🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
661 subscribers
382 photos
59 videos
6 files
123 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
🤝АКАДЕМИЯНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев пен Академия ректоры Ерлан Әбілдің Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының профессорлық-оқытушылық құрамымен және қызметкерлерімен кездесу өтті.

Қызметкерлер Агенттіктің “халық үніне құлақ асатын”, тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі бастамалары туралы хабардар етілді.

Кездесуде өңірдің мемлекеттік органдарымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру мәселелері талқыланды.

#apakz #мемлекеттікбасқаруакадемиясы #академия #МҚІА