🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
669 subscribers
383 photos
59 videos
6 files
123 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
АДА УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Академия ректоры Ерлан Әбіл Әзірбайжан Республикасына ресми сапары барысында АДА университеті ректоры Хафиз Пашаевпен кездесті.
Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморанумға қол қойды. Меморандум аясында білім беру, мамандарды даярлау және зерттеу жүргізу саласында ынтымақтастықтың аясы кеңейтіліп, ортақ зерттеу жобаларын қолға алу, өзекті мәселелер бойынша форумдар, симпозиумдар, сонымен қатар эксперттік кездесулерді өткізу ұсынысы айтылды.

Хафиз Пашаев Орталық Азия мемлекеттерінде зерттеу жүргізудің маңызды екеніне ерекше мән беріп, бұл бағытта студенттермен қатар, Академия мамандарымен тәжірибе алмасу, докторантурада білім алып жүрген жастардың арасында академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.

#баку #apakz #ADA