💚 inAktau.kz - новости города Актау
1.63K subscribers
1.93K photos
119 videos
6 files
19.7K links
Информация города Актау. Последние новости и предстоящие события. #aktau #актау #news #inaktau
Download Telegram
Құрық ауылында су тұщытатын зауыт салу жоспарлануда
https://www.inaktau.kz/news/1953029

Құрық ауылында тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытатын зауыт салу жоспарлануда. Жоба жүзеге асса, аудандағы ауыз су мен техникалық су мәселесі толық шешімін табатын болады. Бұл туралы Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау. Облыс басшысының айтуынша, жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. "Жобаның арқасында 450 жаңа жұмыс орыны ашылып, аудандағы ауыз су мен техникалық су мәселесі толық шешімін табатын болады. Жоба құны – 50,0 млрд. теңге. Облыс әкімнің бірінші орынбасары Серік Аманғалиевке, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына осы мәселені түбегейлі шешуді тапсырамын", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. Сонымен қатар, ауданда 2018 жылы 27 құдық қазу жоспарланып отыр. Аққұдық ауылы тұрғындарының сұранысына сәйкес, шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында жаңбыр суларын жинауға арналға 5 мың кубтық тоған құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. #сутұщытузауыты #техникалықсу #ауызсумәселесі