Halal Damu Bot
1.63K subscribers
1 photo
2 links
Бот - @halaldamu_bot

Барлық сұрақтар - @halaldamuhelp
Download Telegram
Channel created
Channel photo updated
🕌 Halal Damu — Сіздің халал досыңыз

Дүкенде тұрып «бұл өнім халал ма?» деп ойланып қалғаныңыз болды ма?

Немесе жаңа жерде «жақын маңда халал тамақтанатын жер бар ма екен?» деп іздегеніңіз?

Дәл осы сұрақтар үшін @halaldamu_bot жасалды.
ҚМДБ Халал Даму-дың ресми деректер базасы негізінде жұмыс жасайтын Telegram бот.

Бұл каналда ботты пайдалану жолдарын, жаңалықтарын, пайдалы кеңестерін бөлісе отырып алдағы уақытта түрлі жүлделі ойындарды жүзеге асыратын боламыз 🤍

Бастайық! 👉 @halaldamu_bot
❤6
🛒 Дүкенде тұрып қалдыңыз ба?

Қолыңызда өнім, ал оның халал екені белгісіз. Интернеттен іздейсіз — нәтиже шатастырады. Біреуден сұрайсыз — білмейді.

Осы кезде @halaldamu_bot ашып, атауын жазып жіберсеңіз болды.

Бот ҚМДБ Халал Даму базасынан бірден тексереді — сертификаты бар ма, мерзімі өткен бе, немесе мүлдем тіркелмеген бе. Бәрі бір хабарда.

«Tagam», «Natige», «Okadzaki» — қалай жазсаңыз да түсінеді!

👇
@halaldamu_bot
21❤7🔥4
🎁 Бізді ерте қолдағандарға — ерекше сыйлық!

Алғашқы қолдаушыларымызға арнап төрт түрлі сыйлық дайындап отырмыз:

🥇 Акция №1 — Алғашқы 10

Кез-келген Premium тарифін алғашқы 10 болып сатып алсаңыз — 1 жыл Premium тегін беріледі. Қай тарифті алсаңыз да.


🚀 Акция №2 — Алғашқы 500

Неғұрлым ерте алсаңыз, соғұрлым көп ұтасыз:
— 10–100 орын → тарифіңіз 6 есе өседі
— 100–200 орын → 3 есе
— 200–500 орын → 2 есе


📣 Акция №3 — Threads

Ботты Threads-та жарнамалаңыз → әр 100 лайк үшін 1 ай Premium сыйлаймыз. Пост сілтемесін @halaldamuhelp аккаунтына жіберіңіз.


📢 Акция №4 — Telegram арнасы

Telegram арнаңызда ботты жарнамалаңыз → әр 100 көріністі үшін 1 ай Premium сыйлаймыз. Пост сілтемесін @halaldamuhelp аккаунтына жіберіңіз, 48 сағаттан кейін есептеледі.


👉 Толық ережелер мен кесте

👉 @halaldamu_bot
2❤10👍3🔥3
Халал Даму боты енді толығымен тегін 🙌
Тек халал өнім тұтыныңыздар.

👉 @halaldamu_bot
👍22❤9😢2
🚀 Halal Damu AI Bot V2.0 — Жаңа мүмкіндіктер!

Құрметті халал ас тұтынушылар! Біз сіздердің күнделікті іздеулеріңізді одан әрі жеңілдету және боттың жұмысын заманауи ету мақсатында ауқымды жаңартуды ұсынамыз.

*Жаңа мүмкіндіктер тұрақты жұмыс жасағанға дейін қателіктер кетуі мүмкін

Ботқа енгізілген басты 4 өзгеріс:
──────────────────
📸 1. Сурет арқылы іздеу толық қалпына келтірілді! 

Соңғы уақытта сурет арқылы іздеуге сұраныс өте жоғары болып, жүйеге үлкен салмақ түскендіктен техникалық қателіктер орын алған еді. Қазір барлық мәселе толық шешілді! Енді кез келген өнімнің немесе мекеменің суретін жіберу арқылы оның халал мәртебесін тексере аласыз.


🗂 2. Жеке чаттағы тақырыптар режимі (Threaded Mode)

Ботпен жеке сөйлескен кезде әрбір жаңа сұрауыңыз бен іздеуіңіз автоматты түрде жеке Тақырыптарға (Threads) бөлінетін болады! 

Бұл мүмкіндіктің пайдасы: 
• Тазалық пен Тәртіп: Әр өнім бойынша сөйлесу тарихы бір-бірімен араласпайды, чатыңыз жинақы тұрады.
• Контексті сақтау: Бұрын іздеген өніміңізге қайта оралып, тарихты оңай қарай аласыз. (Бұл мүмкіндік дұрыс көрінуі үшін Telegram қолданбасын соңғы нұсқаға жаңартуды ұмытпаңыз)


💬 3. Жаңа «Halal Damu Chat» тобы ашылды!

Өнімдердің адалдығын топта бірге талқылап, бот пен адамдарға ортақ халал тақырыбындағы сұрақтар қою үшін арнайы қоғамдастық тобымыз іске қосылды. Топта ботты белгілеу (mention) арқылы кез келген өнімді топ мүшелерімен бірге іздей аласыз.


Қалай қолдану керектігі жайлы: 

Топта боттың логинін атап, қасына ізделетін сөзді жазыңыз:
• @halaldamu_bot hani
 • @halaldamu_bot maki-maki
• Немесе топқа сурет жіберіп, сипаттамасына (caption) @halaldamu_bot  деп жазсаңыз, бот суреттегі өнімді танып, базадан іздеуге кіріседі!

Топқа қосылу: t.me/Halaldamu_Chat

🛠 4. Ұсақ қателіктер жөнделді 
Боттың жауап беру жылдамдығы (latency) оңтайландырылып, ішкі деректер базасы жаңартылды.

──────────────────
👉 Жаңа нұсқаны сынап көріңіз: @halaldamu_bot
❤6🔥5