JOO | ҰБТ 2024, ЕНТ, ГРАНТ
7.35K subscribers
739 photos
38 videos
78 files
946 links
ҚЫРКҮЙЕККЕ РЕЗЕРВ ГРУППА!❤️‍🔥
https://chat.whatsapp.com/KPICT2u5yzNAuoqoWv0dUs

ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK
Download Telegram
Грант конкурсына қай ЭЦҚ кілтімен қатысу керек?

Барлық сұраққа видеода жауап бердік.

Сілтеме:
https://youtu.be/yAC_T7fdf6g
Құжатты электронды форматқа ауыстыру

Көлемі қандай болу керек? Қалай жасаймыз?

Сілтеме: https://youtu.be/usWIy8HVSRA
Санаңды ояту үшін 10 сұрақ

1. Қайсысы жаман: сәтсіздікке ұшырау ма, әлде өз бағыңды сынап, бір байқап көрмеу ме?

2. Сен өз өміріңде болып жатқан жағдайларды қаншалықты бақылап отырасың?

3. Егер саған басқа елге көшуге мүмкіндік берсе, сен қай елге көшетін едің және не себепті?

4. Егер біз қателіктерімізден сабақ алып, тәжіриебе жинайтын болсақ, онда не себепті біз қателік жіберуден қорқамыз?

5. Балалық шағыңдағы ең бақытты естелігің қандай және не себепті?

6. Сенің ең үлкен қорқынышың қандай?

7. Егер сен өз-өзіңе дос бола алсаң, өзің сияқты досыңның болғанын қалар ма едің?

8. Егер саған әлемде бір ғана нәрсені өзгертуге рұқсат берсе, ол қандай нәрсе болар еді?

9. Осыдан 5 жыл бұрын сенің қандай да бір қиындыққа тап болғаның есіңде ме? Ол жағдайдың қазір сен үшін маңызы бар ма?

10. Өз өміріңдегі жағдайлар мен мәселердің шешімін өзің қабылдайсың ба, әлде сенің орныңа басқа біреу қабылдайды ма?
Жақсы өмір сүргің келсе

1. Өз-өзіңді, сыртқы келбетің мен ішкі жан дүниеңді сол қалпында қабылда. Әрине, денсаулығыңды қолға алып, жақсартуда тұрған ештеңе жоқ, алайда жақсы өмір сүру үшін сен бәрібір де өз-өзіңді қандайсың, сол қалпында қабылдап үйренуің керек.

2. Эмоцияны ішке сақтауға тырыспа. Керісінше, эмоцияларың мен сезімдеріңді сыртқа шығарып, жақындарыңмен және достарыңмен бөлісіп отыр. Бұл саған негативтен арылып, өзіңді жеңіл сезінуге көмектеседі.

3. Жетістікке жетпеуден қорықпа. Әр адам өз алдына ерекше бір әлем болғандықтан, оның ішкі жан дүниесі ақшамен өлшенбейді. Біз Марк Цукербергтің байлығына қызығуымыз мүмкін, бірақ Мария Тереза секілді адамдарға одан да қатты тамсанамыз.

4. Армандарыңның соңынан еріп, өз жүрегіңді тыңдауды ұмытпа. Адам болған соң, барлығымыздың да өз мақсаттарымыз бен армандарымыз болады. Соларды орындау үшін біз ең бастысы, өз жүрегімізге сеніп үйренуіміз қажет.

5. Телефоныңа үңіле берме. Жаһандану ғасырының әсерінен адамдар бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуді ұмытып барады. Сондықтан бір күнге болса да, телефоныңды қолданбай, жақындарыңмен немесе достарыңмен әңгіме айтып, солармен уақыт өткізуге тырыс.
Белгілі бір мамандықты бітіргеннен кейін кім болып жұмыс істеймін?

Осы сарынды сұрақтардан кейін мамандықтар жайлы видео түсіруді ұйғардық.

Ақпараттық технологиялар (програмист)
https://youtu.be/pfaFe8TWlXk

Жалпы медицина
https://youtu.be/SBivf_fdj04

Архитектура
https://youtu.be/nAm0xxZzoGw

Туризм
https://youtu.be/jm0a5Fq07bc

Ақпараттық қауіпсіздік
https://youtu.be/FswhezgfHgA

Стоматолог
https://youtu.be/sxRK2HKStaw

Аудармашы
https://youtu.be/OD9RQA7E_k4

СЭС
https://youtu.be/ILyqsYz_o2w

Менеджмент
https://youtu.be/5vCg5Hplz-Y

Журналист
https://youtu.be/wq8koiqbBLU

Құқық
https://youtu.be/80dwnU2wt_w

Фармация
https://youtu.be/vWDi21Kd8kU

Логистика
https://youtu.be/2DF400q8a0E

Ұшқыш
https://youtu.be/g9BkaYPicWw

Шығармашылық
https://youtu.be/abKkAKjtZgQ

Алтын белгі туралы
https://youtu.be/bzuvHM07M_E
Егер грант конкурсына құжаттарды офлайн, универге барып тапсыруға болатын болса мына нәрсені ескер :

Грант конкурсына құжат тапсыруға белгілі бір универге баратын болсаң, ол жақтағы қабылдау комиссиясы саған өзінің университетін жаздыруы мүмкін.

Яғни, өз қалаған мамандығыңа, қалаған университетіңе баллың жетіп тұрса да жетпейді деп үгіттеп, өзінің университетін және өздеріндегі мамандықты жаздыруы мүмкін.

Сондай үгіттерге берілмес үшін, грант конкурсы туралы, мамандықтар туралы, қалай толтыру керегі туралы егжей-тегжейлі үйреніп, жазатын 4 мамандығың мен 4 университетіңді нақты бекітіп ал!

Саған көмек ретінде осының бәрін ТЕГІН түсіндірдік. МЫНА сілтеме арқылы көр.
Грант конкурсы қашан басталады?

Грант конкурсына құжат қабылдау 16 шілде басталатын болды.

Бұның алдында 13 шілде басталады деп еді. Енді 3 күнге шегерілді.

Басталу уақыты шегерілген болса, аяқталу уақыты да шегеріледі. Уайымдамаңыздар.

Әзірше, 4 таңдауды қалай жасау керектігі туралы саған дайындаған видеомызды көр.

МЫНА сілтемеге бас.
Офлайн құжат тапсыруға бола ма?

БҒМ жауабын айтты

Білім және Ғылым министрлігінің ресми мәлімдемесі:

«Қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.

Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.»

Яғни, университетке барып құжат тапсыра алмайсыз.

Бірақ университеттердің қабылдау комиссиялары ВИРТУАЛДЫ жұмыс жасайды.

ZOOM арқылы хабарласып, олардан көмек ала аласыз.

Бұл туралы толық МЫНА видеода айттық.
Егов арқылы өтініш беру

16 шілде күні ЕГОВтағы өтініш беру парақшасы ашылған кезде арнайы видео шығарамыз.

Қалай тіркелу керек, қалай толтыру керек, документтерді қалай жүктеу керек? Осы сұрақтардың бәріне жауап береміз.

Ал әзірше, 2020 жылғы түлектерге арналған видеоны ютуб каналымызға салдық.

Сіздер процестің қалай болатынын көріп, көздеріңізді үйрету үшін. 

Көру үшін, МЫНА сілтемені бас.
Egov қатып қалады

Қазір, көбінің egov арқылы құжат тапсыруға қатысты алаңдаушылықтары бар:
- құжаттарды қате жіберуден қорқамыз
- платформа қатып қалады деп алаңдаймыз.

Құжаттарды 16 шілдеден кейін тапсыруға кеңес береміз, өйткені бірінші күні үлкен ағым egov жұмысына әсер етуі мүмкін.

Сондықтан да қатты асықпандар. 16-сы күні қалай тапсыру керектігін үйреніп алып, барлық құжаттарды тексеріп, содан кейін ғана тапсырған дұрыс. Өйткені, қай күнде өткізсең де, ешқандай айырмашылық жоқ.

16-сы күні құжаттарды қалай тапсыру керектігі туралы бейне нұсқаулық түсіреміз.

Бейнені мұқият қарап, құжаттарыңды еш қиындықсыз сәтті тапсырасыңдар.

P.S. Өкінішке орай, біз 16-шы шілдеге дейін бейне нұсқаулығын түсіре алмаймыз, себебі сендердегідей, бізде де доступ жоқ. Сондықтан күтулеріңді сұраймыз.
Грант конкурсында арнайы квоталар!

Көп балалы отбасылар үшін жаңа квота енгізілді.

Көп балалы отбасындағы талапкерлер үшін – 5 %; Отбасында 18 жасқа толмаған 4 не одан көп бала бар болса.

Кемінде үш жыл «толық емес отбасы» санаты бар отбасылардағы үшін – 1 %;

Бала кезінен мүгедектігі бар талапкерлер – 1 %. І, ІІ топтағы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасындағы талапкер үшін де жарамды.

5%, 1% дегенді қалай түсінеміз?
5% дегеніміз – бір мамандыққа 100 грант бөлінсе, 95 грант үшін барлығы таласа алады, ал қалған 5 грант үшін тек қана көп балалы отбасынан шыққан талапкерлер ғана таласа алады.

Яғни, көпбалалы отбасыдан шыққан түлектер грант конкурсында алдымен барлығымен бірге 95 грант үшін таласады. Ал ол 95 гранттан ұта алмаған барлық көпбалалы отбасынан шыққан түлектер арнайы бөлінген 5 грантқа таласады.

Құжатты қайдан алу керек?
Бұл туралы құжатты egov сайтынан онлайн, немесе ЦОНға барып офлайн ала аласың.
 
Пайдалы ақпарат: Дұрыс таңдау жасап, грантқа түскің келсе МЫНА видеоны көр.
Ең актуалды сұрақтарға видео жауап:

Құжатты электронды түрге қалай ауыстырамыз?
https://youtu.be/usWIy8HVSRA

Офлайн құжат тапсыруға бола ма?
https://youtu.be/yq5iF60aAZU

Egov арқылы грантқа өтініш беру:
https://youtu.be/Bxz6wd4EjQM

ЭЦП ключ туралы:
https://youtu.be/yAC_T7fdf6g

Грант конкурсына қажетті құжаттар:
https://youtu.be/lKfqqot3iEg
Қай университетке грант бөлінді?

Жыл сайын Білім және Ғылым министрлігі мамандықтарға грант санын бөлгеннен кейін, ол мамандықтар бойынша қай университеттер грантқа қабылдай алатыны туралы тізім шығарады.

Кейбір университеттерге жаңа мамандықтарға грант бөлінуі мүмкін, ал кейбір университеттерге мүлдем грант бөлінбеуі мүмкін.

Мысалы, Еуразия Технологиялық Университетінде «Менеджмент және басқару» мамандығы бар, бірақ бұл университетте осы мамандық бойынша сіз тек ақылы бөлімде оқи аласыз.

Себебі Білім және Ғылым министрлігі бұл университетке бір де бір грант бөлмеді.

Ал қай университетке және қай мамандықтарына грант бөлінді?

Бұл жайлы арнайы тізім бар. Сол тізімнен сіздің мамандығыңыз бойынша қай университеттерде грантқа оқи алатыныңызды біле аласыз.

Мысалы, «Информатика мұғалімдерін даярлау» мамандығын 22 университетте грантта оқи аласыз.

Ол тізімді МЫНА сілтеме арқылы көре аласыз.
ЭЦП емес, СМС код арқылы тіркелуге бола ма?

Ия, болады. Бірақ сіз Egov-қа тіркелген болуыңыз керек.

Егер жасың 18-ге толмаған болса, ата-анаң арқылы қатысатын болсаң, смс-код арқылы қатысу үшін ата-анаң Egov-қа тіркелген болуы керек.

Толығырақ МЫНА видеода айттық.
Голосовой чат сағат 21:30-да

Әзірше приложениеге кіріңіздер, қазір от пост шығады 🚀

Приложениеге сілтеме:
rr.joo.kz/app-link-redirect
Ертең грант конкурсы басталады

Дайынсың ба?

Грант конкурсы басталмас бұрын ең актуалды сұрақтардың видео жауабы:

Грант конкурсына қажетті құжаттар:
https://youtu.be/lKfqqot3iEg

Құжатты электронды түрге қалай ауыстырамыз?
https://youtu.be/usWIy8HVSRA

ЭЦП ключ туралы:
https://youtu.be/yAC_T7fdf6g

Офлайн құжат тапсыруға бола ма?
https://youtu.be/yq5iF60aAZU

Дұрыс таңдау жаса, грантқа түс:
https://youtu.be/mkA9Xoisx4s

Egov арқылы грантқа өтініш беру:
https://youtu.be/Bxz6wd4EjQM
Грант конкурсына өтініш беру үлгісі

Грант конкурсына қалай өтініш беру керектігі туралы видео түсірдік.

Көру үшін МЫНА сілтемені бас.
Грант конкурсына құжат тапсырдың ба?

Тапсырмадым - 2891
👍👍👍👍👍👍👍👍 76%
Егов арқылы тапсырдым - 717
👍👍👍 19%
Универге барып тапсырдым - 220
👍👍 6%
👥 3828 человек уже проголосовало.
Еговқа өтініш беру бойынша ТОП 10 сұрақтың жауабы

- Серпінді қалай белгілейміз?
- Олимпиадалардың сертификаттарын қайда жүктейміз?
- Педагогикалық емтихан неге шықпайды?

Осы сияқты сұрақтардың жауабын білгің келсе, МЫНА сілтеме арқылы өт
Серпінге қалай тапсырады?

Егов арқылы өтініш берген кезде «Қадам 5» деген жерде сіз түскіңіз келетін мамандықтар мен университеттерді жазасыз.

Егер Серпінге өтініш бергіңіз келсе сол 4 таңдаудың біріне Серпін гранттары бар университетті жазуыңыз керек.

Егов автоматты түрде сізді серпін бойынша қарастырады. Енді бір сұрақ бар.

Серпін қай университеттерге және қай мамандықтарына берілгенін қайдан көреміз?

Серпін гранттарын жалпы 15 университетке 37 мамандық бойынша бөлген. Тізімді көру үшін МЫНА сілтемені бас.

Басқа сұрақтардың жауабын білгің келсе, МЫНА сілтемені бас.