ʜᴀᴛᴛᴀʀʏᴍ 🔇
98 subscribers
25 photos
11 videos
Хат жазып тұр - сағынышыңды сыйғызып, Қашықтықты жеңетін тек, хат қана 🕊🤍
Download Telegram
Бұл өмір ойнап жүріп от басулар,
Кездейсоқ кездесулер , қоштасулар…
❤7🍓1🦄1
<< Үйлену дегеніміз - тойханда екі сағат бойы бір қауымды қуанту үшін , екі адамды құрбан ету>>

- Ахмад Халид Тауфиқ
❤5💔3🔥1🍓1🦄1
Қашан әңгіме “ Қайырлы түннен” “ұйықтап қалыппын” ға өзгерсе , керек жерге жеткен боласың…
💔6🦄2💯1🍓1
Сырынды айтшы Каспийім
Көңілің неге тас, түйін
Қойныңда кетті боздақтар
Сезбедің бе жас күйін?
Қарт едің ғой көнеден
Шаттыққа бәрін бөлеген
Ашулы болдың дәл бүгін
Айырдың қанша төреден
Боздады қанша аналар
Боздады барша далалар
Қойныңда қалған тұншығып
Балалар еді балалар
💔15🍓1
Тағы ғашықтық

Ғашық болғым келіп жүр, шын айтамын,
Ғашық болсам, ашылып сыр айтамын.
Есіріп кеткен мынау жүрегімді,
Ессіз ғашық қылғанда мұңайтамын.
Ғашық болғым келіп жүр бұрынғыдай,
Бұрын-соңды өтпеген күнім бұлай.
Өкінішім көп бірақ, мына мені
Басқаша күйге ендірді бүгін Құдай…
Талай сұлу сылқымға жолығып ем,
Кетіп қалған біреудің көлігімен…
Ғашығына қосылмау бір мен үшін
Өкінішті сәт емес, соны білем.
«Ұмытты» деп сен маған өкпелі ме ең?
Қоштасып ем мезгілдің көктемімен…
Сүйгеніне қосылған бақыттымын,
Ғашығына қосылмай кеткеніммен…
Тағы да арманыма жету үшін,
Өзегімді өртеп жүр өкінішім.
Ғашық болғым келеді мен бір жанға,
Қосылмай, өлең жазып өту үшін…
Бұл сөзім мәнсіз шығар тыңдағанға,
Бір сезім келсін енді бір маған да.
Енді әніме қосайын ғашықтықты,
Мен бәріне ғашықпын бұл ғаламда…

Бақдәулет Арыстан
❤6🍓1
Сен өзгерген жоқсың , тек бұрын шыдаған нәрсеге енді көңілің бөлінбейді ) ) )
❤3🔥1🍓1
Шығу тарихы ерекше бір өлеңімнен үзінді)

Сен айтшы енді: ол жанның қолы
Құшқанда сені, терлей ме?
Дәл мендей саған жанары толы,
Басқаны көзі көрмей ме?
Ерітер жанды, ыстық па тәні?
Еріні оның — қандай дәм?
Ал менен сендік кетпеді әлі —
Мен сүйген дәмі маңдайдың.

Beket Rahymzhanovich
❤7🍓1
Аймалайтын ойдың өзін аяндай,
Айға жуық аяңдадым, ой Алда-ай!
Төзімге бір келіңізші деп тұрып,
Сезіміме сеніңізші дей алмай,
Жанар алды жабырқаппын жасықтау...
Мақұлмын-ау, ақылдым-ау, қинамай
Сіз де мені сұраңызшы Тәңірден!
«Ей, күйік-ай!»
«Ей, сұмырай!»)

Айдана Қайсарбекқызы
❤7🍓1
Сезім бермей жемісін,
Сүйе алмадың мені шын.
Ойламадық біз неге?
Махаббаттың жеңісін.
Қанша гүлдің ғұмырын,
Құрбан еттім сен үшін.

Гүл сыйлаған пендеңе ,
Мұң сыйладың сен неге?
Мен сыйлаған ақ гүлім,
Сен тұратын бөлмеде.
Сен сыйлаған тәтті мұң,
Қалып қойды кеуде де.
❤6🍓1
Ақыpын-ақырын алыстаймыз көргісі келмеген көздерден,
сөзін аяған тілдерден, мейірімін төкпеген көңілдерден.

Көңіл қалса, біз өлмейміз,
жүректегі сіз өлесіз…
❤5🍓1
Ол кезде күн де ұясына еріне бататын. Таң да асықпай ататын. Гүлдер де түрлі түсті сияқты еді…
❤8💔2🍓1
өнім алуға “аш”кезде баруға болмайды дейді , керек емес нәрселерді таңдап аласың . өмірде де дәл солай , өзіңді “жалғыз” сезінгенде қарым - қатынас бастама , дұрыс емес адамды таңдап аласың. ойланып көріңіздер себебі тығырыққа тірелгенде біз өзімізге керек емес нәрсені емес көзімізге түскеннің бәрін қармап аламыз .
❤11🕊1🍓1
Өзіңді таңда.

Шаршап тұрсаң, жауап беруге міндетті емессің.
Сөйлескің келмесе, телефонды алма. Біреудің көңілі үшін өз тыныштығыңды құрбан етпе.

Әлемнің дауысы тым қатты болып кетсе,
«мазаламау» режимін қос. Біреу жауабыңды күтіп отырса да, уақытың келсе ұйықтай бер.

Ішің алай-дүлей болса да,
«жоқ» деп айтуды үйрен. Өзіңді түсіндіріп әуре болма — ең бастысы, өзіңе адал бол.

Бұл жолы өзгелерді емес,
өзіңді таңда!
❤10🍓2🔥1
Махаббат жоқ деп заманды күндеме ,
Өзің сүйе білмесең , біреуге сүй деме.
❤9🐳2🍓2
Болсаңда кең даланың кермиғы,
Кішілік - кісіліктің өр биігі !
Көптеген мамандық бар жер бетінде ,
Ішінде адам болу - ең қиыны !
❤8🍓2
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз,
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер - патша!
Мұжық та - біз...
Тузік те - біз, түнерген бұзық та біз!
Ақындарға қызықпа,
Қызықпа, қыз!
Шынымен ақын жанын қалайсың ба?
Шыдайсың ба, шынымен талай сынға?
Ақын деген бірде қарт, бірде сәби,
Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба?
Ілікпе, қыз,
Ақынның тұяғына.
Зымиян да осылар...
Зиялы да.

Мұқағали Мақатаев
❤10🍓1
Сенесіз бе?
Сағындым,
Сізді көрмей …
Үмітіммен күй кештім үздігердей.
Сізді әйтеуір жаныма жақын тұтам ,
Бәлкім жақсы көрерсіз күзді мендей?!

Қалқаман Сарин
❤4