chondrikí mou
396 subscribers
9 photos
5 videos
1 file
1 link
Буду делиться своими мыслями и знаниями
Download Telegram
Адамды көркем ететін-мінезі
Ойыңды қағазға/блокнотқа/запискаға жазып тұр.

Миымыз процессор/компьютер сияқты. Көп вкладка ашыла берген сайын производительность төмендей береді
3
Жан тыныштығы

Барлығына үлгерем, бәрін жасаймын, бәріне көмектесем деп жүріп - өміріңдегі басты адамды ұмытып кетуге болады. Ол -сен.

Бұл эгоизм емес. Өзін-өзі аяу емес. Шаршау немесе ренжу емес. Жәй, өзіңнің ДЕ маңызды екеніңді еске түсіру.

“ДЕ” деген сөздің бас әріппен жазылуында мән бар.
Ол туралы шабыт шыңғырған уақытта жазам.

Всем рахмет ❤️
👍5🔥1
We are sad generation with happy photos
Кешірім сұрау туралы

Адамдардың бірін-бірі ренжіткені "нормально". Алайда, олар бір-біріне ұзақ уақыт бойы ренжімеуі керек. Оған себеп ретінде, ислам дінін немесе қарапайым эмоцияның созылып, "травма" болып кететінін де айтуға болады.

Енді қалай кешірім сұрау немесе неге бірінші кешірім сұрау керек?

Әңгіме, сен кінәлі немесе кінәсіз болуыңда емес. Кінәні іздейтін болсаң, әрі қарай оқымай-ақ қойсаң болады...

Кешірім сұраудың тәсілдері
1) эмоцияны ояту арқылы.
Ренжісіп қалған адаммен бірге өткізген қызықты оқиғаларды немесе тек қана екеуің түсінетін әзілдерді жазып жібер. Хаттың/сообщение соңында "мен сені жақсы көрем", "менің өмірімнен кетпе" деген сияқты "тәтті" сөздер жазып жібер.
2) сыйлық/тамақ алып, үйінің алдына бар
Көшеде/дворьда отырып, әңгімеге тарт. Тұрып кетіп қалса, сыйлықты/тамақты артынан апарып бер. Бірінші тәсілдегідей хат жазып қойсаң, "четко" болады

Кешірім сұрау барысында/кешірім сұрап болған соң, сенде ыңғайсыз сезімдер болса, қуан. Себебі, сен өз "зона комфортыңнан" шықтың!

Кешірім сұрау тек мықтылардың қолынан келеді.
👍10🍓2
Live stream started
белсенді болуға тырысамын, но не обещаю )
🤔2😭1
Live stream finished (2 minutes)
Бүгін адамның ішіндегі ойлары туралы сөйлескім келеді…

Біздің әрқайсымызда бір арман-мақсат, орындау керек деген идеялар көп. Солардың барлығын орындау үшін біз көп жұмыс жасаймыз, әрекет етеміз т.с.с

БІРАҚ…

Дәл сол кездерде біздің өміріміз біздің қасымыздан өтіп кетеді. Слишком банальная тема, ия??

БІРАҚ
Ойланшы, өтірік емес қой? Жоспарларың орындалмай қалғанда, қайтадан жасайсың.. Болмайды,тағы жасайсың…. И бац! Сенің қолыңнан келді. Искра. Буря. Эмоция болып жатыр. Бірақ, оның бағасы қандай?

Жастық шағың. Денсаулығың. Отбасыңның қасында болмауың. Достарыңмен қарым-қатынаста алыстауың.

Ішіңнен андай ойлар пайда болып жатыр ма осы сөздерді оқып :
“Жас кезіңде істемесең, қашан істейсің?” , “Жалқаудың әңгімесі”, “Подростковое мышление”, “Прокрастинация ғой”.

Сондай ойларға орысша жауап:
«Мы предполагаем, Аллах располагает!»
Қосымша қазақша жауап:
“Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді”

Енді түйін, өміріңнің бір бөлігін ғана
ойлаймын деп, қалған бөліктерін құрбан етпе!
👍284🔥2🤯2👏1
Енді реакция қалдыруға болады :)
👍13
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сен қанша жаманшылық жасасаңда сені жақсы көретін, кешіретіндер

Бірінші Алла
Екінші ата-анаң, бауырларың

Қадірін біл!
19👍2
Бақытты болу - таңдау!
9🥰6
Өзгеге пайдаң тию арқылы өзіңе пайда келтіресің
🔥8👍3🥰2
Кез келген ситуацияда көмектесетін сөздер
1) бұйырғаны
2) хайырлысы
3) Құдай жеткізеді
🔥13👍51💘1
Еркін ойлау мен еркін болудың айырмашылығы өте үлкен-ау шамасы. Ойыңның әрекеттерге айналуы үшін саған тек қана ойлау алу емес, сонымен бірге ойыңды әрекетке айналдыруға итермелейтін батылдық та керек болады.
Сондықтан, ойымызда жақсы көріп тұрған адамға “мен сені жақсы көремін” деп айтуымыз өте қиынға соғады.

Еркін болу - қалағаныңды істеудің ешкімге зияны тимейтіндей шегінде аяқталу керек. Себебі, біреудің еркіндігі біреудің еркіндігіне зияны тимей керек. Сол үшін ғой, қазір “жеке шекаралар”, стереотипті ойлаудан алыстау” сияқты ойлардың трендке айналуы.

Еркін болғысы келетін адамда міндетті түрде еркін ойлау болуы керек. Мүмкін, болмаса да болады….. бірақ, болмаса болмайды-ау. Әйтпесе, жазғанымның мағынасы қалмады ғой


P.S. Метромен көбірек жүру керек сияқты. Көптен бері ойымда жүрген идеяны жазып алдым :)
Рахмет саған қымбат Яндекс пен Алматының жаңбыры
👍8🔥21👏1
🥰9🔥1
Махаббат майданы

Мен сені сүйемін… айту оңай, мүмкін оңай айтылатын нәрселер жасауға келгенде қиын….

Білмеймін, әйтеуір, айтады ғой мен жақсы көретін адам мені жақсы көрмейді, мені жақсы көретін адам маған ұнамайды деп… Өмірімде де солай болған да сияқты. Бірақ, бүгінгі әңгіме мен туралы емес.

Бұл ғашықтардың бір-біріне ғашық екенін бір-біріне айтпастан бұрын, мен білдім-ау😂
Бір-бірі туралы, қызығушылықтары мен қасиеттері туралы орталарынан да мен айттым. Екеуіне де уәде бергем, ешкімге айтпауға…. Әшейінде ұстамайтын “патриоттығым” осы кезде ұстап, екеуі бір-бірін жақсы көретінін тіпті намекпен де екеуіне де айтпағам ғой.
Айтсам, мүмкін тойға ертерек барар ма едік😂😂

Шынында, екеуінің бір-біріне деген махаббаты мен сыйластығын көріп, менің де махаббатқа “желанием” ашылды😅
Тіл көзім тасқа басқаларды шабыттандыратын махаббаттарыңнан айырмасын!
👍137🔥1
Міндет пен сезімдер жайлы

Ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес....
Мен үшін өте қате түсінік
(өмір сонымен қызық шығар, мен осы тақырыпта ЛД-да өз бауырыма қарсы ойнап ұтқанмын)

Отбасыңның саған көрсеткен сезімдері үшін олардың үмітін ақтауың керек
Өзіңнің саған артқан сезімдерін ақтауың үшін күнде прогресс жасауың керек
Жақсы көретін адамыңның сезімдері үшін внимание бөлуің керек
Сол сияқты кете береді

Бірақ, сезімдер тұрақсыз ғой
Махаббат пен жек көрініштің арасы бір-ақ қадам. Сенің сезімдеріңнің аяққа тапталмағандығын сезіну үшін кері байланыстағы махаббат күтесің. Шын жақсы көру болмауы мүмкін, бірақ, шынайылық қалмаған әлемде біреуді ренжітпеу үшін маска таққанның да артығы жоқ шығар (шын мәнінде, алданған сезімдердің тапталғанына қарағанда жақсырақ)

Сол үшін шынымен де, міндеттеріңді біліңдер

P.S шамалыдан кейін міндеттер туралы жазамын

P.S.SМен дәл қазір ешкімді жақсы көрмеймін немесе бұл посттың ешкімге қатысы жоқ.. Бірақ, менің бұл постты жазуыма әсер еткен Robin-нің "Please,dont say you love me" өлеңін 10-нан артық рет тыңдағандығым әсер еткен болуы керек...
👍189👏2🤔1