FinDala
78 subscribers
19 photos
299 links
Қазақстан және әлем экономикасы мен қаржы туралы баяндайтын бейнеақпарат желісі.
Download Telegram
Біз #сөздік жаңа айдарымызды жалғастыра отырып, қаржы-экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіреміз. Бізбен бірге болуды шақырамыз!

Инфляция - дегеніміз тауарлар мен қызметтердің бағасы жалпы деңгейінен өсуін білдіреді. Инфляция тым қарқынды өсетін болса, адамдардың заттар мен ақылы қызметтердің құнын өтеуге жағдайы қиындайды, әрі экономикалық белсенділік төмендейді.

Мысалы: Қазақстанда 2022 жылдың қазан айында айлық инфляция мөлшері 1,6% құрады, ал жалпы жылдық инфляция 17,7% жетті. Есептеулер бойынша,
▫️азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,7%-ға,
▫️ақылы қызметтер 1,7%-ға,
▫️азық-түлік тауарлары 1,4%-ға қымбаттады.

@findala
👍5
👛Депозиттер көлемі жыл басынан бері 8% өсті

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, банк секторының активтері 41,7 трлн теңгені құрады. Өсім несие портфелінің 2,3%-ға немесе 509 млрд теңгеге өсуі есебінен болды.

Депозиттердің көлемі
▫️резиденттер 3,2%-ға өсіп, 29,2 трлн теңгені құрады,
▫️заңды тұлғалар 4,2%-ға өсіп, 15,2 трлн теңгені құрады,
▫️жеке тұлғалар – 2,1%-ға, 13,9 трлн теңгені құрады.

Несиелер
▪️заңды тұлғаларға берілген несиелер 1,3%-ға ұлғайып, 8,0 трлн. теңгеге жетті.
▪️Жеке тұлғаларға берілген несиелер 2,5%-ға өсіп, 13,1 трлн теңгеге жетті.

@findala
3👍2
📑Қазақстанда борышкерлердің кейбір қарыздары коллекторларға берілмейді

2022 жылдың басынан, мерзімі 90 күннен асатын қарыздардың үлесі 18,8% - ға өсіп, 71,3 млрд теңгені құрады. Проблемалық қарыз алушылар саны 434,2 мыңға жетті, ал онлайн-микрокредиттер бойынша көрсеткіш 380 мың адамға дейін өсті. Бұл МҚҰ-дағы проблемалық қарыз алушылардың жалпы санының 88% құрайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 239 МҚҰ тіркелген, оның ішінде 30 компания онлайн-микрокредиттеу сегментінде жұмыс істейді. Қаржы нарығын реттеу агенттігі осы сегментте проблемалық қарыз алушылар өсуіне байланысты, 45 күнге 153 150 теңге дейін онлайн микрокредиттер беруге тыйым салуға, сондай-ақ бірыңғай жылдық тиімді 56% мөлшерлемені енгізуге ниетті екенін хабарлады.

Өткен жылы қаржы нарығын реттеу агенттілігі 25 коллекторлық агенттікке жоспардан тыс тексеріс жүргізгені белгілі, олар несиелік қарыздың жалпы мөлшерінің 75%-дан астамын құрайды. Нәтижесінде 20 жазбаша ұйғарым, екі жазбаша ескерту қолданылып, жалпы көлемі 42,2 миллион теңгеге 91 әкімшілік жаза қолданылып, коллекторлық агенттіктердің 15 қызметкері жұмыстан босатылды. Сонымен бірге, 2022 жылдың тоғыз айында 31 коллекторлық компания агенттік тізілімінен шығарылды.

Жүргізілген тексерулерде анықталған бұзушылықтар мен азаматтардың арыз-шағымдарының негізінде, коллекторлық қызметті реттеуді қатайтуға бағытталған заңнамалық түзетулер кешені әзірленуде.

@findala
2👍2
💸Несиелік келісім: қол қою алдында неге назар аудару қажет

Қол қойылған құжат сіздің жауапкершілігіңізде!
Кез келген қол қойылған құжат бірден сізді онда көрсетілген шарттарды сақтауға міндеттейді. Банктік қарыз шарттарына тиісті назар аудармасаңыз, міндеттемелерді орындауда, күтпеген мәселелер туындауы мүмкін. Бұл мақалада, бұрын уәде етілгендей, несиелік келісімге қол қою кезінде нені ескеру маңызды екенін қарастыратын боламыз.

🤔Неліктен білу қажет?

Қазақстанда екі жыл қатарынан қаржы реттеушісіне түскен өтініштердің 60-70% банк секторына тиеселі. Бұл қаржылық қызметтерді тұтынушылардың көпшілігі банктік қарыз талаптарына әлі де тиісті мән бермейтінін растайды, және кейін оларға жағымсыз салдар әкелуі мүмкін.

🖊️Заңдағы түзетулер

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі соңғы жылдары заңнамаға 50-ден астам түзетулер қабылдады. Мысалы, енді банктік қарыз шартына титулдық парақ пен жадынаманы қоса берілуі керек, бұндай талап барлық банктер үшін бірдей. Азаматтар банктің несиелік келісіміне қол қоймас бұрын, оның негізгі шарттарын білуі тиіс.

📁Титул парағы қамтиды:

▫️несиенің мөлшері мен мерзімі;
▫️сыйақы мөлшерлемесі;
▫️жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
▫️қарызды өтеу тәсілі;
▫️егер шартта қарыз алушының негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығы қамтылса, осы құқықты жүзеге асыру қажеттілігінде банкке тиісті өтінішпен жүгіну туралы мәліметтер;
▫️шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін өсімпұл мөлшері;
▫️қарыз шарты бойынша міндеттемені орындауда кешіктіру себептері, кірістер және расталған басқа да жағдайлар туралы мәліметтерді қамтитын, жазбаша өтініш беру құқығы туралы мәліметтер.

📑Қарыз алушыларға арналған жадынама қамтиды:

▪️несиенің мөлшері мен валютасы;
▪️несие мерзімі;
▪️төлемдер саны;
▪️пайыздық мөлшерлеме түрі;
сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің көлемі;
▪️қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің атауы мен мөлшері;
▪️өтеудің жалпы сомасы;
▪️сыйақының соңғы мөлшері;
▪️негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) мөлшері;
▪️банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері;
▪️сақтандыру шартын жасау қажеттілігі және оны ұзарту шарттары;
▪️банктің байланыс деректері.

Міндеттемелерді орындау қажет
2021 жылы борыштық жүктеменің өсуін шектеу мақсатында, банктерге барлық ипотекалық несиелер бойынша міндеттемелерді 180 күн кешіктіргеннен кейін сыйақы, өсімпұл және басқа да төлемдерді төлеуді талап етуге тыйым салынды. Дегенмен, бұл сіздің несиелік келісім-шарт жасау кезіндегі жауапкершілігіңізді төмендетпейді. Төлемді бұзу туралы ақпарат сіздің несиелік тарихыңызға кері әсер ететінің ұмытпау қажет.

@findala
👍7
💼«ҚазМұнайГаз» IPO: акция бағасы 8 406 теңгені құрады

IPO процесінде «ҚазМұнайГаздың» қарапайым акциясының бағасы 8 406 теңгені құрады. Ұсыныс аясында шығарылған акцияларының 90,42%-ына иелік ететін «Самұрық-Қазына» қоры 30 505 974-ке дейін жай акцияларды сатуға дайын, бұл шығарылған және орналастырылған акциялардың жалпы көлемінің 5%.

Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 9 қарашада басталды:

▫️институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылдың 30 қарашасында,
▪️ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылдың 2 желтоқсанында аяқталады.

Бөлшек инвесторларға – Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Бұл халықтық IPO форматын қамтамасыз етеді. Жазылымға шетелдік инвесторлар да өтініш бере алады.

Сондай-ақ, үш жыл ішінде ҚазМұнайГаз дивидендінің ең төменгі жылдық деңгейі тіркеледі: 200-ден 250 млрд теңгеге дейін.

@findala
👍4👎1
🛒Кедей мен бай қазақстандықтар үшін тауарлар қалай қымбаттады?

Табысы жоғары қазақстандықтар үшін азық-түлік 2022 жылдың қазан айында 24%-ға қымбаттады.

▫️қант 74,9%-ға қымбаттады,
▫️нан өнімдері мен жарма – 34,6%-ға,
▫️сүт өнімдері – 28,2%-ға,
▫️май – 21,3%-ға,
▫️ет – 17,3%-ға.

Өз кезегінде халықтың ақшалай табысы ең төмен топтары үшін өнім 22,8%-ға қымбаттады.

▪️қант 74,8%-ға қымбаттады,
▪️нан өнімдері мен жарма – 32,6%-ға,
▪️сүт өнімдері – 27,4%-ға,
▪️май – 20,4%-ға,
▪️ет – 15,8%-ға.

Инфляцияны аймақтар бойынша қарастыратын болсақ:

▫️Маңғыстау облысы – ең төменгі табысы бар тұрғындар үшін – 30,7%-ға және ақшалай табысы ең жоғары тұрғындар үшін – 31,3%-ға.
▫️Шымкентте – 23,5% және 25,3%,
▫️Астанада – 22,9% және 23,5%.

@findala
👍4
🚘2023 жылы қазақстандықтар жеңілдетілген несиеге қанша көлік сатып ала алады

2023 жылы қазақстандықтар жеңілдетілген авто несиеге екі мыңға жуық көлік сатып ала алады.

Сенат отырысында Индустрия министрлігінің басшысы Қайырбек Өскенбаев бағдарламаның аяқталмағанын және ұзақ мерзімді сипатта екенін атап өтті. Бөлінген қаражат тұрақты айналымда. Азаматтарға несие беру олардың босатылуына қарай, яғни бұрын берген несиелердің төлеміне қарай жалғасады екенін түсіндірді.

@findala
👍41
🏦Ұлттық қордың валюталық активтері 2025 жылға қарай 93 миллиард долларға жетеді

Сенатта «Ұлттық қордан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы ұсынылды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі енді жаңа бюджеттік нормамен шектеледі, олар мұнайдың кесімді бағасын ескере отырып айқындалады.

Заң жобасы мұнайдың шекті бағасын белгіледі:
▫️2023 жылы барреліне $48,9,
▫️2024-2025 жылдары барреліне $42,2 - 40,3.

Республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері:
▫️2023 жылы 2,2 трлн. теңге шамасында айқындалады,
▫️2024 жылы одан әрі 2,0 трлн теңгеге дейін қысқарады,
▫️2025 жылы 1,9 трлн. теңгеге жетеді.

Ұлттық қордың валюталық активтері:
▫️2023 жылы 66,7 млрд долларға дейін қалпына келеді,
▫️2024-2025 жж. 78,8 - 93,2 млрд долларға дейін өседі.

Ұлттық қор бойынша белгіленген шешім фискалдық тәртіпті жақсартуға және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге мүмкіндік береді.

@findala
👍31
⛽️Қазақстанда бензин бағасы қашанға дейін сақталады

Министрлік мемлекеттік реттеуге жататын мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге белгіленген шекті бағалар тек 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін сақталатынын еске салды.

▫️АИ-92-нің шекті құны аймаққа байланысты литріне 182-187 теңгені құрайды.
▫️Дизель отынының литрі 230-260 теңгеден сатылуда. Жеке тұлғалар тәулігіне 100 литрге дейін және тасымалдаушылар 300 литрге дейін қарастырылады. Шетелдіктер немесе нормадан жоғары сатып алатындар үшін баға 450 теңгені құрайды.
▫️Мұнай газының шекті құны литріне 50-70 теңгені құрайды. СКГ-ның бағасы тоннасына 33,6 мың теңге.

Келесі жылға арналған бағалар талқылануда және негізінде қалыптасады:
▪️өндірістік қуат,
▪️экономикалық және әлеуметтік жағдайы,
▪️инвестициялық бағдарламалар,
▪️энергия бағасының жаһандық ортасы.

Газ бағасын реттеуді тоқтату мәселесі мүлдем тұрған жоқ деп, қорытындылады Энергетика министрлігі.

@findala
👍41
🖊Біз #сөздік жаңа айдарымызды жалғастыра отырып, қаржы-экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіреміз. Бізбен бірге болуды шақырамыз!

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – бұл белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген барлық өнім мен қызметтердің жалпы ақшалай немесе нарықтық құны. Жалпы ішкі өндірістің кең өлшемі ретінде ол белгілі бір елдің экономикалық денсаулығының көрсеткіштері жүйесі ретінде жұмыс істейді.

Мысалы 2021 жылы:

1️⃣ЖІӨ көлемі бойынша әлем көшбасшы қазір Қытай. Олардың көрсеткіші 27 206 миллиард АҚШ доллар деңгейінде.

2️⃣Екінші көшбасшы – АҚШ, жалпы ішкі өнімі 22 996 миллиард долларды құрады.

3️⃣Қазақстан 42-ші орында, біздің ішкі жалпы өніміміз 543 миллиард доллар.

@findala
👍5
🆙Қазақстанның ішкі жалпы өнімі қаңтар-қазан айларында 2,5%-ға өсті

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, оң өсім байқалды:

▫️ауыл шаруашылығы,
▫️ақпарат және коммуникациялар,
▫️құрылыс, өңдеу өнеркәсібі,
▫️сауда,
▫️көлік,
▫️қойма шаруашылығында.

2022 жылдың соңында ЖІӨ өсімі кем дегенде 3% деңгейінде болжануда.

@findala
👍5
👨‍💼Қазақстанда шағын және орта бизнес динамикасы белсенді өсуде

2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, ШОБ субъектілерінің жалпы саны 1,7 миллион компанияға жетті. Олар өткен жылмен салыстырғанда 20,9% өсті.

Ең көп үлесті алады:
▫️
жеке кәсіпкерлер – 67% (1,1 млн.),
▫️шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 19,2% (325,8 мың),
▫️шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,6% (230,5 мың),
▫️орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2% (2,7 мың)

Аймақтар бойынша:
▪️
Алматы – 271,2 мың (+37,2%),
▪️Астана – 191,4 мың (+ 21,7%),
▪️Түркістан облысы – 171,2 мың (+ 19,1%),
▪️Шымкент – 101 мың (+39%).

Қызмет бағыттары:
▫️
Сауда және автокөлік жөндеу – 586,4 мың,
▫️Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 266,3 мың,
▫️Құрылыс – 90,9 мың,
▫️Өнеркәсіп – 89,2 мың,
▫️Жылжымайтын мүлікпен операциялар - 83 мың.

@findala
🔥4👍1
💸Несиені мерзімінен бұрын өтеу: нені білу қажет?

Әдетте, қарыз алушылардың көпшілігі несиелерін тезірек жабуға тырысады. Толық болмаса да, кем дегенде ішінара негізгі қарыз сомасын және несие бойынша сыйақы мөлшерін азайтады. Сондықтан бүгін біз несиені қалай мерзімінен бұрын өтеу керектігін талдаймыз.

🖊️Қол қоймас бұрын, несие шартын мұқият оқып шығыңыз

Қарызды ресімдеу алдында, оны мерзімінен бұрын өтеу шарттарын нақтылауды ұсынамыз. Негізінде сіз несиені пайдаланудың нақты күндері үшін ғана банкке пайыз төлейсіз. Егер сіз сақтандыруды да сатып алсаңыз, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтарып көруге болады.

🗓️Мерзімінен бұрын өтеу алдында, несиенің нақты сомасын біліңіз

Төлем кешіктірілген жағдайда, адамда қарыздар жинақталуы мүмкін. Кейін шотты толтыру кезінде, ең алдымен өсімпұл мен айыппұл сомасы, содан кейін ғана ай сайынғы төлем алынады. Сонымен қатар, егер ай сайынғы төлем толық төлем ретінде есептелмесе, онда мерзімі өткен берешек мөлшері қайта артады. Сондықтан несие бөлімінің менеджерінен барлық өсімпұлдарды, айыппұлдарды және ай сайынғы төлемді ескере отырып, қарыздың толық көлемін есептеуді алдын ала сұрау маңызды.

✔️Несиені өтеу әдісін таңдаңыз

Несиені мерзімінен бұрын өтеудің әртүрлі жолдары бар. Кейбір несие мекемелері филиалға келіп, кассир арқылы шотыңызды толтыруды сұраса, басқалары төлемді онлайн да қабылдауы мүмкін. Дегенмен, кейде сайт немесе карта арқылы несиені өтеу кезінде, комиссия алынуы мүмкін. Сондықтан төлем жасамас бұрын, несие мекемесінің менеджерімен алдын ала кеңескен дұрыс.

🫰Қарызды ішінара өтеудің нюанстары

Несиені ішінара өтеу кезінде, сіз кестеңізге сәйкес ай сайынғы төлемдерден босатылмайсыз. Сонымен қатар, қарызды өтеу келісімшартта көрсетілген операциялық күннің соңына дейін жүргізілуі керек.

📃Несие тарихыңызды тексеріңіз

Несиені өтегеннен кейін, жабық келісімшарт бойынша төлемді кешіктіру немесе берешек туралы қате жағдайды болдырмау үшін, несиелік тарихыңызды қайта тексерген жөн. Несие тарихыңызды келесілер арқылы тексеруге болады:

Мемлекеттік кредиттік бюро
Бірінші несиелік бюро
Электрондық үкімет порталы
Тұрғылықты жері бойынша ХҚО.

@findala
👍5
💰Республикалық бюджеттен 278 млрд теңге игерілмеді

2022 жылдың 10 айында республикалық бюджеттің орындалмауы 295 млрд теңгені құрады, оның 17 млрд теңгесі – үнемдеу.

Шығындар орындалды:
▫️мемлекеттік бюджет – 96,7%,
▫️республикалық – 98%,
▫️жергілікті бюджеттер – 94%.

Республикалық бюджет бойынша:
▪️Шығындар – 14,5 трлн теңге,
▪️Орындалмаған қаражат – 295 млрд теңге, оның 17 млрд теңгесі үнемдеу,
▪️Игерілмеген – 278 млрд теңге.

Бюджеттің игерілмеуінің негізгі себептерінің бірі:
▫️қазынашылықтың ақпараттық жүйелеріндегі техникалық ақаулар,
▫️конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу,
▫️орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау,
▫️шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу,
▫️қосымша келісімдер.

Ең үлкен бюджеттің игерілмеуі:
▪️Астана,
▪️Маңғыстау,
▪️Батыс Қазақстан,
▪️Ақтөбе облыстарында.

@findala
👍5
📉Қазақстан экономикасының өсімі 2,8%-дан 2,5%-ға төмендеді.

2022 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 2,8%-ға жеткен.

Өнеркәсіп салаларында оң өсім байқалды:
▫️ауыл шаруашылығы,
▫️ақпарат және байланыс,
▫️құрылыс,
▫️өңдеу өнеркәсібі,
▫️сауда,
▫️көлік және қойма.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 6,7%. Экономиканың негізгі салаларында инвестиция ағыны өсті:
▪️өнеркәсіп – 4,1%-ға,
▪️тау-кен өнеркәсібі – 13,7%-ға,
▪️ауыл шаруашылығы – 7,4%-ға,
▪️жылжымайтын мүлікпен операциялар – 14,7%-ға,
▪️көлік және қойма шаруашылығы – 8,5%-ға.

Көрсеткіштер:
1️⃣Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы сауда айналымы 35% өсіп, 98,4 миллиард долларды құрады.
2️⃣Экспорт көрсеткіші 47,5% өсіп, 63,8 млрд долларды құрады.
3️⃣Өңделген тауарлар экспорты 37,5% өсіп, 19,3 млрд долларды құрады.
4️⃣Тауар импорты 34,6 млрд долларды құрады.
5️⃣Жалпы, оң сауда сальдосы 29,3 млрд долларды құрады.

Оң өсу қарқынын сақталды:
▫️Өңдеу өнеркәсібі – 4,3%.
▫️Машина жасау – 7,7%,
▫️Автомобиль өнеркәсібі – 18,3%,
▫️Химия өнеркәсібі өнімдері – 10,6%,
▫️Жеңіл өнеркәсіп – 7,8%.

Еске сала кетсек, қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 2,8%-ды құрады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 4,4%-ға дейін көтеріледі деп болжануда.

@findala
5
​​🏢Қазақстан тұрғын үй компаниясын

Еліміздің қаржы институттарына арналған апталық айдарымыздың аясында, бүгін біз «Қазақстан тұрғын үй компаниясын» қарастыратын боламыз. Компанияның қызмет функциясы, акциялары, қаржылық көрсеткіштері жайлы толығырақ айтылатын болады. Ең қызықтысын білу үшін әрі қарай оқыду сұраймыз.

📎Био

«Қазақстан тұрғын үй компаниясының» мақсаты – ипотекалық несиелер беру және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру арқылы, Қазақстан азаматтарын қолжетімді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету. Еске сала кетсек, «Бәйтерек» холдингі оның мемлекеттік акцияларының 100% үлеспен иелік етеді.

🧮Қызметтері:

▫️ипотекалық несиелер беру;
▪️кейін сатып алу құқығы бар, жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз ету;
▫️мемлекеттік бағдарламалар бойынша, құрылыс компанияларын несиелендіру;
▪️жеке құрылыс компаниялардың ипотекалық несиелерін субсидиялау;
▫️тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
▪️тұрғын үйлер құрылысының аяқталуына кепілдік беру.

🆕Ребрендинг

2020 жылы «Қазақстан ипотекалық компаниясына» «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» қосылды. Қайта ұйымдастырудан кейін, компания Бірыңғай тұрғын үй құрылыс операторына айналды. Ал 2021 жылы ребрендинг өтіп, атауы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ болып өзгертілді.

🖇️Акциялар бойынша не бар?

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, жарияланған акциялардың жалпы саны 22 000 000 дана, 17 881 022 орналастырылды. Еске сала кетсек, компанияның барлық акцияларын жалғыз "Бәйтерек" холдингі иелік етеді.

💼KASE-де облигацияларды орналастыру

2021 жылы KASE «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» облигацияларын орналастыру бойынша, мамандандырылған сауда-саттық өткізді. Нәтижесінде эмитент 50 млрд теңге көлемінде қаражат тарта алды.

Облигацияларды жылдық 7,02% мөлшерлемемен орналастыру жоспарланды, қағаздарды өтеу мерзімі 10 жыл.

💰Пара алу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, өткен жылы «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» басқарма төрағасының орынбасары 2,4 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Ортақ мүлікті басқару (жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету) ұйымына қызмет көрсету туралы актіге қол қою үлкен күдік туғызды. Сонғы шешім үшін, іс сотқа жедел түрде жеткізілді.

🔖Қорытынды

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» еліміздің азаматтарын қолжетімді баспаналармен қамтамасыз ету үшін, еңбек тер төгуде. Іске асыратын жобаларды зерттесек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер үшін, кейін сатып алу құқығы бар, жалға тұрғын үйлер беріледі. Бұл әлеуметтік жағынан халыққа үлкен көмек болып табылады. Ал қаржылық көрсеткіштері жұлдыздай жарқырамаса да, бәрібір көңілінізді қалдырмайды. Сондықтан нақты қорытындыны барлық көрсеткіштерді ескере отырып, жыл соңында жасаған дұрыс.

@findala
👍32
💼Әрбір бесінші қазақстандық артық жұмыс жасайды

2022 жылдың үшінші тоқсанында 1,56 миллион азамат аптасына 40 сағаттан астам жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылардың 19% құрайды. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 0,7%-ға төмендеді. Көлімінен көп еңбек ететіндердің 90%-ы бір негізгі жұмыс берушіде қызмет етеді, шамамен 1,4 миллион адам. Әдетте, бұл жұмысшы мамандықтардың өкілдері.

Қаржыгерлер мен сақтандырушылар арасында бар болғаны 18,6 мың адам мөлшерінен артық істейді. Ал мемлекеттік қызметшілер санаты 0,5% немесе 2,2 мың. адам.

@findala
3
📈Алаяқтар IPO-да жалған мобильді қосымшаны ойлап тапты

«ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларының атымен жамылып, жалғасып жатқан IPO аясында алаяқтар Play Market-те инвесторларға арналған жалған қосымшаны белсенді жарнамалауда.

Жалған брокерлер кез келген құрылғыға тегін орнатылатын қосымшаны пайдаланып, IPO-да «ақша табуды» ұсынады. Сенгіш азаматтарды барынша көп тарту үшін, ҚазМұнайГаз атауы мен логотипін пайдаланады.

Алаяқтар бағалы қағаздарды сатып алу оңай және әрбір инвестиция кепілдендірілген табыс әкелетінін сендіреді. Дәлел ретінде олар жалған шолулар мен жақсы пікірлерді жариялайды және бұл қосымша мемлекеттің қолдауымен жасалғанын мәлімдейді.

Міндетті түрде назар аударыңыз:
▫️қосымша шыққан күні,
▫️қосымша қаншалықты жиі жаңартылады,
▫️әзірлеушінің ​​аты-жөні,
▫️шолулар саны, сондай-ақ жақсы пікірлер қалдырған пайдаланушылардың аттары.

@findala
👍4
🏦Halyk Bank Тәжікстанда өзінің еншілес компаниясын сатуда

Halyk Bank өзінің еншілес компаниясы-Тәжікстан Банкінің 100% акциясын сатуда. Қазақстан қор биржасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Тәжікстанның халықаралық банкі басты сатып алушы болып табылады.

Мәміле осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Өз кезегінде, Тәжікстанның халықаралық банкі барлық қажетті реттеушілік рұқсаттарды алды.

Мәміле кезінде және барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін, Тәжікстан Халық Банкі бұрын жасалған келісімдердің талаптарына сәйкес банктік қызметтердің барлық түрлерін көрсете отырып, әдеттегідей жұмыс істеп, клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастырады.

@findala
👍4
💰Қазақстанның қаржы ұйымдарына тұтынушылар құқығын бұзғаны үшін миллиондаған айыппұл салынды

Қазақстанда тұтынушылар құқығын бұзғаны үшін, қаржы институттарына айыппұлдар көбейе бастады.

Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың тоғыз айында жеке және заңды тұлғалардың 23 мың өтініші қаралған. Өтініштердің 16,6 мыңы немесе 71% банк секторына тиесілі. Банктерге келіп түскен өтініштердің жалпы санының 66% немесе 10,9 мыңы тұтынушылық несиеге қатысты.

Барлық түскен өтініштер бойынша құжаттамалық тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 103,2 млн.теңгеге 162 шара және 137 санкция қолданылды.

Азаматтардың өтiнiштерi негiзiнде, қарыз алушылар тұтынушылық несиелер алған кезде оларға сақтандыру шарттарын қоса жазу, сондай-ақ микронесие бойынша қосымша консультациялық қызметтердi сату, артық комиссиялық сыйақылар мен өсiмпұлдарды заңсыз өндiру фактiлерi анықталды.

@findala
4👍1
🏗️Қазақстанда құрылыс салушыларға тұрғын үйдің 1 шаршы метрі қаншаға түседі?

2022 жылы Қазақстанда 11,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылғы көрсеткіштің 68% құрайды. 1 шаршы метр құрылыстың орташа құны 146,2 мың теңгені құрады, яғни нарықтық құнының 33,9%.

Аймақтық тұрғыда шығындар мен тұрғын үй құнының ең үлкен арақатынасы Алматы облысына келеді – 85%, мұнда құрылыс құны 161 мың теңге, ал жаңа ғимараттардағы баға – 190 мың теңге.

Ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысында байқалды – 28%, мұнда 1 шаршы метрді салуға 84 мың теңге жұмсалған, ал жаңа құрылыстардағы баға – 297 мың теңге.

@findala
1👍1