💚 inAktau.kz - новости города Актау
1.59K subscribers
1.93K photos
119 videos
6 files
18.6K links
Информация города Актау. Последние новости и предстоящие события. #aktau #актау #news #inaktau
Download Telegram
Маңғыстаудағы барлық ауылдарға су жүйелерін тартуға уәде беріп отыр
https://www.inaktau.kz/news/1952990

2020 жылға дейін Маңғыстауда 14 ауылдық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бірақ жобаны іске асыруға қанша қаражат керек екені әлі күнге дейін белгісіз. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Сапар Аманбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау. Бүгінгі таңда ауыл халқы ауыз суды аулаларындағы құдыққа құйдырып, тасымалдап ішіп отыр. Ауылдағы өзекті мəселені шешу үшін 2018 жылы Бейнеу ауданындағы Сарға, Боранқұл ауылдары мен Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Келесі жылдан бастап Бейнеу ауданындағы Есет, Төлеп ауылдары, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе, Бірлік ауылдары жəне Маңғыстау ауданындағы Бекі, Басқұдық ауылдары ауыз сумен қамтылады. 2020 жылы Бейнеу ауданындағы Сам, Тұрыш, Ноғайты ауылдары, Қарақия ауданындағы Аққұдық ауылы жəне Түпқараған ауданындағы Қызылөзен ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Жоба жүзеге асса, 2020 жылға қарай ауылдық елді мекендер - 86,9 пайызға орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы мүмкін. Ал Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова өз кезегінде, қазіргі таңда ауылдардың 64 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілгенін хабарлаған болатын. #ауызсутарту #сужүйелері #ауылхалқы #орталықтандыру