«Ең жақсы кәсіптің түрі — егіншілік»
[Әбу Бәкр әд-Димьяти әш-Шафиғи былай деп жазады:]
Ең жақсы кәсіптің түрі — егіншілік, өйткені егіншілікпен айналысатын адам Аллаға тәуекел етуге барынша жақын болады әрі егіншілікке деген қажеттілік барлық жерде бар.
Одан кейінгі ең жақсы кәсіп — қолөнер, өйткені бұл кәсіпте табыс адамның қол еңбегі арқылы жүзеге асады.
Одан кейін сауда келеді. Себебі сахабалардың (Алла оларға разы болсын) саудамен айналысқаны және сол арқылы ризық тапқаны анықталған.
(Әбу Бәкр Усман ибн Мұхаммад Шатта әд-Димьяти, «И‘анат ат-Талибин»)
Иллюстрациялар:
1. Палестиналық фаллах Хеврон маңындағы өз егістігінде намаз оқып тұр, 1937 жылғы 8 желтоқсан.
2. Палестиналық әйелдер Хеврон маңында жер жыртып жатыр, 1937 жылғы 8 желтоқсан.

Ибн Асакирдің رحمه الله өз жұбайына ілім үйретуге деген ынтасы ерекше болған.
Ибн Асакир رحمه الله Айша бинт Али ас-Саламияға үйленді. Ол — Ибн Асакирдің барлық балаларының анасы.
Ибн Асакир رحمه الله жұбайына Фатима бинт Али әл-Акбариден хадис тыңдатқан. Ал Айша бинт Али ас-Саламия кейін өзі естіген хадистерді балаларына жеткізіп, оларды хадис іліміне үйреткен.
تاريخ دمشق ج ٦٩/ص ٢٦٠

❤2
Audio
Бір төменгі сыныпта оқитын талапкер «Мәбәди’ әл-Усул» кітабын бірге өтейік деп сұраған еді.
Сол себепті осы кітапты аудио түрде түсіндіріп, жазып шығуды бастап жатырмын.
Алла қаласа, усул әл-фиқһты енді бастап жүрген студенттерге пайдалы болады деген үміттемін.

❤6🔥6👍4
Сұрақ
Бұл хадис сахих па және оны дәйексөз ретінде келтіруге бола ма?
Нәби ﷺ былай деген:
«Тәһәжжуд күндіз адамның жүзіне нұр (аспандық жарық) пен жарқырау береді».
(Ибн Мәжаһ)
Жауап
Имам Ибн Мәжаһ (Алла оны рақымына алсын) бұл риуаятты өзінің кітабына енгізген. Риуаяттағы сөздер мынадай:
«Кім түнде көп намаз (тәһәжжуд) оқыса, күндіз оның жүзі көркем әрі ажарлы болады».
(«Сунан Ибн Мәжаһ», хадис №1333)
Алайда мухаддистер бұл хадисті ойдан шығарылған (маудуғ) хадис деп бағалаған. Бұл хадис әдейі емес, шәкіртінің ұстазын дұрыс түсінбеуінің салдарынан қате түрде Нәби ﷺ-ге телінген.
(«әл-Кәмил фи-д-Дуғәфа», 2-том, 580–581-б.; «әл-Кәфи әш-Шәфи», 263-б., хадис №1052; «әл-Мақасид әл-Хасана», хадис №1169; «әл-Әсрар әл-Марфуға», хадис №522.)
Сондықтан бұл сөздерді Нәби ﷺ-нің хадисі ретінде емес, Шарик ибн Абдуллаһтың (Алла оны рақымына алсын) сөзі ретінде келтірген дұрыс.

❤3
Хадис ілімінің білгірі Ибн Ражаб (р.а.) былай деген:
❝Адамдардың ең абзалы — Пайғамбардың ﷺ және оның таңдаулы сахабаларының жолын ұстанғандар.
Олар:
(а) сыртқы құлшылықтарында ұстамды әрі теңгерімді болып,
(ә) сонымен бірге жүректерінің хәлін түзетуге бар күшін салады.
Ақыретке сапар тәнмен емес, жүрекпен жасалады.❞
فأفضل الناس من سلك طريق النبي صلى الله عليه وسلم وخواص أصحابه في الاقتصاد في العبادة البدنية، والاجتهاد في الأحوال القلبية، فإن سفر الآخرة يقطع بسير القلوب لا بسير الأبدان.
«Әл-Махажжа фи Сайр әд-Дулжа», 56-бет.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шейх Әууәма бұл шортста Бұхараға Ислам дінінің қалай келгені туралы айтып өтеді.
Шейхтің айтқан мына бір сөзі ерекше назар аударуға тұрарлық:
ما من موطئ قدم إلا وفيها قدم عالم وإمام
«Аяқ басқан әрбір жерде бір ғалымның немесе имамның ізі бар».
Шейх сонымен қатар Мәсжид Кәлән туралы тарихи дерек келтіреді. Сондай-ақ Имам Бұхаридің өзінен жеткен дерек бойынша, осы мешітте 90 000 ғалым «Сахих әл-Бұхариді» тыңдағаны туралы айтылады.
Бұдан бөлек, Шейх тағы бір тарихи деректі атап өтеді.
Чокардиза қабірстаны туралы естігенсіз бе?
Чокардиза — қазіргі Өзбекстанның Самарқанд қаласында, Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің қабірі орналасқан тарихи аймақтағы көне қабірстан.
Бұл қабірстанда көптеген ұлы ғалымдар мен имамдар жерленген. Олардың арасында Имам Матуриди, Әбу Ләйс әс-Самарқанди және басқа да Мәуараннаһрдың әйгілі ғұламалары бар.
Шейхтің айтпағы да осы:
Бұл жерлердің әрбір топырағында Ислам ғылымына қызмет еткен ғалымдардың ізі қалған.
Самарқанд пен Бұхара — жай ғана тарихи қалалар емес. Олар ғасырлар бойы хадис, фиқһ, ақида және басқа да ислам ғылымдарының ірі орталықтары болған.

❤4👍4🥰3
Шейх ‘Әли ат-Тантауи (р.а.) былай дейді:
«Ата-аналары оларды оқуын аяқтаудан немесе табиғатынан қызығушылығы ауған әрі туа біткен қабілеті бар саламен айналысудан бұрғандықтан, ерекше дарын-қабілеттері зая кеткен қаншама балаларды көрдік».
«Әл-Бауәкир», 50-бет.
Кейде бұған ата-аналар себеп болады. Кейде мұғалімдер себеп болады. Екеуі де өздеріне артылған аманатқа қиянат жасайды.

❤6👍5
Хафиз ибн Хәджәр.
Науажи — ол кісі туралы маған жеткен мәліметке қарағанда — былай деп әңгімелейді:
«Бірде мен сирек кездесетін, ерекше бір кітапқа тап болдым. Оны Хафиз ибн Хәджәрға алып келдім. Ол кітапты менен алып, оның ерекшелігіне таңғалды.
Науажи былай дейді: “Мен ішімнен қатты қуандым. Өйткені өзім оған ол бұрын көрмеген кітапты көрсеттім деп ойладым. Ал ол болса кітапты мұқият парақтап, зер салып қарап отырды. Көп ұзамай ол:
“Мына жерде менің өз қолтаңбам тұр ғой, мен оған ескерту жазғанмын немесе соған ұқсас нәрсе қалдырғанмын”, — деді.
Мен: “Бұл оның көптеген кітаптарды оқып, ұзақ уақыт өткеннен кейін бұрынғы жазбаларын ұмытып қалуынан болса керек. Екі рет қарағанының арасында қанша уақыт өтті десеңізші! Бұдан артық не болуы мүмкін?” — дедім.
Кемшіліктен пәк болған Алла қандай ұлы! Ол ешқашан ұмытпайды».
الجواهر والدرر ١/٣٧٧

❤4
Ахмад Санобардың «السلطة السياسية وحركة رواية الحديث ونقده» атты кітабын оқып шықтым. Кітапта хадистің риуаят етілуі мен сыналуына саяси биліктің ықпалы мәселесі кеңінен қарастырылады. Меніңше, кітаптағы ең маңызды тұстардың бірнешеуі мыналар:
1. Аббасилер дәуірінде Аббаси халифтері ақындар мен шуғараларды өз сарайларына жинап, Аббаси халифатын мадақтайтын өлеңдер айтқызатын болған. Осы тарихи құбылысты негізге алған кейбір ориенталистер хадистер саласында да осыған ұқсас саяси ықпал болған болуы мүмкін деген тұжырым жасаған.
2. Шейх Ахмад Санобардың негізгі зерттеу тақырыптарының бірі — фадаил (فضائل), яғни белгілі бір тұлғаның, әулеттің немесе топтың артықшылықтары мен қасиеттері туралы хадистер. Ол мұндай хадистердің саяси билікті, әсіресе белгілі бір халифаттың легитимділігін күшейтетін құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін деген мәселені қарастырады.
Автор бірнеше хадистің тахрижін жасап, олардың риуаят жолдары мен дереккөздерін зерттейді. Атап айтқанда, Муғауияға, Аббасқа және Әлиге қатысты риуаяттарды талдайды. Сонымен қатар белгілі бір хадистің қай кезеңде және қай халифат тұсында көбірек таралғанына ерекше назар аударады. Яғни хадистің тек иснадын ғана емес, оның тарихи контекстін де зерттейді.
3. Тарихта жалған хадистердің болғаны — даусыз мәселе. Алайда сол кезеңдегі хадис сыншыларының бәрін саяси биліктің айтқанын тарата берген адамдар ретінде көрсету дұрыс емес. Әли ибн әл-Мәдини, Яхъя ибн Мағин, Ахмад ибн Ханбал секілді хадис саласының алып ғалымдары әлсіз әрі жалған риуаяттарды анықтап, олардың таралуына қарсы тұрған.
4. Кітаптағы маңызды мәселелердің бірі — кейбір ориенталистердің тарихи деректермен жұмыс істеу әдісіне қатысты сын. Автор олардың белгілі бір деректерді контекстен бөліп алу, кейінгі кезеңдегі мәліметтерді ертеректегі жағдайға қолдану немесе қарама-қайшы деректерді елемеу сияқты әдістемелік қателіктерге барғанын көрсетеді.
Қорыта айтқанда, кітаптың негізгі құндылығы — хадистің саяси тарихпен байланысын біржақты қарастырмай, риуаят, иснад, хадис сыншыларының еңбегі және тарихи-саяси контексті қатар зерттеуге тырысуында.

❤5
Ибн Джаузи айтты:
Ақымақтың 6 белгісі бар:
1. Ол болмашы нәрсеге ашулана береді.
2. Беруге лайықты емес адамға береді.
3. Ешқандай пайдасы жоқ сөздерді айтады.
4. Кездескен әрбір адамға сене береді.
5. Адамдардың сырларын жария етеді әрі дос пен дұшпанның арасын ажыратпайды.
6. Өзін адамдардың ішіндегі ең ақылдысы деп ойлап, жүрегіне келген нәрсенің бәрін айта береді.
— «Ахбар әл-Хамқа уәл-Муғaффилин» («Ақымақтар мен аңғалдардың хикаялары»)

У каждого исследователя есть в голове вопрос, на который он пока не знает ответа. Такова природа как научной деятельности, так и человеческой любознательности.
Как только ты находишь ответ на один вопрос, тут же появляется другая проблема, которую необходимо исследовать. Ирония заключается в том, что чем более любознателен и интеллектуально развит человек, тем длиннее становится этот список!
Это учит нас двум вещам:
1. Часть научной работы заключается в том, чтобы не спешить с выводами, особенно когда перед тобой недостаточно данных, чтобы прийти к определённому ответу. Фраза «Я не знаю» — один из признаков настоящей научной добросовестности.
2. Любознательность требует умения спокойно относиться к неизвестному. Единственный способ чувствовать себя комфортно, говоря «я не знаю», — принять тот факт, что ты не располагаешь ответами на все вопросы. И если это является частью человеческой природы — не говоря уже о научной работе и исследованиях, — то неизвестность следует не бояться, а принимать с открытыми объятиями.

Сира кітаптарындағы деректердің барлығы бірдей сенімді емес. Оның үстіне, бұл кітаптардың авторлары да өз еңбектеріне енгізген әрбір риуаяттың міндетті түрде сахих болуын мақсат етпеген.
Мысалы, уахи түсе бастаған алғашқы кезеңде Пайғамбарымыз ﷺ өзін таудан тастағысы келгені, алайда Жәбірейіл періште келіп, оны тоқтатып, жұбатқандығы туралы хабар сахих емес.
Бұл риуаят атақты кіші табиғин әз-Зуһриден жеткен. Алайда әз-Зуһри бұл мәліметті кімнен алғанын көрсетпейді. Ол тек «бізге жеткен хабар бойынша» (قال: بلغنا) деп баяндайды. Яғни, риуаяттың иснады үзіліп қалған және бұл хадис ғылымында «мурсал» (مرسل) деп аталады.
Ерте дәуірдегі хадис ғалымдары әз-Зуһридің мурсал риуаяттарын айтарлықтай әлсіз деп санаған. Сондықтан бұл хабарды Пайғамбарымыздың ﷺ өмірінде болғаны анық әрі сенімді оқиға ретінде қабылдауға негіз жоқ.

👍4❤3
Нағыз ұстаздық — оқу бағдарламасын жай ғана аяқтап шығу емес. Ол — шәкірттердің қажеттіліктерін түсіну, қиналып жүргендерге ерекше көңіл бөлу және білімді даналықпен, мейіріммен әрі тақуалықпен үйрету.
❤4👍2🔥1
Forwarded from روائع العلوم
[هل الصلاة على النبي ﷺ تقوم مقام الشيخ المربّي؟]
قال العلامة الشيخ أحمد بن عبد الفتاح الشافعي الأزهري المعروف بالملوي الكبير تـ 1181 هـ
(ومن فضائلها ما جُرِّب من تأثيرها والنفع بها في التنوير ورفع الهمة، كما أشار إلى ذلك المصنف في الشرح، حتى قيل: إنها تكفي عن الشيخ في الطريق وتقوم مقامه، كما حكاه الشيخ السنوسي في شرح صغرى صغراه، وسيدي أحمد زروق، وأشار إليه الشيخ أبو العباس أحمد بن موسى اليمني في جواب له.
لكنني سمعت من الشيخ*: «أن المراد أنها تقوم مقامه في مجرد التنوير، أما الوصول إلى درجة الولاية فلا بد فيه من شيخ، كما هو معلوم عند أهله».).
* - أي الشيخ عبد الله الكِنْكْسِيّ القَصْرِي. أخذ عنه الملوي الطريقةَ الشاذلية.
#التصوف #محمد_ﷺ