🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
661 subscribers
382 photos
59 videos
6 files
123 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
Photo
🇰🇿ҚР дипломатиясына 30 жыл

Бүгін еліміздің дипломатиялық қызметіне 30 жыл толып отыр. 1992 жылғы 2 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен «Сыртқы істер министрлігі туралы» ереже бекітілді. Ал 2007 жылдан бастап бұл күн Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні ретінде атап өтіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 186 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Негізгі шетелдік серіктестермен ынтымақтастық артып, Орталық Азия елдерімен диалог жандана түсті. Халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне де жіті назар аударылуда.

Бұл ретте Академияның Дипломатия институтының еліміздің дипломатия саласына қосқан үлесі зор. Себебі,
бұл институт – Қазақстандағы кәсіби дипломатиялық кадрларды, халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды даярлайтын жалғыз орталық.

Бүгінгі Институт:
мемлекеттік даму стратегиясының жергілікті шарттарына, дәстүрлеріне және мақсатты нұсқауларына негізделген қазақстандық дипломатия мектебін жүйелі және дәйекті дамытуда;

Мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде жұмысты тиімді орындауға қабілетті халықаралық қатынастар саласындағы тәжірибелі мамандардың мықты кадрлық ресурсын дайындайды.

Институт түлектері қоғамдық және саяси қызметтің көптеген салаларында, соның ішінде Төтенше және Өкілетті Елшілер, министрлер, вице-министрлер, ҚР Парламентінің депутаттары, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары дәрежесінде табысты еңбек етеді.

#apakz #госуправление #академия #магистратура #мемлекеттікқызмет #дипломатия #институтдипломатии