chondrikí mou
397 subscribers
9 photos
5 videos
1 file
1 link
Буду делиться своими мыслями и знаниями
Download Telegram
Махаббаттың екінші қағидасы


Осының алдындағы махаббаттың бірінші қағидасына арналған постқа Дамир өте керемет құнды пікірлер жазыпты. Дамирдің қойған сұрақтары:
1. Мидағы дауыс пен жүректегі дауыстың айырмашылығы неде?
2. Харам заттардан сезімдер болады ма?
3. Жаман сезімдерде Алла Тағаладан ба?
4. Тәуелділік пен таза сезімді қалай ажыратамыз?
5. Жақсы көрмеу керек адамды жақсы көру тоже дұрыс сезім бе?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін өте көп ойландым. Себебі, шынымен осы сұрақтарға жауап беру арқылы біраз кездерде пайда болатын күмәндердің алдын алатындай сезіндім.
Сәйкестік пе, махаббаттың екінші қағидасы да осы туралы екен.

Оқи және ойлана келе, адамға келетін ойдың 4 түрі бар екенін білуге болады.Олар келесідей:
Біріншісі, адамға нәпсіден келетін ойлар. Яғни, өзіңмен өзің күресуің керек кездер. Адами және физикалық қажеттіліктеріңді шектеу , ораза ұстау, зина жасамау сияқты.
Екіншісі, адамға шайтаннан келетін ойлар. Ол қалай жұмыс жасайды? Адамға жақсылықтарға деген күмән, жаман сезімдер, жақсы көрмеу керек адамды жақсы көру, харам сезімдер туралы ойлар шайтаннан келетіні сөзсіз. Себебі, олардың барлығы өзіміздің, діннің және қоғамның стандарттарына қарсы шығады.
Үшіншісі, періштеден келетін ойлар. Шайтан жаман ойларға азғыратын болса, періштелер жаман ойларға шақырады.
Төртіншісі, Алла Тағаладан. Оны «ильхам» деп атайды. Алла Тағаладан келген ойлар адамды Алла Тағалаға қалай жетелейді. Мысалы, жақсы ұстаз болса, Алла Тағаланың жолында қызмет етуді ұмытпау керек.

Енді, тәуелділік пен таза сезімді немесе шайтан мен нәпсіден келген ойлар мен Алла Тағала мен періштеден келген ойларды қалай ажыратуға болады? Жауабы қызық: «Азубилляхи мина шшайтани рраджим» деп айту керек. Уәсуәс пен нәпсіден келген ойлар осы сөздерден кейін тоқтайды.
Қорытынды орнына, махаббаттың екінші қағидасын жазуға болатын сияқты:

 
Тура жолға түсу – ақылдың емес, жүректің ісі. Жетекшің иық үстіндегі басың емес, жүрегің болсын. Өз отын өзі өшіретіндердің емес, танитындардың қатарында бол.
29👍2🐳2❤‍🔥1
77 күннен кейінгі жазба, ересектік туралы болмақ...

Біздің өмірімізде жасы үлкен адамдардың бәрі "ересек", немесе кішкентайлардың барлығы "бала" емес. Неге осыны жазғым келіп жатыр?
Неге "ересек" адам мен "баланы" ажырата алуымыз керек?
Себебі, оларға подход/спрос/требованиелер басқа
Ересек адамды қалай біле аламыз?
- Жауапкершілік ала алу. Өзіне, істеріне, жақындарына, таңдауларына.
- Түсінігінің болуы. Бәрін бірден, қазір келмейтінін / әлем оның айналасында айналмайтынын/ әлемде тек қана соның пікірі бар деп ойламайтын адам
- Салыстыра алатын адам. Адамдарды, ситуацияларды, құрбан болу керек моменттерді
- Ұялмайды. Өзінен, ата-анасынан, туысқандарынан, көмек сұраудан, көмек алудан


"Баланы" қалай ажыратамыз?
- Ұнамайтынды өзгертпейді. Өзін, істерін, жақындарын, таңдауларын
- Назар аударуды талап етеді
- Құнсыздандырғанды жақсы көреді. Басқаларды, басқалардың таңдауларын, басқаның мәселесін
- Бар жақсы өзіне байланысты дейтін. Жетістіктерін, басқалардың жетістіктерін,

Ажыратқаннан кейінгі істеу керек нәрсе, сол адам саған қай позицияда тұрғанына қарамастан ұнаса адамды алып қалу, ұнамаса "давай, до свидания"

енді, маған сендерден совет керек
Өмірлеріңде "ересек" адам мен "бала" адамдарды тағы қалай ажыратасыңдар?
🔥2412🐳3👍2🥰1👏1😍1
100 күннен кейінгі пост жазуым керек еді.

идея жоқ, сендерден тақырып и менен шабыт болса пост

пока что цитата:
"қайда баратыныңды білмей басталған жол, аялдамада отырғаннан жақсы"
26🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
57🕊6🤯3
Киноны күтіп отырғанда келген ой…..

Адамдардың бойындағы ең қатты бағалайтын қасиетім - ашықтық пен анықтық екенін түсінген сияқтымын.
«Не болып жатқанын, өзің түсініп ал» деп эмоциональды әткеншекке отырғызып жіберетін адамдарды көрсем, шатырым ашылатын болыпты.

Сосын отырып ойлансам, адамдар өз ойын бір адамға ашық айтпауының себептері өте көп екенін түсіндім: жоғалтып алудан қорқу, тәуелді болып тұрғанын білу, ренжітіп аламын деп ойлау, т.с.с.

Бірақ, олардың барлығы маңызды емес деп ойлаймын. Себебі, әркім өз сезіміне, өз ойына өзі жауап береді. Ренжіттім деп ойлап ренжітпеген немесе керісінше болатын оқиғалар өте көп қой.

Сол үшін тіке айтып үйреніңдер. Ештеңе етпейді. Ренжісе, қояды. Ашуланса, басылады. Бірақ, адам сенің кесіріңнен бір рет әткеншекке отырғаннан кейін, келесі әткеншектердің бәрінде сенің кесіріңнен туындаған құсықты есіне алып тұратын болады.
Біреудің құсығының себепшісі болма.
56👍1🕊1🖕1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
14
Менің өмірімде қазір еш жаңалық жоқ:

Жұмыс, квартира, жұмыс


Мен сендерді іздесем де, жүрегімдесіңдер

Мені іздеп өзі жазатын адамдар - адамдыққа сенімнің үлгісіңдер❤️
33🦄2
Сендер де дедлайннан дедлайнға дейін өмір сүріп жатырмын деп айтыңдаршы
😭23👍94👎2🤯1
тірісіңдер ма?
🔥5🤬31❤‍🔥1🤷‍♂1😐1🤓1
демалуды және өмір сүруді үйрететін коуч бар ма?

или өмір мен жұмысты бөлуді үйрететін
12
осындай сообщениеден кейін, адамдардың бар болғаныңа ғана рахмет айтатыны күшті екендігін түсіндім.

Көмегің үшін, қолдауың үшін, түсінуің үшін де рахмет дегені күшті. Бірақ, просто бар болғаның үшін естіген бөлек екен дае
31