🏢Қазақстан тұрғын үй компаниясын
Еліміздің қаржы институттарына арналған апталық айдарымыздың аясында, бүгін біз «Қазақстан тұрғын үй компаниясын» қарастыратын боламыз. Компанияның қызмет функциясы, акциялары, қаржылық көрсеткіштері жайлы толығырақ айтылатын болады. Ең қызықтысын білу үшін әрі қарай оқыду сұраймыз.
📎Био
«Қазақстан тұрғын үй компаниясының» мақсаты – ипотекалық несиелер беру және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру арқылы, Қазақстан азаматтарын қолжетімді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету. Еске сала кетсек, «Бәйтерек» холдингі оның мемлекеттік акцияларының 100% үлеспен иелік етеді.
🧮Қызметтері:
▫️ипотекалық несиелер беру;
▪️кейін сатып алу құқығы бар, жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз ету;
▫️мемлекеттік бағдарламалар бойынша, құрылыс компанияларын несиелендіру;
▪️жеке құрылыс компаниялардың ипотекалық несиелерін субсидиялау;
▫️тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
▪️тұрғын үйлер құрылысының аяқталуына кепілдік беру.
🆕Ребрендинг
2020 жылы «Қазақстан ипотекалық компаниясына» «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» қосылды. Қайта ұйымдастырудан кейін, компания Бірыңғай тұрғын үй құрылыс операторына айналды. Ал 2021 жылы ребрендинг өтіп, атауы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ болып өзгертілді.
🖇️Акциялар бойынша не бар?
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, жарияланған акциялардың жалпы саны 22 000 000 дана, 17 881 022 орналастырылды. Еске сала кетсек, компанияның барлық акцияларын жалғыз "Бәйтерек" холдингі иелік етеді.
💼KASE-де облигацияларды орналастыру
2021 жылы KASE «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» облигацияларын орналастыру бойынша, мамандандырылған сауда-саттық өткізді. Нәтижесінде эмитент 50 млрд теңге көлемінде қаражат тарта алды.
Облигацияларды жылдық 7,02% мөлшерлемемен орналастыру жоспарланды, қағаздарды өтеу мерзімі 10 жыл.
💰Пара алу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, өткен жылы «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» басқарма төрағасының орынбасары 2,4 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Ортақ мүлікті басқару (жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету) ұйымына қызмет көрсету туралы актіге қол қою үлкен күдік туғызды. Сонғы шешім үшін, іс сотқа жедел түрде жеткізілді.
🔖Қорытынды
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» еліміздің азаматтарын қолжетімді баспаналармен қамтамасыз ету үшін, еңбек тер төгуде. Іске асыратын жобаларды зерттесек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер үшін, кейін сатып алу құқығы бар, жалға тұрғын үйлер беріледі. Бұл әлеуметтік жағынан халыққа үлкен көмек болып табылады. Ал қаржылық көрсеткіштері жұлдыздай жарқырамаса да, бәрібір көңілінізді қалдырмайды. Сондықтан нақты қорытындыны барлық көрсеткіштерді ескере отырып, жыл соңында жасаған дұрыс.
@findala

👍3❤2
💼Әрбір бесінші қазақстандық артық жұмыс жасайды
2022 жылдың үшінші тоқсанында 1,56 миллион азамат аптасына 40 сағаттан астам жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылардың 19% құрайды. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 0,7%-ға төмендеді. Көлімінен көп еңбек ететіндердің 90%-ы бір негізгі жұмыс берушіде қызмет етеді, шамамен 1,4 миллион адам. Әдетте, бұл жұмысшы мамандықтардың өкілдері.
Қаржыгерлер мен сақтандырушылар арасында бар болғаны 18,6 мың адам мөлшерінен артық істейді. Ал мемлекеттік қызметшілер санаты 0,5% немесе 2,2 мың. адам.

❤3
📈Алаяқтар IPO-да жалған мобильді қосымшаны ойлап тапты
«ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларының атымен жамылып, жалғасып жатқан IPO аясында алаяқтар Play Market-те инвесторларға арналған жалған қосымшаны белсенді жарнамалауда.
Жалған брокерлер кез келген құрылғыға тегін орнатылатын қосымшаны пайдаланып, IPO-да «ақша табуды» ұсынады. Сенгіш азаматтарды барынша көп тарту үшін, ҚазМұнайГаз атауы мен логотипін пайдаланады.
Алаяқтар бағалы қағаздарды сатып алу оңай және әрбір инвестиция кепілдендірілген табыс әкелетінін сендіреді. Дәлел ретінде олар жалған шолулар мен жақсы пікірлерді жариялайды және бұл қосымша мемлекеттің қолдауымен жасалғанын мәлімдейді.
Міндетті түрде назар аударыңыз:
▫️қосымша шыққан күні,
▫️қосымша қаншалықты жиі жаңартылады,
▫️әзірлеушінің аты-жөні,
▫️шолулар саны, сондай-ақ жақсы пікірлер қалдырған пайдаланушылардың аттары.

👍4
🏦Halyk Bank Тәжікстанда өзінің еншілес компаниясын сатуда
Halyk Bank өзінің еншілес компаниясы-Тәжікстан Банкінің 100% акциясын сатуда. Қазақстан қор биржасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Тәжікстанның халықаралық банкі басты сатып алушы болып табылады.
Мәміле осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Өз кезегінде, Тәжікстанның халықаралық банкі барлық қажетті реттеушілік рұқсаттарды алды.
Мәміле кезінде және барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін, Тәжікстан Халық Банкі бұрын жасалған келісімдердің талаптарына сәйкес банктік қызметтердің барлық түрлерін көрсете отырып, әдеттегідей жұмыс істеп, клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастырады.

💰Қазақстанның қаржы ұйымдарына тұтынушылар құқығын бұзғаны үшін миллиондаған айыппұл салынды
Қазақстанда тұтынушылар құқығын бұзғаны үшін, қаржы институттарына айыппұлдар көбейе бастады.
Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың тоғыз айында жеке және заңды тұлғалардың 23 мың өтініші қаралған. Өтініштердің 16,6 мыңы немесе 71% банк секторына тиесілі. Банктерге келіп түскен өтініштердің жалпы санының 66% немесе 10,9 мыңы тұтынушылық несиеге қатысты.
Барлық түскен өтініштер бойынша құжаттамалық тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 103,2 млн.теңгеге 162 шара және 137 санкция қолданылды.
Азаматтардың өтiнiштерi негiзiнде, қарыз алушылар тұтынушылық несиелер алған кезде оларға сақтандыру шарттарын қоса жазу, сондай-ақ микронесие бойынша қосымша консультациялық қызметтердi сату, артық комиссиялық сыйақылар мен өсiмпұлдарды заңсыз өндiру фактiлерi анықталды.

❤4👍1
🏗️Қазақстанда құрылыс салушыларға тұрғын үйдің 1 шаршы метрі қаншаға түседі?
2022 жылы Қазақстанда 11,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылғы көрсеткіштің 68% құрайды. 1 шаршы метр құрылыстың орташа құны 146,2 мың теңгені құрады, яғни нарықтық құнының 33,9%.
Аймақтық тұрғыда шығындар мен тұрғын үй құнының ең үлкен арақатынасы Алматы облысына келеді – 85%, мұнда құрылыс құны 161 мың теңге, ал жаңа ғимараттардағы баға – 190 мың теңге.
Ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысында байқалды – 28%, мұнда 1 шаршы метрді салуға 84 мың теңге жұмсалған, ал жаңа құрылыстардағы баға – 297 мың теңге.

❤1👍1
🖊️Біз #сөздік жаңа айдарымызды жалғастыра отырып, қаржы-экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіреміз. Бізбен бірге болуды шақырамыз!
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар және инвестициялық қорлардың бірлігі саудаланатын қаржы алаңының түрі.
Мысалы қор биржасында сауда жасау, қазіргі Қазақстанда ақша табудың ең танымал тәсілдерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта елімізде екі қор биржасы бар:
▫️KASE (1993 жылы құрылған)
▫️AIX (2017 жылы құрылған).

🤔Қазақстанда қандай кәсіпорындарға бөлшек сауда салығын қалдырды?
Қазақстан жаңа жылдан бастап бөлшек салық салынатын салаларды қайта қарастырады. Премьер-Министрдің қаулысына сәйкес, қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін нысанның сегіз түрі бойынша, бөлшек сауда салығы 2023-2025 жылдар аралығында қолданылады.
Тізімге ресми іс-шараларды өткізуге арналған мейрамханасы бар қонақүйлер, тамақ жеткізу, мейрамхана бизнесі кіреді. Сондай-ақ елді мекендерден тыс жерде, жолаушылар пойыздарында және т.б. тамақтандырумен айналысатындар.
Бастапқыда үкіметтің алғашқы шешімін жүзеге асыру аясында, 2023 жылдан бастап қоғамдық тамақтандыруға 6% бөлшек сауда салығы жоспарланған. Алайда белгілі мекемелер үшін салық кодексі мүмкіндігінше қарапайым болуы қажет, сондықтан айналым бойынша ортақ 3% салық ставкасы нақтыланды.

❤3👍1
💸Несиені өтеудегі қиындықтар: қарыз алушыға нені білу маңызды
Несиені рәсімдеу кезінде әрбір қарыз алушы өзінің тұрақты қаржылық жағдайына үміттенеді, алайда күтпеген жағдайларға байланысты оның нашарлау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Жұмысынан айырылу немесе жалақының төмендеуі нәтижесінде, қаржылық қиындықтар несие беруші алдындағы міндеттемелерін орындай алмауына әкеледі.
✒️Заңдағы түзетулер
Кредиттік ұйымдар кешіктірілген төлем туралы, туындаған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде хабарлауы міндетті. Несие берушілер кешіктірілген төлемнің нақты көлемін және несиелер мен микрокредиттер бойынша міндеттерді орындамау салдары жайлы нақтылауға тиіс.
🧮Ай сайынғы несие төлемдерін төлей алмау жағдайында
2021 жылдан бастап кешіктірілген төлемдері бар тұлғалар, несиені қайта құрылымдау мәселелерін тікелей кредиторлармен шеше алады. Несие алушылар кешіктірілген күннен бастап, 30 күн ішінде жазбаша өтінішпен несие мекемесіне жүгінуі маңызды. Міндеттемелерді төлеуге қабілетсіздігін құжаттай отырып, кешіктіру себептерін көрсету міндетті. Сондай-ақ несиені қайта құрылымдаудың ықтимал нұсқаларын ұсыну қажет.
📎Қайта құрылымдау шарттары қамтуы мүмкін:
▫️сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
▫️кейінге қалдырылған төлем;
▫️өтеу әдісін өзгерту;
▫️несие мерзімін ұзарту;
▫️қарыздық жүктемені азайту және т.б.
⌚️Қарыз алушының өтініші қанша уақыт қарастырылады?
Сіздің өтінішіңіз міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі және кредиттік мекеменің қарауына жатады. Кредитор 15 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыға жауап беруге міндетті: несие шартының талаптарына ұсынылған өзгертулерді қабылдауға, өз ұсыныстарын беруге немесе себебін негіздей отырып бас тартуға.
🤔Несиелік ұйымдар ымыраға келіспеу жағдайында не істеу қажет?
Егер сіз кредиттік ұйыммен несиені қайта құрылымдау шарттары бойынша ортақ келісімге келе алмасаңыз, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге толық құқығыңыз бар. Ең бастысы, шынымен де несие берушімен ымыраға келе алмағанын растау. Нәтижесінде Агенттік өз өкілеттігі аясында кредиторға тексеруді ұйымдастырып, оның жұмысын бағалайтын болады. Сонымен қатар, бұл кезеңде несие беруші халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін тартып ала алмайды.

👍2🔥1
🚗Үшінші тоқсанда автонесие сұранысы төмендеді
Бөлшек несиелерге сұраныс III тоқсанда ипотекалық және тұтынушылық несиелендіру сегментінде өссе, автонесие көрсеткіші бойынша – аздап төмендеді.
Есепті тоқсанда автонесиелерге сұраныстың төмендеуі автокөліктерді автосалондарға жеткізудің кешіктірілуіне байланысты болды. Сонымен қатар, жеке ірі банк автонесие бойынша пайыздық мөлшерлемені көтерді, бұл да халық арасында сұраныстың төмендеуіне сөзсіз әсер етті. Осылайша, есепті тоқсанда автонесие сегментінде қабылданған өтінімдерден бас тарту пайызы өткен тоқсандағыдай 88% деңгейінде қалды.

❤2👍1
🏢Қазақстанда тұрғын үй құрылысына жаңа субсидия түрі қолданылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығының жобасына сәйкес, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту 2026 жылға дейінгі» тұжырымдамасына ауыстыру ұсынылып отыр. Бұл ретте тұжырымдама қабылданғаннан кейін, бұрынғы бағдарлама күші жойылды деп танылады.
Бұл ретте, тұрғын үйді белгіленген бағамен сатудың жаңа тәртібі ұсынылып отыр. Осылайша, мемлекеттік субсидия алатын құрылыс компаниясы, салынып жатқан тұрғын үйдің кем дегенде 50%-ын несие құнынан шаршы метрге белгіленген сату бағасы бойынша ұсынуы тиіс:
▫️310 мың теңге – Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңындағы елді мекендерінде;
▫️260 мың теңге – Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында;
▫️220 мың теңге – басқа аймақтарда.
Қарыз алушы жергiлiктi атқарушы органға және «Бәйтерек» ұлттық холдингiнiң еншiлес ұйымдарына тұрғын үйдi белгiленген бағалар бойынша сату туралы ұсыныстарын жолдайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, белгіленген баға бойынша сатылмаған тұрғын үй болған жағдайда, қарыз алушы жылжымайтын мүлікті нарықтық шарттарда сату туралы шешім қабылдайды. Кейін банкке және қаржы агентіне ай сайын жазбаша түрде тұрғын үйді сату туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

🛢️Қазақ мұнайының сатылымы
2022 жылдың қыркүйек айында шетелге 4 миллион 597 мың тонна шикі мұнай сатылды. Бұл 2019 жылдың шілдесінен бергі ең төменгі айлық көрсеткіш.
Төмендеу негізінен Азия елдеріне мұнай жеткізудің азаюына байланысты болды:
▫️Түркия (361,8 мыңнан 230,7 мың тоннаға дейін),
▫️Корея (539,4 мыңнан 419 мыңға дейін),
▫️Үндістан (248,7-ден 25,6 мыңға дейін).
Жеткізу толығымен тоқтатылды:
▪️БАӘ (тамызда – 141 мың тонна),
▪️Панама (130,8 мың тонна).
2022 жылдың 9 айында шетелге 50,8 миллион тоннаға жуық қазақстандық мұнай жіберілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,6% артық. Бірақ әлемдік бағаның өсуіне байланысты, оны сатудан түскен табыс анағұрлым күшейді – 63,4%-ға, $36,4 млрд.

🔖Қазан айында Қазақстанда тіркелген әрбір үшінші компания шетелдіктердікі
Қыркүйекте жарияланған Ресейдегі ішінара жұмылдыру және кейінгі шетел азаматтарының қоныс аудару толқыны, елімізде бизнестің жаңа сандық өсуіне әкелді.
Қазан айында республикада 4739 жаңа компания тіркелді, олардың үштен бірі немесе 1580 бірлік шетелдік меншік нысанында, бұл рекордтық көрсеткіш.
2022 жылы Қазақстанда пайда болған әрбір бесінші жаңа компания немесе 21,5% шетелдік. Мұндай компаниялардың жартысына жуығы тек Алматыда тіркелген: қазан айында 717 бірлік боп саналды.
Жалпы, 2022 жылдың 10 айында Қазақстанда шетелдік меншік нысанындағы 9184 жаңа компаниялар ашылды. Салыстырмалы түрде алсақ, 2020 және 2021 жылдарды қоса алғанда, олардың саны не болғаны 6,7 мыңнан аспаған.

👛Жалақы шынымен өсті ме?
Жалақы модальды және медианалық болып бөлінеді. Бүгін біз әрбір түрге тоқталып, елдегі жалақының нақты өсуіне жалпы шолу жасаймыз.
🔸Қазан айындағы медианалық жалақы 189 018 теңге
Қосымшалар бұл жалақыны келесідей қарастырады: олар азаматтардың барлық ықтимал жалақысының сомасын өсу ретімен жазып, қатардың тура ортасындағы біреуінбелгілейді.
🔹Модальды жалақы
Модальды жалақы деген де бар. Оны есептеу үшін біздің статистика мамандары тым болмаса жан-жағынан сұрап, жиі еститін цифрды айтуы керек. Бірақ әдетте олар бұл туралы жиі ұмытады, өйткені мұндай мәртебені сирек алады - жылына бір рет.
🔸Неліктен жалақының түрлерін білу қажет?
Бұл орташа мәндермен айырмашылық - төбеден асатын айлықпен байлардың немесе кедей азаматтардың басымдылығын көрсетеді.
🔹Мысалы
Қазір орташа жалақы 299 782 теңге, ал медианалық жалақы 189 018 теңге, айырмашылық 100 мыңнан асады. Бұл медиананы орташа жалақыдан алшақтығы, кейбір азаматтардың жалақысы соншалықты төмендігін көрсетеді.
🔸Шынайы жалақы
Сондай-ақ, инфляцияны есепке алғанда, табысымыздың қаншалықты өскенін көрсететін жалақының нақты өсімі бар. Біздің бюрократтар мұны әдетте айтпауға тырысады, өйткені инфляция деңгейі тыныш қорқынышты тудырады.
Мысалы, 2021 жылдың 3-тоқсанында бір жылдағы атаулы жалақы 23%-ға, ал негізінде – 5,8%-ға өсті.
🔹Қорытынды
Қорытындылай келе, статистика нені көрсететінін түсіну маңызды, өйткені бұл жалған жақсы өмір туралы елес тудырады. Шын мәнінде, үлкен сандар инфляция сияқты көптеген факторларды елемейтін, алдау ертегі болып табылады.

👍5
💸Қазақстанда несиелік амнистия болмайды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «несие амнистиясы» туралы ақпарат жиі тарайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тараған ақпараттың жалған екенін, әрі азаматтарды адастырып, кейін қаржылық жағдайын қиындататын әрекеттерге итермелейтінін алға тартады.
Несие бойынша мерзімі өткен азаматтарды қолдау мақсатында, 2021 жылдың қазан айынан бастап, берешекті өтеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілгені атап өтілді.

❤2🤯1
🖋️«Қазына Капитал Менеджмент»
Еліміздің қаржы институттарына арналған апталық айдарымыздың аясында, бүгін біз «Қазына Капитал Менеджмент» қорын қарастыратын боламыз. Оның қызмет функциясын, іске асырған жобалары жайлы толығырақ айтылатын болады. Ең қызықтысын білу үшін әрі қарай оқыду сұраймыз.
🖇️Био
«Қазына Капитал Менеджмент» негізгі мақсаты - Қазақстанда жеке капиталдың инфрақұрылымын қалыптастыру, жетекші халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тарту. Ол ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесетін, жеке капитал қорларының қоры.
Қызмет функциясы:
- тікелей инвестициялар нарығын дамыту;
- ESG стандарттарына сай тұрақты кәсіптерді қолдау;
- өндірісті техникалық деңгейін арттыру;
- АӨК-дегі қаржыландырудың қолжетімділігіне мүмкіндік жасау.
Қолдаған жобалары:
1. «ҚазАрмаПром» ЖШС, Инвестиция мөлшері: 1,15 млрд теңге
2. «Керуен-Медикус» ЖШС, Инвестиция мөлшері: 2 млрд теңге
3. «Green Capital Kazakhstan» ЖШС, Инвестиция мөлшері: 10 млн АҚШ долл.
📈Акциялар бойынша не бар?
2022 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша, жарияланған акциялардың жалпы саны 55 000 000 дана, 53 550 003 орналастырылды. Еске сала кетсек, компанияның барлық акцияларын жалғыз "Бәйтерек" холдингі иелік етеді.
🗄️Қорытынды
Қазына Капитал Менеджмент қоры жеке капитал инфоқұрылымынды маңызды рөл атқарады, ал инвестициялар тарту саясаты экономикамызға жағымды әсер етуде. Қаржылық жағдайын атап өтсек, кестеде қордың тек таза пайдасы қана нақты өскеніне көз жеткізе аламыз. Алайда басқа көрсеткіштердің қалыпты қалғаны да, жаман көз қарас тудырмайды. Жыл соңында барлық көрсеткіштерін талдай отырып, қор жұмысының тиімділігіне кейін қорытынды жасауға болады.

❤2
🔨2023 жылы 1 миллионға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарлануда
2022 жылдың он айында Қазақстанда 764,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде:
▫️бос жұмыс орындары – 263,8 мың,
▫️жеке бастамалар шеңберінде – 261,2 мың,
▫️республикалық жобаларды іске асыруда – 47 мың,
▫️жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған – 161,5 мың.
2023 жылы 1 миллионға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарлануда:
▪️ұлттық жобаларды іске асыру – 499,1 мың,
▪️бос жұмыс орындары – 296,8 мың,
▪️мемлекет басшысының 10 мың халыққа 100 жұмыс орнын құру туралы бастамасы – 110,9 мың,
▪️кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін 5,8 мың жасқа жылдық 2,5 пайызбен шағын несие және 9 мың грант беру жоспарлануда,
Сондай-ақ өңірлерде мобильді жұмыспен қамту орталықтары іске қосылып, ауыл тұрғындары үшін жылжымалы жұмыс орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылады.