JOO | ҰБТ 2024, ЕНТ, ГРАНТ
7.35K subscribers
739 photos
38 videos
78 files
946 links
ҚЫРКҮЙЕККЕ РЕЗЕРВ ГРУППА!❤️‍🔥
https://chat.whatsapp.com/KPICT2u5yzNAuoqoWv0dUs

ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK
Download Telegram
Грант конкурсына байланысты викторина жасайық па?
18 жасқа толмаған түлек егов арқылы грант конкурсына кімнің атынан қатысады?
Anonymous Quiz
8%
Өзінің
2%
Көршісінің
90%
Ата-анасының
Грант конкурсына тіркелу қай уақытқа дейін созылады?
Anonymous Quiz
3%
Өтіп кетті ғой
90%
25 шілдеге дейін
7%
15 тамызға дейін
Егов түнде жұмыс жасайды ма?
Anonymous Quiz
74%
Ия
21%
Жоқ
5%
Ұйықтайтын шығар
Маған 1 сағат уақытыңды бер, мен саған алдағы 4 жыл өміріңді дұрыс жоспарлауға көмектесем десем, келісесің ба?
Мына 3 видеоны көрмейінше, грант конкурсына қатыспа!

Әйтпесе, бармағыңды тістеп қалуың мүмкін! 😥

Бұл 3 видеоның қосындысы 1 сағат болады. 1 сағат уақытыңды қазір арнап, алдағы 4 жыл өміріңе дұрыс таңдау жаса!

1. Алған баллыңмен 100% грантқа түскің келсе, мына видеоны көр:
https://youtu.be/mkA9Xoisx4s

2. Егов арқылы тіркелген кезде қате жібермес үшін мына видеоны көр:
https://youtu.be/pMKI6TTBiXQ

3. Еговқа байланысты басқа сұрақтарың бар ма? Мына видеоны көр:
https://youtu.be/DcMhFCP4A80
Қай жылғы түлексің?
Жуырда 2022 түлектеріне 100 ТЕГІН 1 жылдық КУРС үлестіреміз.

1. Осы хабарламаны 2022 түлектеріне жібер
2. Осында күт. Себебі телеграм каналға тіркелген оқырмандарға бірінші болып жариялаймыз 🙂
72 балл алдым. Қай мамандықты таңдасам болады?

Осы сарынды сұрақтардан кейін мамандықтар жайлы видео түсіруді ұйғардық.

- Бұл мамандықты бітірген соң кім болып жұмыс жасайды?
- Қай жерлерде жұмыс жасайды?
- Айлығы қандай?


Осы сұрақтардың жауабын алғың келсе, келесі видеоларды көр:

Ақпараттық технологиялар (програмист)
https://youtu.be/pfaFe8TWlXk

Жалпы медицина
https://youtu.be/SBivf_fdj04

Архитектура
https://youtu.be/nAm0xxZzoGw

Туризм
https://youtu.be/jm0a5Fq07bc

Ақпараттық қауіпсіздік
https://youtu.be/FswhezgfHgA

Стоматолог
https://youtu.be/sxRK2HKStaw

Аудармашы
https://youtu.be/OD9RQA7E_k4

СЭС
https://youtu.be/ILyqsYz_o2w

Менеджмент
https://youtu.be/5vCg5Hplz-Y

Журналист
https://youtu.be/wq8koiqbBLU

Құқық
https://youtu.be/80dwnU2wt_w

Фармация
https://youtu.be/vWDi21Kd8kU

Логистика
https://youtu.be/2DF400q8a0E

Ұшқыш
https://youtu.be/g9BkaYPicWw

Шығармашылық
https://youtu.be/abKkAKjtZgQ

Алтын белгі туралы
https://youtu.be/bzuvHM07M_E
ҰБТ-ға дайындықты қалай бастаймыз?
(2022 түлектеріне)

Оқитын жер
Оқитын жер жайлы, әдемі болу керек. Орындық пен стол ыңғайлы, жарық дұрыс әрі жеткілікті, құралдар толық болу керек. Яғни, осы жерде отыра бергің келетіндей болу қажет. Қаласаңыз, әдемі үй гүлін әкеліңіз. Қабырғаға шабыт беретін сөз жабыстырыңыз.

Жоспарлау
Оқу піл секілді алып боп тұрса, қалай жақсы көресің? Одан қашып кеткің келеді. Ал жоспарлау арқылы осы пілді орындауға болатын ұсақ бөлшектерге бөле аласыз. Әр күнге жұмыстар тізімін жасаңыз.

Конспект жасау
Жеті рет оқығанша, бір рет конспект жаз. Сол арқылы материалды тереңірек түсінесіз. Бәрін жазу қажет емес, тек маңыздысын.

Жарты сағат сайын үзіліс
Оқып бастадыңыз ба, таймер қойыңыз. Отыз минуттан соң бес минут демалыңыз. Шай әкеліңіз, печенье жеңіз, жаттығу жасаңыз. Сосын қайтадан отыз минутқа кіріңіз.

Жаттығу
Оқу процесі барынша отырумен өтеді. Ал бұл денсаулыққа зиян. Жиі жаттығу жасап, бұлшықетті жұмсартып отырыңыз. Әрі қанайналым жақсарады, әрі ұйқыңыз ашылады.

Әлеуметтік желі
Әлемжелі ең көп уақытымызды ұрлайды. Соған уақыт бөлгендей оқуға уақыт бөле алсақ қой, шіркін. Өзіңізге сенбесеңіз, онда смартфонға лимит бағдарлама қойыңыз. Күніне бір сағаттан аспасын.

Интернет ұстаз
Биологиядан он беттік материалды оқып іш пыстырғанша, соның видеосын қарап көріңіз. Иллюстрация, анимация арқылы оны жақсырақ түсінесіз әрі қызықты өтеді. Мысалы, біздің биологиядан сабақтарымыз осылай өтеді:
https://youtu.be/wnQQ1jrZRpo

Ұстаз және шәкірт
Оқыған материалды жақсырақ түсіну үшін оны біреуге түсіндіру қажет. Ал үйде сіздің іш пыстыратын терминдерді ешкім тыңдамаса ше? Онда ойыншық аю не итті әкеп қойып, соған адам секілді түсіндіріңіз. Ешкім сізді видеоға түсіріп жатпағанына мән беріңіз)

Бір уақытта көп іс
Бұл сізге ешбір пайда бермейді. Бір істі соңына дейін бітіріңіз. Сосын келесісін бітіріңіз. Бір энергияны бәріне бірдей бөле алмайсыз. Ал бір іске бөлсеңіз, ол нәтижелі болады.

Тәні саудың жаны сау
Әрине, оқыған жақсы. Бірақ ол денсаулықсыз бола ма? Уақытылы ұйықтаңыз, дұрыс тамақтаныңыз, спортпен айналысыңыз, көкөніс көбірек жеңіз.
​​Құрбан Айт мейрамы құтты болсын!

Құрбан Айт мейрамының берекесі бәріңе молынан тие берсін!

Құрметті оқушылар, олардың ата-аналары, абитуриенттер, JOO.kz-ті тастап кетпей жүрген студенттер! Құрбан Айт мейрамында отбасыларыңа береке тілейміз. Дастарқаныңда әрдайым сіңімді ас толы болсын!

Құрбан Айттың мағынасы ерекше. Сен де білім үшін көп нәрсені құрбан етіп жүрсің. Мысалы, ұйқы, ойын, жалқаулық, сенімсіздік, жоспарсыздық, уақытты бос өткізу, т.б. Осындай құрбандыққа бармасаң, нәтиже көңіл көншітпейтініне көзің жеткен болар.

Құрбан Айттағы татулық, көтеріңкі көңіл, берекелі ас жыл бойы жалғассын деп тілейміз.
Грант конкурсына өтініш қабылданды ма?

Қалай білеміз?

Egov-қа кіресіз. Жеке кабинетіңізге кірген кезде, «Кіріс» батырмасын бассаңыз өтінішіңіздің статусын көруге болады.

Жалпы 5 статус бар:

1. Құрылды - Сіз өтінішті толтырып, қол қойдыңыз

2. Жіберілді - Өтінішті қабылдау комиссиясына жібердіңіз

3. Өтінішіңіз мемлекеттік органмен қабылданды (Бірінші рет) - қабылдау комиссиясы сіздің өтінішіңізді қарастыруда

4. Өтінішіңіз мемлекеттік органмен қабылданды (Екінші рет) - қабылдау комиссиясы өтінішіңізді қарастыруды аяқтап, Ұлттық Тестілеу Орталығына жіберді.

5. Өтінішіңіз мемлекеттік органмен қабылданды (Үшінші рет) - Сіз грант конкурсында қатысып жатсырсыз.

Бұл жайлы толығырақ МЫНА видеода айттық.
Пайдалы видеолар:

1. Алған баллыңмен 100% грантқа түскің келсе, мына видеоны көр:
https://youtu.be/mkA9Xoisx4s

2. Егов арқылы тіркелген кезде қате жібермес үшін мына видеоны көр:
https://youtu.be/pMKI6TTBiXQ

3. Еговқа байланысты басқа сұрақтарың бар ма? Мына видеоны көр:
https://youtu.be/DcMhFCP4A80

4. Өтінішіңнің мәртебесін көру үшін мына видеоны көр
https://youtu.be/EBHpxWQUMwI
Өтініштің мәртебесін көру

Грант конкурсына қатысып жатқан оқушылар!
Енді өтінішіңіздің мәртебесін app.testcenter.kz сайтына кіріп көре аласыз.

Сайтқа кіру үшін ҰБТ-ға тіркелген кездегі логин және парольмен кіресіз.

Ол жерден таңдаған 4 университет пен 4 мамандығыңызды, енгізген сертификаттар мен құжаттарыңыздың ескерілгенін немесе ескерілмегенін көруге болады.

Мәртебе құжат тапсырған соң 2-3 күн ішінде шығады. Егер шықпаса, құжат қабылдайтын ЖОО ретінде таңдаған оқу орнына хабарласыңыз.

Ол “Білім беру грантын еру конкурсына өтініш беру үшін қабылдау комиссиясының ЖОО атауы” деген жерде таңдаған университет.

Сайтқа өту үшін МЫНА сілтемені бас.
Армандар орындалады

Арман деген – адамның ниеті,
орындалса екен дейтін үміті, тәтті қиялы, ұмтылатын жері. Ал мақсаттың арманнан қандай айырмашылығы бар?

Мақсат деген – осы айтылғандардың қалай жүзеге асатыны жазылған жоспар, маршрут. Арман кеудеде арман күйінде тұра береді. Ал жоспарлағанда мақсатқа айналады. Иә, армандаған жақсы, ал оның орындалуы үшін не жасап жүрсің?

Барлық арман орындала бермейді. Орындалған армандар сенімділікті арттырып, мақтаныш сезімін тудырады. Ал орындалмағандары тәжірибе болып жинақталады. Болашақта кім болғың келетіні осы жоспарларға байланысты. Жоспарың болмаса, онда мақсатың жоқ. Мақсатың болмаса, құр қиялмен қалықтап жүре бересің.

Мақсатты қалай жазу керек? «Грантта оқығым келеді» және «2022 жылы ҰБТ-дан 130 балл жинап, Астана халықаралық университетінде «Ақпараттық технология» мамандығында грантта оқығым келеді» деген екі сөйлемнің айырмашылығын байқаған боларсың. Бірінші сөйлемде тек қалау болса, екінші сөйлемде нақтылық, уақыты бар.