Жазушы - كاتب
8.42K subscribers
969 photos
103 videos
112 files
1.16K links
Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер.
Арнайы бір бағытта емес.

Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Жарнама бойынша: @admkaatib

Анонимдік байланыс:
t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18
Download Telegram
Ерлі-зайыптыларды бір-бірімен ұрыстыратын шайтан

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

бисмиллаһир рахманир рахиим

Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын).

📘Деректерге қарағанда, шайтанның әскерлері көп. Олардың әрқайсысының өз міндеттері бар.

Мәселен, намаз оқып тұрған адамды жаңылыстырып, шатастыратын жынның
аты - "Хәнзәб".

Дәрет алған кезде түрлі күмәндарды ойға салып, уәсуәса тудыратын шайтанның аты "Уәләһән" (وَلَهَنُ) т.б.

Бірақ олардың ішінде Ібіліс малғұнға ең сүйкімдісі - ерлі-зайыптыдардың арасын бұзып, ажырастыратыны екен. [981]
Риуаяттарға қарағанда, ерлі-зайыптыларды бір-бірімен ұрыстырып, арада жанжал тудыратын шайтанның аты - "Дәәсим" (داسم).

Табиғи ғалым Мүжәһидтің сөзіне қарағанда Дәәсим - ібіліс малғұнның балаларының бірі. Оның міндеті - үйде жанжал туғызу.
Табиғин Мужәһид (р.а.) былай дейді:
"Дәәсим үйге отағасымен бірге кіріп, отбасындағы кейбір айып-кемшіліктерді оған көрсетеді де ол оған ашуланады" [982]
Сондай-ақ кейбір мәліметтерде Әзірет Омарға тиесілі етілетін мынадай сөз келтіріледі. Онда Әзірет Омар былай деген екен:
"Ерлі-зайыптылардың арасын бұзатын шайтанның аты - Дәәсим. Егер кімде-кім үйіне сәлем бермей кірсе, ол да бірге кіріп, майда шйүде нәрселерден жанжал шығарады".
Үйге сәлем беріп кірудің маңыздылығын Алла елшісі де өз сөзінде бірнеше рет айтып кеткен. Сондай хадистерінің бірінде Әнәс ибн Мәликке Пайғамбарымыз ‎ﷺ
"Ей, ұлым! Отбасыңа кіргенде сәлем бер (әссәләмуғалейкум де). Саған да, үй ішіңе де береке болады", - деп кеңес еткен. [983]
Алла Тағала отбасыларыңызды береке-бірліктен айырмасын!
_____________
[981] - Имам Мүслім: "Сахих Мүслім"
[982] - Абдурауф әл-Мәнәуи: "Файдуль Қадир Шархуль Жәмиғис сағир"
[983] - Имам Тирмизи "Сүнән", 2698 хадис
"Заман тудырған сұрақтар" атты кітабынан II-том автор Абдусамат Қасым @abdusamatkasim
#иман
#тараз
#ораза
#ислам
#қазақстан
#қмдб
#қазақелі
#top
#followforfollowback
#nature
#world
#отбасы
t.me/erekezhazbalary
Неке - тұнып тұрған берекенің қайнар көзі. Жалғыз басымыз үйленген соң екеу болады. Кейін үшеу, төртеу, бесеу... Тіпті әке-шешеміз де енді екеу емес төртеу болып көбейеді. Аға-әпке, іні-қарындас/сіңліміздің де саны бірнеше есеге артады. Сонымен қатар ғалымдар үйленген адамдардың бойдақ адамдарға қарағанда әлдекайда жаксы әрі ұзын өмір сүретінін анықтаған екен. Демек, неке біздің денсаулығымыз бен өміріміздің емшісі дегенге саяды.
Отбасылық өмірдің бізге берер тағы бір сыйы: әке болу, ана болу, ата-әже болу сияқты адам рухын коректендіретін рөлдер береді. Сондай-ақ ол жүрегімізге махаббат, сыйластық, жанашырлық, мейірім сияқты керемет сезімдерді ұялатады.
Үйлену адамның табиғи қажеттіліктерінің бірі. Адам жалғыздықты көтере алмайтын жаратылыс. Ол жанында өзін толықтыратын жары бар кезде ғана бакытты бола алады. Некеде адамдағы физикалық, рухани, психологиялық, тіпті әлеуметтік қажеттіліктерінің барлығын бірден қанағаттандыра алатын күш бар. Неке болмаса, адам бір бүтіннің жартысы болғандықтан, толыкканды саналмайды.

📕 Бақытты отбасының сыры

#бойдақболманекелібол

#неке
#жұп
#отбасы