Informburo_kaz
1.6K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі, деп хабарлады ТЖМ.

📸: ҚР ТМЖ

@informburo_kaz
Жұмысшыларын оқыс оқиғадан сақтандыратын мекемелерге төмен тариф ұсынылады

Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Сенат депутаттарына әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды.

Тамара Дүйсенованың баяндауынша, қазір мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

"Осы жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға жарналарды төлеу кезеңіне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызы мөлшерінде төлемдер көзделген", – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова әлеуметтік кодекс жобасында зейнетақы жүйесіне де өзгерістер көзделгенін айтты.

@informburo_kaz
Қазақстан сыртқы істер министрлігі: Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін

Консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы бар, деді Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, соңғы деректер бойынша Түркияда 8219 қазақстандық студент оқиды.

@informburo_kaz
Робот дәрігер, наноспутник және Qmeta. Қазақстан оқушылары әзірлеген 7 стартап

Жас өнертапқыштардың алды шетелден қолдау тауып жатса, кейбірі идеясын іске асыруға инвестиция қажет етеді.

Informburo.kz порталы соңғы бір жылда қазақстандық оқушылар әзірлеген тың стартап-идеялар топтамасын ұсынады.

📍Qarapaiym emdeu

Қазақ-түрік лицейі мен НЗМ оқушылары Qarapaiym emdeu деп аталатын робот жасап шығарды. Жоба иелерінің бірі Ұлан Айтпай мұндай роботтардың коронавирус секілді жұқпалы аурулардан қорғану үшін тиімді екенін айтады. Сондай-ақ, ауруы бойынша тек анықтама алғысы келетіндердің уақытын үнемдейді.

толығырақ ОҚУ

@informburo_kaz
💰2022 жылғы IV тоқсандағы орташа жалақы мөлшері — 338 715 теңге

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Жалақы көлемі 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда 22,9%-ға, нақты мәнде 2,8%-ға өскен.

Ал жалақының медианалық мәні — 204 168 теңге болды.
(* медиана —жалақы қатарының орталық деңгейі)

Орташа айлықтың ең жоғары өсімі құрылыс – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 32,6%, ақпарат және байланыс – 31,9% салаларында байқалды.

@informburo_kaz
Қазақстанда үйлер 7 балл жер сілкінісіне шыдай ма?

Сәулетші Айдар Ерғали Қазақстанда жаңа материалдар мен құрылыс тәсілдерінің сейсмологиялық төзімділігін сынайтын платформа жоқ екенін айтады.

Оның сөзінше, Түркия трагедиясында болған соншалықты үлкен шығын ең алдымен ғимараттардың жер сілкінісіне мүлдем есептелмеуінен орын алып отыр.

"Бұрын олардың құрылыс нормативтеріндегі сейсмикаға қарасты шаралар міндетті емес, ұсыным түрінде болатын. Қазір қалай екенін білмеймін. Құрылыс бағасын күрт өсіруге байланысты оларды тек қымбат ғимараттардың жобалауында ғана қолданатын болған. Сондықтан Түркияда жер сілкінісіне осал үйлер соншама көп", — дейді сәулетші.

📍ОҚУ

@informburo_kaz
Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

@informburo_kaz
🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті

Құтқару жасағы екі топқа бөлініп, олардың әрқайсысы қираған тұрғын объектілерді тексеріп жатыр.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар үйінді астынан бір мәйітті тапқан. Жергілікті тұрғындар қираған үйінді астында тағы да адамдар болуы мүмкін екенін айтқан.

Құтқарушылар екі объектіде де адамдардың болу фактісі толық жойылғанға дейін жұмыс істемек.

📸: ҚР ТЖМ

@informburo_kaz
🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған

ІІМ мәліметінше, ел бойынша 18 мыңнан астам стационар камера орнатылған.

«Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Polisia.kz.

Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 60% автоматты режимде анықталады

Құқық бұзушы туралы барлық ақпарат камералардан Жедел басқару орталығының операторына және жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерінің планшетіне жіберіледі. Яғни, көлікті тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені жүйенің өзі полицияға жүргізушілердің қайсысы жолда «қауіпті» екенін көрсетеді.

@informburo_kaz
Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады

Олар да Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылады. ТЖМ мәліметінше, жалпы Түркияға 100 құтқарушы жіберілмек.

Екінші топта жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

📸: ҚР ТЖМ

@informburo_kaz
Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды

Оқиға 7 ақпан Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында 8 автокөліктің қатысуымен болған, деп хабарлады polisia.kz

Апат салдарынан 34 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Ұзынағаш ауылының ауруханасына үш адам жеткізілді, олардың екеуі автобус жолаушысы.

Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелді.

@informburo_kaz