІз қанша жерден ақылды болсақ та, адамдардың ішкі дүниесін немесе бір әрекетті жасау себебін толық біле алмаймыз. Сол үшін біз қоятын сұрақ «басқа адам неге осылай жасады?» деген емес, «менің өміріме осы нәрсе не түсіндіргісі келді?» деген болу керек.

Адам өміріне келген адамдар да, кеткен адамдар да бізге бірнәрсе үйретуге келеді. Бірақ, ол адамдардың келіп-кетуінен сабақ алу тек бізге байланысты.

Сол сабақты алмайынша Алла Тағала бізге бір типтегі адамдарды кездестіре береді. Мысалы, бір типаждағы қызды кездестіре беру.

Сабақты түсінгеннен кейін ғана, біз жаңа жолға түсеміз.
Сол үшін өміріңізге келген және кеткен адамдардан үйренген дүниелеріңізді ойланыңыз.

P.S.Жаман адам бірнәрсе үйретеді дегенге көндігу мен тәкәппарланбау қиын. Алайда , ең алғашқы күнәлар да осы екеуі екенін ұмытпаңыз.


Алла Тағала естіп-білгенімізге амал етуді нәсіп етсін!
42🔥2👏2🐳21👍1😁1🕊1🏆1
Дайын болу….

Біз бүгін дайын болу деген не және жолдың басында дайын болуы мен жолдың ортасындағы дайын болу сезімі туралы сөйлесетін боламыз.
Енді, әрқайсысы туралы көбірек.

Бір істің бастар алдында «мен дайын емес сияқтымын» , «әлде де дайындалып алу керек» деген ойлардың болуы барлық кезде жақсы емес.
Әрине, адам өмірін құтқаруға байланысты немесе сондай бір кризистік моменттерде керек. Алайда, біз осы жағдайларды да ескермесек болады. Ол кезде шешетіні біздің дайындығымыздың деңгейі емес, табиғи инстинкттер.

Енді, бір істі бастар алдындағы «дайындалып алайын» деген түсінік, бізді тоқтатқанымен ғана қоймай, бізді нәпсігімізге жеңілдеттіреді. Себебі, неше рет понедельниктен бастап жүгіріп бастадыңдар, неше рет курс сатып алып, тастап кеттіңдер немесе, мен әлі намаз оқуға дайын емес сияқтымын деген сөздер.
Осындай сөздер, адамды істі жасаудан тоқтатады. Осы жерде жаттап алу керек Мәулана Румидің сөзі «Жолға шық, жол өзі апарады»

Келесісі, жолға шығып кеткен кездегі «мен дайынмын ба?» , «может әлі де ұзағырақ дайындаламын» деген ойлардың болуы. Оны түсіндіру үшін литромантика күшті мысал бола алады. Сөйлесіп бастап кеттің , бірақ әлі не рыба, не мяса боп жүрсің. Значит, мен әлі отношениеге дайын емеспін деген ой келеді. Неге солай? Себебі, біз әлі керемет жар болуға дайын емеспіз немесе сол екінші адам сені әлі удивить етуге дайын емес.

Осы екі ситуацияда адам не үшін дайындалады?
Бәрі 100% жақсы , идеально болуы үшін.
Бірақ, сендер и так білесіңдер, что ештеңе идеально емес. Демек, адамның дайындаламын деп жүріп и ешнәрсе істемеуі қателік.

Адам дайындық барысында өзгермейді, іс барысында өзгереді.

p.s. "Егер сен өзіңді өзгертпесең, Алла сені  өзгертпейді." ("Рағыд" сүресі, 11-аят)

Алла Тағала естіп-білгенімізге амал етуді нәсіп етсін.
36👍7❤‍🔥5🔥1🕊1🐳1
«Жүрегім, қалайсың?» емес, «Жүрегім қалайсың?»

Бұл постта бізге қоғамның әсер етуі туралы және жақсы ортаның өзі сені бұзып жіберуі мүмкін екендігі туралы сөйлесеміз.

Қазір біз почти барлығымыз «қалайсың?» деген сұрақтың қадірін жоғалтып алдық. Оған біздің стандартты «жақсы, рақмет, сен қалайсың?» деген жауабымыз дайын тұрады. Алайда, осы сұрақ біздің өміріміздегі маңызды сұрақтардың бірі.

Неге?

Себебі, осы сұраққа жалғанатын зат есімдер арқылы біз өзіміздің өміріміздің приоритеттерін анықтай аламыз.

Осы сұрақтың мәнін жоғалтып алған адамдарда болатын оқиғалар:
1. не үшін жұмыс жасап жүргенін білмейді? Барып-келіп, айлығын алып, оны жұмсап и т.д жүрген адамдар
2. мә, бәрі қызбен/жігітпен жүріп жатыр, бәрі үйленіп жатыр деп айтып, жеке өмірін реттегісі келіп кететіндер
3. арман/мақсат қойып алып, но оған жеткізетін жұмыстарды жасауға мотивация таппай жүргендер
4. «бәрі бірбәле бітіріп жатыр, хотя бы кітап оқып жатыр, ал мен даже оны да істеп жатқан жоқпын» дейтіндер и т.б.

Осы 4 оқиғаның барлығына ортақ нәрсе ол - сізде болып жатқан осы дүниелер Сіздікі емес. Яғни, Сіз оны Өзіңіздің жүрегіңізге байлағыңыз келмесе де, сырттағы адамдар Сіздің жүрегіңізге байлаттырып тастаған.

Осындай ситуациялар болып жатқан кезде, «Жүрегім, қалайсың?» деп сұрақ қойыңдар. Сұрақтың жауабын күткен сәтте, жүрегіңіз байланыс аясынан тыс жерде болса, Сізге истихара және/немесе истишара көмектеседі.

БІз просто осы айтылған мысалдардың бәрінде өмірде бір мақсаттарға жеткізіміз келгенінен жасаймыз.
Бірақ…….

Өмірде мақсатың болуы міндетті дүние емес, өмірде мән болу міндетті.

Себебі, әрбір адамның дүниеге келгендегі мақсаты құлшылық. Қалғаны - Алла Тағала береді. Тіпті, құлшылықты да беретін Алла Тағала.

Сол үшін Сіздің жүрегіңізде қоғамның клишесі тұрмауы керек.

Алла Тағала естіп-білгенімізге амал етуді нәсіп етсін!
49❤‍🔥6👍1🕊1🐳1
Махаббаттың қырық бірінші қағидасы

Бұл пост, бұйырса Алла, менің келесі жазылатын посттарымның кіріспесі секілді. Осы постта мен соңғы уақытта оқыған ең қызықты кітаптағы ,«Махаббаттың қырық қағидасы» , қырық қағиданың әрқайсысына жеке түсіндірме жазғым келеді.

Бүгін, махаббат дегеннің не екендігіне анықтама беруге тырысып көрейін.


Махаббат деген қозғалтқыш. Тоқтап тұрса да, ол болмаса, сен толық болмайсың.

Махаббат деген үнсіздіктен ән есту.

Махаббат деген өз жаныңның бөлігін басқа біреудің жанына салу.

Махаббат- ол қайғы. Біреудің әрекеті мен әрекетсіздігінен өзіңді көру. Біреудің әрекеті мен әрекетсіздігінен өзіңді көре алмау.

Махаббат ол бастама. Сезімдердің басталатын жері.
Махаббат ол мәре. Сезімдерді аяқтайтын жер.

Махаббат ол сабыр. Адамнан бір әрекетті күту. Жазғанын, қоңырау шалғанын.

Махаббат ол құрбан бола алу. Махаббат ол құрбан болғанды көре алу.

Махаббат ол қасында болу. Махаббат ол хайырлырақ болса, тастап кету.

Бірақ, бастысы:
«Махаббат - өз алдына бөлек бір әлем. Не ішінде – қақ ортасындасың. Не сыртында – қасірет құшағындасың.»



Сен үшін махаббат деген не?
29❤‍🔥3👏1🐳1💅1
Махаббаттың алғашқы қағидасы

Бұл пост махаббаттың алғашқы қағидасы болғанымен, Сіздің алғашқы махаббатыңызды «соңғы махаббатыңызға» айналдыруына көмектесу үшін жазылған.


Алғашқы махаббатты айтқан кезде бізге биіктегі қол жетпес армандар ғана емес, сонымен бірге әлі өмірдің ащы-тұщысын көрмеген бала кезіміз еске түсетіні анық. БІрақ, өмірдің қызығы сонда, біздің көбіміз алғашқы махаббаттарымыздың есімдерін ғана есімізде сақтағанбыз.Бірақ, біз ол туралы еске алған кезде жылы сөздерді ғана қолданамыз. «Келесі» махаббаттармен де дәл солай. Нешінші екені маңызды емес, бірақ біреуге махаббатыңыз ашылған кезде Сіз ол туралы тек жақсылықты еске аласыз.

Ал, «махаббат деген не» сұрақ қойылған кезде ше? Әркімде әртүрлі. Себебі біреу.

«Жаратқанды сипаттаған сөзіміз – өзіміз жайлы ой-айнамыз. Хақ Тағала дегенде әуелі қорқынышты, ұятты нәрсе ойыңа оралса, демек, сен де қорқыныш пен ұяттан өлейін деп жүргенің. Ал Алланың аты аталғанда махаббатын, рақымы мен шапағатын есіңе алсаң, демек, тұла бойың соған тұнып тұрғаны.»


Бұл - махаббаттың бірінші қағидасы.

Осы қағида бізге қалай көмектеседі?
⁃ біздің ішкі жан дүниемізді «есту» үшін. Біз өзіміздің ішкі дауысымызды көп тыңдай бермейміз. Оны тыңдасақ, ол бізге белгі беруін жалғастыра береді. Тыңдамасақ, ол «беззвучный» режимге кетеді. Осы логика қағидамен қалай жұмыс істейді? Бір адам/зат/оқиға туралы ойлаған кезде ішіңізде не дауыс бірінші шықса, сол дұрыс. Екінші рет ойланбаңыз.
⁃ Сыртқы әлеммен байланысты реттеу үшін. Басқалардың басқа адамдар туралы ойын естіңіз. Олардың ішінде не барын солай көруге болады. «Құмырада не болса, сол төгіледі» деген мәтел бар, дәл соның адамның ішінде не болса, сол шығады дегенінің перефразировкасы.

Біздің махаббатымызға деген сөздеріміздің де өзгеруінің себебі де осы қағиданы ұстанбаған кезде. Біздің махаббатымызды сипаттайтын сөздердің «сиқыры» кетуінің себебі біздің ішіміздегі оттың сөнуі. Іштегі от сөнген кезде жалындаған сөздер жылыта алмайды.

Қорытынды орнына, сипаттаушы сөздеріміздің әртүрлі болатыны анық. Сөз ұнаса - жақсы, ұнамаса - өзгерт. Сөз өзгеруі үшін біз өзгеруіміз керек.

p.s. «Шын мәнінде, адам өзі өзгермейінше, Алла оның (жағдайын) өзгертпейді»
31❤‍🔥3🔥2🐳2👍1
Махаббаттың екінші қағидасы


Осының алдындағы махаббаттың бірінші қағидасына арналған постқа Дамир өте керемет құнды пікірлер жазыпты. Дамирдің қойған сұрақтары:
1. Мидағы дауыс пен жүректегі дауыстың айырмашылығы неде?
2. Харам заттардан сезімдер болады ма?
3. Жаман сезімдерде Алла Тағаладан ба?
4. Тәуелділік пен таза сезімді қалай ажыратамыз?
5. Жақсы көрмеу керек адамды жақсы көру тоже дұрыс сезім бе?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін өте көп ойландым. Себебі, шынымен осы сұрақтарға жауап беру арқылы біраз кездерде пайда болатын күмәндердің алдын алатындай сезіндім.
Сәйкестік пе, махаббаттың екінші қағидасы да осы туралы екен.

Оқи және ойлана келе, адамға келетін ойдың 4 түрі бар екенін білуге болады.Олар келесідей:
Біріншісі, адамға нәпсіден келетін ойлар. Яғни, өзіңмен өзің күресуің керек кездер. Адами және физикалық қажеттіліктеріңді шектеу , ораза ұстау, зина жасамау сияқты.
Екіншісі, адамға шайтаннан келетін ойлар. Ол қалай жұмыс жасайды? Адамға жақсылықтарға деген күмән, жаман сезімдер, жақсы көрмеу керек адамды жақсы көру, харам сезімдер туралы ойлар шайтаннан келетіні сөзсіз. Себебі, олардың барлығы өзіміздің, діннің және қоғамның стандарттарына қарсы шығады.
Үшіншісі, періштеден келетін ойлар. Шайтан жаман ойларға азғыратын болса, періштелер жаман ойларға шақырады.
Төртіншісі, Алла Тағаладан. Оны «ильхам» деп атайды. Алла Тағаладан келген ойлар адамды Алла Тағалаға қалай жетелейді. Мысалы, жақсы ұстаз болса, Алла Тағаланың жолында қызмет етуді ұмытпау керек.

Енді, тәуелділік пен таза сезімді немесе шайтан мен нәпсіден келген ойлар мен Алла Тағала мен періштеден келген ойларды қалай ажыратуға болады? Жауабы қызық: «Азубилляхи мина шшайтани рраджим» деп айту керек. Уәсуәс пен нәпсіден келген ойлар осы сөздерден кейін тоқтайды.
Қорытынды орнына, махаббаттың екінші қағидасын жазуға болатын сияқты:

 
Тура жолға түсу – ақылдың емес, жүректің ісі. Жетекшің иық үстіндегі басың емес, жүрегің болсын. Өз отын өзі өшіретіндердің емес, танитындардың қатарында бол.
29👍2🐳2❤‍🔥1
77 күннен кейінгі жазба, ересектік туралы болмақ...

Біздің өмірімізде жасы үлкен адамдардың бәрі "ересек", немесе кішкентайлардың барлығы "бала" емес. Неге осыны жазғым келіп жатыр?
Неге "ересек" адам мен "баланы" ажырата алуымыз керек?
Себебі, оларға подход/спрос/требованиелер басқа
Ересек адамды қалай біле аламыз?
- Жауапкершілік ала алу. Өзіне, істеріне, жақындарына, таңдауларына.
- Түсінігінің болуы. Бәрін бірден, қазір келмейтінін / әлем оның айналасында айналмайтынын/ әлемде тек қана соның пікірі бар деп ойламайтын адам
- Салыстыра алатын адам. Адамдарды, ситуацияларды, құрбан болу керек моменттерді
- Ұялмайды. Өзінен, ата-анасынан, туысқандарынан, көмек сұраудан, көмек алудан


"Баланы" қалай ажыратамыз?
- Ұнамайтынды өзгертпейді. Өзін, істерін, жақындарын, таңдауларын
- Назар аударуды талап етеді
- Құнсыздандырғанды жақсы көреді. Басқаларды, басқалардың таңдауларын, басқаның мәселесін
- Бар жақсы өзіне байланысты дейтін. Жетістіктерін, басқалардың жетістіктерін,

Ажыратқаннан кейінгі істеу керек нәрсе, сол адам саған қай позицияда тұрғанына қарамастан ұнаса адамды алып қалу, ұнамаса "давай, до свидания"

енді, маған сендерден совет керек
Өмірлеріңде "ересек" адам мен "бала" адамдарды тағы қалай ажыратасыңдар?
🔥2412🐳3👍2🥰1👏1😍1
100 күннен кейінгі пост жазуым керек еді.

идея жоқ, сендерден тақырып и менен шабыт болса пост

пока что цитата:
"қайда баратыныңды білмей басталған жол, аялдамада отырғаннан жақсы"
26🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
57🕊6🤯3
Киноны күтіп отырғанда келген ой…..

Адамдардың бойындағы ең қатты бағалайтын қасиетім - ашықтық пен анықтық екенін түсінген сияқтымын.
«Не болып жатқанын, өзің түсініп ал» деп эмоциональды әткеншекке отырғызып жіберетін адамдарды көрсем, шатырым ашылатын болыпты.

Сосын отырып ойлансам, адамдар өз ойын бір адамға ашық айтпауының себептері өте көп екенін түсіндім: жоғалтып алудан қорқу, тәуелді болып тұрғанын білу, ренжітіп аламын деп ойлау, т.с.с.

Бірақ, олардың барлығы маңызды емес деп ойлаймын. Себебі, әркім өз сезіміне, өз ойына өзі жауап береді. Ренжіттім деп ойлап ренжітпеген немесе керісінше болатын оқиғалар өте көп қой.

Сол үшін тіке айтып үйреніңдер. Ештеңе етпейді. Ренжісе, қояды. Ашуланса, басылады. Бірақ, адам сенің кесіріңнен бір рет әткеншекке отырғаннан кейін, келесі әткеншектердің бәрінде сенің кесіріңнен туындаған құсықты есіне алып тұратын болады.
Біреудің құсығының себепшісі болма.
56👍1🕊1🖕1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
14
Менің өмірімде қазір еш жаңалық жоқ:

Жұмыс, квартира, жұмыс


Мен сендерді іздесем де, жүрегімдесіңдер

Мені іздеп өзі жазатын адамдар - адамдыққа сенімнің үлгісіңдер❤️
33🦄2
Сендер де дедлайннан дедлайнға дейін өмір сүріп жатырмын деп айтыңдаршы
😭23👍94👎2🤯1
тірісіңдер ма?
🔥5🤬31❤‍🔥1🤷‍♂1😐1🤓1
демалуды және өмір сүруді үйрететін коуч бар ма?

или өмір мен жұмысты бөлуді үйрететін
12
осындай сообщениеден кейін, адамдардың бар болғаныңа ғана рахмет айтатыны күшті екендігін түсіндім.

Көмегің үшін, қолдауың үшін, түсінуің үшін де рахмет дегені күшті. Бірақ, просто бар болғаның үшін естіген бөлек екен дае
31