Хадис жазбалары
1.06K subscribers
618 photos
4 videos
37 files
14 links
Download Telegram
روائع العلوم
[هل الصلاة على النبي ﷺ تقوم مقام الشيخ المربّي؟] قال العلامة الشيخ أحمد بن عبد الفتاح الشافعي الأزهري المعروف بالملوي الكبير تـ 1181 هـ (ومن فضائلها ما جُرِّب من تأثيرها والنفع بها في التنوير ورفع الهمة، كما أشار إلى ذلك المصنف في الشرح، حتى قيل: إنها تكفي…
Пайғамбарға ﷺ салауат айту тәрбие беруші шейхтың орнын баса ма?

Белгілі ғалым, шейх Ахмад ибн Абд әл-Фаттах аш-Шафиғи әл-Азһари, «әл-Мәуләу әл-Кәбир» деген атпен танылған (1181 һ. қайтыс болған), былай дейді:

«Салауат айтудың артықшылықтарының бірі — оның жүректі нұрландыруға және адамның жігері мен ынтасын арттыруға тигізетін әсері әрі одан келетін пайда тәжірибе жүзінде байқалған. Мұны автор да өзінің түсіндірмесінде ишара еткен. Тіпті: “Салауат тариқат жолындағы шейхтың орнын басып, оған деген қажеттіліктен жеткілікті етеді”, — деп айтылған.

Мұны шейх әс-Сануси өзінің “Суғраның суғрасы” атты еңбегіне жазған түсіндірмесінде және Сиди Ахмад Зарруқ та келтірген. Сондай-ақ шейх Әбу әл-Аббас Ахмад ибн Мұса әл-Йамани өзінің бір жауабында осыған ишара жасаған.

Алайда мен шейхтен*: “Мұндағы ‘оның орнын басады’ деген сөз тек нұрлану тұрғысынан оның орнын басуды білдіреді. Ал уәлаят дәрежесіне (Алланың әулиесі болу дәрежесіне) жету үшін міндетті түрде шейх қажет. Бұл — осы жолдың адамдарында белгілі нәрсе”, — дегенді естідім».

* Мұндағы шейх — Абдулла әл-Кинксий әл-Қасри. Әл-Мәуләу одан Шәзилия тариқатын алған.
❤3👍3
Хатиб былай деді:

«Мұхаммад ибн Омар әд-Дауудидің былай дегенін естідім: “Ибн Шахин — сенімді (сиқа) еді. Ол шейхтерге ұқсайтын. Алайда араб тілінің грамматикасында қателесетін. Сондай-ақ фиқһтан аз да, көп те білмейтін. Оған Шафиғи және басқа да фақиһтардың мәзһабтары айтылса: “Менің мәзһабым — Мұхаммади мәзһабы”, — деп жауап беретін”.

Содан кейін әз-Зәһаби былай деді:

“Бұл кісі аталмыш ғылымның терең әрі күрделі мәселелерін жетік меңгерген ғалым емес еді. Бірақ ол Исламның риуаятшысы болатын. Алла оны рақымына бөлесін…”»

— «әс-Сияр», 16/434.
Имам әз-Зәһәбидің [хижри 748 ж. қайтыс болған] Имам Қатада әс-Садусидің [хижри 118 ж. қайтыс болған] өмірбаянында айтқан мына бір ғибратты сөздеріне ой жүгіртейік:

❝Ол қадари көзқарасты ұстанған¹ еді… Алладан оның күнәсін кешіруін сұраймыз.

Соған қарамастан, ешкім оның шыншылдығына, әділдігіне немесе хадис жеткізудегі дәлдігіне күмән келтірген емес.

Бәлкім, Алла Тағала бидғатқа түскен, бірақ сол арқылы Жаратушыны ұлықтап, Оны барлық кемшіліктен пәк деп жариялауды мақсат еткен әрі бар күш-жігерін жұмсаған адамдарды кешірер. Алла — әділ Үкім етуші, құлдарына аса жұмсақ. Ол жасаған ісі үшін жауапқа тартылмайды.

Егер ұлы ғалым әрі беделді имам көптеген мәселеде дұрыс пікір айтса, ақиқатты мұқият іздеуге тырысатыны белгілі болса, білімі кең, ақыл-парасаты айқын болса және оның тақуалығы, діндарлығы, күмәнді нәрселерден сақтануы әрі Сүннетке берік ұстанымы мәлім болса, оның қателіктері кешіріледі. Біз оны адасқан деп жарияламаймыз, шетке қақпаймыз әрі оның жасаған жақсылықтарын ұмытпаймыз.

Алайда оның бидғатына немесе қателігіне біз ермейміз. Сондай-ақ оның одан тәубе еткеніне үміт етеміз.❞

— Сияр аълам ән-нубала, 5/271

¹ Қадари көзқарас — адамның іс-әрекеттері Алла Тағаланың тағдыры мен қалауына кіре ме деген мәселеде пайда болған алғашқы кезеңдегі теологиялық ауытқулардың бірі.
Audio
Мабади Усул 7
❤3
Егер Әһл әл-Бәйттің артықшылықтары мен оларға қатысты фиқһ мәселелерін зерттегің келсе, әс-Сахауидің «استجلاب ارتقاء الغرف بحب أقرباء الرسول ﷺ وذوي الشرف» (Истижләбу иртиқоил-ғураф би-хубби ақрибәи-р-расули ﷺ уә зәуиш-шараф) атты еңбегіне жүгін. Бұл тақырыпта жазғандардың басым көпшілігі осы кітапқа сүйенеді.

Есімнің тікелей аудармасы:
«Алла елшісінің ﷺ жақын туыстары мен ардақты әулетін жақсы көру арқылы дәрежелердің көтерілуіне қол жеткізу».

Бұл кітаптың екі басылымы бар:

Бірінші басылымы — доктор Халид әс-Сумайдың зерттеуімен жарық көрген. وقف الأشراف آل غالب (Уақфу әл-Ашраф Әли Ғалиб) қоры тарапынан басылған. Негізінде бұл оның докторлық диссертациясы.

Екінші басылымы — Хусейн Шукридің зерттеуімен жарық көрген. Мекке қаласының қаиммақа́мы, шәриф Шакир ибн Хазағ әл-Абдалиның қаржысы есебінен басылған.

Сондай-ақ, бұл еңбектің ерекшеліктерінің бірі — онда «استيعاب الكلام على الأحاديث والآثار في المهدي» (Исти‘абу әл-калам ‘аләл-ахадиси уәл-асар фил-Мәһди) атты мазмұнның болуы, яғни Мәһдиге қатысты хадистер мен әсарлардың жан-жақты қамтылуы.
❤5
Египеттің ғалымдары имам ан-Науауиға (Аллаһ оған рахмет етсін) жас кезінде Шамда тұрғанда хат жазып, сұрады:

«Сен бұлай жас болсаң, қалай екеніңді осылай биік деңгейге жеттің және бұл білімдердің бәрін қалай игердің?»

Ол таза қағаз парағын алып, оны орауықша орап, басына мынаны жазды:

﴿وَاتَّقُوا اللّهَ وَيُعَلِّمُكُمُ اللّهُ﴾
«Аллаһтан қорқыңдар, Аллаһ сендерді оқытады».
(Құран, 2:282)

Аллаһ оның білімі арқылы бізге пайда берсін. Әмин.
Сахабаны тарихи риуаяттарға сүйеніп айыптау орынсыз әрі қате

Ал кейбір сахабалардың (Алла олардан разы болсын) абыройына нұқсан келтіруге тырысуда қолданылатын тарихи риуаяттарға келсек, ең алдымен мынаны атап өткен жөн: мұндай риуаяттардың Құран мен хадистегі анық әрі түпкілікті дәлелдермен немесе үмбеттің ижмағымен бекітілген ұстаныммен салыстырғанда ешқандай салмағы жоқ. Себебі хадистерді сақтау мен жазып алуда қолданылған қатаң талаптар тарихи риуаяттарға қолданылмаған. Шын мәнінде, Ислам тарихы бойынша ең алғашқы дәуірлерден бастап бүгінгі күнге дейін жазылған кітаптардың арасында бірде-бір кітап толығымен сахихтығы тексеріліп, аутентификацияланған еңбек санатына жатпайды.

Үмбет, әсіресе рафидилік ұстанымдағы әрі сахабаларды балағаттаушы Әбу Михнаф Лут ибн Яхъя ойдан шығарған аңыздар мен хикаяларға қатысты сақ болуы керек. Оның риуаяттарының лайықты орны — Иранның кәріз жүйесі.
(Шәкірттің ұстазына жасаған дұғасы)

Әл-Мусаннифак атты лақаппен танымал Алауддин әл-Бастами өзінің бір кітабында былай дейді:

«Кейбір кітаптардан көрдім және кейбір ұстаздарымнан естідім: егер шәкірт ұстазынан қандай да бір кітапты оқып-үйренгісі келсе, оның ұстазы үшін дұға жасауы — шәкіртке міндет».

Өткен ұстаздарымызды Алла рақымына бөлесін, ал арамызда жүрген ұстаздарымызды аман сақтасын және оларды барлық жақсылыққа жеткізсін.
❤3
Имам Сағанидің (қ.ж. 650 һ.) «Сахих әл-Бұхари» нұсқасының факсимилесі*.


Факсимиле — түпнұсқа құжаттың, қолжазбаның, кітаптың немесе оның белгілі бір бөлігінің сыртқы көрінісін, мәтінін және орналасуын дәлме-дәл сақтап жасалған көшірмесі.
❝Біл: аз ғана амалдан гөрі көркем әдептің көп болғаны абзал. Осы себепті ізгі ғалым Рууайм өз ұлына былай деген:

«Ұлым, амалыңды тұздай, ал әдебіңді ұндай ет.

Яғни, әдепті мол ұстан. Оның молдығы қамырдағы ұн мен тұздың арақатынасындай болсын. Аз ғана ізгі амалмен бірге мол әдепті болу — әдепсіз көп амалдан әлдеқайда жақсы».

Ұлы имам әл-Қарафи (р.х.) «әл-Фуруқ» кітабында осылай деген.❞
👍5❤3
Кітапты соңына дейін жеткізетін нәрсе — күн сайын тұрақты түрде небәрі бес минут оқу.

Әр адамның оқу шыдамдылығы әртүрлі. Кейбір адамдар ақыл-ойы шаршамай тұрып 5 минут қана оқи алады. Басқалары — 30 минут. Тағы біреулері — 1 сағат, ал кейбіреулері — 2 сағат.

Алайда сіздің оқу шыдамдылығыңыздың деңгейі кітапты шынымен соңына дейін оқып шығу мүмкіндігіңізге көп әсер етпейді. Кітапты соңына дейін жеткізетін нәрсе — ұзақ уақыт оқу қабілеті емес, тұрақтылық.

100 беттік кітап пен 800 беттік кітаптың арасындағы жалғыз айырмашылық — тұрақты түрде қанша уақыт оқу керектігінде. Бірақ екеуін де, сөзсіз, соңына дейін оқып шығуға болады.
❤2
Мәлик ибн Әнәстің «әл-Муатта» еңбегінің һижраның екінші ғасырының екінші жартысында, яғни Имам Мәликтің көзі тірісінде немесе ол қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай жазылған ерте қолжазба үзіндісі.
Кәһф сүресінде баяндалған Мұса пайғамбар мен Хадирдің (кең тараған айтылу нұсқасы — Хидр) оқиғасы шын мәнінде аса терең мағыналы әрі осы дүниедегі Алланың құдіретті жоспарларын белгілі бір деңгейде түсінуге мүмкіндік береді.

Бұл оқиға дүниеде болып жатқан жайттардың әрдайым біздің пайдамызға қарай өрбіп жатқандай көріне бермейтінін көрсетеді. Алайда тек Алла Тағалаға ғана белгілі болған оқиғалардың түпкі байланысы Оның ұлы хикметі мен белгілі бір үлкен жоспары бар екенін аңғартады.

Бұл оқиғадағы Хадир осы ұлы әлемде көзге көрінбей жүзеге асып жатқан істердің сырын ашып көрсететін, періштеге жүктелетін міндеттер мен жұмыстардың үлгісі іспетті. Алла Тағала Өзінің хикметімен әрекет етеді және сол хикметіне сай жоспарларды жүзеге асыру үшін періштелерге міндеттер жүктейді.

Кейде өмірдегі осы хикмет бізге айқын көрінуі мүмкін, ал кейде оның мәнін түсіне алмаймыз. Алла Тағала барлық нәрсенің толық көрінісін біледі. Сондықтан біз Оған бойұсынамыз әрі Оның әділетті де Дана екенін толық біле отырып, Оған тәуекел етеміз.
❤5
Ибн әл-Жәузи өзінің ұстазы Әбу әл-Баракат әл-Әнматиге қатысты былай деген:

«Мен оған хадис оқып беретінмін, ал ол жылап отыратын. Оның жылауы арқылы алған пайдама, одан хадис риуаят ету арқылы алған пайдамнан да көбірек пайда алдым. Мен одан өзгелерден алмаған нәрсені алдым».

Ибн әл-Жәузидің „әл-Мунтазам“ еңбегіндегі осы шейхтің тәржімесінде келгендей.
❤3