inbusiness.kz
2.66K subscribers
1.08K photos
400 videos
2 files
1.35K links
Соңғы жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыз!
Download Telegram
⚡️Қазақстандықтар VIP нөмір үшін 6 млрд теңге жұмсаған.

Былтыр арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жоғары сұраныстағы жиырма мыңнан астам мемлекеттік нөмір сатылған.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
🇰🇿🇹🇷 «Halyk» Түркияда зардап шеккендерге аударылған қаржылай көмектің көлемін 2 есеге арттырды.

Дерекке сүйенсек, 6 мың қазақстандық «Halyk Homebank» қосымшасы арқылы Түркияға ақша аударған. Жалпы көлемі 34 млн теңгеден асатын қаражат жиналған.

Осы соманы Halyq өз қаражаты есебінен 2 есеге арттырды. Қаражаттың басым бөлігі Түркияның төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасына, қалғаны Қызыл ай қоғамы мен Ұлттық еріктілер желісіне жіберілді.

Еске салайық, «Halyq Homebank» қосымшасы арқылы Түркияға қайырымдылыққа ақша аударуға болады. Ол үшін «Төлемдер» бөліміне кіріп, «Қайырымдылық» түймесін бассаңыз болғаны.

Толығырақ білу үшін сілтемеге өтіңіз!

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Түркістан және Жамбыл облыстарын жалғайтын жол жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сенсек, «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында және Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілген. Мұнда көліктің барлық түріне жүруге рұқсат жоқ.

Бұл жол бөліктері Жамбыл және Түркістан өңірлерінде орналасқан.

Жолды жабуға ауа райының нашарлауы себеп болып отыр.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36 187 адамға жетті. 108 068 адам зардап шеккен.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
🇹🇷Түркияның футбол жанкүйерлері құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Түркі мемлекеттері экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті.

Бұл туралы «Түркі әлеміндегі экономикалық байланыс және интеграция» тақырыбындағы сарапшылар отырысында белгілі болды.

«Қазіргі уақытта барынша тығыз ынтымақтастықты жолға қою арқылы экономикалық зерттеулер орталықтарының арасындағы байланысты күшейту қажет. Біздің ойымызша, оған сол институттар мен сарапшылар арасында желі құру арқылы қол жеткізуге болады», - деді Халықаралық түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев.

Оның атап өтуінше, соңғы бірнеше жылдың ішінде түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық жақсара түскен.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын жөндеу үшін 7,1 млрд теңге бөлінбек.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Қазақстанның гуманитарлық жүк тиеген ұшағы Газиантепке қонды.

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Қазақстаннан гуманитарлық жүк жеткізілген арнаулы бортты өзі келіп қарсы алды.

Мевлют Чавушоғлы жеткізілген көмекке ризашылығын білдіріп, құтқарушыларға, журналистерге, Елшілік қызметкерлеріне ізет көрсетті.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Түркияда болған алапат жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмысымен айналысқан қазақстандық құтқарушылардың бір тобы ертең елге қайтады.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672 адамға жетті.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Түркияға аттанған құтқарушыларымыздың бір тобы елге оралды.

Түркияның Газиантеп қаласынан Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 бортымен республикалық жедел құтқару жасағының 33 қызметкері келді.

Олардың арасында 3 кинологтар тобы мен 5 апаттар медицинасының дәрігерлері бар.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Шымкентте полицейлер қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған адамды ұстады.

Күдікті 39 жаста, Өзбекстан азаматы. Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрған. Одан шолақ мылтық және ұрланған Сайга карабині тәркіленді.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Кеше Түркияның Хатай қаласында қуаты 6,4 балдық жер сілкінісі қайталанды.

3 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам жарақат алған.

Бұл жайында елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлім етті.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Шығыс Қазақстан облысының «Өскемен-Алтай» тасжолындағы «қызғылт» түсті бұлтқа қатысты тексеру жүргізілді.

«19 ақпанда сол маңдағы Сажаев кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттамадаға сәйкес, жоспарлы жарылыс жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Бұл содан шыққан шаң», - делінген ШҚО экология департаменті баспасөз қызметі хабарламасында.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
⚡️Енді көлік жылдамдығы жоғары болған сайын, айыппұл сомасы да соншалықты артады.

Көлік жылдамдығын белгіленген межеден бірнеше есе арттырғандарға салынатын айыппұл сомасы өседі.

Бұл туралы Әділет министрлігі ашық талқыға шығарған «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған.

«Көлік құралы қозғалысының белгіленген жылдамдығын (60 км/сағ) қосымша 40-80 километрге арттыру 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал белгіленген жылдамдықтан 80 және одан астам шамаға арттыру 40 АЕК (138 000 теңге) мөлшерінде айыппұлмен жазаланады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер үшін 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады», - деп көрсетілген жаңа редакцияда.

Әділет минстрлігі жариялаған түсіндірме құжатта соңғыекі айда елордада жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көліктердің жиілегені жазылған.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz