💚 inAktau.kz - новости города Актау
1.6K subscribers
1.93K photos
119 videos
6 files
18.7K links
Информация города Актау. Последние новости и предстоящие события. #aktau #актау #news #inaktau
Download Telegram
Жыңғылды ауылында төрт түліктің 90% -на түрлі ауруларға қарсы екпе егілмеген
https://www.inaktau.kz/news/1946691

Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны ауылдағы түйелердің 60-70 пайызына түрлі ауруларға қарсы екпе егілмегенін айтып шағымданады. Ал өзге малдарға бірнеше жылдан бері екпе мүлде егілмеген, деп хабарлайды ИнАктау. Жыңғылды ауылының тұрғыны Әділбек Сағындықовтың айтуынша, ауылдағы 430 үйде кем дегенде 860-тан астам түйе болса, мұның жарымы жайлауда жүр. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары сауып ішіп отырған 400 түйенің 300-і ғана егіліпті. "Негізі түйе жылына бес рет 5 түрлі ауруға қарсы егілуі керек екен. Түйелер құтырып жатыр деген ақпарат келгеннен кейін ауыл адамдары құтырмаға қарсы дәрінің 1 флакаонын 1500 теңгеден сатып алып, түйелерге салдыра бастады. Ол да ауылдағы түйенің жарымынан көбіне жетпей қалды. Ал жайлаудағы түйелерді құтырмаға қарсы егуге ешкім барып жатқан жоқ. 2009 жылдан бері ірі қара мал өсіріп келемін. 4 түйем, 30-40 жылқым бар, олардың ешқайсысына ауруларға қарсы екпе егілмеген. Жылқы мен сиыр малы біздің ауылда мүлдем егіліп көрген емес. Оларға екпе салып жатырмыз деген хабарламаларды естіген емеспін. Ауылдағы бүкіл малды алатын болсақ, 90% мал егілмеген. Мемлекеттен мал егуге бөлінген қаражат қайда кетті!? ", -деді Әділбек Сағындықов. #екпеегілмеген #ауруғақарсы #түйеегілмеген