💚 inAktau.kz - новости города Актау
1.65K subscribers
1.93K photos
119 videos
6 files
20K links
Информация города Актау. Последние новости и предстоящие события. #aktau #актау #news #inaktau
Download Telegram
Басқұдықтағы аудандық маңыздағы автомобиль жолы мен ескі көпір жөнделеді
https://www.inaktau.kz/news/1947889

Басқұдық ауылындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолы мен ескі көпірді қайта құрылымдау жоспарлануда. Автомобиль жолы төрт жолақты етіп кеңейтілетін болады. Бұл туралы Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖКжАЖ бөлімінің басшысы Берік Әбдіхалықов мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау. Қазіргі таңда көпір апаттық жағдайда тұр. "Жобада жүргіншілер өткелдері, қоршаулар, жаяу жүргінші жолы, заманауи аялдамалар, жол сызбалары, көше жарығы және бағдаршамдар қарастырылған. Аталған жобаның 75%-ы жасақталды. Жобалаушы мекеме "Engineeri Group" ЖШС-гі",- деді Берік Әбдіхалықов. Бөлім басшысы, жобада Басқұдық ауылымен Маңғыстау ауылына дейінгі 10 шақырымдық автомобиль жолын 4 жолақты етіп кеңейту бойынша жобалық сметалық құжаттама жасақталуда деді. Жобаның жалпы құны он миллион теңгеге бағаланады. Өткен жылы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында – 3 шақырым; Атамекен ауылдық округінде – 2,4 шақырым; Қызылтөбе ауылында -25,5 шақырым; Қызылтқбе -2 – Жаңа Даулет ауылында -7,8 шақырым; Маңғыстау ауылында -4,2 шақырым; Жаңаөзен-Құрық облыстық маңызы бар тас жолында – 3 шақырым автокөлік жолдарының құрылысы аяқталды. Жалпы, 27 шақырым тас жол асфальтталған. #қайтақұрылымдау #автокөлікжолы #жолқұрылысы