inbusiness.kz
2.67K subscribers
1.08K photos
400 videos
2 files
1.35K links
Соңғы жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыз!
Download Telegram
Түркияда 155 сағат бойына үйінді астында жатқан бала құтқарылды.

Ол ауруханаға жатқызылған.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттады.

Оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген.

Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр. Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Түркияда үйінді астынан тағы бір қазақстандықтың денесі табылды.

Оның ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова екені анықталды.

Бүгін әйелдің денесі Талдықорған қаласына жеткізілді.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Бірнеше елдің құтқарушылары Түркиядан кетіп қалды.

Бұған тонаушылардың әрекеті себеп.

Әзірге түрік билігі ресми пікір білдірген жоқ. Бірақ Режеп Тайып Ердоған үкіметке тонаушылар мен басқа да қылмыскерлерді қатаң түрде жазалауды тапсырды.

Израильден келген іздестіру-құтқару тобы алты күннен кейін өз еліне кетіп қалған. Мұны Түркияның Әділет министрлігі де растады.

Сонымен қатар Австрия қарулы күштерінің өкілдері де жер сілкінісі аймағында қауіпсіздіктің жоқтығына және қарулы тонаушылар тобының оқ ататыны, әскерилер мен құтқарушылардың өміріне қауіп төнгендіктен кететіндерін мәлімдеді. Германияның екі құтқару ұйымы да бүгін жұмысын тоқтатқан.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
«Каспий Мұнай» компаниясы цифрландыру арқылы жұмыс сапасын арттыруда.

Кез келген күрделі істің, шаруаның шешімін цифрландырудан іздейміз. Қарап отырсақ, цифрландыру мен жаңа технологияны енгізбейінше саланың қарқынды дамуы екіталай. Мұнай өндіру саласында цифрлық шешім тауып отырған компанияның бірі – «Каспий Мұнай».

Білесіздер, мұнай өндірісі өте күрделі сала. Десе де жұмыс дұрыс қойылып, цифрлық шешім табылып, жаңа технология енгізілсе күрделі іс әлдеқайда жеңілдетіліп, кез келген жұмыстың сапасы артатыны сөзсіз. Ал сапа бар жерде компания да алға шығады, қызметкерлердің де еңбек жағдайы ескеріледі, үкіметтің бюджеті де толығады, жұмыс та дұрыс қойылады, солай емес пе?!

Сондай жобаның бірі «Каспий Мұнай» компаниясы енгізген «Айранкөл Smart Field» жобасы.

Aйта кетейік, бүгінгі күні бұл компания жалпы табысының жартысынан астамын ел бюджетіне салық ретінде төлеп отыр екен.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
«Каспий Мұнай» акционерлік қоғамы қандай цифрлық шешімді ұсынуда және бұл компания неліктен үздіктер қатарында танылды?

«Каспий Мұнай» акционерлік қоғамы - Каспий аумағында жұмыс істейтін жетекші отандық мұнай өндіруші компаниялардың бірі. 1997 жылдан бастап ол көмірсутек шикізатын өндірумен, оны сақтаумен, сондай-ақ тауарлық мұнайды экспорттаумен айналысады. Осы жылдар ішінде компания мұнайдың коммерциялық қорын бағалау мақсатында барлау жұмыстарын аяқтап, Айранкөл көп қабатты мұнай кен орнын пайдалану алдындағы сынақтан өткізген.

Жақында өткен Digital Forum Almaty іс-шарасында TechGarden Awards 2022 жеңімпаздары марапатталған болатын. «Каспий Мұнай» АҚ бұл форумда «Үздік цифрлық шешім» номинациясын жеңіп алды. Компания цифрлық кен орнының кешенді ақпараттық жүйесін әзірлеп, енгізген болатын.

Осы марапаттаудан кейін компанияның бас директоры Серік Тыранмен «Каспий Мұнай» АҚ шикізат өндіру нарығына нақты не ұсынатыны туралы сөйлестік.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттерді еліміздегі оқу орындары қабылдауға дайын.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

«Қазір Сыртқы істер министрлігімен өте тығыз байланыстамыз. Біз шетелде оқып жүрген, оның ішінде Түркияда оқып жүрген өзіміздің азаматтарымызды, қандастарымызды қабылдауға дайынбыз. Ол үшін қабылдау ережелерін өзгерттік. Бұрын тек қана сессияның арасында немесе жазғы демалыстар кезінде ғана ауысатын болса, қазіргідей қиын жағдайда біздің университеттер қабылдауға дайын», – деді ол.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия еліне қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Құтқарушылар Түркиядан аман-есен оралған соң міндетті түрде марапатталады.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында сөйлеген сөзінде айтты.

«Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттайтын боламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президентке Көкшетау қаласы Сарыарқа шағынауданының құрылысы таныстырылды.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
39,5 мың қазақстандықтың жұмыс істеуге ниеті жоқ.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Өткен жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6,9 миллионы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

Былтырғы қорытынды бойынша жұмыссыз қазақстандықтар саны - 456,1 мың адамды құраған. Ал осы аралықта қызмет етуге құлықсыздар 19,3% болып төмендеді. Яғни, елімізде жұмыс істеуге ниеті жоқтар саны - 39,5 мың адам.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатыспайтын болды.

Бұл жайында партия көшбасшысы Айдарбек Хожаназаров мәлімдеді.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 35 418 адамға жетті.

Апат аймағындағы іздеу-құтқару және басқа да жұмыстарға 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер тартылған.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Петропавлда үш оқушыны жарақаттаған жасөспірім екі айға қамауға алынды.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
Елбасы туралы заңның конституциялық күшi жойылды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
«Шұбаркөл Премиум» компаниясы өткен жылы 20 млрд теңге салық төлеген.

Онымен қоса, былтыр компания бір жылда 3 млн тонна көмір өндіріп, рекордттық көрсеткішке қол жеткізген.

Компания ұжымында 800 қызметкер жұмыс істеуде. Бір уақытта вахтаға 330 қызметкер жұмысқа шығады. Соңғы 3 жылда еңбекақы көлемін арттырып, жұмысшылардың жағдайын реттеуді де қолға алған.

Өндірісті дамыту, инвестиция салу, әлеуметтік жауапкершілік, басқа да бағытта компанияның жасап отырған жұмысы жайлы «Шұбаркөл Премиум» басшысы сұхбатта егжей-тегжейлі айтып өткен.

Сұхбатты оқи отырыңыздар!

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Jusan тобын бақылау Қазақстанға қайтарылады.

Бас прокуратура осындай мәлімдеме жасады.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz