𝑭𝑪𝑨𝑲𝑻𝑶𝑩𝑬_ 𝐈𝐍𝐒𝐈𝐃𝐄
1.11K subscribers
4.41K photos
616 videos
457 links
Fcaktobe_inside 🔴⚪

𝑷𝑶𝑫𝑪𝑨𝑺𝑻
📝 𝑻𝑹𝑨𝑵𝑺𝑭𝑬𝑹
🔴 𝑨𝑲𝑻𝑶𝑩𝑬
🗿 𝑰𝑵𝑺𝑰𝑫𝑬
👀🤫Телеграмға жазылыңыздар қызықты ақпараттар осында!
👇👇👇
Download Telegram
🛠️🔥𝐒𝐎𝐋𝐃 𝐎𝐔𝐓

🔴⚪️ «АҚТӨБЕ» – «Қайрат» МАТЧЫНЫҢ БИЛЕТТЕРІ ТОЛЫҚ САТЫЛДЫ!

🎟️ «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы кездесудің барлық билеттері сатылып кетті!

📅 Еске саламыз, матч жексенбі сағат 19:00-де Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өтеді.
❤‍🔥10👍2❤1🔥1👏1
😱🔥 10 МИНУТ! БАРЛЫҒЫ САТЫЛЫП КЕТТІ!

Ақтөбеде билеттердің небәрі 10 минут ішінде таусылғаны не сұмдық құрсын?🤯

🔴⚪️ SOLD OUT!

Бұл — Ақтөбеде футболға деген нағыз сұраныстың, жанкүйерлердің командаға деген махаббатының көрінісі!

Мыңдаған жанкүйер стадионнан орын алуға асықты. Билеттер сатылымға шықты — санаулы минуттардан кейін бос орын қалмады!

Міне, саған футбол қаласы! 🔥

❤️Бір сұрақ: осындай сұраныс барда, Ақтөбенің жаңа стадионы неге 35 мың орындық болуы керек екенін түсінуге бола ма?! 👀🏟️


❤️‍🔥 АҚТӨБЕ — ФУТБОЛ ҚАЛАСЫ!

#Ақтөбе #SOLDOUT
❤8👍3😍2
🔴 ЛУИШ НАНИДІҢ ҚОБЫЛАНДЫДАҒЫ СОҢҒЫ ОЙЫНЫ!

❤️‍🔥 Луиш Нани — тірі аңыз! Кім не десе де о десін, оның футболдағы орны бөлек.

🇵🇹Португалиялық жұлдыз «Қобыланды батыр» стадионында соңғы ойынын өткізбек. Әлемдік футболдың жарық жұлдыздарының бірі болған Наниді Ақтөбеде ерекше құрметпен шығарып салуымыз керек деп ойлаймын.


Ол — жай ғана футболшы емес, жанкүйерлерге ұмытылмас эмоция сыйлаған есім. Ендеше, Қобыландының трибуналары тағы бір рет дүр сілкінсін! 🔥

ЛУИШ НАНИГЕ ЛАЙЫҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК! 👏

Соңғы ойынында стадион лық толып, жанкүйерлердің қошеметі ерекше болғанын қалаймын. Осындай футболшыларды құрметпен шығарып салу — нағыз жанкүйерлік мәдениет!

НАНИ, РАҚМЕТ САҒАН! ❤️🤍
❤24💯5👍4❤‍🔥1
📌Болат Сариев— «Ақтөбе» – «Қайрат» матчының бас төрешісі!

🔹 Бас төреші: Болат Сариев (Орал)
🔹 Көмекшілері: Денис Лабашов (Атырау), Дмитрий Белоградов (Павлодар)
🔹 Қосалқы төреші: Ераділ Тілеуов (Қызылорда)
🔹 VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
🔹 AVAR: Денис Измайлов (Талдықорған)
🔹 Матч инспекторы: Виктор Антонов (Павлодар)

📍 Қобыланды батыр атындағы орталық стадион
📅 25 қазан | ⏰ 18:00

Алға, «Ақтөбе»! 🔴⚪️
👍7❤1💩1👌1
🚨 ҚАСПИЙДІҢ ҮШІНШІ ҚАҚПАШЫСЫ АЛАҢҒА ШЫҚТЫ! ҚАЛАЙ СІЗДЕРГЕ, ШАПИТО?! 🎪

«Каспий» «Оқжетпеске» қарсы үшінші қақпашысын шығарыпты. 😳

Эххх, ҚПЛ, сен мені таңғалдырудан шаршамайсың-ау! 😂

Бұл қандай сценарий өзі? «Каспийдің» негізгі ойыншылары қосалқы құрамда отыр, ал алаңда үшінші қақпашы жүр…

Сұрақ көп, жауап жоқ. Бұл жай ғана бапкерлік шешім бе, әлде басқа да себептері бар ма?

ҚПЛ-де әр тур сайын жаңа қойылым. Футбол ма, әлде шапито циркі ме? 🎪

ҚПЛ, сен бізді әлі талай таңғалдыратын сияқтысың! 🤦🏻‍♂️
💯11💩6🤣4🤡3❤2👎1🤮1
❗️БҰЙРЫҚ КЕЛДІ — ОРЫНДАЙСЫҢ!

Бұған жол беріп отырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғау керек! Қазақ футболын мазаққа айналдырды!

Неге мұндай әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғалмайды? Неге ешкім жауап бермейді?

Қазақ футболы қашанға дейін осындай жағдайға шыдайды?!
💯16❤2❤‍🔥1😁1👀1
🔥Кімге бұйырады сонымен?

📌Ертең Ақтөбе де біраз мәселе шешіледі!
😁17🤣4❤1👍1👎1
♦️ДАРХАН ҚЫЗАЙБАЙ: «ЕРТЕҢГІ ОЙЫНДА АҚТӨБЕГЕ СЕНЕМІЗ!»

📌 «Ордабасы» ФК вице-президенті Дархан Қызайбай ертеңгі кездесуде «Ақтөбе» командасына сенім білдірді.

⚽📌 Ақтөбеліктер өткен ойында шымкенттіктердің көңілін қалдырған еді. Ал ертеңгі кездесуде «Ақтөбеге сенеміз», — деді «Ордабасы» ФК вице-президенті Дархан Қызайбай.

❤️🤍 Ал, ақ-қызыл жанкүйерлері, ертеңгі ойыннан қандай нәтиже күтесіздер?
👎22💩5🤩2🤮1
Forwarded from FC Aktobe
#АқтөбеҚайрат: 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 KFF League
🔥12❤1👍1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Я самый не актюбинский» 👀

Басқарма төрағасының медиа бойынша орынбасары Дидар Қадыровтың өз қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Ақтөбе – Қайрат матчы алдында Дидардың былтыр Суперкубок алдында “Қайратқа” бүйрегі бұрған пікірі еске түсіп отыр.
💩16❤1👎1🤮1🤪1
✅ Ақтөбе неге әдемі ойнап ұтып жатыр десем сөйтсем Шушеначев жоқ екен ғо!
😁37💯3❤2💩1
🇵🇹🔴ЛУИШ НАНИ:

🎙️Бұл менің Ақтөбедегі өз алаңымызда өткізген соңғы ойыным болды. Біздің ортақ сапарымыз аяқталуға жақын… Бірақ бірге өткізген күндеріміз қандай керемет еді! ❤️

Осы тамаша клубтың барша қызметкерлеріне, Ақтөбенің керемет тұрғындарына және бүкіл Қазақстан халқына бірге өткізген сәттеріміз бен мені жылы қабылдағандарыңыз үшін алғыс айтамын.

Лигада әлі бір ойын қалды. Бірақ осы кезеңнен алған жылулық пен естеліктер менімен мәңгі бірге қалатынына сенімдімін. 🙌🏽
❤‍🔥26👍5❤2🤝1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴⚪️ АҚТӨБЕДЕГІ АЛАҢ ТОЛЫҚ РЕНОВАЦИЯДАН ӨТУДЕ!

📌 №8 ОСДЮСШОР алаңы бүгін толық реновациядан өтіп жатыр. Ақтөбе келесі маусымда осы алаңда ойындарын өткізеді!

✅Естеріңізде болса, «Ақтөбе» биылғы маусымның алғашқы турларын Түркістанда өткізуге мәжбүр болған еді. Енді келесі маусымда ақ-қызылдар өз алаңында ойнай алады!

Әрине, маусымның алғашқы турлары ОСДЮСШОР алаңында өтуі мүмкін. Алайда кейінгі турларды «Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионда өткізетіні анық.
❤8👍3👏2🤝1
🔥 ✅ ДАНИЭЛЬ СОСА КЕЛЕСІ МАУСЫМДА ДА «АҚТӨБЕДЕ» ҚАЛАДЫ!

📌 Біздің ақпарат бойынша, Даниэль Сосаның «Ақтөбе» футбол клубымен келесі маусымға жарамды келісімшарты бар.

🔴⚪️ Демек, шабуылшының келесі маусымда да ақ-қызылдар сапында өнер көрсетуіне келісімшарттық негіз бар.
🔥51👍8❤1😍1
🚨 ❌РАФАЭЛЬ УРАЗБАХТИН АҚТӨБЕНІ ЖАТТЫҚТЫРМАЙДЫ!

📌 Біздің ақпарат бойынша, Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болмайды.
👌14👍9🤣2❤1👏1💔1
🔥 ИГОРЬ ЧЕРЕВЧЕНКО КЕЛЕСІ МАУСЫМДА ДА АҚТӨБЕДЕ ҚАЛАДЫ!

📌 «Ақтөбе» клубының бас бапкері Игорь Черевченко келесі маусымда да команданы жаттықтыруды жалғастырады!


✅Маусым аяқталғаннан кейін бапкер қай ойыншылармен қоштасу керектігін талқылайды!

Жалпы, бапкерге өзіне қажетті ойыншыларды таңдауға мүмкіндік беріледі.
👍22👎13🤷‍♂2❤1🔥1👌1
❗️КЕЛЕСІ АПТАДА АҚТӨБЕ СТАДИОНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРЕМІЗ!

❌
Келесі аптада Ақтөбеде салынып жатқан жаңа стадионға қатысты маңызды ақпараттармен бөлісетін боламыз!


🚨Егер сол уақытқа дейін стадионға қатысты нақты нәтиже болмаса, қолымыздағы ақпаратты сіздерге жариялайтын боламыз!
👀10🌚2