🖌️Касым-Жомарт Токаев Digital Bridge халықаралық форумын ашты
Адамзаттың зор зияткерлік және ғылыми әлеуеті бар Қазақстан инновацияларды, цифрлық өндірісті және шығармашылықты дамыту үшін тартымды кеңістік ретінде әрекет етеді, - деді Тоқаев Digital Bridge 2022 форумында.
«Сарапшылардың пікірінше, 10 жылдан кейін әлемде өнімдер мен қызметтердің 70%-ға дейіні цифрлық платформалар мен модельдерге негізделеді. Осы жағдайда Қазақстан алдына стратегиялық міндет – еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу міндетін қойды», - деді президент.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның ең цифрландырылған мемлекеттерінің алғашқы 30 рейтингінде, көптеген дамыған елдерді басып озды. Дегенмен, мемлекет басшысы атап өткендей, сабырға келуге негіз жоқ, Қазақстанның одан әрі цифрлық трансформациясы бойынша әлі көп жұмыс істеу керек.
@findala

📈ЕҚДБ Қазақстанның экономикалық өсу болжамын жақсартады
Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3 пайыз, 2023 жылы 3,5 пайыз өседі деп күтілуде. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) 2022 жылғы 28 қыркүйектегі есебінде айтылады.
Айта кетейік, Даму институты мамыр айындағы есебінде Қазақстан экономикасының өсімі жыл соңына дейін 2%, ал 2023 жылы 2,5% болуы мүмкін деген болжам жасаған болатын. Банктің шолуында 2022 жылдың алғашқы алты айында республиканың ЖІӨ бір жылмен салыстырғанда 3,4%-ға өскені айтылған.
Мұнай экспорты 2014 жылдан бері алғаш рет 42,2 миллиард долларға жетті. Бұған жоғары баға үлес қосты, бірақ жеткізілім көлемі де 10%-ға жуық өсті. ЕҚДБ сондай-ақ Ресей арқылы мұнай тасымалдаудағы ықтимал үзілістерге байланысты елеулі тәуекелдер бар екенін атап өтеді.
Құжатқа сәйкес, Орталық Азия елдерінің ішкі жалпы өнімі 2022 жылы 4,3 пайызға, 2023 жылы 4,9 пайызға өседі. «Орталық Азияның көптеген мемлекеттері ресейлік үй шаруашылықтарының шетел валютасындағы жинақтарын сонда орналастыруға ұмтылуынан пайда көреді. Мыңдаған орыс тілінде сөйлейтіндер (Беларусь, Ресей және Украинадан) арнайы экономикалық аймақтарды пайдалана отырып, Орталық Азияға бизнесін жылжытуда», - делінген хабарламада.

☕️Қазақстанда бір кофе үшін қанша минут жұмыс істеу қажет?
Picodi.com сарапшылары Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде 1 кесе капучино үшін қанша минуттық жұмыс уақытын табуға болатынын анықтауды шешті. Рейтингке 102 мемлекет енді.
Егер сусынның құнын елдегі орташа жалақымен салыстыратын болсақ, онда Андорра, Австралия, Швейцария және Люксембург көш бастап тұр. Бұл елдерде бір кесе кофені 8-9 минутта табуға болады.
Қазақстанда сусынның орташа құны 757,5 теңге (1,6 доллар) болса, оны 30 минутта табуға болады. Бұл рейтингтегі 58-ші орын.
Қытайлық көршілер капучиноны кейінірек алады - 34 минуттан кейін (67-орын). Ал Ресей мен Өзбекстан тұрғындары кофе үшін сәйкесінше 29 және 55 минуттық еңбек ақысын төлейтін болады.

👍3
📆QazaqGaz IPO-ға 2025 жылы шығуды жоспарлап отыр
2025 жылы QazaqGaz IPO-ға шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлады «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
Оның айтуынша, компанияның IPO-ға дайындығы компанияны басқару тиімділігін арттыру үшін үлкен көлемдегі «үй тапсырмасын» қамтиды.
Сондай-ақ, компания әлеуметтік тұрақтылық индексін жақсартуды, неғұрлым жетілген және тұрақты бизнеске айналуды жоспарлап отыр.

💰Қазақстандықтарға өмір сүру үшін кем дегенде қанша ақша қажет?
2022 жылдың қыркүйегінде, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі айына бір адамға 47 420 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 24,5 пайызға артқан.
Көрсеткіш жыныс пен жас бойынша ерекшеленеді. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2022 жылғы қаңтарда
▫️18 жастан асқан еңбекке қабілетті ер адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 824 теңгені (жылына +18,1%)
▫️әйелдер – 44 280 теңге (+18,1%)
▫️зейнеткерлер мен қарттар үшін деңгей 43 899 теңгеге (+16,9%)
▫️14 жасқа дейінгі балаларға – 41 310 теңге (+16,9%).
▫️14-17 жас аралығындағы ұлдар – 59 157 теңге (+18,1%)
▫️қыздар – 45 329 теңге (+18,1%)
Аймаққа қарай өмір сүру құны да әртүрлі. 2022 жылғы қыркүйекте ең жоғары көрсеткіш
▪️Маңғыстау облысында тіркелді – 58 626 теңге (жылдық + 23,6%).
▪️Астанада – 52 031 теңге (+16,3%),
Шығыс Қазақстанда – 51 190 теңге (+21%),
▪️Алматыда – 50 504 теңге (+16,2%),
▪️Ақмолада – 48 648 теңге (+22,2%)
▪️Солтүстік Қазақстанда – 48 441 теңге (+21,3%)
Ең төменгі күнкөріс деңгейі
▫️Қызылордада – 42 556 теңге (+13%),
▫️Түркістанда – 43 477 теңге (+ 13,6%)
▫️Жамбыл облысында – 44 373 (+18%)

👍2❤1🤯1
💴Қазақстанда кәсіпкерлерге салынған 1,5 млрд теңге көлеміндегі заңсыз айыппұлдар жойылды
Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің автоматтандырылған жүйесі арқылы, жыл сайын мыңға жуық заңсыз тексерулердің жолы кесіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, тексерулерді жеті есеге қысқартуға мүмкіндік туды. Бұл, ең алдымен, бизнесті заңсыз тексерулерден қорғауға және әкімшілік кедергілерді азайтуға, кәсіпкерлерді қылмыстық орбитаға негізсіз тарту фактілерінің жолын кесуге, сондай-ақ осы салаларды цифрландыру мен автоматтандыруға қатысты жұмыс. Соңғы бір жарым жылда 35 мың кәсіпкерге қатысты 1,5 млрд теңге әкімшілік айыппұлдар алынып тасталды.
Жаңа талаптардың орындалуы, қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Егер бұрын ай сайын кәсіпкерлерге қатысты 150-ге жуық қылмыстық іс тіркелсе, қазір олардың саны төрт есеге азайған. Жалпы, осы жылы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңсыз қозғалған 400-ден астам қылмыстық іс тоқтатылды.
Қадағалау органы кәсіпкерлердің заң талаптарын орындай бермейтінін де қоса айтты. Қаражатты заңсыз алу, салық төлеуден жалтару жалғасуда, үлестік құрылыста, еңбек құқығында және басқа да салаларда бұзушылықтар әлі де орын алуда.

❤2👍2
🧺Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы күрт өсті
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 22,2%-ға өсті. Азық-түлік емес тауарлар 17%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға қымбаттады. Жалпы жылдық инфляция 17,7% жетті.
Өңірлер тұрғысынан инфляцияның ең жоғары өсімі Маңғыстау облысы – 21,7% және Астана – 20% байқалды. Алматыда бұл көрсеткіш 17,3 пайызды құрайды. Тауарлардың ішінде А4 қағазы екі есе қымбаттады, қант түйіршіктері 80,8%, кір сабын 68,9% қымбаттады. Жанғыш заттардың да өсу қарқыны сезіледі, отын 3%-ға, тас көмір – 2,9%-ға, ал баллондардағы сұйытылған газ – 1,5%-ға қамбаттады.
Азық-түлік бағаларының үдеуі:
🔸жұмыртқа 7,5%,
🔸күнбағыс майы – 4,6%-ға,
🔸күріш, макарон өнімдері - әрқайсысы 4,1%.
Алайда бағасы түскен өнімдер де бар:
🔹жаңа піскен көкөністер – 10,2%-ға,
🔹картоп – 8,5%-ға,
🔹түйіршіктелген қант - 5,2%

❤3
🖊Шенеуліктер жалға беру нарығындағы бағаларды бақылауға алады ма?
Премьер-министр Әлихан Смайылов жалға берілетін тұрғын үй нарығын тұрақтандыру шараларын қабылдауды тапсырды. Соңғы уақытта ресейліктердің көші-қонына байланысты, тұрғын үйді жалға алу құны 50 пайызға өсті.
Тек сарапшылар мемлекет ісі жалдау нарығының жалпы көлемінің 70 пайызын құрайтын көлеңкелі үлесті азайтуға ғана ықпал ете алады деп түсіндірді. Бірақ баға болжаушылар қазір хайп төмендеп, жыл соңына қарай бағалар өз орындарына қайта оралатынын мәлімдейді. Бұл ресейліктер құны екі-үш есе қымбат пәтерді көтере алмайтынына байланысты.
Сарапшылар жалға алу шартын жасасуға болатын және салық төлемдерінің шот-фактурасы автоматты түрде жазылатын, цифрлық платформа құруды ұсынады. Мұндай платформаны банктердің бірімен немесе мемлекеттік мекемемен байланыстыруға болады. Сондай-ақ OSI-ға қанша пәтердің жалға берілгенін есепке алуды тапсыруға қажеттілігін айтты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 21 қыркүйектен бері Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік кіріп, 64 мың 200-і шет елдерге шығып кеткен. Алайда, мемлекеттік мекеме иммигранттарды қабылдаған қазақстандықтар бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті екенін хабарлайды.

❤3👍1
🗺️Қай салаларда Қазақстанда ең көп кәсіптер ашылған.
Қазақстанда 1,3 миллионнан астам жеке кәсіпкер тіркелген. Бір жыл ішінде олар 20,3%-ға өсті.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жеке кәсіпкерлердің айналысатын көпшілігі
▫️сауда
▫️ауыл шаруашылығы
▫️жылжымайтын мүлік операциялары
▫️тасымалдау
▫️қоймалау
Гендерлік статистиканы алсақ, ерлер-кәсіпкерлер – 47,9%, ал әйелдер – 52,1%. Әйелдер негізінен сауда саласында серіктестіктер ашады.

❤1👍1
🏠Қазақстанда ипотекалық бағдарламадағы «толық емес отбасы» санаттарының шарттары өзгертілді
Несие беруді талдау нәтижелеріне сүйенсек, «толық емес отбасылар» сияқты санат соңғы төрт жылда ең жылдам қарқынмен өсіп келе жатқаны белгілі болды.
Егер 2017 жылы 54,6 мың ажырасу болса, 2018 жылы олардың саны 54,7 мыңға өссе, 2019 жылы 59,7 мыңға жетті. Ажырасу туралы арыз беру қиындаған ковид кезеңінде, олардың саны 48 мыңға дейін азайған, ал 2021 жылы қайтадан өсті. Банк басшысы мұндай өсімді қазақстандықтардың жеңілдікпен баспана алуға деген ұмтылысымен байланыстырады.
23 қыркүйекте Үкімет қаулысы аясында «толық емес отбасы» санатын «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша («5-10-20») ипотека шарттарына енгізу қолдау тапты. Ал «Бақытты отбасы» бағдарламасынан мүлдем алынып тасталды. Министрлік өткен жылы өтініштердің 50 пайыздан астамы толық емес отбасылардан түсіп, бұл басқа санаттар үшін тең емес жағдай туғызатынын айтты. Бағдарламадағы басым санаттарға жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді.

🧑💻Ақмола облысының тұрғындары интернет алаяқтарының кесірінен 2 миллион теңгеден астам ақшадан айырылды
4 қазанда Ақмола облысының полициясы интернет-алаяқтықтың төрт фактісін тіркеді. Алаяқтар өздерін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде көрсетіп, жәбірленушілердің атына бейтаныстар несие алып жатқаның хабарлады. Схема бойынша несиеден бас тарту үшін, жәбірленуші банкте өзідері несие рәсімдеп, алаяқ көрсеткен есепшотқа ақша аударуы керек болған. Алданған тұрғын бейтаныс есеп шотына 480 мың теңге, ал екіншісі 797 мың теңге аударып, миллионнан асатын шығынға кірді. Сондай-ақ, олар өздерін «Инвест» аналитикалық компаниясының қызметкерлеріміз деп таныстыруы мүмкін - осылайша тағы зардап шеккен азамат 82 мың теңге жоғалтқан.
Басқа деректер бойынша, алданған адамдар TikTok арқылы ақша табуды үйрену үшін 887,4 мың теңге белгісіз шотқа қайтарымсыз аударған болған. Осылайша Ақмола облысының тұрғындары интернеттегі алаяқтардың кесірінен 2 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады.

❤2👍1
🖊️Binance ресми түрде Қазақстанда жұмыс істеуге АХҚО лицензиясына ие болды
Binance криптовалюта биржасы АХҚО-да сандық активтер платформасын басқаруға және кастодиандық қызметтерді көрсетуге ресми лицензия алды. АХҚО Қаржы қызметтер органының (AFSA) тұрақты лицензиясы Қазақстандағы Binance-ке реттелетін платформа мәртебесін береді.
Биржа атқаратын жұмысы:
▫️айырбастау және конвертация қызметтері
▫️фиат валюталарын депозитке салу және алу
▫️криптовалюта активтерін сақтау
▫️биржалық сауданы ұсына алады
Кез келген елдің жеке және заңды тұлғаласы, тіркеу арқылы оған қол жеткізе алады. Болашақта Binance Қазақстанда өз қызмет көрсету ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.

👍4❤1
🚜КазАгро
Бүгін біз #Қаржы_институттар айдарының аясында "ҚазАгро" холдингі туралы сөз қозғаймыз. Ол «Бәйтерек» холдинг қыздарының бірі екені мәлім. Бүгін біз оның не ұйым екенін, оның функционализациясы, қызметтері, еншілес кәсіпорындары туралы талкылайтын боламыз.
Бұл не?
«КазАгро» — Байтерек апайымыздың сүйікті қызының бірі, сондықтан ол оған 100% меншіктІ. Холдинг «халық үшін, ел үшін» осындай қызмет етеді:
🔸агроөнеркәсіп кешенін 🔸несиелендіру,
🔸лизинг,
🔸несиені өтеуге кепілгер ретінде әрекет ету
«КазАгро-ның басты міндеттерінің бірі —
🔹ас атасы нан дегендей, ол әр дастарханда тұру үшін, мемлекеттік астық қорын сақтайды
🔹сол бидайды өсіретіндерді ренжітпей, оларға көмек ретінде,
🔹ұяттары шақпау үшін, ауыл шаруашлық саласына ақша құйып, өнімді пайда алады
📃Бәйтеректің қанаты астында
КазАгро-ның жеке 82 миллионға жуық акциясы бар, ол жай-май компания емес екені мәлім. Тек сол миллиондаған акциясын Бәйтерек апамыз 100% өз меншігінде ұстап тұр. Жұмыс істелінуде, табыс келуде, қазына толтырылуда. Уайымдайтыны түгі жоқ, себебі бәрі де госпрограммаларды қанағаттауға кетеді.
📎Ешкім де, ештене де ұмытылмайды!
Корона дағдарысы басталған жылы «ҚазАгроның» қызы бюджеттен алынған ақшаны екінші деңгейлі банктің депозитіне, кейіннен жеке пайда алу үшін заңсыз аударған.
Бастапқыда бұл ақша әлеуметтік нысандарды дамытуға, сумен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығын қолдау үшін бөлінген. Сондықтан осындай іс-әрекет қазір де түгел ұйым жұмысының ашықтығына күмән келтіреді.
🖍️Қорытынды
«ҚазАгро» Бәйтеректің басқа қыздары сияқты өз жұмысын мемлекеттік қаржыландыру арқылы атқаруда. Оның үстіне «Қазагро» Ұлттық қор сатып алған 0,01 пайыздық теңгемен облигациялар шығарғаны мәлім. Жомарттықтың немесе ақымақтықтың белгісін білдіретін бұл сыйлықтар барлығын таң қалдырды. Алайда осы арқылы мемлекеттік компания әлі де аяқта қалай тік жүргенін түсіндіреді.

💸Жарты миллионнан астам қазақстандықтар шағын несиеге қарыз
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, мерзімі 90 күннен асқан екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарда қарыз алушылардың жалпы саны 1 520 000 адамды құрайды.
Деректер бойынша, жалпы мерзімі өткен 10 қарыз алушының 4-і микроқаржы ұйымының борышкері екені белгілі болды. Бұл ретте, ұйым
осындай несиелерді төлемеушілік деңгейін, жасанды түрде төмендету мақсатында, коллекторлық агенттіктерге портфельдегі мерзімі өткен несиелерді сатады, яғни шынында олардың борышкерлер саны әлдеқайда көп екенін ескеру қажет.
Сот тәжірибесінде микронесие шарттары жарамсыз екені мәлім, борышкерлердің мойнына жылдық 30 000%-ға дейін прецеденттерді іліп қойған тәжірбиелер де кездеседі. Осындай «қаржылық озбырлыққа» тап болған борышкерлер саны өсуде, тек өкінішке орай, көбісі сот қорғауына жүгінген жоқ.
Мәжіліс 2022 жылғы 30 наурызда, кредиттік бюролардың жұмысына тексерісті талап еткен. Аудит нәтижесінде қаржылық реттеушілердің бірқатар өрескел бұзушылықтары анықталды, мысалы:
▫️кредиттік бюроларды аттап, жаңартылмаған деректерді пайдалану,
▫️сауалнамада көрсетілген, алайда расталмаған деректер негізінде, қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу
▫️ақпараттарды несиелік бюроға уақтылы жеткізбеуі,
Бұл тек үш қарыз алушыға ғана қатысты бұзушылықтар болды, ал негізгі сан жарты миллионнан асады, сонда тізім қалай толатыны белгісіз..

👍2❤1
🏠Қазақстанда тұрғын үйге сұраныстың күрт өсуі
Елдегі жылжымайтын мүлік нарығы үш айлық тыныштықтан кейін күрт жанданды. Естеріңізге сала кетсек, көктемнің соңына қарай тұрғын үй сатып алу саны 60 мыңнан 30 мыңға дейін екі есеге қысқарды. Алайда тамыз айында тұрғын үйге сұраныстың қайта өскені байқалды:
🔹Алматы мен Шымкентте көрсеткіш 30%-ға
🔹Астанада 46%-ға
Сарапшылар бұл оң үрдістің негізгі 2 себебі бар деп есептейді.
Біріншіден, күзгі егін жинау. Ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі бизнесмендер егін жинағаннан кейін жылжымайтын мүлікке ақша салады. Бұл құбылыс жыл сайын орын алуда. Қазіргі уақытта бастапқы пәтерлерге сұраныс 29,6%-ға өссе, тұтынушы ағыны 14,3%-ға жетті.
Екіншіден, «Отбасы банк» тарифтерінің көтерілуімен байланысты. Айта кетсек, ол арқылы нарықтағы тұрғын үйдің 60%-дан астамы сатып алынады. Ақшасы алты айдан аз депозитте тұрған клиенттер үшін мөлшерлеме 6 қазаннан бастап 7-8,5%-дан 10-11,5%-ға дейін көтеріледі. Сондықтан, жинақтары бар қазақстандықтар жылжымайтын мүлік нарығында қызу сұраныс тудырып, тарифтер көтерілгенге дейін тұрғын үй сатып алу операцияларын жабуға тырысты. Ал сарапшылар тұрғын үй бағасының ұзақ мерзімді перспективалары жайлы әзірше мүлдем болжам бере алмай тұр.

📈«ҚазМұнайГаздың» IPO процесі 10 желтоқсанға дейін өтеді
«ҚазМұнайГаздың» IPO-сы желтоқсанның басында өтеді. Алдағы IPO аясында инвесторлар шартты түрде үш топқа бөлінді.
▫️Біріншісі – Қазақстанның барлық азаматтары.
▫️Екінші топ – белгілі бір шекті шектен жоғары баға ұсыныстарын беретін қазақстандық институционалдық инвесторлар.
▫️Үшінші топ – халықаралық институционалдық инвесторлар.
“Жергілікті нарық даму қарқыны айтарлықтай сезілуде. Бұған финтехтің дамуы, қаржы институттарының қызметтерін цифрландыру, жалпы алғанда, халықтың қаржылық сауаттылығының өсуі ықпал етіп отыр. Оған қоса делдалдық шоттар санының жақсы өсу динамикасы бар, бұл көңіл қуантады. Сондықтан компанияны биылғы жылы IPO-ға шығару – барлығы үшін ең жақсы шешім”, - «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанаділ мәлім етті.
Акцияларды сатып алуға өтінімді AIX және KASE биржаларының сауда-саттық мүшелері – брокерлер арқылы, сондай-ақ Tabys мобильді қосымшасында тікелей тіркелу немесе Қазпошта бөлімшелерінде алуға болады.

👍3❤1
🏠Қымбат баспананың 720 иесі 610 миллион теңге мүлік салығын төлеуі тиіс
Қазақстанда құны 100 миллион теңгеден асатын, қымбат жылжымайтын мүліктің 720 иелері салық түрінде 610 миллион теңге төлеу қажет. Өткен жылдың өзінде 3,8 миллион қазақстандықтың мүлкіне салынатын салық сомасы 15,3 миллиард теңгені құрады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, салық төлеушілердің негізгі саны - құны 4 миллион теңгеге дейінгі қымбат емес мүліктің иелері шамамен 3 миллион адам.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, салық реформасы жоспарланған. Атап айтқанда, қымбат жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде, алынатын қымбат мүлікке салықты енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.Сонымен қатар көлік салығы бойынша, қозғалтқыш көлеміне байланысты салық ставкаларының прогрессивті шкаласы белгіленді.
Бұл ретте олар жылжымайтын мүліктің бағалау құны мен нарықтық құны әртүрлі болатынын ескеру қажеттігін қарастырады. Бұл мәселе әлемдік тәжірибені ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі аясында қаралатын болады.

❤1
🖊️Құрметті оқырмандар, біз жаңа #сөздік айдарын бастаймыз. Қаржылық және экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіріп, бізбен бірге болуды шақырамыз 🤙🏻
Акциялар – бұл компания үлесінің пайызы, яғни сізді меншік иелерінің бірі ете алатын бағалы қағаздар.
Әлемдегі ең қымбат акция – сақтандыру, теміржол көлігі және коммуналдық қызметтермен айналысатын Berkshire Hathaway Inc. Бір акцияның құны $418 349 құрайды.

🔥2❤1
👛Миллиондаған қазақстандықтар айына $100 табысқа күн көреді
«Цифрлық отбасы картасына» сәйкес, елде жылына орташа табысы 1,3 мың доллардан аспайтын 2 миллионнан астам отбасы тұрады. Жалпылай алғанда, 6,6 миллион адамның айлық көрсеткіші $108,3, яғни шамамен 50,8 мың теңге.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйінсек, қазақстандықтардың кіріс құрылымында:
▫️еңбек белсенділігіне - 73,3%
▫️әлеуметтік аударымдарға - 22,9% арналған
Әлеуметтік төлемдердің ішінде
▪️зейнет ақы – 18,4%,
▪️жәрдемақы – 3,9%.
Сонымен бірге, осы жылы жәрдемақы алушылардың саны 3,8 миллион құрады, олардың орташа төлемдері 91,2 мың теңге.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтерілуде. Биыл бұл шара 600 мыңнан астам қызметкерді қамтыды. Олардың ішінде
🔸білім саласы – 25%,
🔸денсаулық сақтау – 20-30%,
🔸әлеуметтік сала – 25%,
🔸мәдениет ұйымдары, мұрағаттар - 20% өсті
Еңбек министрлігі мемлекетте ең төменгі жалақы 49 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсіп, ал 2025 жылға қарай 98 мың теңгені құрайтының мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру арқылы, 1,6 миллион қызметкердің кірісі өскенін еске салды.

❤2
🏦Қазақстандық банктердегі депозит көлемі 28 триллион теңгеден асты
Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтардың жинақтары 14,2 трлн теңгені құрады. 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда олар 5,8%-ға немесе 788,3 млрд теңгеге өсті. Заңды тұлғалардың депозиттері де жыл басынан бері 11,5%-ға (+1,4 трлн теңге) өсіп, 16 трлн теңгеге жетті. Жалпылай алғанда, қыркүйек айының басында депозиттер көлемі 28,2 трлн теңгеден асты (жыл басынан бері +8,6%).

🔥3
🥖Ауыл шаруашылық министрлігі нан бағасының көтерілу себебін атады
Қазақстандағы нан бағасының қымбаттауы туралы, ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашүкеев айтуынша, қазан айында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 11,9%-ға өсті, бірақ қаңтарда бағаны тұрақтандыру шаралары қабылданғаны туралы еске сала кетті. Қолдағы бар қорларды ескере отырып, барлық әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, соның ішінде әлеуметтік ұнның бағасын толығымен сақтап қалуда.
Министр атап өткендей, бағаның үлкен көтерілуіне негіз жоқ – ұн өткен жылмен салыстырғанда көп өндірілді, бидайдың түсімі орташа жылдық деңгейден жоғары. Биылғы жылы қор бір миллион тонна астық жинауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 900 мың тонна бидай.
Атап кетсек, қыркүйек айында Сенат депутаты Андрей Лукин премьер-министрге Қазақстан базарларындағы әділетсіз, қарапайым халық арқылы байғысы келген алыпсатарлардың үстіне шағымданған болатын. Азық-түлік бағасының өсуіне осындай кісілер кінәлі екенін айтты.

👍2