Informburo_kaz
1.55K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды

Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылған. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі күдікті Қазақстанда қамауға алынды. Оған 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

@informburo_kaz
Түркиядан Қазақстан азаматтарының екінші тобы оралды

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Астанаға қонған ұшақта 64 адам бар. Оның 42-сі Қазақстан азаматы және 22-сі Қырғызстан азаматы.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

@informburo_kaz
🇰🇿🇹🇷Эксподағы Нұр-Әлем шарында Түркия байрағы бейнеленді

Бұл Қазақстанның зілзаладан зардап шеккен түрік халқына қолдауын білдіреді.

@informburo_kaz
💰 Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады

2023 жылы 5796 адам шағын несие алады. Қарыз көлемі – 5 миллион теңге.

▪️Кімдер қатыса алады?

21-35 жас аралығындағы жастар. Олар шағын несие алу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және кәсіпкерлікпен айналысқанына 5 жыл болуы тиіс.

▪️Кепіл қою міндетті ме?

Бұл – бағдарламаның міндетті талаптарының бірі. Берілетін қаражат қайтарымды несие болғандықтан, кепіл қою қажет.

❗️Несие алушының өз атында мүлкі болмаса, ол кепілге жақын туысының үйін не көлігін қоя алады. Бұл ретте мүлік иесінің жазбаша келісімі, яғни сенімхаты қажет.

▪️ Кәсіп саласы бойынша шектеу бар ма?

Мұндай шектеу жоқ, барлық сала қамтылады. Несие кәсіпкерлік мақсаттағы кез келген жобаға беріледі.

❗️Несие 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Егер кәсіп түрі ауыл шаруашылығы саласымен байланысты болса, несиені 7 жылға дейінгі мерзімге алу мүмкіндігі бар.

@informburo_kaz
⚡️Бекзат Жүсіпов «Qazcontent» АҚ төрағасы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

Бекзат Жүсіпов — «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Бұған дейін премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болған.

@informburo_kaz
💰Үкімет қаулысы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді

ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулыны қабылдады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі.

Осыған дейін, мемлекет басшысы үкіметке жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек беруді тапсырған болатын.

@informburo_kaz
⚡️Қазақстанда «Жастар еңбек жасақтары» құрылады

Жасақ құрудың басты мақсаты — жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамту.

Оған 14-35 жастағы азаматтар мүше бола алады. Ол үшін өзі немесе заңды өкілі орталыққа қолма-қол немесе eljastary.kz электронды ресурсы арқылы өтінім береді.

Оның жұмысын жастар ресурстық орталықтары жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жастардың өтінімдері негізінде ұйымдастырады.

📍Ұсынатын құжаттар тізімі

@informburo_kaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан құтқарушылары Газиантеп қаласындағы үйінді астынан 3 адамды құтқарды

Олардың бір қарт кісі, қалған екеуі жас жігіт. ТЖМ мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары екі тәулік бойы үзіліссіз жүріп жатыр.

📸: ҚР ТЖМ

@informburo_kaz
Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады

Министр Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.

Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды. Құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді.

Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

@informburo_kaz
🥊 WBA Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласын атады. Бұл – міндетті жекпе-жек

Орта салмақтағы әлемнің "супер чемпионы" Геннадий Головкин Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуге міндеттелді, деп хабарлайды wbaboxing.com сайты.

Ұйым мәліметінше, қос тарапқа келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі. Яғни Головкин мен Лара командасы 8-23 ақпан арасында өзара шарттарды ақылдасады.

📍Еске салсақ, Генадий Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізіп, IBF титулын қорғауы керек еді. Алайда 8 ақпанда GGG бұл титулдан бас тартамын деп шешті.

@informburo_kaz
📩 13 ақпаннан бастап еңбек министрлігі 12 мың жұмыссыз жасқа SMS-хабарлама жібереді

Хабарлама 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген 12 мың адамның жеке нөміріне жіберіледі. Бұл туралы халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов хабарлады.

📲 Хабарлама 1414 нөмірінен, 8 әлеуметтік топтың өкілдеріне жіберіледі. Олардың қатарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, көпбалалы отбасылар, АӘК алушылар, "Күміс алқа" мен "Алтын алқа" алған аналар бар.

Ниязовтың айтуынша, қазір республика бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші – 3,8 пайыз немесе 80 мың адам. Олардың басым бөлігі Түркістан және Жамбыл облысы, Алматы қаласында тұрады.

@informburo_kaz
🗳 Тұңғышбай Жаманқұлов, Макс Боқай, Динара Егеубаева. Мәжіліс депутаты болуға кімдер өзін-өзі ұсынды?

19 наурызда Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Биылғы сайлаудың басты ерекшелігі – Қазақстан азаматтары өзін-өзі ұсыну арқылы бір мандатты округтерден сайлауға түсе алады.

Олар төменгі палатасының 30 пайызы – 29 орынға таласады. Кеше, 8 ақпан күні үміткерлерден өтініш қабылдау мерзімі аяқталды.

📍Мәжіліс сайлауына қатысуға өтініш білдірген азаматтарға шолу жасадық.

@informburo_kaz
Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады

Министрдің мәліметінше, кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, мал ұрлығы, сондай-ақ көшеде жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайған.

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Президент бекіткен тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру (Integrity check) жөніндегі пилот жобаның алғашқы нәтижелері туралы есеп берді.

Министр шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы жайында да айтты.

❗️ Мемлекет басшысы азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкерелеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

@informburo_kaz
🇰🇿🇹🇷Алматыда Түркия халқына гуманитар көмек қабылдау пунктері ашылды

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қабылдау пунктері Алматы қаласындағы волонтерлер фронт-офисі мен халықаралық әуежайда орналасқан.

Қабылдау пункті 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мұнда кез келген адам келіп, Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұсынған тізім бойынша кез келген мөлшерде қажет заттарды алып келе алады.

📍Қазіргі уақытта ең алдымен мына заттар қажет:
- қысқы киімдер: пальто, күртеше, пальто, етік, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, бас киім, шұлық, іш киім және т.б;
- көрпе, ұйықтауға арналған қап;
- термос, фонарь, қуаттау көздері;
- жөргек, жеке және әйелдер гигиенасына арналған тауарлар.

@informburo_kaz
"Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай"

🗓 9 ақпан – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Жастайынан қазақ ақын-жазушыларымен қоса әлем классиктерінің шығармаларын сүйіп оқыған ол 14-15 жасында өлең жаза бастайды.

📍Информбюро порталы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында тест әзірледі.

Төменде қанша ұпай жинағаңызды жазыңыз. Айтпақшы, сізге ақынның қай өлеңі ұнайды? 👀

@informburo_kaz
Берік Асылов: Әуежайлар маңында ұшақтың қонуына қауіпті 100 мыңнан астам нысан бар

Мұнымен қатар, əуежайлардың əуеайлақ маңындағы аумақтарында құстар топталып жиналатын 350 қоқыс полигоны салынған, деп мәлімдеді бас прокурор Берік Асылов.

"Әуежайлардың жанында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мен рұқсат етілмеген полигондардың салынуы әуе тасымалы қауіпсіздігін нашарлатты. Мысалы, Алматы қаласының əуежай аймағында осындай оннан астам нысан жұмыс істейді. Өз кезегінде, азаматтық авиация комитетінің мақұлдауынсыз Шымкент қаласы əуежайының 4 шақырымдық аймағында 1 303 объекті салынды", – деп жазды Берік Асылов депутаттық сауалға жауабында.

@informburo_kaz
🚃 Пойыз билетін енді аралық станциядан қайта отыру мүмкіндігімен алуға болады

Жолаушылар bilet.railways.kz сайтынан онлайн билеттерді сатып алғанда "Қайта отырғызып жеткізу/құрама маршрут" жаңа қызметін пайдалана алады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Тікелей байланыс немесе бос орын болмаған жағдайда, жаңа қызмет түрі пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.

👉 Қазіргі уақытта қызметті Қостанай-Семей, Екібастұз-Алматы, Ерейментау-Орал, Петропавл-Ақтөбе, Шымкент-Арқалық, Шымкент-Петропавл, Қостанай-Шымкент, Атырау-Семей және тағы басқа бағыттар бойынша билет сатып алғанда пайдалануға болады.

@informburo_kaz
Түркияда зілзаладан кейінгі үйінді астынан екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды

Құтқарушылар Қадірбеков Әділ мен Мирболат Құрмашевтің денесін Хатай провинциясында қираған ғимарат астынан алып шықты.

Отандастарымыздың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

@informburo_kaz
🇰🇿 🇸🇾 Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Бұл туралы Үкімет хабарлады. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.

Осыған дейін, Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

@informburo_kaz