🤔Несиені қосымша жүктелген қызметтерсіз қалай алуға болады?
Қажетсіз заттардың ұсынысы
Қаржы ұйымдары өздерінің артықшылық жағдайын пайдалана отырып, көбінесе қазақстандықтарға керексіз қосымша қызметтерді жүктейді. Кейде банктерде несие рәсімдеу кезінде, клиенттерге сақтандыру полисін алу, банк картасын немесе депозит ашу қажеттілігі жайлы айтып, қызықтырады. Сондықтан да бұл мақала артық төлем жасамауға және қажет болмаса, қосымша қызметтерге келіспеуге көмектеседі.
📃Сақтандыру полисі қажет пе?
Сақтандыру компаниялары банктермен келісім-шарт жасап, оларға сатылған сақтандыру полисі үшін белгілі бір пайызды төлейді. Сақтандыру өнімдерінің негізгі серіктесіне айналған банктер, мүмкіндігінше көп адамдарды сақтандыруға тырысады. Оған қоса кейде банк менеджерлері өз мүдделеріне сай, клиенттерге басқа ұйымда сақтандыру немесе сақтандырудан мүлдем бас тарту мүмкіндігі туралы әдейі ескертпейді.
📎Сақтандыруды сатып алмау = несиеден рұксат алмау
Несие алуға өтініш берген кезде, ұсынылған сақтандырудан толық бас тартуға немесе өзіңіз таңдаған сақтандыру компаниясынан сатып алуға толық құқығыңыз бар. Алайда, кейбір банктерде қосымша қызметтер міндетті түрде сатылады. Кей жағдайларда оны сатып алудан бас тартқанда, несие берілмеуі де мүмкін. Егер сізге себебін нақты түсіндірмей, несие беруден бас тартылса, онда сіздің заңды құқықтарыңыз бұзылады. Сондықтан менеджер сізді өз ережелері бойынша ойнауға мәжбүрлеуге тырысады, бірақ сіз оған келіспеуіңіз қажет.
💳Картаны ашу міндетті
Кейбір менеджерлер өздеріне бонустар алу үшін, адмдарға банк картасын ашуға мәжбүр етуі мүмкін. Дегенмен, сіз жарамды банк картасын мүлдем пайдаланбасаңыз да, жыл сайын техникалық қызмет көрсету үшін төлеуге тура келетінін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, транзакция жағдайында: қолма-қол ақшаны алу, аудару, дүкенде төлеу, осы картадан комиссия алынады.
💡Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Несие сомасының сіз сұраған сомаға сәйкес келетініне көз жеткізу маңызды, өйткені сақтандыру сыйлықақысы несиеге қосылып, оған пайыздар есептелуі мүмкін. Банк менеджерінен несие қандай сомаға және қанша уақытқа мақұлданғаныңызды қайта тексеруіңіз қажет. Сондай-ақ несиені мерзімінен бұрын өтеу шарттарын және ай сайынғы төлемдерді кешіктіргені үшін өсімпұл сомасын зерделеу міндетті. Осыған қоса, 2020 жылдан бастап, жадаманың жаңа түрі іске қосылды, ол туралы банк клиентті несие алмас бұрын таныстыруға міндетті. Ал бұл туралы келесі мақалада толығырақ қарастыратын боламыз.
@findala

👍5🔥1
👨🎓Қазақстандық студенттерге жылдық 2%-3% жеңілдікті несие беріледі
Білім беру гранттар жүйесі саралауда, енді 30%-дан 100%-ға дейін жеңілдіктер енгізе отырып, гранттардың құны қайта қаралатын болады. Оқу ақысын төлеу үшін, студенттерге жылдық 2%-3% ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие алу мүмкіндігін беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін, университеттермен және құрылыс компаниялары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдірілетін болады.

👍3
🔖Қазақстан Республикасындағы инфляция
2022 жылдың қазан айында айлық инфляция мөлшері 1,6% құрады. Қыркүйек айымен салыстырғанда, қазан айында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер әрқайсысы 1,7%-ға, азық-түлік тауарлары 1,4%-ға қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде
▪️жуу және тазалау құралдарының бағасы – 5%-ға,
▪️киім мен аяқ киім, тұрмыстық тауарлар – 2,1%-ға,
▪️тас көмір бағасы – 2,1%-ға өсті.
Ақылы қызметтердің баға деңгейі ішінде
▫️қонақ үй қызметтері – 6%-ға,
▫️демалыс және спорт қызметі – 3,3%-ға,
▫️балаларды дамыту орталықтары – 2,9%-ға қымбаттады.
Азық-түлік тауарларының баға деңгейі ішінде
▪️қызанақ – 21%,
▪️жұмыртқа – 6,3%,
▪️ұн өнімдері – 2,2% қымбаттады.
Тұтыну бағаларының индексін есептегенде
▫️азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%,
▫️азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%,
▫️ақылы қызметтер – 29,1% құрады.

👍3🔥1
📃Назарбаевтың жиені шетелдік құнды қағаздарға салған 300 миллион доллар мемлекетке қайтарылады
Антикор Тұңғыш Президенттің жиені Қайрат Сатыбалдыұлына қылмыстық жолмен табылған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша қозғалған жаңа істің деректерімен бөлісті.
Мәліметтерге сәйкес, сотталушыға тиесілі құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар шетелден елге қайтарылып, мемлекет кірісіне айналдырылған. Сонымен қатар, оның шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион доллар инвестициялағаны анықталды. Бұл сома да жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.
Қазіргі уақытта Сатыбалдыұлына салықтар мен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа қатысты, қылмыстық істер тергеліп жатқаны хабарланған болатын.

👍4
💰Қазақстанға қайтарылған активтердің көлемі 630 млрд теңгеге дейін ұлғайды
Активтерді қайтару жөніндегі Комиссия мемлекетке 630 млрд теңгеден астам сомаға ақша мен мүлікті қайтарып берді.
Кеден саласындағы прокурорлардың актілеріне сәйкес, бюджет 57 млрд теңгеге толықтырылды, сондай-ақ жалпы құны 5 млрд теңге болатын 140 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Прокуратура сотқа мемлекеттік мүлікті 13,5 млрд теңгеге қайтару туралы талап-арыз берді, қазіргі таңда Жоғарғы сот оның 16-сын қанағаттандырды.

👍6
📎Kcell 2022 жылғы қаржылық нәтижелерін ұсынды
Kcell компаниясы қаржылық көрсеткіштерінің тұрақты өсуін көрсетуде. 9 айда:
▫️жалпы табыс 18,4%-ға өсті,
▫️қызмет көрсетуден табыс 12,1%-ға өсті,
▫️EBITDA 17,9%-ға өсті,
▫️EBITDA маржасы 42,2% құрады.
2022 жылдың үшінші тоқсаны компания үшін табысты болды. Жалпы кірістің өсімі 16,0%-ға жетті. Кіріс өсімінің бұл деңгейі EBITDA-ның 18,4%-ға айтарлықтай өсуіне қол жеткізуге көмектесті.
Үшінші тоқсанда олар OGO Bonus адалдық бағдарламасын және «Досты шақыр» реферал бағдарламасын әзірледі, бұл 175 000-ға жуық ашылған шоттың белгісіне жетуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, компания B2B сегментінде дамып келеді. Нәтижесінде абоненттік база өсуі, 2021 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 14%-ды құрады.

👍3❤2
💰Қазақстанның жасыл экономикадан бас тартуы 1,5 триллион доллар шығынға және халықтың кедейленуіне әкеледі.
Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамы бойынша, әрекетсіздік елге өте қымбатқа түсуі мүмкін. Климатқа байланысты күйзелістер
▫️Қазақстан экономикасының 2050 жылға қарай 1,6%-ға төмендеуі,
▫️кедейлік деңгейінің 3%-ға артуы,
▫️нақты жалақының 2,1%-ға төмендеуіне әкеледі.
Егер әлем көмірсіздендірілсе, Қазақстан жыл сайынғы өсу қарқынының 2-2,5%-ға төмендеуіне тап болуы мүмкін.
Ұйым елдегі көміртегі шығарындыларының 80%-дан астамын құрайтын, энергетика секторын декарбонизациялауды ұсынады. Себебі, Қазақстан экономикасы толықтай дерлік қазбалы отынға, сондай-ақ экспорттық табыс көзі болып табылатын мұнай мен газға тәуелді.
Бұны Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқарту және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін қажет. 2050 жылға қарай елімізге қазба отындарына тәуелділікті азайтатын және экономиканың жаңа секторлары мен жаңа технологияларға инвестицияны арттыратын өсу үлгісі қажет.

👍5
💰Қазақстандықтар жылу үшін артық төлеген 500 миллион теңге қайтарылады
Елімізде монополистік компаниялардың жылыту жұмысына талдау жүргізілді. Анықталғандай, қазақстандық компаниялар 5 млрд теңгеге тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаларын орындамаған болды.
Монополистер бұл ақшаны тұтынушыларға электр энергиясы, жылу, су, газбен жабдықтау және кәріз үшін төлем ретінде алған, бірақ талдау нәтижесінде бұл негізсіз кіріс екені белгілі болды.
Сондай-ақ, Қазақстандағы монополистер өткен жылыту маусымы үшін төлем алғанымен, ауа райының суық болмауына байланысты, олар жылу энергиясын азырақ сомаға шығарды. Есептеулер бойынша, 2021/22 маусымында адамдар жылу үшін 500 миллион теңгеге жуық артық төлемдер жасады. Алайда артық сомалар қазақстандықтарға 12 ай ішінде уақытша төмендетілген өтемдік тариф арқылы немесе қайта есептеу арқылы қайтарылады.

Біз #сөздік жаңа айдарымызды жалғастыра отырып, қаржы-экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіреміз. Бізбен бірге болуды шақырамыз!
Инфляция - дегеніміз тауарлар мен қызметтердің бағасы жалпы деңгейінен өсуін білдіреді. Инфляция тым қарқынды өсетін болса, адамдардың заттар мен ақылы қызметтердің құнын өтеуге жағдайы қиындайды, әрі экономикалық белсенділік төмендейді.
Мысалы: Қазақстанда 2022 жылдың қазан айында айлық инфляция мөлшері 1,6% құрады, ал жалпы жылдық инфляция 17,7% жетті. Есептеулер бойынша,
▫️азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,7%-ға,
▫️ақылы қызметтер 1,7%-ға,
▫️азық-түлік тауарлары 1,4%-ға қымбаттады.

👛Депозиттер көлемі жыл басынан бері 8% өсті
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, банк секторының активтері 41,7 трлн теңгені құрады. Өсім несие портфелінің 2,3%-ға немесе 509 млрд теңгеге өсуі есебінен болды.
Депозиттердің көлемі
▫️резиденттер 3,2%-ға өсіп, 29,2 трлн теңгені құрады,
▫️заңды тұлғалар 4,2%-ға өсіп, 15,2 трлн теңгені құрады,
▫️жеке тұлғалар – 2,1%-ға, 13,9 трлн теңгені құрады.
Несиелер
▪️заңды тұлғаларға берілген несиелер 1,3%-ға ұлғайып, 8,0 трлн. теңгеге жетті.
▪️Жеке тұлғаларға берілген несиелер 2,5%-ға өсіп, 13,1 трлн теңгеге жетті.

❤3👍2
📑Қазақстанда борышкерлердің кейбір қарыздары коллекторларға берілмейді
2022 жылдың басынан, мерзімі 90 күннен асатын қарыздардың үлесі 18,8% - ға өсіп, 71,3 млрд теңгені құрады. Проблемалық қарыз алушылар саны 434,2 мыңға жетті, ал онлайн-микрокредиттер бойынша көрсеткіш 380 мың адамға дейін өсті. Бұл МҚҰ-дағы проблемалық қарыз алушылардың жалпы санының 88% құрайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 239 МҚҰ тіркелген, оның ішінде 30 компания онлайн-микрокредиттеу сегментінде жұмыс істейді. Қаржы нарығын реттеу агенттігі осы сегментте проблемалық қарыз алушылар өсуіне байланысты, 45 күнге 153 150 теңге дейін онлайн микрокредиттер беруге тыйым салуға, сондай-ақ бірыңғай жылдық тиімді 56% мөлшерлемені енгізуге ниетті екенін хабарлады.
Өткен жылы қаржы нарығын реттеу агенттілігі 25 коллекторлық агенттікке жоспардан тыс тексеріс жүргізгені белгілі, олар несиелік қарыздың жалпы мөлшерінің 75%-дан астамын құрайды. Нәтижесінде 20 жазбаша ұйғарым, екі жазбаша ескерту қолданылып, жалпы көлемі 42,2 миллион теңгеге 91 әкімшілік жаза қолданылып, коллекторлық агенттіктердің 15 қызметкері жұмыстан босатылды. Сонымен бірге, 2022 жылдың тоғыз айында 31 коллекторлық компания агенттік тізілімінен шығарылды.
Жүргізілген тексерулерде анықталған бұзушылықтар мен азаматтардың арыз-шағымдарының негізінде, коллекторлық қызметті реттеуді қатайтуға бағытталған заңнамалық түзетулер кешені әзірленуде.

❤2👍2
💸Несиелік келісім: қол қою алдында неге назар аудару қажет
Қол қойылған құжат сіздің жауапкершілігіңізде!
Кез келген қол қойылған құжат бірден сізді онда көрсетілген шарттарды сақтауға міндеттейді. Банктік қарыз шарттарына тиісті назар аудармасаңыз, міндеттемелерді орындауда, күтпеген мәселелер туындауы мүмкін. Бұл мақалада, бұрын уәде етілгендей, несиелік келісімге қол қою кезінде нені ескеру маңызды екенін қарастыратын боламыз.
🤔Неліктен білу қажет?
Қазақстанда екі жыл қатарынан қаржы реттеушісіне түскен өтініштердің 60-70% банк секторына тиеселі. Бұл қаржылық қызметтерді тұтынушылардың көпшілігі банктік қарыз талаптарына әлі де тиісті мән бермейтінін растайды, және кейін оларға жағымсыз салдар әкелуі мүмкін.
🖊️Заңдағы түзетулер
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі соңғы жылдары заңнамаға 50-ден астам түзетулер қабылдады. Мысалы, енді банктік қарыз шартына титулдық парақ пен жадынаманы қоса берілуі керек, бұндай талап барлық банктер үшін бірдей. Азаматтар банктің несиелік келісіміне қол қоймас бұрын, оның негізгі шарттарын білуі тиіс.
📁Титул парағы қамтиды:
▫️несиенің мөлшері мен мерзімі;
▫️сыйақы мөлшерлемесі;
▫️жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
▫️қарызды өтеу тәсілі;
▫️егер шартта қарыз алушының негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығы қамтылса, осы құқықты жүзеге асыру қажеттілігінде банкке тиісті өтінішпен жүгіну туралы мәліметтер;
▫️шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін өсімпұл мөлшері;
▫️қарыз шарты бойынша міндеттемені орындауда кешіктіру себептері, кірістер және расталған басқа да жағдайлар туралы мәліметтерді қамтитын, жазбаша өтініш беру құқығы туралы мәліметтер.
📑Қарыз алушыларға арналған жадынама қамтиды:
▪️несиенің мөлшері мен валютасы;
▪️несие мерзімі;
▪️төлемдер саны;
▪️пайыздық мөлшерлеме түрі;
сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің көлемі;
▪️қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің атауы мен мөлшері;
▪️өтеудің жалпы сомасы;
▪️сыйақының соңғы мөлшері;
▪️негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) мөлшері;
▪️банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері;
▪️сақтандыру шартын жасау қажеттілігі және оны ұзарту шарттары;
▪️банктің байланыс деректері.
Міндеттемелерді орындау қажет
2021 жылы борыштық жүктеменің өсуін шектеу мақсатында, банктерге барлық ипотекалық несиелер бойынша міндеттемелерді 180 күн кешіктіргеннен кейін сыйақы, өсімпұл және басқа да төлемдерді төлеуді талап етуге тыйым салынды. Дегенмен, бұл сіздің несиелік келісім-шарт жасау кезіндегі жауапкершілігіңізді төмендетпейді. Төлемді бұзу туралы ақпарат сіздің несиелік тарихыңызға кері әсер ететінің ұмытпау қажет.

👍7
💼«ҚазМұнайГаз» IPO: акция бағасы 8 406 теңгені құрады
IPO процесінде «ҚазМұнайГаздың» қарапайым акциясының бағасы 8 406 теңгені құрады. Ұсыныс аясында шығарылған акцияларының 90,42%-ына иелік ететін «Самұрық-Қазына» қоры 30 505 974-ке дейін жай акцияларды сатуға дайын, бұл шығарылған және орналастырылған акциялардың жалпы көлемінің 5%.
Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 9 қарашада басталды:
▫️институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылдың 30 қарашасында,
▪️ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылдың 2 желтоқсанында аяқталады.
Бөлшек инвесторларға – Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Бұл халықтық IPO форматын қамтамасыз етеді. Жазылымға шетелдік инвесторлар да өтініш бере алады.
Сондай-ақ, үш жыл ішінде ҚазМұнайГаз дивидендінің ең төменгі жылдық деңгейі тіркеледі: 200-ден 250 млрд теңгеге дейін.

👍4👎1
🛒Кедей мен бай қазақстандықтар үшін тауарлар қалай қымбаттады?
Табысы жоғары қазақстандықтар үшін азық-түлік 2022 жылдың қазан айында 24%-ға қымбаттады.
▫️қант 74,9%-ға қымбаттады,
▫️нан өнімдері мен жарма – 34,6%-ға,
▫️сүт өнімдері – 28,2%-ға,
▫️май – 21,3%-ға,
▫️ет – 17,3%-ға.
Өз кезегінде халықтың ақшалай табысы ең төмен топтары үшін өнім 22,8%-ға қымбаттады.
▪️қант 74,8%-ға қымбаттады,
▪️нан өнімдері мен жарма – 32,6%-ға,
▪️сүт өнімдері – 27,4%-ға,
▪️май – 20,4%-ға,
▪️ет – 15,8%-ға.
Инфляцияны аймақтар бойынша қарастыратын болсақ:
▫️Маңғыстау облысы – ең төменгі табысы бар тұрғындар үшін – 30,7%-ға және ақшалай табысы ең жоғары тұрғындар үшін – 31,3%-ға.
▫️Шымкентте – 23,5% және 25,3%,
▫️Астанада – 22,9% және 23,5%.

🚘2023 жылы қазақстандықтар жеңілдетілген несиеге қанша көлік сатып ала алады
2023 жылы қазақстандықтар жеңілдетілген авто несиеге екі мыңға жуық көлік сатып ала алады.
Сенат отырысында Индустрия министрлігінің басшысы Қайырбек Өскенбаев бағдарламаның аяқталмағанын және ұзақ мерзімді сипатта екенін атап өтті. Бөлінген қаражат тұрақты айналымда. Азаматтарға несие беру олардың босатылуына қарай, яғни бұрын берген несиелердің төлеміне қарай жалғасады екенін түсіндірді.

👍4❤1
🏦Ұлттық қордың валюталық активтері 2025 жылға қарай 93 миллиард долларға жетеді
Сенатта «Ұлттық қордан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы ұсынылды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі енді жаңа бюджеттік нормамен шектеледі, олар мұнайдың кесімді бағасын ескере отырып айқындалады.
Заң жобасы мұнайдың шекті бағасын белгіледі:
▫️2023 жылы барреліне $48,9,
▫️2024-2025 жылдары барреліне $42,2 - 40,3.
Республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері:
▫️2023 жылы 2,2 трлн. теңге шамасында айқындалады,
▫️2024 жылы одан әрі 2,0 трлн теңгеге дейін қысқарады,
▫️2025 жылы 1,9 трлн. теңгеге жетеді.
Ұлттық қордың валюталық активтері:
▫️2023 жылы 66,7 млрд долларға дейін қалпына келеді,
▫️2024-2025 жж. 78,8 - 93,2 млрд долларға дейін өседі.
Ұлттық қор бойынша белгіленген шешім фискалдық тәртіпті жақсартуға және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге мүмкіндік береді.

👍3❤1
⛽️Қазақстанда бензин бағасы қашанға дейін сақталады
Министрлік мемлекеттік реттеуге жататын мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге белгіленген шекті бағалар тек 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін сақталатынын еске салды.
▫️АИ-92-нің шекті құны аймаққа байланысты литріне 182-187 теңгені құрайды.
▫️Дизель отынының литрі 230-260 теңгеден сатылуда. Жеке тұлғалар тәулігіне 100 литрге дейін және тасымалдаушылар 300 литрге дейін қарастырылады. Шетелдіктер немесе нормадан жоғары сатып алатындар үшін баға 450 теңгені құрайды.
▫️Мұнай газының шекті құны литріне 50-70 теңгені құрайды. СКГ-ның бағасы тоннасына 33,6 мың теңге.
Келесі жылға арналған бағалар талқылануда және негізінде қалыптасады:
▪️өндірістік қуат,
▪️экономикалық және әлеуметтік жағдайы,
▪️инвестициялық бағдарламалар,
▪️энергия бағасының жаһандық ортасы.
Газ бағасын реттеуді тоқтату мәселесі мүлдем тұрған жоқ деп, қорытындылады Энергетика министрлігі.

🖊Біз #сөздік жаңа айдарымызды жалғастыра отырып, қаржы-экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіреміз. Бізбен бірге болуды шақырамыз!
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – бұл белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген барлық өнім мен қызметтердің жалпы ақшалай немесе нарықтық құны. Жалпы ішкі өндірістің кең өлшемі ретінде ол белгілі бір елдің экономикалық денсаулығының көрсеткіштері жүйесі ретінде жұмыс істейді.
Мысалы 2021 жылы:
1️⃣ЖІӨ көлемі бойынша әлем көшбасшы қазір Қытай. Олардың көрсеткіші 27 206 миллиард АҚШ доллар деңгейінде.
2️⃣Екінші көшбасшы – АҚШ, жалпы ішкі өнімі 22 996 миллиард долларды құрады.
3️⃣Қазақстан 42-ші орында, біздің ішкі жалпы өніміміз 543 миллиард доллар.

🆙Қазақстанның ішкі жалпы өнімі қаңтар-қазан айларында 2,5%-ға өсті
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, оң өсім байқалды:
▫️ауыл шаруашылығы,
▫️ақпарат және коммуникациялар,
▫️құрылыс, өңдеу өнеркәсібі,
▫️сауда,
▫️көлік,
▫️қойма шаруашылығында.
2022 жылдың соңында ЖІӨ өсімі кем дегенде 3% деңгейінде болжануда.

👨💼Қазақстанда шағын және орта бизнес динамикасы белсенді өсуде
2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, ШОБ субъектілерінің жалпы саны 1,7 миллион компанияға жетті. Олар өткен жылмен салыстырғанда 20,9% өсті.
Ең көп үлесті алады:
▫️жеке кәсіпкерлер – 67% (1,1 млн.),
▫️шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 19,2% (325,8 мың),
▫️шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,6% (230,5 мың),
▫️орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2% (2,7 мың)
Аймақтар бойынша:
▪️Алматы – 271,2 мың (+37,2%),
▪️Астана – 191,4 мың (+ 21,7%),
▪️Түркістан облысы – 171,2 мың (+ 19,1%),
▪️Шымкент – 101 мың (+39%).
Қызмет бағыттары:
▫️Сауда және автокөлік жөндеу – 586,4 мың,
▫️Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 266,3 мың,
▫️Құрылыс – 90,9 мың,
▫️Өнеркәсіп – 89,2 мың,
▫️Жылжымайтын мүлікпен операциялар - 83 мың.

🔥4👍1
💸Несиені мерзімінен бұрын өтеу: нені білу қажет?
Әдетте, қарыз алушылардың көпшілігі несиелерін тезірек жабуға тырысады. Толық болмаса да, кем дегенде ішінара негізгі қарыз сомасын және несие бойынша сыйақы мөлшерін азайтады. Сондықтан бүгін біз несиені қалай мерзімінен бұрын өтеу керектігін талдаймыз.
🖊️Қол қоймас бұрын, несие шартын мұқият оқып шығыңыз
Қарызды ресімдеу алдында, оны мерзімінен бұрын өтеу шарттарын нақтылауды ұсынамыз. Негізінде сіз несиені пайдаланудың нақты күндері үшін ғана банкке пайыз төлейсіз. Егер сіз сақтандыруды да сатып алсаңыз, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтарып көруге болады.
🗓️Мерзімінен бұрын өтеу алдында, несиенің нақты сомасын біліңіз
Төлем кешіктірілген жағдайда, адамда қарыздар жинақталуы мүмкін. Кейін шотты толтыру кезінде, ең алдымен өсімпұл мен айыппұл сомасы, содан кейін ғана ай сайынғы төлем алынады. Сонымен қатар, егер ай сайынғы төлем толық төлем ретінде есептелмесе, онда мерзімі өткен берешек мөлшері қайта артады. Сондықтан несие бөлімінің менеджерінен барлық өсімпұлдарды, айыппұлдарды және ай сайынғы төлемді ескере отырып, қарыздың толық көлемін есептеуді алдын ала сұрау маңызды.
✔️Несиені өтеу әдісін таңдаңыз
Несиені мерзімінен бұрын өтеудің әртүрлі жолдары бар. Кейбір несие мекемелері филиалға келіп, кассир арқылы шотыңызды толтыруды сұраса, басқалары төлемді онлайн да қабылдауы мүмкін. Дегенмен, кейде сайт немесе карта арқылы несиені өтеу кезінде, комиссия алынуы мүмкін. Сондықтан төлем жасамас бұрын, несие мекемесінің менеджерімен алдын ала кеңескен дұрыс.
🫰Қарызды ішінара өтеудің нюанстары
Несиені ішінара өтеу кезінде, сіз кестеңізге сәйкес ай сайынғы төлемдерден босатылмайсыз. Сонымен қатар, қарызды өтеу келісімшартта көрсетілген операциялық күннің соңына дейін жүргізілуі керек.
📃Несие тарихыңызды тексеріңіз
Несиені өтегеннен кейін, жабық келісімшарт бойынша төлемді кешіктіру немесе берешек туралы қате жағдайды болдырмау үшін, несиелік тарихыңызды қайта тексерген жөн. Несие тарихыңызды келесілер арқылы тексеруге болады:
Мемлекеттік кредиттік бюро
Бірінші несиелік бюро
Электрондық үкімет порталы
Тұрғылықты жері бойынша ХҚО.