Informburo_kaz
1.5K subscribers
3.56K photos
1.12K videos
3 files
4.02K links
Күннің басты жаңалықтары, қызықты сұхбаттар мен танымдық-сараптамалық материалдар біздің арнада

Біздің сайт: https://informburo.kz/kaz

Біздің арна орыс тілінде: t.me/informburo_kz

Білім саласы жаңалықтары: t.me/informburo_bilim
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Целиноград ауданының ТКШ бөлім басшысы мен «РемСтройСервис ПВ», «MS-Energy» ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлады қаржы мониторинг агенттігі.

Олар Қызылсуат ауылында электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Қылмыстық істің барлық қатысушысына нақты жаза, бас бостандығынан айыру тағайындалды.

@informburo_kaz
Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?

Тағайындалған әлеуметтік төлемнің 10 пайызы зейнетақы қорына аударылады.

Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны есептеу кезінде соңғы 24 айдағы орташа айлық кіріс мөлшері ескеріледі. Бұл туралы "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты.

📍Орташа айлық кірісті есептеу формуласы

@informburo_kaz
Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы артылған соманы қандай мақсатта пайдаланатынын және жыл басынан бері қанша өтінішті орындағанын жариялады.

Биыл біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 2,3 млн теңгені құрады.

Салымшылардың 3061 өтініші орындалды. Біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 2,3 млн теңгені құрады.

📍толығырақ ОҚУ

@informburo_kaz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

Ол бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.

@informburo_kaz
Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады

Мамандар зілзаладан зиян шеккендердің саны бұдан да көп екенін айтады.

Түркия — 5894, Сирия — 1932 адамның қайтыс болғанын растады, алайда соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 8 мың адамға жуықтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағамдауынша, жер сілкінісі кезінде қайтыс болғандар саны 20 мың адамға жетеді.

"180 мыңдай немесе одан да көп адам үйінділердің астында қалған болуы мүмкін, олардың барлығы қаза тапқан да шығар", – деді жер сілкінісі бойынша маман Овгун Ахмет Эркан The Economist басылымына берген сұхбатында.

@informburo_kaz
Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр

Қала әкімі Ерболат Досаев Wildberries негізін қалаушы Татьяна Бакальчукпен кездесті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олар логистикалық орталықтың құрылысын талқылады. Халықаралық маркетплейс жоба құрылысына шамамен 100 миллион АҚШ доллары инвестиция салмақ.

Жоба аясында мегаполис кәсіпкерлері интернет арқылы сату нарығында бизнесін кеңейте алады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

@informburo_kaz
🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек

ҚР ІІМ бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Шетелдік паспорттың жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрауы тиіс.

Көші-қон келісімі бар елдердің азаматтары Қазақстанға ішкі құжаттармен кіре алады, шыға алады, транзитпен өтеді, жүре және уақытша тұрақтай алады.

❗️Алайда шетелдіктің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесін растайтын шетелдік паспорт қажет.

Мұнымен қатар, рұқсатты ресімдеген кезде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуы тиіс.

@informburo_kaz
📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев журналистермен кездесуінде 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз негізде жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін берілетін мемлекеттік грант туралы айтты. Қаражат кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында бөлінеді.

💰 Биыл мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге.

Республика бойынша бірінші ағында 2,5 мың грант беру жоспарланған. Биыл өтінімдер төрт рет қабылданып, соның шеңберінде 9 мың грант беріледі.

Мемлекеттік грант алуға кімдер үміткер бола алады?

@informburo_kaz
Түркия ЖОО-да 8 мыңнан астам Қазақстан студенті оқиды

Оның ішінде 11-і «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары және академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының 190 студенті бар, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Министрліктің мәлімдеуінше, қазір отандық жоғары оқу орындары ел азаматтары мен қандастарды қабылдауға дайын.

@informburo_kaz
Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті одан әрі қолдау және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Рустам Жүрсінов 2022 жылы 4408 өтініш келіп түскенін, оның 1530-ы (34%) оң шешімін тапқанын және 1030 (23%) өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ былтыр бизнес-омбудсмен еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерлермен кездесу өткізген.

Уәкіл өткен жылы рейдерлікке қарсы күресті күшейтуге және бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер заңнамаға енгізілгенін жеткізді.

@informburo_kaz
🧒 Балалар БҰҰ бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағымдана алады

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин осындай мүмкіндік беретін факультативтік хаттамаға қол қойды. Ол Бала құқықтары туралы конвенцияға үшінші факультативтік хаттама болып саналады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет әр істі қарап, шешім қабылдайды.

Айта кетейік, Қазақстан осы адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шартқа қол қойған елу үшінші мемлекет болды.

@informburo_kaz
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін төрт Қазақстан азаматы жоғалып кеткен

Бұл туралы түрік елшісі Уфук Экиджи Астанада өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның сөзінше, жоғалған азаматтардың туыстары олармен байланыса алмаған.

Бұған дейін Алмат Құрмашев Түркиядағы бауырына хабарласа алмай, таппай жатқанын айтқан еді.

@informburo_kaz
🇹🇷 Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар

Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева айтты.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін туризм комитетіне қазақстандық туристер тарапынан Түркияға жолдаманың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініштер келмеген.

💬 «Жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек», — деді Мөлдір Абдуалиева.

Туроператорлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және т.б. баламалы опцияларды ұсына алады.

@informburo_kaz
⚡️ҰБТ-ға дайындық үшін ата-аналардан 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды

Алматыда ҰБТ-ға дайындаймын деп оқушылардың ата-аналарынан 10 миллион теңгедей ақша алып, артынша жоқ болып кеткен 22 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

💰Келісімшарт талаптарына сәйкес, ата-анаға қызмет ақысы – 238 мың теңгені бөліп төлеуге болатын. Ал бала тестілеуден өтпей қалса, “мұғалім” ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде оқу орталығының негізін қалаушы жоқ болып кеткен.

Уәде еткен сабақтар болмаған соң, балалардың ата-аналары полицияға шағымданған.

@informburo_kaz
10 ақпанда "Болашақ" түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысады.

Олардың ішінде Қазақтелеком, QazInnovations, Қазпошта, Кселл, Tele2, Қазақстан ғарыш сапары, Astana Hub және тағы басқа компаниялар бар.

📍Өтетін орны: Астана қаласы, Astana Hub, Мәңгілік ел даңғылы, 55/18, с-4.6 павильоны.

🗓 Уақыты: 2023 жылғы 10 ақпан, сағат: 14.00 – 17.00.

@informburo_kaz
🚗 4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді

6 ақпанда Астана уақытымен сағат 10.00-де жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдайтын autonesie.kz платформасы іске қосылды. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ бағдарламаның алғашқы қорытындысын шығарды.

Платформа алғаш іске қосылғанда пулға 19 бен 62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелген.

Өтінім қабылдау басталған сәтте autonesie.kz сайтына Алматы (31%), Астаны (22,6%) және Шымкент (9,3%) қалаларынан көптеп кірген.

Бүгінде 463 қатысушы автосалондарға барып, төлем шотын алды. Қатысушылардың басым бөлігі Hyundai мен Chevrolet автокөлік брендтерін таңдаған.

@informburo_kaz
Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ

Аталған шараға бюджеттен қаражат бөлінбейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған.

2022 жылы оқушыны жол жүру құжатының болмауы себепті автобустан түсіріп тастауға қатысты ата-аналардың арыз-шағымы көбейген.

📍толығырақ ОҚУ

@informburo_kaz
⚡️Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматының біреуі табылды

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz

Оның сөзінше, бойжеткен аман, қазір ауруханаға жеткізілген. Оның қолы сынған. Өзге азаматтарды іздеу, үйінді астынан адамдарды құтқару жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.

@informburo_kaz
Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды

Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылған. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі күдікті Қазақстанда қамауға алынды. Оған 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

@informburo_kaz