Informburo_kaz
1.5K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркиядағы Қазақстан ТЖМ құтқарушылары үйінді астынан 3 адамды құтқарды

Құтқарушылар Газиантеп қаласынан 69 шақырым жерде орналасқан Нурдагыда қираған ғимараттан ер адам мен екі әйелді аман алып шығарды.

"Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді", — деп хабарлады ТЖМ.

📸: ҚР ТЖМ

@informburo_kaz
🚧 Ауа-райына байланысты кей автожолда жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

3 облыстағы автожолға шектеу қойылғаны туралы ҚазАвтожол хабарлады. Атап айтқанда:

Алматы облысында:

▫️ "Алматы-Өскемен" тасжолы, уч. Қонаев-Шеңгелді арасы — тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін;
▫️"Алматы-Шелек-Қорғас" тасжолы, Байсейіт- Қорғас арасы — автокөліктің барлық түрі үшін;

Жамбыл облысында:

▫️"Алматы-Ташкент-Термез" тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) — көліктің барлық түрі үшін;

Жетісу облысында:

▫️"Алматы-Өскемен" тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;
▫️"Алматы-Өскемен" тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.

@informburo_kaz
Informburo_kaz
🚧 Ауа-райына байланысты кей автожолда жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді 3 облыстағы автожолға шектеу қойылғаны туралы ҚазАвтожол хабарлады. Атап айтқанда: Алматы облысында: ▫️ "Алматы-Өскемен" тасжолы, уч. Қонаев-Шеңгелді арасы — тіркемелі, жартылай…
Осы орайда, аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? 🥶

Жолаушыларға арналған шағын кеңесіміз бар. Себебі жүргізушілер мен жолаушылар мұқият дайындықты жолға шықпас бұрын бастауы керек.

Ауа райы болжамын нақтылап, көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына апарып, жан-жақты тексеріп алған жөн.

📍Мына кеңестерді біле жүріңіз

@informburo_kaz
🏫 Қазақстан мектептерінде 225 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді

Бұл туралы Samruk-Kazyna қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қор мәліметінше, биыл мектептердегі орын тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы басталады.

Жоба аясында 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынбақ. Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін республикамыздағы қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады.

@informburo_kaz
2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператор белгілі болды

Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4 мың қажылық орнын бөлген.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператордың тізімін жариялады. Құжат тапсырған 20 туроператордың екеуі (Safar Like Travel және Zam-Zam Company) байқаудан өте алмаған.

📍Қазақстандықтарды 2023 жылы қажылыққа апаратын туроператорлар

@informburo_kaz
📲 БЖЗҚ сайтында енді QR-код арқылы қол қоюға болады

Енді зейнетақы төлемдерін тағайындау және деректерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш берген кезде QR-код арқылы қол қоюға болады. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Өтінішке ЭЦҚ арқылы ғана емес, QR-кодпен де қол қоюға болады. Сондай-ақ, QR-код зейнетақы қоры сайтындағы жеке кабинетте деректерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жарамды.

@informburo_kaz
Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды

Ол 1991-1994 жылдары премьер-министр қызметін атқарған.

@informburo_kaz
Биыл көктем Астанаға Алматыдан бір ай кеш келеді 🌷

Сарапшылар болжамы қандай?

Алматыда 8-15 ақпан аралығында күн күрт суиды. Бұл уақытта түнгі температура кейде -10.5°С дейін барады. Осы айда екі рет аяз болу ықтималдығы 47 пайызға және қалған апталардың суық болу ықтималдығы 14 пайызға тең.

Jusan Analytics командасы Алматыда жыл мезгілдерінің ауысу заңдылығына қатысты статистикалық талдау жүргізіп, болжамдар жасады.

📍Толығырақ

@informburo_kaz
Нұрлан Мәсімовке екі әкімшілік іс бойынша айыппұл салынды

Павлодар соты бұрынғы полиция басқармасының бастығы бюджет қаржысын жоспарлау және жұмсау барысында заң бұзды деп таныды.

Айыппұл мөлшері — 428 820 теңге

@informburo_kaz
«Бәйтерек» холдингі 2022 жылы 350 млрд теңге таза табыс тапқан

Бұл туралы холдинг басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев президентпен кездесу барысында айтты. Ол мемлекет басшысына холдингтің былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Оның сөзінше, былтыр 685 миллиард теңге болатын 238 ірі жоба мен лизингтік мәмілелер қаржыландырылды. Шағын және орта бизнесті қолдау аясында сомасы шамамен 1,5 триллион теңгені құрайтын 50,5 мың жобаға субсидия берілген.

@informburo_kaz
🏡 Мемлекет 70 мыңға жуық қазақстандыққа баспананың жалға алу ақысын төлеуге көмектеседі

2023 жылы субсидиялау бағдарламасына 50 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Мемлекет азаматтар жалға алған үй ақысының жартысын төлейді.

Өтініштер Otbasybank.kz сайтқы арқылы қабылданады. Азаматтар жалға берілетін тұрғын үйді өздері іздеп, таңдайды.

Мемлекеттік қолдауға I және II топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және көп балалы отбасылар үміткер болады.

@informburo_kaz
Саясат Нұрбек: 5-10 жылдан соң мемлекет білім гранттарын қаржыландыра алмай қалуы мүмкін

Жоғары білім министрінің айтуынша, Қазақстанда гранттың орташа сомасы 1 миллион теңге шамасында.

"Неге бізде білім беру сапасы артпай отыр? Өйткені, гранттың орташа сомасы – 1 млн теңге немесе 2,2-2,3 мың доллар шамасында. Ал біз білім сапасының Еуропадағы 10-15 мың доллар тұратын білімнің сапасымен бірдей болғанын қалаймыз. Бірақ, оған тек 2 мың доллар ғана төлегіміз келеді. Міне, мәселе осы жерден басталады. Университет 2 мың долларға 10 мың долларлық білім сапасын қамтамасыз ете алмайды", – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, білім сапасын арттырудың бір жолы – грант құнын арттыру.

@informburo_kaz
Informburo_kaz
Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды Ол 1991-1994 жылдары премьер-министр қызметін атқарған. @informburo_kaz
✉️ Президент Сергей Терещенконың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

– Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды. Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С.Терещенко еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ерекше сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды, – делінген жеделхатта.

@informburo_kaz
Үкімет қаулысымен Евгений Кочетов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

@informburo_kaz
Апелляциялық сот Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Бұған дейін, сот бұрынғы денсаулық министрі мен оның орынбасарына бес жыл және төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.

@informburo_kaz
"ҰБТ орнына SIT". Ғылым министрі білімді бағалаудың ең тиімді жүйесін атады

Саясат Нұрбектің айтуынша, ҰБТ форматы жыл сайын жетілдіріліп келеді. Дегенмен, ең тиімдісі – SIT (System integrated test) жүйесіне көшу. Қазақстан бұл жүйеге шамамен үш жылдан соң көшуі мүмкін.

"Қазір ҰБТ фильтр сияқты жұмыс істейді. Талапкерлердің білімін "жақсы" не "нашар" деп қана сұрыптайды. Бірақ, не үшін нашар және не үшін жақсы екенін айтпайды. Сондықтан біз үшін ең дұрысы – SIT жүйесіне өту", – деген жоғары білім министрі.

Оның айтуынша, егер Қазақстан SIT жүйесін қолдануға көшсе, талапкер міндетті ҰБТ тапсырмайды. Оның орнына, оқуға түсу үшін ол авторизацияланған SIT орталықтарында емтихан тапсырып, қажетті балл жинауы керек. Қашан қажетті балл жинай алады, сол кезде сертификатпен оқуға түседі.

@informburo_kaz
✈️ Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

ТЖМ хабарлауынша, жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.

Гуманитарлық жүк ішінде консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бар.

@informburo_kaz