Жазушы - كاتب
8.38K subscribers
953 photos
103 videos
65 files
1.03K links
Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер.
Арнайы бір бағытта емес.

Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Жарнама бойынша: @admkaatib

Анонимдік байланыс:
t.me/anonaskbot
Download Telegram
Неке - тұнып тұрған берекенің қайнар көзі. Жалғыз басымыз үйленген соң екеу болады. Кейін үшеу, төртеу, бесеу... Тіпті әке-шешеміз де енді екеу емес төртеу болып көбейеді. Аға-әпке, іні-қарындас/сіңліміздің де саны бірнеше есеге артады. Сонымен қатар ғалымдар үйленген адамдардың бойдақ адамдарға қарағанда әлдекайда жаксы әрі ұзын өмір сүретінін анықтаған екен. Демек, неке біздің денсаулығымыз бен өміріміздің емшісі дегенге саяды.
Отбасылық өмірдің бізге берер тағы бір сыйы: әке болу, ана болу, ата-әже болу сияқты адам рухын коректендіретін рөлдер береді. Сондай-ақ ол жүрегімізге махаббат, сыйластық, жанашырлық, мейірім сияқты керемет сезімдерді ұялатады.
Үйлену адамның табиғи қажеттіліктерінің бірі. Адам жалғыздықты көтере алмайтын жаратылыс. Ол жанында өзін толықтыратын жары бар кезде ғана бакытты бола алады. Некеде адамдағы физикалық, рухани, психологиялық, тіпті әлеуметтік қажеттіліктерінің барлығын бірден қанағаттандыра алатын күш бар. Неке болмаса, адам бір бүтіннің жартысы болғандықтан, толыкканды саналмайды.

📕 Бақытты отбасының сыры

#бойдақболманекелібол

#неке
#жұп
#отбасы