FinDala
78 subscribers
19 photos
299 links
Қазақстан және әлем экономикасы мен қаржы туралы баяндайтын бейнеақпарат желісі.
Download Telegram
📈Қазақстанның қай салаларында 1 миллион теңгеден жоғары табыс табуға болады

HeadHunter деректері бойынша,бір миллион теңгеден астам табысты осындай салаларда табуға болады:
▫️кеңес беру - 1 700 001 теңге
▫️топ-менеджмент - 1 899 782 теңге
▫️шикізат өндіру - 1 124 876 теңге
▫️ақпараттық технологиялар - 1 662 306 теңге
▫️құрылыс және жылжымайтын мүлік - 1 117 427 теңгеге дейін
▫️медицина және фармацевтика - 1 249 998 теңге
▫️банк қызметі - 1 249 998 теңге

Ал табыстың айтарлықтай төмендеуін автомобиль бизнесінде және ғылым мен білім салаларында жұмыс істейтін мамандар сезді. Олардың табысы 6 пайызға төмендеген. Автокөлік кәсіпорнының ең аз жұмысшылары қыркүйекте 89 998 теңге, ең жоғарысы 650 мың теңге алған. Ғылым мен білім саласында қызметкерлер 70 003 теңгеден 549 997 теңгеге дейін табыс тапты.

@findala
👍3
🗂️Экономика дамуының 5 жылдық сценарийі ұсынылды

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров еліміздің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі факторлары туралы мәлімдеді.
Мұнай бағасы барреліне 85 доллар деп болжануда. ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 3,9%-ды құрайды.
Инфляция
▪️2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде анықталады,
▪️2024 жылы – 4-5% деңгейінде,
▪️2025-2027 жылдары – 3-4%.

Нақты ЖІӨ өсімі 2023 жылы 4,0%-дан, ал 2027 жылы 4,2%-ға дейін жеделдейді деп күтілуде. Атаулы ЖІӨ 120,7 трлн теңгеден 176,6 трлн теңгеге дейін өседі. Мұнай өндіру 2023 жылы 92,6 млн тоннаны құраса, 2027 жылы 99,9 млн тоннаға дейін өсу күтілуде.

Ұлттық банктің болжамы бойынша
экспорт 80,9 миллиард доллардан 84,6 миллиард долларға,
импорт 45,7 миллиард доллардан 53,5 миллиард долларға дейін өседі.

@findala
👍1
💸Бөліп төлеу VS Credit - нені білу қажет?

Несиелер мен бөліп төлеу не үшін қажет?

Қазіргі таңда адамдар үнемі өзін ең жаңа техникамен қоршауға, үйін тек заманауи стильде дизайн жасауға, үстіне сәнді киім киюге тырысады. Алайда әркімнің қалаған затын қолма-қол ақшаға сатып алуға мүмкіндігі болмағандықтан, несие мен бөліп төлеу жүйесін ойлап тапты. Осындай қаржы құралдарының негізгі мақсаты - адамның дәл қазіргі жағдайынан сәл артық сатып алу мүмкіндігін беру. Бұл мақалада біз несие мен бөліп төлеу жүйелерінің негізгі айырмашылықтарын талдаймыз.

🤔Айырмашылығы неде?

Бөліп төлеу қолма-қол ақша ретінде берілмейді, тек белгілі бір тауарды: тұрмыстық техниканы, киім-кешектерді, телефондарды және т.б. заттарды алуға беріледі. Ал несиені банкте қолма-қол алып, өз қалауыңыз бойынша керекті жерлерге жұмсай алу мүмкіндігініз бар. Бөліп төлеу жоспарына өтініш беру талаптары әртүрлі. Алайда, көбінесе құжаттардың стандартты тізімінде тек байланыс деректері мен ЖСН ғана болады. Қосымша деректер ретінде, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және кепілдік келісімін талап етуі мүмкін.

Бөліп төлеудің артықшылықтары

▪️Несие берумен салыстырғанда, қарыз алушыға минималды талаптар қойылады;
▪️Бөліп төлеуде тіркеу жылдамдығы әлдеқайда жоғары;
▪️Дәл қазір қажетті соманы ұзақ жинамай, қымбат тауарларды бірден сатып алу мүмкіндігі;
▪️Бөліп төлеу несие пайызын қамтымайды;
▪️Құжаттарды өзіңіз жинап, банкке хабарласудың қажеті жоқ. Оны дереу дүкенде, әрі онлайн режимде жасауға болады.

Бөліп төлеудің кемшіліктері

▫️Қысқа төлем мерзімі. Несие әдетте ұзақ мерзімге, ал бөліп төлеу бірнеше айға беріледі;
▫️Кейде бастапқы жарнаны талап етеді;
▫️Ай сайынғы жарна сомасы қысқа мерзімге байланысты артады. Сондықтан, ол үлкен тұрақты төлемдерге байланысты арзанырақ болуы мүмкін;
▫️Бөліп төлеу оңай екенін сезіну болашақта негізсіз шығындарды, қажетсіз сатып алуларды тудырады.

🖇️Бөліп төлеуді кейде несие түрде жасыруы мүмкін

Бөліп төлеуді ұсынатын дүкен, тауардың бағасын алдын ала 10-20%-ға көтеріп, содан кейін банкке сол сомаға пайызсыз бөліп төлеуге жеңілдік жасай алатынын білу маңызды. Сондықтан алдымен әртүрлі дүкендерде қызықтыратын өнімнің құнын тексеруге кеңес береміз. Мұндай сатып алу, тауарды артық төлемсіз бөліп төлеу жоспарына ұқсайды. Бірақ шын мәнінде, сатып алушы банк алдында несиелік міндеттемелерді қабылдайды. Бұл жағдайда бөліп төлеу жоспары маркетингтік айлаға айналады.

📉Бөліп төлеу жауапкершілікті төмендетпейді

Бөліп төлеу немесе несие алсаныз, келісім бойынша ай сайынғы төлем жасау міндетті, немесе сізді сотқа беру мүмкіндігі бар. Кредитор сіздің несиелік тарихыңызға теріс әсер етіп, несиелік бюроларға дефолт туралы ақпаратты жіберуге міндетті болады. Несие беруші қарызды сотқа дейін өндіріп және реттеу үшін коллекторлық агенттікке аудара алады, сондықтан бәрін уақытында төлеген дұрыс.

🧮Несие немесе бөліп төлеу - қайсысы тиімдірек?

Бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес. Әр адам өзінің мүмкіндіктеріне қарай оны анықтайды. Кейбіреулер үшін несиеге қарағанда, ай сайын көбірек соманы салып, артық ақшаны желге шашпау тиімдірек. Басқалар үшін пайыздық салымды артық алып, алайда төлем мерзімін ұзарту арқылы, кем төлем жасаған ыңғайлы.

@findala
3👍1🔥1
🤔 Қазақстанда қаржы секторы 2030 жылға дейін қалай өзгереді?

Жақында Тоқаев мырза Қазақстанның 2030 жылға дейінгі қаржы секторы жайлы тұжырымдаманы дамытуға рұқсат берді.

Бұл концепцияға сәйкес, біздің еліміз үнемі дағдарыспен күресуден, тұрақты дамып отыратын қаржы моделіне көшеді. Қаржыны негізінен Ұлттық банк, АХҚО, БҚДА және басқа да қаржы органдары басқаратын болады.

🪙Цифрлық актив аман болсын

Қаржы секторының ЖІӨ-ге деген активтері 2021 жылғы 52%-дан, 2030 жылы 70%-ға дейін өседі деп жоспарлануда. Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес және цифрлық активтерді реттеу механикасы үшін, бірнеше тармақтар атап өтілді, мысалы, АХҚО-да жеке айналымда болатын криптовалюталар.
Екіншісі кәсіптерді несиелеуге ынталандыру және шетелдік банктерді тарту. Тоқаев мырза еліміздегі бизнес секторы тым қатаң шектеулерге байланысты, нашар несиеленгенің айтты. Қоса кетсек, ЖІӨ-ге қатысты несие портфелі 2021 жылғы 24% құраса, 2030 жылы 43% дейін ұлғаю күтілуде. Ал заңды тұлғаларға берілетін несиелердің өсімі 2021 жылмен салыстырғанда 55% артады деген болжамдар бар.

💼Бағалы қағаздар нарығындағы жағдай

Қазіргі уақытта негізгі реттеушілердің бірі Ұлттық банк және АФМ, оған қоса Самұрық-Қазына, АХҚО және KASE де сол жүйеге белсене ат салысуда. Сондықтан бағалы қағаздар нарығы 38% өседі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Халықтық IPO» бағдарламасы 2026 жылдың соңына дейін үнемі ілгерілетіліп, 2024 жылға қарай S&P, Moody's рухында рейтингтік агенттілік құруға жағдай жасалуда.

🏦Банктік емес сектор мен МҚҰ дамыту

Микроқаржы портфелі 2030 жылға қарай, жалпы портфельге қатысты 138%-ға өседі. Ломбардтар, МҚҰ, онлайн несиелер және басқа кеңселер үшін өзіндік жеке талаптар қойылатын болады. Сонымен қатар, МҚҰ-ны банктерге оңай айналдыруға болатын қалыпты процедуралар қарастырылуда.

🇰🇿Қазақстан әлемдік индекстерде

Әлемдік аренада салмағы бар MSCI және FTSE индекстерінде, біздің қаржы жүйеміздің беделін арттыру тақырыбы қарқынды талқылануда. Қаржы институттарында корпоративтік басқару дамып, өзіміздің жеке қазақстандық корпоративтік басқару кодексі құрылатын болады.

🔖 Қорытынды

Қазақстанда 2030 жылға қарай, қаржы секторын дамытудың қуатты жоспарлары бар. Оның іске асуына Ұлттық банк, АФМ және басқа да қаржылық реттеушілер қосылып, еңбек тер төгетіні белгілі. Мысалы, АХҚО-на жеке даму секторы беріліп, осы жүйенің қатысушылары қаржылық қызмет көрсетуде одан да көп мүмкіндіктерге ие болатыны мәлім. Сонымен қатар, рейтингтік агенттігінің пайда болу тұжырымдамасы да қатты қуантады.Осыған орай, KASE, Қаржыгерлер қауымдастық, Қазақстанның Даму Банкі және басқа да қаржы институттары бірге ыңталасып, ортақ мақсаттарына жету үшін іс жасайды.

@findala
3
🏫Жемқорлықтан тәркіленген 100 млрд теңге мектеп салуға жұмсалады

Сыйбаластық жемқорлықтан табылған қаражатты, енді мектептер салу үшін қолданылатын болады. Бүгінгі таңда республика бойынша 100 млрд теңге туралы сөз қозғалып отыр.

Қыркүйек айында президенттің баспасөз қызметі Қазақстанда 800 мың оқушыға арналған мектеп салу жоспарланып отырғанын хабарлады. Олар 1-4 және 5-11 сынып оқушылары үшін блоктарды бөле отырып, бірыңғай стандарт бойынша салынатын болады.

Оқу орындарының тапшылығын шешу мақсатында, 2023 жылдан 2025 жылға дейін 588 толық жинақты мектеп салу жоспарланып отыр.

@findala
3👍2
📈Kaspi акциялары екі күнде 10,3%-ға өсті

19 қазанда Лондон қор биржасында Kaspi акциялары 10,3%-ға өсіп, 63$ құрады. Үш айдың ішінде қазақстандық финтек компанияның LSE-дегі құнды қағаздары 43,2%-ға өсті.

Лондон акцияларының өсуінен кейін, Қазақстандық қор биржасында да компанияның баға белгілеулері өсті. Сәрсенбіде, 19 қазанда, Kaspi бағалы қағаздары KASE-де 2,7%-ға өсіп, 28 450 теңгені құрады. Финтек компаниясының акцияларымен 14 миллион теңгеге 52 транзакция жасалды, деп хабарлайды қазақстандық сауда алаңы.

Еске сала кетсек, Kaspi холдингі осы жылдың екінші тоқсанында (сәуір-маусым) 135,3 млрд теңге таза пайда тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артық. Финтек компаниясы биылғы жылы да таза пайда болжамын 20-30%-дан 27-30%-ға дейін арттырды.

@findala
👍3
👛5 миллионнан астам қазақстандықтар депозиттер бойынша өтемақы ала алады

Банктер 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашылған теңгедегі депозиттер бойынша 10% көлемінде өтемақы алуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Осы мүмкіндікке 5 миллионнан астам қазақстандық ие болып отыр. Өтемақы үшін депозиттің шекті сомасы 20 млн теңгені құраса да, статистика бойынша бұл жағдайда негізінен 1 млн теңгеге дейінгі салымдар түсетінін көрсетеді.

Өтемақы төлеу туралы шешім 2022 жылдың ақпанында қабылданды. Бұған геосаяси тәуекелдер мен құбылмалылықтың артуы, сондай-ақ қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұлттық валютадағы депозиттердің тартымдылығын сақтау себеп болды.

Өтемақы шығындары шамамен 550 млрд теңгені құрайды. Олар бюджет есебінен жабылады және банктердің қаржылық тұрақтылығына мүлдем әсер етпейді.

@findala
👍21
💰9 айдың ішінде Қазақстанда 477 мың жаңа инвестициялық шот ашылды

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, жаңа 477 мың инвестициялық шот ашылып, көрсеткіш 126%-ға өсті.

Негізгі трендтер:
- Жергілікті деңгейден KASE индексі 17,8%-ға көтерілді, ал AIXQI 17,6%-ды қайтара алды. Алайда алғашқы үш тоқсанда екі индекс те сәйкесінше 16% және 23% төмендеді.

- Бөлшек инвесторлар базасы қарқынды өсуін жалғастырды. Елімізде 9 айда жеке тұлғалардың 477 мың жаңа инвестициялық шоты ашылды (KASE+AIX) (+126%).

- Олардың жалпы саны 854 мыңға дейін өсті, оның 48% немесе 414 мыңы AIX Орталық депозитарийіне тиесілі.

2022 жыл елімізде жеке тұлғалар үшін жаңа инвестициялық шоттарды ашу бойынша рекордтық жыл болмақ. Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының дамуы, бөлшек инвесторларды тартуға жағымды әсер ете алатыны күтілуде.

@findala
5
🇰🇿FinDala ұжымы сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл мереке көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігінің, әрқайсымыздың Отанымызға деген сүйіспеншілігіміздің белгісі.

Әр үйдің шаңырағына денсаулық, бақыт, тыныштық тілейміз! Еліміздің дәулеті шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!

@findala
11👍3
🏠Қазақстандық инвесторлар шетелдік тұрғын үйлерге инвестиция салады

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың екінші тоқсанында Қазақстаннан басқа елдерге тікелей инвестицияның жалпы ағыны 443 миллион долларға дейін өсті.
Отандық кәсіпкерлердің инвестиция көлемі
▫️ақпарат және байланыс – 51,4 еседен 36 млн долларға дейін артты;
▫️жылжымайтын мүлік – 12,06 еседен 18,1 млн долларға дейін өсті;

Қазақстандықтар арасында инвестициялау үшін ең танымал елдер:
▪️Ресей;
▪️Ұлыбритания;
▪️Кайман аралдары;
▪️Қырғызстан;
▪️Нидерланды.

@findala
4👍2
🆕Қазақстанда жастар үшін жаңа жеңілдетілген ипотека пайда болды

Алматы облысында жастарға арналған жаңа «Алатау жастары» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындары баспана алу үшін, жеңілдетілген несие ала алады. Оларға некеде болған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, мамандығы және қызмет саласы әсер етеді.

Ең көп несие сомасы 10 млн теңге. Егер баспананың құны одан қымбат болса, өз жинақтарыңыздан қосып төлеу мүмкіндігі бар. Несие мөлшерлемесі 5%, берілетін максималды мерзім 19 жыл.

🔸Қатысушы бастапқы тұрғын үйді қаласа, салынатын жарна 0% құрайды.
🔸Екіншілік үй таңдалса, бастапқы жарна 10% құрайды.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 1 қарашасында басталып, тура бір айға созылады.

@findala
4
🖊️Біз #сөздік жаңа айдарымызды жалғастыра отырып, қаржы-экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіреміз. Бізбен бірге болуды шақырамыз!

Банк - дегеніміз халық пен заңды тұлғаларға қаржылық қызметтерді көрсететің мекеме. Қызметтер ретіне жатады:
▫️депозит;
▫️кредит;
▫️құнды қағаздарды сату және сатып алу;
▫️лизинг.

🏦Қазақстанда банктер негізгі екі топқа бөлінеді:

Ұлттық банк - толығымен мемлекет иелігінде. Ол ақша шығару, инфляция және басқа қаржылық мекелердің жұмысын қадағалайды.
Екінші деңгейдегі банктер - Ұлттық банктен басқа, елімізде жұмыс істейтін барлық банктер жатады. Осы топқа Kaspi Bank, Altyn Bank, Банк ЦентрКредит сияқтылар кіреді.

@findala
4
🏦Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16% деңгейінде көтеру туралы шешім қабылдады. Реттеуші атап өткендей, бұндай шешім инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты қабылданған.

Шешімнің негізгі факторлары:
▫️жоғары инфляциялық күтулер;
▫️тұрақты сұраныс;
▫️фискалдық серпін;
▫️тұрақты жеткізу тізбегіне қайта бағдарлану есебінен, өндіріс шығындарының өсуі, сыртқы инфляцияның жалғасуы, оның ішінде Ресей рублінің тұрақты бағамының сақталуы;
▫️қысқа мерзімді сипаттағы көші-қон сілкінісі де инфляцияға тікелей әсер ету қауіпін тудыруы мүмкін.

Инфляцияның өсуі баға динамикасына айтарлықтай қысым жасауда. Мұның барлығы 2023 жылы процессті бақылауда ұстау үшін, монетарлық шарттарды күшейтуді талап етеді.

@findala
👍6
​​🖊️Еліміздің қаржы институттарына арналған апталық айдарымыздың аясында, бүгін біз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын қарастыратын боламыз. Қордың қызмет функциясын, іске асырған жобалары жайлы толығырақ айтылатын болады. Ең қызықтысын білу үшін әрі қарай оқыду сұраймыз.

📌Био

«Даму» қорының басты мақсаты - Қазақстандағы шағын орта кәсіпкерлікке республикалық бюджеттен несие беру арқылы, қолдау көрсету. Ол да Бәйтеректің сүйікті қыздарының бірі.

📎Қызметтері

▫️2015 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мен мониторингін жүзеге асыратын қаржы агенті болып табылды.
▫️2018 жылы Қазақстан қор биржасы алаңында алғашқы облигацияларын шығаруды жүзеге асырды.
▫️2020 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында «жасыл» облигацияларды дебюттік табысты орналастыра алды.

🖇️Мүмкіндіктері

▫️Несиелеу бағдармалары
▪️Жаңартылатын энергия көздеріне жобаларды қаржыландыру
▪️Даму Лизинг
▪️Өңдеу өнеркәсібі
▫️Ислам қағидаттары бойынша қаржыландыру
▫️Онлайн оқыту

📑Акциялар бойынша не бар?

2022 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша, жарияланған акциялардың жалпы саны 27 962 244 дана, 27 762 244 орналастырылды. Еске сала кетсек, компанияның барлық акцияларын жалғыз "Бәйтерек" холдингі иелік етеді.

📂Қорытынды

«Даму» қоры елімізде көпвекторлық саясатты қолдау үшін маңызды рөл атқарады. Қазақстан тек пайдалы қазбаларға деген тәуелділігін, халық арасында кәсіпкерлікті дамыту арқылы төмендетуге болады деген дұрыс тұжырымдама. Мекеме тек шағын орта кәсіпкерлігін қаржыландырып қоймай, жасыл облигалиялар, құнды қағаздар саласында қарқынды дамуда. Осы жылғы қаржылық есебіне мән берсек, жеке капиталынан басқа, барлығында тұрақты немесе табысты көрсеткіштері сүйінші сұрап тұрғандай. Нақты қорытындыны жыл сонында жасауға болады, әзірше айы оңынан туғандай бейне көрініп тұр.

@findala
3👍3
💸Қазақстан шағын несиелер бойынша мөлшерлемелерді өзгертуде

Қазақстан микрокредиттер бойынша мөлшерлемені тәулігіне 0,44%-ға дейін немесе несие сомасының 20%-дан аспайтын мөлшерлемені шектеуді жоспарлап отыр.

Бұл шара шағын несие алушылардың қарыздық жүктемесін азайтып, қаржы институттарының несие портфелін жақсартуға мүмкіндік береді. Жүктемені азайту үшін 50 АЕК-ке дейін (153 150 теңге) шағын несие беруді тоқтату қарастыруда.

@findala
5👍1
🆙Қазақстанда теңгелік депозиттер мөлшерлемелері көтерілді

Қор теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелерді көтерді. Бұл шешім базалық мөлшерлеме 14,5%-дан 16%-ға өскеннен кейін қабылданды.
Осылайша, 2022 жылдың қазан және қараша айларында 3 және 6 айға мерзімді депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары бойынша мөлшерлемелер өзгерді.

@findala
👍6👎2
⬆️Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

2022 жылдың қазан айында өмір сүру минимумы 48 121 теңгені құрады. Осы жылдың мамыр айының өзінде бұл көрсеткіш 42 600 теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 19,6%-ға артық. Бұндай индекс бюджеттерді қалыптастыру және халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда ескеріледі. Оның негізінде әлеуметтік төлемдердің мөлшері де белгіленеді.

Әлеуметтік топтар бойынша өмір сүру минимумы:
▫️ерлер үшін - 56 713 теңге,
▫️әйелдерге – 44 982 теңге
▫️ұл балаларға – 60 134 теңге
▫️қыздарға – 46 076 теңге.

Өңірлер бойынша өмір сүру минимумы:
▪️Маңғыстау облысы - 60 795 теңге.
▪️Астана - 52 551 теңге,
▪️Алматыда – 51 502 теңге,
▪️Ақмола облысы – 48 148 теңге,
▪️Қызылорда облысы - 43 144 теңге

@findala
👍7
📌Біз #сөздік жаңа айдарымызды жалғастыра отырып, қаржы-экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіреміз. Бізбен бірге болуды шақырамыз!

Криптовалюта - бұл виртуалды сандық ақша төлем құралы. Ол мемлекетке, ұлттық банкке тәуелді болмайды.

Ең танымал криптовалюта - биткоин. Күн сайын бүкіл әлемде майнинг арқылы шамамен 3600 биткоин өндіріледі. Ресми деректерге сәйкес, өндіруге мүмкін болатын биткоиндердің максималды саны - 21 миллион.

@findala
👍7
🗓️Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейшілік деңгейі 9 есе төмендеді

Қазақстанда кедейшілік деңгейі 9 есеге төмендеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы 20 жылдағы мәліметтерді ұсынады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

2001-2021 жылдар аралығында Қазақстанда кедейшілік деңгейі, яғни табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 46,7%-дан 5,2%-ға дейін төмендегені жайлы атап өтілген.

@findala
6👍2
👛БЖЗҚ зейнетақы ақшасын қайда инвестициялады

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 14,1 трлн теңгеден асты.

БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы қорының инвестициялық портфелінде айтарлықтай үлесті Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары алады – 46%. Олардың қазіргі құны 6,477 триллион теңгені құрайды.

Зейнетақы активтерін инвестициялаған салалар:
▫️мемлекеттік компаниялардың бағалы қағаздары – 1,725 ​​трлн теңге (12,24%),
▫️банктер – 929,12 млрд теңге (6,59%),
▫️банктік салымдар – 197,09% (1,4%),
▫️халықаралық қаржы ұйымдары – 382,32 млрд теңге (2,71%)
▫️басқа да қаржы құралдар.

Инвестициялық портфельдің валюталық үлесі:
▪️ұлттық валюта – 70,17%,
▪️доллар – 29,75%,
▪️басқа валюта – 0,08%

Есептелген инвестициялық кіріс сомасы:
▫️2022 жылдың басынан бері – 741,96 млрд., кірістілік 5,34%,
▫️соңғы 12 айда – 7,52%.
▫️соңғы бес жылда – 55,8%-ды құрады.

Сенімгерлік басқарудағы қаражат мөлшері:
▪️Ұлттық банк – 14,095 трлн теңге,
PIS – 9,06 млрд теңге
▪️Jusan Invest – 4,045 млрд теңге,
▪️Halyk Global Markets – 2,58 млрд теңге,
▪️BCC Invest – 1,46 млрд теңге
▪️Сентрас Секьюритиз – 0,97 млрд теңге.

@findala
👍21
🤔Несиені қосымша жүктелген қызметтерсіз қалай алуға болады?

Қажетсіз заттардың ұсынысы
Қаржы ұйымдары өздерінің артықшылық жағдайын пайдалана отырып, көбінесе қазақстандықтарға керексіз қосымша қызметтерді жүктейді. Кейде банктерде несие рәсімдеу кезінде, клиенттерге сақтандыру полисін алу, банк картасын немесе депозит ашу қажеттілігі жайлы айтып, қызықтырады. Сондықтан да бұл мақала артық төлем жасамауға және қажет болмаса, қосымша қызметтерге келіспеуге көмектеседі.

📃Сақтандыру полисі қажет пе?

Сақтандыру компаниялары банктермен келісім-шарт жасап, оларға сатылған сақтандыру полисі үшін белгілі бір пайызды төлейді. Сақтандыру өнімдерінің негізгі серіктесіне айналған банктер, мүмкіндігінше көп адамдарды сақтандыруға тырысады. Оған қоса кейде банк менеджерлері өз мүдделеріне сай, клиенттерге басқа ұйымда сақтандыру немесе сақтандырудан мүлдем бас тарту мүмкіндігі туралы әдейі ескертпейді.

📎Сақтандыруды сатып алмау = несиеден рұксат алмау

Несие алуға өтініш берген кезде, ұсынылған сақтандырудан толық бас тартуға немесе өзіңіз таңдаған сақтандыру компаниясынан сатып алуға толық құқығыңыз бар. Алайда, кейбір банктерде қосымша қызметтер міндетті түрде сатылады. Кей жағдайларда оны сатып алудан бас тартқанда, несие берілмеуі де мүмкін. Егер сізге себебін нақты түсіндірмей, несие беруден бас тартылса, онда сіздің заңды құқықтарыңыз бұзылады. Сондықтан менеджер сізді өз ережелері бойынша ойнауға мәжбүрлеуге тырысады, бірақ сіз оған келіспеуіңіз қажет.

💳Картаны ашу міндетті

Кейбір менеджерлер өздеріне бонустар алу үшін, адмдарға банк картасын ашуға мәжбүр етуі мүмкін. Дегенмен, сіз жарамды банк картасын мүлдем пайдаланбасаңыз да, жыл сайын техникалық қызмет көрсету үшін төлеуге тура келетінін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, транзакция жағдайында: қолма-қол ақшаны алу, аудару, дүкенде төлеу, осы картадан комиссия алынады.

💡Өзіңізді қалай қорғауға болады?

Несие сомасының сіз сұраған сомаға сәйкес келетініне көз жеткізу маңызды, өйткені сақтандыру сыйлықақысы несиеге қосылып, оған пайыздар есептелуі мүмкін. Банк менеджерінен несие қандай сомаға және қанша уақытқа мақұлданғаныңызды қайта тексеруіңіз қажет. Сондай-ақ несиені мерзімінен бұрын өтеу шарттарын және ай сайынғы төлемдерді кешіктіргені үшін өсімпұл сомасын зерделеу міндетті. Осыған қоса, 2020 жылдан бастап, жадаманың жаңа түрі іске қосылды, ол туралы банк клиентті несие алмас бұрын таныстыруға міндетті. Ал бұл туралы келесі мақалада толығырақ қарастыратын боламыз.

@findala
👍5🔥1