FinDala
78 subscribers
19 photos
299 links
Қазақстан және әлем экономикасы мен қаржы туралы баяндайтын бейнеақпарат желісі.
Download Telegram
🏠Қазақстанда тұрғын үйге сұраныстың күрт өсуі

Елдегі жылжымайтын мүлік нарығы үш айлық тыныштықтан кейін күрт жанданды. Естеріңізге сала кетсек, көктемнің соңына қарай тұрғын үй сатып алу саны 60 мыңнан 30 мыңға дейін екі есеге қысқарды. Алайда тамыз айында тұрғын үйге сұраныстың қайта өскені байқалды:

🔹Алматы мен Шымкентте көрсеткіш 30%-ға
🔹Астанада 46%-ға
Сарапшылар бұл оң үрдістің негізгі 2 себебі бар деп есептейді.

Біріншіден, күзгі егін жинау. Ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі бизнесмендер егін жинағаннан кейін жылжымайтын мүлікке ақша салады. Бұл құбылыс жыл сайын орын алуда. Қазіргі уақытта бастапқы пәтерлерге сұраныс 29,6%-ға өссе, тұтынушы ағыны 14,3%-ға жетті.

Екіншіден, «Отбасы банк» тарифтерінің көтерілуімен байланысты. Айта кетсек, ол арқылы нарықтағы тұрғын үйдің 60%-дан астамы сатып алынады. Ақшасы алты айдан аз депозитте тұрған клиенттер үшін мөлшерлеме 6 қазаннан бастап 7-8,5%-дан 10-11,5%-ға дейін көтеріледі. Сондықтан, жинақтары бар қазақстандықтар жылжымайтын мүлік нарығында қызу сұраныс тудырып, тарифтер көтерілгенге дейін тұрғын үй сатып алу операцияларын жабуға тырысты. Ал сарапшылар тұрғын үй бағасының ұзақ мерзімді перспективалары жайлы әзірше мүлдем болжам бере алмай тұр.

@findala
👍21
📈«ҚазМұнайГаздың» IPO процесі 10 желтоқсанға дейін өтеді

«ҚазМұнайГаздың» IPO-сы желтоқсанның басында өтеді. Алдағы IPO аясында инвесторлар шартты түрде үш топқа бөлінді.

▫️Біріншісі – Қазақстанның барлық азаматтары.
▫️Екінші топ – белгілі бір шекті шектен жоғары баға ұсыныстарын беретін қазақстандық институционалдық инвесторлар.
▫️Үшінші топ – халықаралық институционалдық инвесторлар.

“Жергілікті нарық даму қарқыны айтарлықтай сезілуде. Бұған финтехтің дамуы, қаржы институттарының қызметтерін цифрландыру, жалпы алғанда, халықтың қаржылық сауаттылығының өсуі ықпал етіп отыр. Оған қоса делдалдық шоттар санының жақсы өсу динамикасы бар, бұл көңіл қуантады. Сондықтан компанияны биылғы жылы IPO-ға шығару – барлығы үшін ең жақсы шешім”, - «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанаділ мәлім етті.

Акцияларды сатып алуға өтінімді AIX және KASE биржаларының сауда-саттық мүшелері – брокерлер арқылы, сондай-ақ Tabys мобильді қосымшасында тікелей тіркелу немесе Қазпошта бөлімшелерінде алуға болады.

@findala
👍31
🏠Қымбат баспананың 720 иесі 610 миллион теңге мүлік салығын төлеуі тиіс

Қазақстанда құны 100 миллион теңгеден асатын, қымбат жылжымайтын мүліктің 720 иелері салық түрінде 610 миллион теңге төлеу қажет. Өткен жылдың өзінде 3,8 миллион қазақстандықтың мүлкіне салынатын салық сомасы 15,3 миллиард теңгені құрады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, салық төлеушілердің негізгі саны - құны 4 миллион теңгеге дейінгі қымбат емес мүліктің иелері шамамен 3 миллион адам.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, салық реформасы жоспарланған. Атап айтқанда, қымбат жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде, алынатын қымбат мүлікке салықты енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.Сонымен қатар көлік салығы бойынша, қозғалтқыш көлеміне байланысты салық ставкаларының прогрессивті шкаласы белгіленді.

Бұл ретте олар жылжымайтын мүліктің бағалау құны мен нарықтық құны әртүрлі болатынын ескеру қажеттігін қарастырады. Бұл мәселе әлемдік тәжірибені ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі аясында қаралатын болады.

@findala
1
🖊️Құрметті оқырмандар, біз жаңа #сөздік айдарын бастаймыз. Қаржылық және экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіріп, бізбен бірге болуды шақырамыз 🤙🏻

Акциялар – бұл компания үлесінің пайызы, яғни сізді меншік иелерінің бірі ете алатын бағалы қағаздар.

Әлемдегі ең қымбат акция – сақтандыру, теміржол көлігі және коммуналдық қызметтермен айналысатын Berkshire Hathaway Inc. Бір акцияның құны $418 349 құрайды.

@findala
🔥21
👛Миллиондаған қазақстандықтар айына $100 табысқа күн көреді

«Цифрлық отбасы картасына» сәйкес, елде жылына орташа табысы 1,3 мың доллардан аспайтын 2 миллионнан астам отбасы тұрады. Жалпылай алғанда, 6,6 миллион адамның айлық көрсеткіші $108,3, яғни шамамен 50,8 мың теңге.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйінсек, қазақстандықтардың кіріс құрылымында:
▫️еңбек белсенділігіне - 73,3%
▫️әлеуметтік аударымдарға - 22,9% арналған

Әлеуметтік төлемдердің ішінде
▪️зейнет ақы – 18,4%,
▪️жәрдемақы – 3,9%.
Сонымен бірге, осы жылы жәрдемақы алушылардың саны 3,8 миллион құрады, олардың орташа төлемдері 91,2 мың теңге.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтерілуде. Биыл бұл шара 600 мыңнан астам қызметкерді қамтыды. Олардың ішінде
🔸білім саласы – 25%,
🔸денсаулық сақтау – 20-30%,
🔸әлеуметтік сала – 25%,
🔸мәдениет ұйымдары, мұрағаттар - 20% өсті

Еңбек министрлігі мемлекетте ең төменгі жалақы 49 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсіп, ал 2025 жылға қарай 98 мың теңгені құрайтының мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру арқылы, 1,6 миллион қызметкердің кірісі өскенін еске салды.

@findala
2
🏦Қазақстандық банктердегі депозит көлемі 28 триллион теңгеден асты

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтардың жинақтары 14,2 трлн теңгені құрады. 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда олар 5,8%-ға немесе 788,3 млрд теңгеге өсті. Заңды тұлғалардың депозиттері де жыл басынан бері 11,5%-ға (+1,4 трлн теңге) өсіп, 16 трлн теңгеге жетті. Жалпылай алғанда, қыркүйек айының басында депозиттер көлемі 28,2 трлн теңгеден асты (жыл басынан бері +8,6%).

@findala
🔥3
🥖Ауыл шаруашылық министрлігі нан бағасының көтерілу себебін атады

Қазақстандағы нан бағасының қымбаттауы туралы, ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашүкеев айтуынша, қазан айында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 11,9%-ға өсті, бірақ қаңтарда бағаны тұрақтандыру шаралары қабылданғаны туралы еске сала кетті. Қолдағы бар қорларды ескере отырып, барлық әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, соның ішінде әлеуметтік ұнның бағасын толығымен сақтап қалуда.

Министр атап өткендей, бағаның үлкен көтерілуіне негіз жоқ – ұн өткен жылмен салыстырғанда көп өндірілді, бидайдың түсімі орташа жылдық деңгейден жоғары. Биылғы жылы қор бір миллион тонна астық жинауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 900 мың тонна бидай.

Атап кетсек, қыркүйек айында Сенат депутаты Андрей Лукин премьер-министрге Қазақстан базарларындағы әділетсіз, қарапайым халық арқылы байғысы келген алыпсатарлардың үстіне шағымданған болатын. Азық-түлік бағасының өсуіне осындай кісілер кінәлі екенін айтты.

@findala
👍2
​​📈Қазақстанда инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың ақпан айында күтілуде

Халықаралық валюта қоры Қазақстанда инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші келесі жылдың басында болатынын мәлімдейді. Қазіргі таңда елдегі баға тұрақтылығы Украинадағы қақтығысқа қатты тәуелдігін көрсетеді.

Халықаралық валюта қорының қыркүйек-қазан айларында Алматы мен Астанада өткен консультациялардың қорытындысы бойынша, инфляция шамамен 17%-ға жетіп, содан кейін төмендеу динамикасына жетеді. Алайда 2024 жылға дейін 6%-дан жоғары көрсеткіште қалады деп айтылған.

@findala
🤯1
🏦Қазақстанның қай банктерінде мерзімі өткен несиелер саны ең аз?

Бір жыл ішінде қазақстандық банктердің несие портфелі 24,7%-ға өсті. 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ол 21,8 трлн теңгеге жетті (жылына +24,7%). Тамыз айында қаржы институттарынан алынған несиелердің жалпы көлемі де 1,1%-ға өсті.

Ең жоғары өсу қарқыны
▫️Jusan Bank +142,5%-ға, 1,1 трлн теңгеге дейін.
▫️Отбасы Банк +53,5%,
▫️ЦентрКредит Банкі +49,9%,
▫️Еуразиялық +48,5%
▫️Bank RBK +42,7%.

Мерзімі өткен қарызға келетін болсақ, оның қазақстандық банктердегі көлемі 1,5 триллион теңгеге жетті, бұл несие портфелінің 7% құрайды. Бұл ретте, 90 күннен астам мерзімі өткен несиелер көлемі 786,8 млрд теңгені немесе портфельдің 3,6% пайызын құрады.

Егер NPL 90+ жағдайын қарастырсақ, Jusan несие қоржынының теріс өсімі бойынша көшбасшы болып табылады. Көрсеткіш 135,4 млрд теңге (несие портфелінің 11%-дан астамы).

@findala
​​🇰🇿🇹🇷Қазақстан мен Түркия тауар айналымы 10 миллиард долларға жетеді

Қазақстан мен Түркия президенттері Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысын өткізді. Отырыстың күн тәртібінде саясат, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық сынды тақырыптар қаралды.
Мемлекет басшылары қысқа мерзімді перспективада тауар айналымын 5 миллиард долларға, орта мерзімді перспективада 10 миллиард долларға жеткізуге келісті. Әзірге барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр. Қазақстан мен Түркияның көлік-логистика секторындағы ынтымақтастығы қысқа мерзімде, орта мерзімді перспективаға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Каспийдің де қазір маңызы артып келеді.

Кездесу барысында келесі меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды:
▪️ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігі
▪️денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық
▪️мұражай ісі, ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру
▪️техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау
▪️отбасылық және әлеуметтік қызметтер

@findala
👍4
💰Қаржылық сауаттылық: шығындарды қалай басқаруға және жинақтарды көбейтуге болады

Нені білу міндетті?

Егер де сіз жалақыға үнемі қарызға ақша алатын болсаңыз, онда қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру туралы ойлануыңыз жөн. Қаржылық ағындарды ақылға қонымды басқару арқылы, бюджетті дұрыс жоспарлау және ақшаны дұрыс басқару қабілетіне, несие және сақтандыру өнімдерін білуге, ақшаны тиімді инвестициялауға және үнемдеуге көмектеседі.

👩‍💻Техникалық сауаттылық

Жыл басынан бері, Қазақстанда 7 млрд теңге залал келтірген 11 763 интернет-алаяқтық фактісі анықталды. Қылмыскерлер адамдарға қоңырау шалып, түрлі сылтаулармен олардың басына несие алу немесе банк карталарына қол жеткізу үшін, жеке мәліметтерін білуге ​​тырысады. Егер де сіз алаяқтардың құрбаны болғаныңызды түсінсеңіз, барлық банк шоттарынызды дереу бұғатуыңыз жөн. Қауіпсіздік мақсатында жеке куәлігіңіз бен ЖСН-ді қоса, әрі өзіңіз туралы ешқандай ақпаратты бермеуге кеңес береміз.

👛Бюджетті жоспарлау

Тапқан ақшаңызды тұрақты және ауыспалы шығынға бөліп, жоспарлау маңызды. Бірінші топқа үй жалдау, ипотека, несиелер мен коммуналдық қызметтер жатады, ал екіншісіне қалған шығындар. Сіз оны Excel электрондық кесте немесе арнайы қолданбалар арқылы жасай аласыз. Шығындарды жоспарлау, қажетсіз заттардан бас тартуға және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Сарапшылар кірістің 50%-ын тұрақты шығындарға, 30%-ын ауыспалы шығындарға және қалған 20%-ын үнемдеуге немесе инвестицияға жұмсауға ұсынады. Себебі әр дайым қаржы ретінде қауіпсіздік жастықшасының болуы міндетті.

💸Несиеден аулақ жүру

Егер де сатып алынатын затыңыз өзіңізге жақсы инвестиция болса, оны несие алған жөн. Мысалы, кәсіпті кеңейту үшін, жабдықты несие арқылы алуға дұрыс. Дегенмен, ол табысыныздың өсуіне сөзсіз көмектесетініне көз жеткізу маңызды. Сондай-ақ, несиеге өтініш бермес бұрын, банктердің ұсыныстарын салыстырып, шектеулерді, айыппұлдар мен сыйақы жүйесін зерттеу қажет.

👨‍⚖️Құқықтық сауаттылық

Кез келген құжатқа қол қою арқылы, сіз онда көрсетілген барлық шарттармен келісетіңізді білдіресіз. Қажетсіз ақшалай міндеттемелерді өзіңізге алмау үшін, инвестор ретінде сіздің мүдделеріңіз келісім-шартта қалай қорғалғанын қадағалау маңызды. Бұл мәселеде білімді заңгерге хабарласқан дұрыс. Сондай-ақ қаржылық тұтынушы ретінде, сіздің құқықтарыңыз әрқашан заңмен реттелетінін есте сақтау қажет. Қаржы ұйымдарын бақылайтын және оларға лицензия беретін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу агенттігі бар, сондықтан керек компанияны реттеушінің веб-сайтында тексеруге болады.

@findala
👍4
💵Отбасы банкке үкімет резервінен 49,9 млрд теңге бөлінеді

Алдын ала және аралық тұрғын үй несиелендіру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикалық бюджеттен Отбасы банкке
49 900 000 000 теңге бөлді. Жоба министрліктің басқа бюджеттік бағдарламалары бойынша пайдаланылмаған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Жобаның қабылдануы, Отбасы банкке 4 738 адамға жылдық 5% мөлшерлемен несиелік тұрғын үй сатып алуға көмектеседі.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Қазақстанда 7 пайыздық қолжетімді мөлшерлемемен «7-20-25-ке» балама болатын жаңа ипотекалық бағдарлама жоспарланып жатқаны туралы айтқан болатын.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қыркүйегінде, Қазақстанда тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату саны 36 241 жетті, оның 8 905-і жеке үйлерге және 27 336-сы пәтерлерге қатысты. 2022 жылдың тамыз айынан бастап (35 686) тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны 1,6%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша көшбасшы қалалар
▫️Астана (6 347)
▫️Алматы (6 342)

@findala
👍1
🏦Мемлекеттік бюджеттің кірісі 35% өсті

Осы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 11,4 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,4% артық.

Кірістің басым бөлігі:
▫️дәстүрлі салық 8,1 трлн теңге
▫️табыс салығы 3,1 трлн теңге
▫️тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтар – 2,9 трлн. теңге
▫️халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салықтар – 1,2 трлн. теңге
▫️әлеуметтік салық – 567,7 млрд.теңге
▫️мүлік салығы – 254,5 млрд

Жыл ішінде салықтық емес түсімдер де 22,6%-ға өсіп, 242,1 млрд теңгені құрады. Алайда ҚР Қаржы министрлігі 2021 жылдың салығы шамамен 1,8 млн меншік иесі жалпы сомасы 7,1 млрд теңгеге тең мүлік салығын төлемегенін хабарлайды.

@findala
2👍1
💰Жыл басынан бері сақтандыру компаниялары 95 миллиард теңгеден астам табыс тапты

Тамыз айының соңында, сақтандыру ұйымдарының активтері 0,7%-ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Көрсеткіш жыл басынан бері сақтандыру қызметінен түскен кірістердің ұлғаюы нәтижесінде 10,3%-ға өсті.

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, активтер құрылымындағы ең үлкен үлесті
▫️бағалы қағаздар – 1,4 трлн теңге (70,8%),
▫️қолма-қол ақша мен екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер – 127 млрд теңге (6,3%),
▫️сақтандыру дебиторлық берешегі – 100 млрд теңге (5,0%) алады

Сақтандыру ұйымдардың міндеттемелері негізінен 0,5%-ға немесе 1,3 трлн теңгеге өсті.

Меншікті капитал тамыз айында 0,9%-ға немесе 6,5 млрд теңгеге өсіп, 759 млрд теңгені құрады.

Таза пайда сақтандыру нарығында тамызда 6,9 млрд теңгені, ал жыл басынан бері жалпы 95,2 млрд теңгені құрады.

@findala
🔥2👍1
⬆️ЦентрКредит Банкі жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі бойынша бірінші орында

Елдегі 20 банк арасында жасалған талдамалық есеп бойынша, ЦентрКредит Банкі +74 млрд теңге көрсеткішімен, депозиттердің өсімі бойынша көшбасшы болды. Бір айда банкте жеке тұлғалардың депозиттік портфелі бірден 6,5%-ға өсті.

ЦентрКредит Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мүшесі болып табылады. Мемлекет депозиттің сақталуына кепілдік береді. Банктегі ең танымал депозит – «Менің мақсатым». Бұл нәтижеге жетуге ынталандыратын қарапайым және ыңғайлы депозит. Мақсатқа жету үшін жинақтау көлемі мен мерзімін таңдауға болады. Сіз өзіңіз толықтыра немесе жинақтай аласыз, ақшаны депозитке автоматты түрде аудару үшін, жай тұрақты төлемге қосыла аласыз.

@findala
2👍1
🏭Индустрия министрлігі Қазақстанда көмір бағасының қымбаттауын жоққа шығарды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, көмір құны өткен жылғы деңгейде қалды деп отыр. Мысалыға,
▫️«Шұбаркөл Көмір» АҚ тоннасын 5,5 мың теңгеден,
▫️«Майкөбен-Вест» ЖШС 6,1 мың,
▫️«Қаражыра» АҚ – 8,3 мың.
Көмірдің географиялық орналасуына, тасымалдау әдісіне және маркасына байланысты құны 8 мыңнан 21,6 мың теңгеге дейін өзгереді.

Бүгінгі таңда өңірлерге қажетті 9 миллион тонна көмірдің, тек 4 миллион тоннасы ғана жеткізілген, яғни жылдық жоспардың 44,3%. Көмір тапшылығын болдырмау үшін, министрліктер жылыту маусымында ашық карьерлерден көмірді автомобильмен экспорттауды шектеу туралы бұйрық шығарды.

@findala
👍2
🖊️Біз #сөздік жаңа айдарымызды жалғастыра отырып, қаржы-экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіреміз. Бізбен бірге болуды шақырамыз!

Инвестиция - пайда табу немесе ақшаны көбейту мақсатында, капиталды белгілі бір аймаққа салу. Сіз
▫️бағалы қағаздарға (акциялар мен облигациялар),
▫️жылжымайтын мүлікке,
▫️коммерциялық мүлікке,
▫️бизнесті дамытуға (жабдықтарға) инвестициялай аласыз.

Тарихтағы ең табысты инвесторлардың бірі Уоррен Баффет. Ол Berkshire Hathaway арқылы акциялар мен компанияларды сатып алу арқылы, қазір $95,5 миллиард байлыққа ие. Оның даналығы бойынша, ақшаны тек өзіңіз жақсы түсінетін және дұрыс бағадағы затқа салу керек.

@findala
👍3
📈Қазақстанның қай салаларында 1 миллион теңгеден жоғары табыс табуға болады

HeadHunter деректері бойынша,бір миллион теңгеден астам табысты осындай салаларда табуға болады:
▫️кеңес беру - 1 700 001 теңге
▫️топ-менеджмент - 1 899 782 теңге
▫️шикізат өндіру - 1 124 876 теңге
▫️ақпараттық технологиялар - 1 662 306 теңге
▫️құрылыс және жылжымайтын мүлік - 1 117 427 теңгеге дейін
▫️медицина және фармацевтика - 1 249 998 теңге
▫️банк қызметі - 1 249 998 теңге

Ал табыстың айтарлықтай төмендеуін автомобиль бизнесінде және ғылым мен білім салаларында жұмыс істейтін мамандар сезді. Олардың табысы 6 пайызға төмендеген. Автокөлік кәсіпорнының ең аз жұмысшылары қыркүйекте 89 998 теңге, ең жоғарысы 650 мың теңге алған. Ғылым мен білім саласында қызметкерлер 70 003 теңгеден 549 997 теңгеге дейін табыс тапты.

@findala
👍3
🗂️Экономика дамуының 5 жылдық сценарийі ұсынылды

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров еліміздің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі факторлары туралы мәлімдеді.
Мұнай бағасы барреліне 85 доллар деп болжануда. ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 3,9%-ды құрайды.
Инфляция
▪️2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде анықталады,
▪️2024 жылы – 4-5% деңгейінде,
▪️2025-2027 жылдары – 3-4%.

Нақты ЖІӨ өсімі 2023 жылы 4,0%-дан, ал 2027 жылы 4,2%-ға дейін жеделдейді деп күтілуде. Атаулы ЖІӨ 120,7 трлн теңгеден 176,6 трлн теңгеге дейін өседі. Мұнай өндіру 2023 жылы 92,6 млн тоннаны құраса, 2027 жылы 99,9 млн тоннаға дейін өсу күтілуде.

Ұлттық банктің болжамы бойынша
экспорт 80,9 миллиард доллардан 84,6 миллиард долларға,
импорт 45,7 миллиард доллардан 53,5 миллиард долларға дейін өседі.

@findala
👍1
💸Бөліп төлеу VS Credit - нені білу қажет?

Несиелер мен бөліп төлеу не үшін қажет?

Қазіргі таңда адамдар үнемі өзін ең жаңа техникамен қоршауға, үйін тек заманауи стильде дизайн жасауға, үстіне сәнді киім киюге тырысады. Алайда әркімнің қалаған затын қолма-қол ақшаға сатып алуға мүмкіндігі болмағандықтан, несие мен бөліп төлеу жүйесін ойлап тапты. Осындай қаржы құралдарының негізгі мақсаты - адамның дәл қазіргі жағдайынан сәл артық сатып алу мүмкіндігін беру. Бұл мақалада біз несие мен бөліп төлеу жүйелерінің негізгі айырмашылықтарын талдаймыз.

🤔Айырмашылығы неде?

Бөліп төлеу қолма-қол ақша ретінде берілмейді, тек белгілі бір тауарды: тұрмыстық техниканы, киім-кешектерді, телефондарды және т.б. заттарды алуға беріледі. Ал несиені банкте қолма-қол алып, өз қалауыңыз бойынша керекті жерлерге жұмсай алу мүмкіндігініз бар. Бөліп төлеу жоспарына өтініш беру талаптары әртүрлі. Алайда, көбінесе құжаттардың стандартты тізімінде тек байланыс деректері мен ЖСН ғана болады. Қосымша деректер ретінде, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және кепілдік келісімін талап етуі мүмкін.

Бөліп төлеудің артықшылықтары

▪️Несие берумен салыстырғанда, қарыз алушыға минималды талаптар қойылады;
▪️Бөліп төлеуде тіркеу жылдамдығы әлдеқайда жоғары;
▪️Дәл қазір қажетті соманы ұзақ жинамай, қымбат тауарларды бірден сатып алу мүмкіндігі;
▪️Бөліп төлеу несие пайызын қамтымайды;
▪️Құжаттарды өзіңіз жинап, банкке хабарласудың қажеті жоқ. Оны дереу дүкенде, әрі онлайн режимде жасауға болады.

Бөліп төлеудің кемшіліктері

▫️Қысқа төлем мерзімі. Несие әдетте ұзақ мерзімге, ал бөліп төлеу бірнеше айға беріледі;
▫️Кейде бастапқы жарнаны талап етеді;
▫️Ай сайынғы жарна сомасы қысқа мерзімге байланысты артады. Сондықтан, ол үлкен тұрақты төлемдерге байланысты арзанырақ болуы мүмкін;
▫️Бөліп төлеу оңай екенін сезіну болашақта негізсіз шығындарды, қажетсіз сатып алуларды тудырады.

🖇️Бөліп төлеуді кейде несие түрде жасыруы мүмкін

Бөліп төлеуді ұсынатын дүкен, тауардың бағасын алдын ала 10-20%-ға көтеріп, содан кейін банкке сол сомаға пайызсыз бөліп төлеуге жеңілдік жасай алатынын білу маңызды. Сондықтан алдымен әртүрлі дүкендерде қызықтыратын өнімнің құнын тексеруге кеңес береміз. Мұндай сатып алу, тауарды артық төлемсіз бөліп төлеу жоспарына ұқсайды. Бірақ шын мәнінде, сатып алушы банк алдында несиелік міндеттемелерді қабылдайды. Бұл жағдайда бөліп төлеу жоспары маркетингтік айлаға айналады.

📉Бөліп төлеу жауапкершілікті төмендетпейді

Бөліп төлеу немесе несие алсаныз, келісім бойынша ай сайынғы төлем жасау міндетті, немесе сізді сотқа беру мүмкіндігі бар. Кредитор сіздің несиелік тарихыңызға теріс әсер етіп, несиелік бюроларға дефолт туралы ақпаратты жіберуге міндетті болады. Несие беруші қарызды сотқа дейін өндіріп және реттеу үшін коллекторлық агенттікке аудара алады, сондықтан бәрін уақытында төлеген дұрыс.

🧮Несие немесе бөліп төлеу - қайсысы тиімдірек?

Бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес. Әр адам өзінің мүмкіндіктеріне қарай оны анықтайды. Кейбіреулер үшін несиеге қарағанда, ай сайын көбірек соманы салып, артық ақшаны желге шашпау тиімдірек. Басқалар үшін пайыздық салымды артық алып, алайда төлем мерзімін ұзарту арқылы, кем төлем жасаған ыңғайлы.

@findala
3👍1🔥1
🤔 Қазақстанда қаржы секторы 2030 жылға дейін қалай өзгереді?

Жақында Тоқаев мырза Қазақстанның 2030 жылға дейінгі қаржы секторы жайлы тұжырымдаманы дамытуға рұқсат берді.

Бұл концепцияға сәйкес, біздің еліміз үнемі дағдарыспен күресуден, тұрақты дамып отыратын қаржы моделіне көшеді. Қаржыны негізінен Ұлттық банк, АХҚО, БҚДА және басқа да қаржы органдары басқаратын болады.

🪙Цифрлық актив аман болсын

Қаржы секторының ЖІӨ-ге деген активтері 2021 жылғы 52%-дан, 2030 жылы 70%-ға дейін өседі деп жоспарлануда. Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес және цифрлық активтерді реттеу механикасы үшін, бірнеше тармақтар атап өтілді, мысалы, АХҚО-да жеке айналымда болатын криптовалюталар.
Екіншісі кәсіптерді несиелеуге ынталандыру және шетелдік банктерді тарту. Тоқаев мырза еліміздегі бизнес секторы тым қатаң шектеулерге байланысты, нашар несиеленгенің айтты. Қоса кетсек, ЖІӨ-ге қатысты несие портфелі 2021 жылғы 24% құраса, 2030 жылы 43% дейін ұлғаю күтілуде. Ал заңды тұлғаларға берілетін несиелердің өсімі 2021 жылмен салыстырғанда 55% артады деген болжамдар бар.

💼Бағалы қағаздар нарығындағы жағдай

Қазіргі уақытта негізгі реттеушілердің бірі Ұлттық банк және АФМ, оған қоса Самұрық-Қазына, АХҚО және KASE де сол жүйеге белсене ат салысуда. Сондықтан бағалы қағаздар нарығы 38% өседі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Халықтық IPO» бағдарламасы 2026 жылдың соңына дейін үнемі ілгерілетіліп, 2024 жылға қарай S&P, Moody's рухында рейтингтік агенттілік құруға жағдай жасалуда.

🏦Банктік емес сектор мен МҚҰ дамыту

Микроқаржы портфелі 2030 жылға қарай, жалпы портфельге қатысты 138%-ға өседі. Ломбардтар, МҚҰ, онлайн несиелер және басқа кеңселер үшін өзіндік жеке талаптар қойылатын болады. Сонымен қатар, МҚҰ-ны банктерге оңай айналдыруға болатын қалыпты процедуралар қарастырылуда.

🇰🇿Қазақстан әлемдік индекстерде

Әлемдік аренада салмағы бар MSCI және FTSE индекстерінде, біздің қаржы жүйеміздің беделін арттыру тақырыбы қарқынды талқылануда. Қаржы институттарында корпоративтік басқару дамып, өзіміздің жеке қазақстандық корпоративтік басқару кодексі құрылатын болады.

🔖 Қорытынды

Қазақстанда 2030 жылға қарай, қаржы секторын дамытудың қуатты жоспарлары бар. Оның іске асуына Ұлттық банк, АФМ және басқа да қаржылық реттеушілер қосылып, еңбек тер төгетіні белгілі. Мысалы, АХҚО-на жеке даму секторы беріліп, осы жүйенің қатысушылары қаржылық қызмет көрсетуде одан да көп мүмкіндіктерге ие болатыны мәлім. Сонымен қатар, рейтингтік агенттігінің пайда болу тұжырымдамасы да қатты қуантады.Осыған орай, KASE, Қаржыгерлер қауымдастық, Қазақстанның Даму Банкі және басқа да қаржы институттары бірге ыңталасып, ортақ мақсаттарына жету үшін іс жасайды.

@findala
3