💚 inAktau.kz - новости города Актау
1.6K subscribers
1.93K photos
119 videos
6 files
18.7K links
Информация города Актау. Последние новости и предстоящие события. #aktau #актау #news #inaktau
Download Telegram
Маңғыстауда балалардың өрт шығару оқиғасы 15 пайзға өскен
https://www.inaktau.kz/news/1944572

Маңғыстау облысында 2017 жылы 284 өрт оқиғасы тіркелген, оның ішінде 20 оқиға балалардың қатысуымен орын алып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұржан Борашев мәлімдеді деп, хабарлайды ИнАктау. Нұржан Борашевтың айтуынша, облыс бойынша 2017 жылы 284 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 25 миллион 205 мың теңге көлемінде шығын келген. Және балалардың қатысуымен тіркелген өрт оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 15% өскен. Осыған орай Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау басқармасы және профилактикалық қызмет басқармасы мен Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары Ақтау қаласындағы №8 орта мектебінің 2 және 3 сынып оқушыларына «Оқу орындарындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. #өртоқиғасы #өртоқиғасыөсті #балалар #ашықсабақ