⚡️Мәскеудің экспорттық «еркелігі» аяқталды: Астана Кремльдің айналма жолын жауып жатыр...
Астана Мәскеуге санкциядан жалтаруға мүмкіндік беретін каналдарды біртіндеп тарылта бастады.
Атап айтқанда шектеуге ілінген тауарлардың Ресейге қайта экспортталуына тосқауыл қоятын бақылаудың жаңа ережесі енгізілген. Жүйе кемінде бір жыл бойы қолданыста болады, деп жазады Ertenmedia Украин сыртқы барлау қызметіне сілтеп.
Сондай-ақ Еуроодақ, АҚШ және Ұлыбританиядан әкелінген тауарға қатаң бақылау орнатылады. Бұдан былай мұндай өнімдердің ТМД аумағына, әсіресе Ресейге қайта экспортталуына тыйым салынған.
«Қазақстан санкцияға ресми қосылмаса да «қара тізімдегі» тауардың транзитіне қарсы күрес мәселесінде Батыстың сөзін сөйлейтінін аңғартты. Астана Мәскеудің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне ауадай қажет тауарларға қолжетімділікті біртіндеп шектеуге дайын екенін көрсетіп отыр», — дейді осы тұста Киев тарапы.
Айта кетелік Нью-Йорк сапары аясында президент Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен маңызды келіссөз жүргізген болатын. Мемлекет басшысы Астананың соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіруге әзір екенін жеткізіп, әлсіреп қалған экономикалық байланыстарды қалпына келтіруді ұсынған. Ақорда Украинаны қалпына келтіру жұмысына қазақстандық бизнестің қатысқанын қалайды.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia

Жаңа ережеге сәйкес санкция тізіміндегі және қос мақсатта қолданылатын тауарларды экспорттау үшін ендігі жерде міндетті лицензия алу талап етіледі.
Сондай-ақ Еуроодақ, АҚШ және Ұлыбританиядан әкелінген тауарға қатаң бақылау орнатылады. Бұдан былай мұндай өнімдердің ТМД аумағына, әсіресе Ресейге қайта экспортталуына тыйым салынған.
«Қазақстан санкцияға ресми қосылмаса да «қара тізімдегі» тауардың транзитіне қарсы күрес мәселесінде Батыстың сөзін сөйлейтінін аңғартты. Астана Мәскеудің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне ауадай қажет тауарларға қолжетімділікті біртіндеп шектеуге дайын екенін көрсетіп отыр», — дейді осы тұста Киев тарапы.
Украина сыртқы барлау қызметінің пайымдауынша, Қазақстан осылайша Батыс елдері мен Ресей арасында тепе-теңдік сақтай отырып, орыстардың санкцияны айналып өту тәсілдерін барынша тарылтуға кіріскен.
Айта кетелік Нью-Йорк сапары аясында президент Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен маңызды келіссөз жүргізген болатын. Мемлекет басшысы Астананың соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіруге әзір екенін жеткізіп, әлсіреп қалған экономикалық байланыстарды қалпына келтіруді ұсынған. Ақорда Украинаны қалпына келтіру жұмысына қазақстандық бизнестің қатысқанын қалайды.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍34🔥6❤3👏1😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Ана тілінен адасқан Алдыбергенов: ҚТЖ басшысына қойылған қос диагноз...
Астанада орткомда өткен брифингте «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов журналистер сұрағына жауап берді деп жазады Ertenmedia.
Журналистер ең алдымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы түрлі өнім тиеген 11 мың вагонның не себепті жиналып қалуын көтерді.
Алдыбергенов қойылған сауалға жауап беруге тырысқанымен, журналистер оның жауабына толық қанағаттанбағаны сезілді.
Көңілге қаяу түсірген жайт - білдей бір ұлттық компания басшысы қазақ тілінде еркін сөйлей алмай ұятқа қалды.
Желідегі қазақтілді қауым қазақша білмейтін маманның мұндай қызметке қалай келгеніне қайран қалып отыр.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Астанада орткомда өткен брифингте «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов журналистер сұрағына жауап берді деп жазады Ertenmedia.
Журналистер ең алдымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы түрлі өнім тиеген 11 мың вагонның не себепті жиналып қалуын көтерді.
Бұл жағдайдың әлі де қолмен басқарылатынын, цифрландыру деңгейінің өте төмен екенін ашық айтты.
Алдыбергенов қойылған сауалға жауап беруге тырысқанымен, журналистер оның жауабына толық қанағаттанбағаны сезілді.
Көңілге қаяу түсірген жайт - білдей бір ұлттық компания басшысы қазақ тілінде еркін сөйлей алмай ұятқа қалды.
Ана тілінде нақты, нық жауап бере алмаған Алдыбергенов ҚТЖ-дағы басқару сапасымен қатар, тіл мәселесі де ақсап тұрғанын көрсетті.
Желідегі қазақтілді қауым қазақша білмейтін маманның мұндай қызметке қалай келгеніне қайран қалып отыр.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍37💯14❤3👎1🤔1
⚡️ «Силлено» компаниясы жас мамандарды пилоттық тестілеуде
Болашақ жұмыскерлер үшін іріктеудің алғашқы кезеңі басталып кетті. "Силленно" полиэтилен зауытын салып жатқан ҚазМұнайГаз, СИБУР және SINOPEC бірлескен кәсіпорны С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 4-курс студенттерін іріктеуде.
Студенттердің білім деңгейі бағаланып, болашақта зауыттың операциялық блогында жұмыс істеуге дайындығы анықталатын болады. Тестілеу «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандықтарының студенттері арасында өтті. Білімі жеткілікті қатысушылар Силлено конкурстық комиссиясымен сұхбатқа шақырылады. Іріктеуді сәтті өткен түлектерге оқу бітірген соң жұмыс ұсынылмақ.
Осыған ұқсас тестілеулер Силлено серіктес колледждерінде де өтеді. Олар: С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж, APEC PetroTechnic жоғары колледжі және Мақат мұнай-газ колледжі.
Сонымен қатар, қатысушылар қатарында Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы), Nazarbayev University (Астана), Satbayev University (Алматы) және Yessenov University (Ақтау) студенттері бар. Бағдарлама ірі өнеркәсіптік жобаларға қажетті инженерлік дағдыларды дамытуға бағытталған.
Үздік қатысушылар бағдарлама аяқталғаннан кейін Силлено жобасына немесе TR-дің халықаралық жобаларына қосыла алады. Студенттер үшін кәсіби алаңға жолдама алудың таптырмас мүмкіндігі ашылды.

Бұған қоса, қазақстандық жас инженерлер Tecnicas Reunidas (TR) компаниясының Мадридтегі бас кеңсесінде оқу бағдарламасының тәжірибелік кезеңін бастап кетті. Бірінші ағымның жартысын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен APEC PetroTechnic жоғары колледжі сынды Атыраудағы жоғары оқу орындардың түлектері құрайды
Сонымен қатар, қатысушылар қатарында Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы), Nazarbayev University (Астана), Satbayev University (Алматы) және Yessenov University (Ақтау) студенттері бар. Бағдарлама ірі өнеркәсіптік жобаларға қажетті инженерлік дағдыларды дамытуға бағытталған.
Үздік қатысушылар бағдарлама аяқталғаннан кейін Силлено жобасына немесе TR-дің халықаралық жобаларына қосыла алады. Студенттер үшін кәсіби алаңға жолдама алудың таптырмас мүмкіндігі ашылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19❤4🤮1
⚡️Зеленскийден жеткен зілдей сәлем: Қазақ мұнайын тұсаған Киевтің кегі...
Қара теңіздегі қақтығыс қазақ мұнайының күретамырын қысып тұр деп жазады Ertenmedia.
Ресей-Украин қақтығысының Каспий құбыр консорциумына (КТК) соққы болып тиюі алғаш рет емес. Украиндар үшін КТК Ресейдің мұнай инфрақұрылымының бір бөлігі, былайша айтқанда заңды әскери нысан. Киевтің есебі бойынша, Кремльдің экспорттық табысы азайса, майдан даласындағы екпіні де бәсеңдейді. Алайда іс жүзінде бұдан Қазақстан мен Батыс компаниялары зардап шегуде. Мәселе неде?..
Әлгі үш кен орны қазақтардың барлық мұнай экспортының 80 пайызын құрайды. Оның басым бөлігі әлемдік нарыққа Теңіз кенішінен басталып, Новороссийскіге дейін созылған КТК құбыры арқылы шығады.
Киевтің шабуылына ашық наразылық білдірген Қазақстан Сыртқы істері Украинадан әлгіндей әрекетті дереу доғаруды талап еткен. Украин тарапы Астананы шабуылдың жанама салдарына дайын болуы керектігін ескерткен-ді.
Сарапшылар пікірінше, Қазақстан Мәскеуді айналып өтетін балама бағытты баяғыда қолға алуы керек еді. Ең тиімді балама Әзірбайжан арқылы Жерорта теңізіне жету. Бірақ бір нюанс бар. Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры Қазақстанның барлық экспорт көлемін қамти алмайды. Бұған қоса, мұнайды Каспий теңізі арқылы жеткізу қажет.
Қазақтарда бұған қажетті танкер саны шектеулі, Құрық порты күніне 200 мың баррелден артық жөнелте алмайды. Каспий теңізінің табанымен Әзірбайжанға құбыр тарту жобасы техникалық тұрғыдан күрделі әрі қымбат. КТК-дағы проблемалар Қазақстанға ғана емес, сол елде жұмыс істейтін Батыстың компанияларына да ауыр тиуде.
Киев ұлттық мүддені қорғауда ештеңеден тайынбайтынын көрсеткісі келеді. Зеленский соғыс зардабын Украина ғана емес, басқа елдер де сезінуі тиіс деп санайтын тәрізді. Бірақ әлгі стратегия ақыр соңы Киевті қолдайтын елдердің соғысты апыл-ғұпыл аяқтау үшін Зеленскийге қысым көрсетуіне әкелуі ғажап емес. Материал ұнады ма? Толық нұсқасын сайтымыздан оқыңыз.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қара теңіздегі қақтығыс қазақ мұнайының күретамырын қысып тұр деп жазады Ertenmedia.
Ресей-Украин қақтығысының Каспий құбыр консорциумына (КТК) соққы болып тиюі алғаш рет емес. Украиндар үшін КТК Ресейдің мұнай инфрақұрылымының бір бөлігі, былайша айтқанда заңды әскери нысан. Киевтің есебі бойынша, Кремльдің экспорттық табысы азайса, майдан даласындағы екпіні де бәсеңдейді. Алайда іс жүзінде бұдан Қазақстан мен Батыс компаниялары зардап шегуде. Мәселе неде?..
КТК арқылы әлемдік нарыққа Ресей мұнайы да шығады. Дегенмен оның үлесі тым аз. 2024 жылы консорциум құбырымен тасымалданған мұнайдың небәрі 15 пайызы ғана орыс өнімі болған. Өзгесі Қазақстанның Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі кенішінен шығатын шикізат. Кен орындарын игеруге ExxonMobil, Chevron, Eni, Shell сынды алпауыттар жұмылған.
Әлгі үш кен орны қазақтардың барлық мұнай экспортының 80 пайызын құрайды. Оның басым бөлігі әлемдік нарыққа Теңіз кенішінен басталып, Новороссийскіге дейін созылған КТК құбыры арқылы шығады.
Киевтің шабуылына ашық наразылық білдірген Қазақстан Сыртқы істері Украинадан әлгіндей әрекетті дереу доғаруды талап еткен. Украин тарапы Астананы шабуылдың жанама салдарына дайын болуы керектігін ескерткен-ді.
Сарапшылар пікірінше, Қазақстан Мәскеуді айналып өтетін балама бағытты баяғыда қолға алуы керек еді. Ең тиімді балама Әзірбайжан арқылы Жерорта теңізіне жету. Бірақ бір нюанс бар. Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры Қазақстанның барлық экспорт көлемін қамти алмайды. Бұған қоса, мұнайды Каспий теңізі арқылы жеткізу қажет.
Қазақтарда бұған қажетті танкер саны шектеулі, Құрық порты күніне 200 мың баррелден артық жөнелте алмайды. Каспий теңізінің табанымен Әзірбайжанға құбыр тарту жобасы техникалық тұрғыдан күрделі әрі қымбат. КТК-дағы проблемалар Қазақстанға ғана емес, сол елде жұмыс істейтін Батыстың компанияларына да ауыр тиуде.
Бізге жеткен мәлімет бойынша, Украинаға бүйрегі бұратын елдердің үкіметі мен мұнай-газ компаниялары Киевті шабуылды тоқтатуға көндіріп көрмек.
Киев ұлттық мүддені қорғауда ештеңеден тайынбайтынын көрсеткісі келеді. Зеленский соғыс зардабын Украина ғана емес, басқа елдер де сезінуі тиіс деп санайтын тәрізді. Бірақ әлгі стратегия ақыр соңы Киевті қолдайтын елдердің соғысты апыл-ғұпыл аяқтау үшін Зеленскийге қысым көрсетуіне әкелуі ғажап емес. Материал ұнады ма? Толық нұсқасын сайтымыздан оқыңыз.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥14❤13👍4💯3👎2
⚡️Сенаттағы «құрылыс лоббиі»: Базарбектің түзетуін тоқтатуға кім мүдделі...
Депутат Бақытжан Базарбек Алматы маңындағы қауіпті аймақтарға құрылыс салуға тыйым салатын заң жобасына енгізілген маңызды түзетудің Сенат тарапынан бұғатталуы мүмкін екенін айтып, қоғамнан қолдау сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Мәжілісменнің айтуынша өзі әзірлеп, Мәжілістегі жұмыс тобы қолдап, құрылыс кодексінің жобасына енгізген түзетуі қазір Сенатта үлкен қарсылыққа ұшырап отыр.
«Сенаторлар алматылықтар көптен күткен, халықтың мүддесінен туған осы ұсынысты алып тастауға әрекеттенуде. Егер Сенат әлгі түзетуді қабылдамаса, онда тұрғындардың тілегі мен арызы ескерілмей, құрылыс компанияларының мүддесі жеңіп шықты деген сөз», – дейді Базарбек.
«Бұл түзету әрбір алматылықтың арманы. Біз халық мүддесін қорғаймыз десек, қауіпті жерлердегі құрылысты тоқтатуымыз керек. Сенаторлар тұрғындар емес, құрылыс алпауыттарының сөзін сөйлеп отыр», – деп ашынды депутат. Базарбек осы мәселеде қоғамдық қолдаудың маңызы зор екенін айтып, азаматтық қоғам өкілдерін үн қосуға шақырды.
«30 жыл бойы құрылыс компанияларының ығына жығылып, олардың мүддесін бірінші орынға қойдық. Адам тағдырын, тұрғындардың қауіпсіздігін екінші кезекке ысырып, қалалардың келбетін құртып алдық. Енді осы үрдісті тоқтатып, заң үстемдігін орнататын кез келді», – деген еді осыған дейін депутат.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Депутат Бақытжан Базарбек Алматы маңындағы қауіпті аймақтарға құрылыс салуға тыйым салатын заң жобасына енгізілген маңызды түзетудің Сенат тарапынан бұғатталуы мүмкін екенін айтып, қоғамнан қолдау сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Мәжілісменнің айтуынша өзі әзірлеп, Мәжілістегі жұмыс тобы қолдап, құрылыс кодексінің жобасына енгізген түзетуі қазір Сенатта үлкен қарсылыққа ұшырап отыр.
Түзету Алмытының таулы, көшкін жүру қаупі жоғары аймақтарында құрылыс жүргізуге тыйым салуды көздеген еді.
«Сенаторлар алматылықтар көптен күткен, халықтың мүддесінен туған осы ұсынысты алып тастауға әрекеттенуде. Егер Сенат әлгі түзетуді қабылдамаса, онда тұрғындардың тілегі мен арызы ескерілмей, құрылыс компанияларының мүддесі жеңіп шықты деген сөз», – дейді Базарбек.
Депутаттың пікірінше, Сенаттағы құрылыс компанияларының лоббиі тұрғындар қауіпсіздігіне қарағанда жеке мүддені жоғары қоюда.
«Бұл түзету әрбір алматылықтың арманы. Біз халық мүддесін қорғаймыз десек, қауіпті жерлердегі құрылысты тоқтатуымыз керек. Сенаторлар тұрғындар емес, құрылыс алпауыттарының сөзін сөйлеп отыр», – деп ашынды депутат. Базарбек осы мәселеде қоғамдық қолдаудың маңызы зор екенін айтып, азаматтық қоғам өкілдерін үн қосуға шақырды.
«30 жыл бойы құрылыс компанияларының ығына жығылып, олардың мүддесін бірінші орынға қойдық. Адам тағдырын, тұрғындардың қауіпсіздігін екінші кезекке ысырып, қалалардың келбетін құртып алдық. Енді осы үрдісті тоқтатып, заң үстемдігін орнататын кез келді», – деген еді осыған дейін депутат.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍65🔥8❤2🤡2💯2
⚡️Берденовтің бір айдағы «жетістігі»: Сыздықбеков асыра мақтауға тосқауыл қойды...
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды, деп жазады Ertenmedia.
Брифинг барысында журналистер сұрағына жауап қатқан қала басшысы әлгі іске өзінің еш қатысы жоқ екенін, мұндай әңгімелердің негізсіз өсек-аяң екенін жеткізді.
«Біз құқық қорғау органы емеспіз. Сот өз үкімін шығарды, кінәлі адам жазасын алды. Ал осы іске менің қатысым бар деген сөздің бәрі жала. Әлбетте адам өзін қорғау үшін түрлі нәрсені айта береді. Осы тұста әңгіме тәмам болуы керек еді. Сот шешімін шығарды, болары болып, бояуы сіңген мәселені қайта-қайта қозғаудың қажеті жоқ», – деді әкім.
«Жұрт арасында неше түрлі әңгіме жүр. Мысалы ол келе сала қала көркейе бастаған дейді. Бұл енді шындыққа жанаспайды. Ол енді ғана міндетіне кірісіп жатқан еді. Ар жағы не болғанын өздеріңіз білесіздер», – деді қала басшысы.
Еске салсақ, атышулы оқиға биыл сәуірде болған. Қалалық әкімдік ғимаратының алдында «Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің басшысы Ернар Жиембай Берденовке оқ атқан. Сот процесі барысында Жиембай өзін әкім Сыздықбековке қарсы айғақ беруге мәжбүрлегенін айтқан.
Оның сөзінше, Берденов егер ол «қастандықты әкім ұйымдастырды» деп куәлік берсе, кешіретінін айтқан көрінеді. Сот Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ажалдан аман қалған Берденов артынга Алматыға ауысып, әкімдікке қарасты Даму орталығын басқаруға кірісті.
Ertenmedia әкімнің атышулы оқиғаға саяси реңк беруден бас тартып, екі тарапты теңдей алыстатқаны туралы сараптама әзірлеген еді. Толығырақ осы тұста.

Сыздықбековтің айтуынша, орынбасары Руслан Берденов қала әкімдігінде небәрі бір-ақ ай қызмет істеген. Сондықтан оның келуімен "Шымкент гүлденіп сала берді" деген пікірлер негізсіз екенін атап өтті.
«Жұрт арасында неше түрлі әңгіме жүр. Мысалы ол келе сала қала көркейе бастаған дейді. Бұл енді шындыққа жанаспайды. Ол енді ғана міндетіне кірісіп жатқан еді. Ар жағы не болғанын өздеріңіз білесіздер», – деді қала басшысы.
Еске салсақ, атышулы оқиға биыл сәуірде болған. Қалалық әкімдік ғимаратының алдында «Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің басшысы Ернар Жиембай Берденовке оқ атқан. Сот процесі барысында Жиембай өзін әкім Сыздықбековке қарсы айғақ беруге мәжбүрлегенін айтқан.
«Менен осы істі біреудің бұйрығымен жасадым деп көрсетуді сұрады. Әкім өзінің орынбасарын «тапсырыс» беріп өлтіртпек болды деген жалған нұсқаны айтқызғысы келді. Сөйтіп мені әлдебір киллер ретінде көрсетуге талпынды. Оның өтеуі ретінде түрмеде ұзақ аялдамасымды айтып, «Берденов сені о дүниеден де суырып алып шығады» деді», – деген болатын Жиембай.
Оның сөзінше, Берденов егер ол «қастандықты әкім ұйымдастырды» деп куәлік берсе, кешіретінін айтқан көрінеді. Сот Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ажалдан аман қалған Берденов артынга Алматыға ауысып, әкімдікке қарасты Даму орталығын басқаруға кірісті.
Ertenmedia әкімнің атышулы оқиғаға саяси реңк беруден бас тартып, екі тарапты теңдей алыстатқаны туралы сараптама әзірлеген еді. Толығырақ осы тұста.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤13🔥3👎2🤡1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Украина бейбітшілікке дайын. Бірақ, бұл жау алдында тізе бүгу емес!
Соңғы апталардағы келіссөздер фонында Киев бұрын-соңды болмаған ымыраларға баруға әзір екенін ашық көрсетті: Ұрысты тоқтату, іс жүзінде жау басып алған аумақтардың тағдырын белгісіз мерзімге қалдыру, ауыр-ауыр саяси шешімдер. Алайда Зеленский мен Украина үшін принципті бір мәселе бар. Ол — Донецк облысынан Украина әскерін толық шығару.
Bild басылымының мәліметінше, Украина үшін бұл «қызыл сызық». Украина соғысты майдан шебінде тоқтатуға келісуі мүмкін, бірақ өз әскерін Донбасстан толық әкету — бұл келіссөз емес, капитуляция. АҚШ ұсынған «демилитаризацияланған аймақ» идеясы да Киев үшін қауіпті тұзақ ретінде қабылданады. Себебі Кремль бұл аймаққа бейбіт күш емес, өз Ұлттық гвардиясын орналастыруды ұсынады. Яғни, «демилитаризация» деген атпен Ресейдің жаңа әскери бақылауы орнайды. Украина үшін бұл — армияны ерікті түрде шегіндірумен тең. Сол себепті де Киевтің жауабы: «Біз бұған келіспейміз!».
Бұл ұстаным Украина келіссөзден қашып отыр дегенді білдірмейді. Керісінше, Киев бұрынғыдан да ауыр компромистерге дайын екенін аңғартты. Алайда майданнан біржақты түрде әскерді шығару — бұл соғысты тоқтату емес, оны басқа формада жалғастыруға жол ашу. Сондықтан Зеленский әкімшілігі үшін Донбаста әскерін қалдыру — тек тактикалық емес, мемлекет тұтастығына қатысты стратегиялық мәселе!
Politico басылымы таратқан мәлімет те осы картинаны толықтыра түседі. Украина Донбаста демилитаризацияланған «еркін экономикалық аймақ» құру идеясынан бас тартты. Ал АҚШ бұл мәселеде Еуропаның қатаң қарсылығына қарамастан аумақтық жеңілдіктерді талап етіп отыр. Бұл Вашингтон мен еуропалық астаналар арасындағы терең қайшылықты айқын көрсетті. Еуропа үшін басты мәселе — қауіпсіздік кепілдіктері. Онсыз кез келген аумақтық келісім уақытша әрі қауіпті. Берлинде өткен келіссөздер осы алауыздықты ашық бетке шығарды.
Wall Street Journal жазғандай, Берлиндегі кездесулер өте ауыр өткен. АҚШ тарапы бейбітшілік келісімінің нақты жобасына келісуге асықпады. Себебі тараптар соғыс барысын мүлде әртүрлі бағалайды. Трамп әкімшілігіндегі көптеген шенеуніктер Украина соғыста жеңіліп жатыр, ал соғыс созылса, толық жеңіледі деп санайды. Ал Украина әскери қолбасшылығы мен бірқатар еуропалық саясаткерлер бұған мүлде қарсы пікірде: олардың ойынша, жеткілікті қолдау болған жағдайда Украина кемінде тағы бір жыл бойы, тіпті одан да ұзақ қорғана алады.
Міне, түйткіл дәл осы жерде. Бір тарап Украинаға «қазір келіс, әйтпесе бәрінен айырыласың» деп қысым көрсетсе, екінші тарап «қауіпсіздік кепілдігінсіз жасалған келісім — келесі соғыстың рецепті» деп дабыл қағуда. Сондықтан Берлиндегі келіссөздердің басты өзегі аумақ емес, қауіпсіздік кепілдіктері болып отыр.
Зеленскийдің «қызыл сызығы» осы тұрғыда тек Донецк облысына қатысты емес. Бұл — Украина соғысты қалай аяқтағысы келетінінің саяси манифесі. Ол бейбітшілікті қалайды, бірақ елін қарудан айырылған, қорғансыз, болашақта қайта шабуылға ашық күйде қалдырмайды. Донбастан әскерді шығару — соғысты тоқтату емес, оны кейінге қалдыру ғана. Киев дәл осы сценарийден бас тартып отыр.
Бірақ бір нәрсе анық: Украина енді бейбітшілік үшін бәріне көнетін ел емес. Ал Донбасс — сол табандылықтың символына айналды.

1❤51🔥13👍2
⚡️«Нұрлы жол» вокзалындағы пышақтасу: күмәнді жайттар көп...
Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағында болған пышақтасу дерегі бойынша станцияның желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр, деп жазады Время газеті.
Оқиға болған күні шетелдік қонақтарға вокзал таныстырылып, ұлттық тасымалдаушының өкілдері оларды қабат-қабатымен экскурсияға алып жүрген. Топ Kazakh Food кафесіне де кірген. Моңғолия азаматы кафеге тыныш кіріп, бірнеше минут отырған соң шығып кетпек болған. Сол кезде Бақыт артынан шығып, оны қуып жетіп, өзіне бұрып алып, үнсіз пышақ салған. Ешқандай дау-дамай араларында болмаған.
Егер шетелдік қонақтарға вокзалда әлдекім пышақ ала жүгіре беретін болса, шетелдіктердің ойында еліміз туралы қандай түсінік қалыптасады? Бұл жерде мәселе тек бір адамның қауіпсіздігіне тіреліп тұрған жоқ. Әңгіме ауаны Қазақстанның халықаралық беделіне де қатысты екенін ұмытпаған жөн.
Мұндай оқиғалар бір сәтте-ақ ішкі қызметтік мәліметтер шеңберінен шығып, елдің сыртқы қабылдануының бір бөлігіне айналады. Егер болған жағдайдан кейін бәрі «іс қозғалды» деген құрғақ хабарламамен ғана шектеліп, жария қорытындылар, кадрлық шешімдер мен қауіпсіздік шараларын қайта қарау жүргізілмесе, бұл бір нәрсені аңғартады: жүйе мәселені шешуден гөрі, оны тағы да үнсіз қалдыруды таңдады.
Вокзалдарда, әуежайларда және басқа да стратегиялық маңызды нысандардағы қауіпсіздік — бұл формалдылық та, есептегі «құсбелгі» де емес. Бұл — мемлекетке деген сенім мәселесі. Ал бүгін сол сенім елеулі соққыға ұшырады.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағында болған пышақтасу дерегі бойынша станцияның желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр, деп жазады Время газеті.
Күдікті ретінде вокзалдың екінші қабатында орналасқан Kazakh Food кафесінің иесі, 24 жастағы Бақыт Б. аталған. Ал болжамды жәбірленуші «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы делегациясының құрамында келген 32 жастағы Моңғолия азаматы.
Оқиға болған күні шетелдік қонақтарға вокзал таныстырылып, ұлттық тасымалдаушының өкілдері оларды қабат-қабатымен экскурсияға алып жүрген. Топ Kazakh Food кафесіне де кірген. Моңғолия азаматы кафеге тыныш кіріп, бірнеше минут отырған соң шығып кетпек болған. Сол кезде Бақыт артынан шығып, оны қуып жетіп, өзіне бұрып алып, үнсіз пышақ салған. Ешқандай дау-дамай араларында болмаған.
Бұл жай ғана қылмыстық оқиға емес. Теміржол саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінің сәтсіздікке ұшырағанының белгісі десек артық айтқандық болмас. Мұндай олқылық үшін жауапты тұлғалар жазаға тартылуы керек.
Егер шетелдік қонақтарға вокзалда әлдекім пышақ ала жүгіре беретін болса, шетелдіктердің ойында еліміз туралы қандай түсінік қалыптасады? Бұл жерде мәселе тек бір адамның қауіпсіздігіне тіреліп тұрған жоқ. Әңгіме ауаны Қазақстанның халықаралық беделіне де қатысты екенін ұмытпаған жөн.
Мұндай оқиғалар бір сәтте-ақ ішкі қызметтік мәліметтер шеңберінен шығып, елдің сыртқы қабылдануының бір бөлігіне айналады. Егер болған жағдайдан кейін бәрі «іс қозғалды» деген құрғақ хабарламамен ғана шектеліп, жария қорытындылар, кадрлық шешімдер мен қауіпсіздік шараларын қайта қарау жүргізілмесе, бұл бір нәрсені аңғартады: жүйе мәселені шешуден гөрі, оны тағы да үнсіз қалдыруды таңдады.
Вокзалдарда, әуежайларда және басқа да стратегиялық маңызды нысандардағы қауіпсіздік — бұл формалдылық та, есептегі «құсбелгі» де емес. Бұл — мемлекетке деген сенім мәселесі. Ал бүгін сол сенім елеулі соққыға ұшырады.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🤯13❤6😱1😡1
⚡️Қазақ тілінің күтпеген камбэгі: 2035-тің межесі ойламаған жерден орындалды...
Қазақ қоғамындағы тілдік төңкеріс болжанғаннан он жылға ерте басталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Белгілі PR маман Айбар Олжайдың айтуынша, қазақ халқы, соның ішінде жаңа буын жастар орыс тілінен саналы түрде, толықтай бас тартқан.
«Қазіргі қазақ жастарының ой-өрісі мен ұлтжандылығы бұған дейінгі ешбір буынға ұқсамайды. Осы буын ұлтымыздың сана-сезімін 180 градусқа бұрып, сана төңкерісін жасамақ. Менің осы айтқанымды есте сақтап алыңыз, бес жылдан кейін сіз мүлде басқа Қазақстанда өмір сүретін боласыз, бәрі өзгереді», – дейді Олжай.
Ertenmedia-ға пікір білдірген сарапшы қазақ тілінің төрге озғанын әлемжеліге қарап-ақ байқауға болатынын айтады. Оның пікірінше, жастар жиі қолданатын Тредс желісі қазақтілді ортаның жекеменшік платформасына айналған.
Айбар Олжайдың пікірінше, орыс тілінен бас тарту үрдісі алдағы уақытта қарқын алмаса, бұдан былай бәсеңдемейді. Бұған дейін белгілі журналист Думан Бықай да осыған ұқсас пікір білдірген еді.
«Тредсте қазақ тілі үшін «күрес» деген ұғым жоқ. Байқағаным, орысша сөйлемегені үшін ақталмайтын буын өсіп келеді. Желінің жаңа буыны үшін қазақ тілі күресетін құндылық емес, күнделікті әдет, қарапайым қалып. Тыныс алу сияқты табиғи нәрсе. Тілдің тағдыры смартфон ұстаған ұрпақтың алақанында тұр», — деген болатын журналист.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақ қоғамындағы тілдік төңкеріс болжанғаннан он жылға ерте басталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Белгілі PR маман Айбар Олжайдың айтуынша, қазақ халқы, соның ішінде жаңа буын жастар орыс тілінен саналы түрде, толықтай бас тартқан.
Сарапшы бұл үрдіс 2035 жылға асықпай келеді деп болжаған екен. Алайда 2000-шы жылдан бері қарай өмірге келген буын осы межені мерзімінен бұрын еңсеріп, 10 жылға ерте орындап отыр.
«Қазіргі қазақ жастарының ой-өрісі мен ұлтжандылығы бұған дейінгі ешбір буынға ұқсамайды. Осы буын ұлтымыздың сана-сезімін 180 градусқа бұрып, сана төңкерісін жасамақ. Менің осы айтқанымды есте сақтап алыңыз, бес жылдан кейін сіз мүлде басқа Қазақстанда өмір сүретін боласыз, бәрі өзгереді», – дейді Олжай.
Ertenmedia-ға пікір білдірген сарапшы қазақ тілінің төрге озғанын әлемжеліге қарап-ақ байқауға болатынын айтады. Оның пікірінше, жастар жиі қолданатын Тредс желісі қазақтілді ортаның жекеменшік платформасына айналған.
«Әзір Тредсте орысша пост жазу, пікір білдіру біртүрлі ерсі көрінеді. Әлемжелінің табиғатымен мүлде үйлеспейді. Осы күнге дейін мемтілді менсінбей, паңданып жүретіндер, кекетіп күлетіндер «Тредстің бойкотына ілігіп қалмайық» деп тілерсегі дірілдеп жүретін жағдайға жеткен. Еліміздегі түрлі брендтер мен бизнестің өркендеуі тілге деген құрметке байланып тұр», – деп атап өтті маман.
Айбар Олжайдың пікірінше, орыс тілінен бас тарту үрдісі алдағы уақытта қарқын алмаса, бұдан былай бәсеңдемейді. Бұған дейін белгілі журналист Думан Бықай да осыған ұқсас пікір білдірген еді.
«Тредсте қазақ тілі үшін «күрес» деген ұғым жоқ. Байқағаным, орысша сөйлемегені үшін ақталмайтын буын өсіп келеді. Желінің жаңа буыны үшін қазақ тілі күресетін құндылық емес, күнделікті әдет, қарапайым қалып. Тыныс алу сияқты табиғи нәрсе. Тілдің тағдыры смартфон ұстаған ұрпақтың алақанында тұр», — деген болатын журналист.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏69👍28❤10🔥9👎1😁1
⚡️Дубайдан қайтқан дүние: Құмдағы қымбат сарайлар сатылды...
Ескі Қазақстанға тиесілі Дубайдағы екі вилла сатылып, одан түскен бір дорба ақша мемлекеттік қорға аударылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Депутат Марат Бәшімов басшылық еткен «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» (Kuva) отырысында осындай дерек айтылды.
Компания басшысы Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, биыл электронды сауда платформасы арқылы жалпы құны 38,4 млрд теңге болатын 155 актив сатылған.
Одан бөлек, құны 29,4 млрд теңге болатын 33 актив ешбір саудасыз тікелей мемлекеттің меншігіне берілген. Бұлардың ішінде жер телімдері мен тарихи маңызы бар жәдігерлер, көне тиындар бар. Олар бүгінде Ұлттық музейге тапсырылған.
Айта кетейік, Дубайдағы жылжымайтын мүлікке қатысты осының алдында Азаттық арнайы зерттеу жүргізген. Ондағы дерек бойынша, шамамен1500 қазақ Дубайда жалпы сомасы 1 млрд доллардан асатын 2700-дей мүлікке иелік етеді.
ҚТЖ-ның экс-басшысы Ерлан Атамқұлов пен қызының атында бірнеше вилла бар. Айтуынша, мүлік мемлекеттік қызметке дейін сатып алынған инвестиция. Ішкі істердің экс-басшысы Бауыржан Мұхамеджановтың әулетіне тиесілі аумағы 1200 шаршы метрден асатын Palm Jumeirah-тағы вилласы нарықта 15 млрд теңгеге бағаланған екен.
Бұдан тыс бұрынғы Бас прокурор Рәшит Түсіпбековтің келіні Жанна Түсіпбекова да құны 15 млрд теңгеге бағаланған виллада тұратыны белгілі болған.
Компания жетекшісі Қуанышбек Мұқаш Kuva құрылғалы жалпы сомасы 96,5 млрд теңгенің активі басқаруға берілгенін, мемлекет пен қоғам мүддесіне тиімді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін премьер Бектенов «ескі Қазақстанға әмнистия жасалды ма?» деген сауалға жауап берген еді.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Ескі Қазақстанға тиесілі Дубайдағы екі вилла сатылып, одан түскен бір дорба ақша мемлекеттік қорға аударылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Депутат Марат Бәшімов басшылық еткен «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» (Kuva) отырысында осындай дерек айтылды.
Компания басшысы Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, биыл электронды сауда платформасы арқылы жалпы құны 38,4 млрд теңге болатын 155 актив сатылған.
Ірі мәміленің ішінде Астанадағы «Думан» қонақ үйі 14,1 млрд теңгеге, ал Дубайдағы екі вилла 20,7 млрд теңгеге өткен. Осы соманың барлығы арнайы мемлекеттік қорға аударылды.
Одан бөлек, құны 29,4 млрд теңге болатын 33 актив ешбір саудасыз тікелей мемлекеттің меншігіне берілген. Бұлардың ішінде жер телімдері мен тарихи маңызы бар жәдігерлер, көне тиындар бар. Олар бүгінде Ұлттық музейге тапсырылған.
Айта кетейік, Дубайдағы жылжымайтын мүлікке қатысты осының алдында Азаттық арнайы зерттеу жүргізген. Ондағы дерек бойынша, шамамен
Дубайдағы ең ірі жылжымайтын мүлік иесі қатарында атышулы Нұрлан Нығматулиннің жұбайы Венера Баймырзаева бар. Оның «Living Legends» ауданында аумағы 860 шаршы метрлік вилласы және бірнеше элиталы пәтері тіркелген.
ҚТЖ-ның экс-басшысы Ерлан Атамқұлов пен қызының атында бірнеше вилла бар. Айтуынша, мүлік мемлекеттік қызметке дейін сатып алынған инвестиция. Ішкі істердің экс-басшысы Бауыржан Мұхамеджановтың әулетіне тиесілі аумағы 1200 шаршы метрден асатын Palm Jumeirah-тағы вилласы нарықта 15 млрд теңгеге бағаланған екен.
Бұдан тыс бұрынғы Бас прокурор Рәшит Түсіпбековтің келіні Жанна Түсіпбекова да құны 15 млрд теңгеге бағаланған виллада тұратыны белгілі болған.
Компания жетекшісі Қуанышбек Мұқаш Kuva құрылғалы жалпы сомасы 96,5 млрд теңгенің активі басқаруға берілгенін, мемлекет пен қоғам мүддесіне тиімді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін премьер Бектенов «ескі Қазақстанға әмнистия жасалды ма?» деген сауалға жауап берген еді.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤22👏16🔥4👍1😁1
⚡️Шекараның арғы жағы тәттірек: Павлодарлық жастардың көршіге көшкен керуені...
Павлодардың жастары Ресейге қарай үдере көшіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аймақ әкімі Асайын Байханов мәселенің күрделеніп кеткенін ашық мойындапты. Айтуынша, биыл облысқа 24,5 мың адам көшіп келгенімен, сыртқа кеткендердің саны 32 мыңға жеткен.
Нәтижесінде 8 мыңға жуық адам күшіне тапшылық туып, демографиялық ахуал дабыл қағар деңгейге жеткен.
Аймақ басшысы үрдіске этностық құрамның да әсері бар деп есептейді. Қазір өңірдегі қазақтардың үлесі 57 пайызға жеткен. Өзге этнос өкілдерінің арасында тарихи отанына қайта көшіп жатқандар аз емес екен. Қоныс аударуға келгендеорыс жастары ерекше белсенді дейді...
«Оған қоса, аймақта бала туу көрсеткіші де төмен. Бұл тек Павлодар емес, тұтас солтүстік өңірлердің ортақ проблемасына айналып отыр», – дейді әкім.
Облыс билігі жағдайды түзету үшін халық саны көп аймақтардан тұрғын тарту жұмыстарын қолға алған. Қазіргі уақытта өңірде 4,5 мың (!) жұмыс орны бос тұр.
«Қазірге дейін осы бағдарлама аясында Павлодар облысына 5,5 мың азамат қоныс аударды. Бұдан бөлек, 1,5 мыңдай қандасымызды қабылдадық», – дейді Байханов. Павлодарға көшуге қалай қарайсыз?..
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Павлодардың жастары Ресейге қарай үдере көшіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аймақ әкімі Асайын Байханов мәселенің күрделеніп кеткенін ашық мойындапты. Айтуынша, биыл облысқа 24,5 мың адам көшіп келгенімен, сыртқа кеткендердің саны 32 мыңға жеткен.
Нәтижесінде 8 мыңға жуық адам күшіне тапшылық туып, демографиялық ахуал дабыл қағар деңгейге жеткен.
«Басты себеп жастардың Ресейге жаппай кетуі. Көбі көрші елдің Омбы, Томскі, Жаңасібір, Кемерово секілді қаласына білім алуға аттанады. Соның шамамен 50 пайызы сонда тұрақтап, жұмысқа орналасып, отбасын құрып кетеді», – дейді Байханов.
Аймақ басшысы үрдіске этностық құрамның да әсері бар деп есептейді. Қазір өңірдегі қазақтардың үлесі 57 пайызға жеткен. Өзге этнос өкілдерінің арасында тарихи отанына қайта көшіп жатқандар аз емес екен. Қоныс аударуға келгенде
«Оған қоса, аймақта бала туу көрсеткіші де төмен. Бұл тек Павлодар емес, тұтас солтүстік өңірлердің ортақ проблемасына айналып отыр», – дейді әкім.
Облыс билігі жағдайды түзету үшін халық саны көп аймақтардан тұрғын тарту жұмыстарын қолға алған. Қазіргі уақытта өңірде 4,5 мың (!) жұмыс орны бос тұр.
Аудан әкімдіктерінен арнайы топтар құрылып, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облысын аралап, тұрғындарды Павлодарға шақырып жүр екен. Көшіп келгендерге бастапқыда баспана ұсынылып, әлеуметтік мәселелері шешіледі.
«Қазірге дейін осы бағдарлама аясында Павлодар облысына 5,5 мың азамат қоныс аударды. Бұдан бөлек, 1,5 мыңдай қандасымызды қабылдадық», – дейді Байханов. Павлодарға көшуге қалай қарайсыз?..
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍47❤9🔥4💯3
Жанды жылытатын сыйлықтар тізімі
Біз сіздерге әртүрлі бюджетке арналған жиынтықты дайындадық. Ал қаражатты үнемдеп, Алисасы бар станцияны арнайы бағамен сатып алу үшін Алисаның ресми дүкенінде «Алиса2025» промокодын қолдансаңыз болады.
Алиса ИИ-көмекшісі — әжелер үшін нағыз көмекші болады: ол бірге әңгімелеседі, тамақ пісіруге таймер де қояды және сүйікті музыкасын қосып береді!

👍15❤10🔥4
⚡️«Әкенің» амбициясы: Жұманғарин салық реформасына саяси тағдырын тікті...
Премьердің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі салық реформасына жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Министрдің айтуынша, реформаның жалпы үйлестіру жұмыстары тікелей өз бақылауында, себебі үкіметте экономикалық әрі қаржылық саясатқа жауапты тұлға өзі.
Ол қоғамда айтылып жүрген «реформаның әкесі» деген бейресми атауға да қарсы емес.
«Реформа үшін кім жауап береді деген сұрақтың жауабын өткен жолғы брифингте айтқанмын. Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Әріптестерім де өз саласы бойынша жауап береді.
Біз бұл реформаның табысты боларына сенеміз және оның нәтижесіне күмәніміз жоқ. Бұл ма, бұл қандай да бір сынақ немесе тәжірибе емес, нақты есеп-қисапқа, әлемдік тәжірибеге негізделген жұмыс», – деді Жұманғарин.
Ол салық реформасы кәсіби мамандар мен тиісті институттардың талдауларына және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып әзірленгенін атап өтті.
«Қазақстанның ерекшелігі біз салық реформасын алдын ала жариялап, қоғаммен ашық талқылап отырмыз. Бір жылдан астам уақыт бойы бизнеспен, сарапшылармен пікір алмасып, диалог жүргіздік. Басқа елдерде мұндай шешім ешқандай қоғамдық талқысыз, қысқа мерзімде қабылданады», – деп түйіндеді министр.
Айта кетелік, бұған дейін Жұманғарин 2030 жылға жоспарланған «жақсы» өмір туралы айтқан болатын.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Премьердің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі салық реформасына жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Министрдің айтуынша, реформаның жалпы үйлестіру жұмыстары тікелей өз бақылауында, себебі үкіметте экономикалық әрі қаржылық саясатқа жауапты тұлға өзі.
Ол қоғамда айтылып жүрген «реформаның әкесі» деген бейресми атауға да қарсы емес.
«Реформа үшін кім жауап береді деген сұрақтың жауабын өткен жолғы брифингте айтқанмын. Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Әріптестерім де өз саласы бойынша жауап береді.
Жалпы үкіметтегі экономикалық саясатқа жауапты болғандықтан, менің міндетімде. Біреу мені «салық реформасының әкесі» деп атапты. Солай-ақ болсын.
Біз бұл реформаның табысты боларына сенеміз және оның нәтижесіне күмәніміз жоқ. Бұл ма, бұл қандай да бір сынақ немесе тәжірибе емес, нақты есеп-қисапқа, әлемдік тәжірибеге негізделген жұмыс», – деді Жұманғарин.
Ол салық реформасы кәсіби мамандар мен тиісті институттардың талдауларына және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып әзірленгенін атап өтті.
Жұманғарин мысал ретінде Ресейде келесі жылдан бастап ҚҚС мөлшері 20-дан 22%-ға дейін өсетінін, сондай-ақ бұған дейін корпоративтік табыс салығы 20-дан 25%-ға көтерілгенін айтты.
«Қазақстанның ерекшелігі біз салық реформасын алдын ала жариялап, қоғаммен ашық талқылап отырмыз. Бір жылдан астам уақыт бойы бизнеспен, сарапшылармен пікір алмасып, диалог жүргіздік. Басқа елдерде мұндай шешім ешқандай қоғамдық талқысыз, қысқа мерзімде қабылданады», – деп түйіндеді министр.
Айта кетелік, бұған дейін Жұманғарин 2030 жылға жоспарланған «жақсы» өмір туралы айтқан болатын.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏9🤔8👎3🤡3👍2❤1🔥1😱1
⚡️Киноны құртқан саясат: депутаттың сыны Tiger Films-тің жарығын өшірді...
Tiger Films киностудиясы бұдан былай фильм түсірмейді. Бұған «Руың кім?» фильмінен кейінгі дау-дамай мен қаржылық-репутациялық шығын түрткі болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Tiger Films студиясының продюсері Алмат Шадмат қазіргі жағдайда киномен айналысуды тиімсіз әрі қауіпті деп отыр.
Компания постпродакшн кезеңіндегі жобаларын аяқтаған соң жаңа фильмдер түсірмейтін болды. Алдағы уақытта Tiger Films кино жабдықтарын жалға берумен айнылыспақ.
Төрт жыл ішінде киностудия 56 фильм түсірген. Олардың ішінде танымал болған «Бишарашки», «Менің үлкен қазақша отбасым» және «90-жылдарға оралу» сияқты туындылар бар.
Желідегі қауым «Руың кім?» фильмі айналасындағы даудан тыс қалмаған. Кино сарапшыларының пікірінше, депутаттардың қатардағы комедияны «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді» деуі қисынсыз. Оның үстіне Tiger Films жүздеген киногерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келген.
Сайыров не деп еді?
Айта кетейік, «Руың кім?» фильмі «ұлттық бірлікке сына қағады» деген депутат Сайыровтың сынынан кейін кинотеатрлардан алынған. Компания фильмді жанжалды ұшықтырмау үшін өз еркімен прокаттан шығарғанын хабарлаған.
«Қазақты руға, жүзге бөлетін үрдісті тоқтату керек. Мұндай фильмдерді алдын-ала сүзгіден өткізу үшін министрлік жанынан арнайы комиссия құру қажет», - деген-тұғын Сайыров.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Tiger Films киностудиясы бұдан былай фильм түсірмейді. Бұған «Руың кім?» фильмінен кейінгі дау-дамай мен қаржылық-репутациялық шығын түрткі болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Tiger Films студиясының продюсері Алмат Шадмат қазіргі жағдайда киномен айналысуды тиімсіз әрі қауіпті деп отыр.
«Кино өндірісі әрдайым үлкен қаржылық әрі репутациялық тәуекелмен жүреді. Ертеңгі күні алаңсыз жұмыс істеп, шығармашылық еркіндікті сақтарымыз ешқандай сенім жоқ», – деді ол.
Компания постпродакшн кезеңіндегі жобаларын аяқтаған соң жаңа фильмдер түсірмейтін болды. Алдағы уақытта Tiger Films кино жабдықтарын жалға берумен айнылыспақ.
Төрт жыл ішінде киностудия 56 фильм түсірген. Олардың ішінде танымал болған «Бишарашки», «Менің үлкен қазақша отбасым» және «90-жылдарға оралу» сияқты туындылар бар.
Желідегі қауым «Руың кім?» фильмі айналасындағы даудан тыс қалмаған. Кино сарапшыларының пікірінше, депутаттардың қатардағы комедияны «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді» деуі қисынсыз. Оның үстіне Tiger Films жүздеген киногерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келген.
Сайыров не деп еді?
Айта кетейік, «Руың кім?» фильмі «ұлттық бірлікке сына қағады» деген депутат Сайыровтың сынынан кейін кинотеатрлардан алынған. Компания фильмді жанжалды ұшықтырмау үшін өз еркімен прокаттан шығарғанын хабарлаған.
«Қазақты руға, жүзге бөлетін үрдісті тоқтату керек. Мұндай фильмдерді алдын-ала сүзгіден өткізу үшін министрлік жанынан арнайы комиссия құру қажет», - деген-тұғын Сайыров.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤5🤬4👏2😱2
⚡️Өкініш пен мойындау: Қилыбай қиын сұрақтан қашпай, өзіне жауапкершілік алды...
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте жеке өміріне қатысты жанжалға ашық жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Журналист әкімге осы оқиға неге бірнеше жылдан кейін ғана жария болғанын және оның репутациясына қалай әсер еткенін сұрады.
«Бұл өте-мөте жеке мәселе, дегенмен жауап берейін. Әлемжеліде кейбір әріптестеріңіз сот мені ДНҚ сараптамасы арқылы баланы мойындауға міндеттеді деп жазды.
Сот менің өтінішімді қанағаттандырды. Қазір заң бойынша алимент төленіп отыр», – деді әкім.
Әлимент көлемін нақты атамаған әкім, шамамен жалақысының 20-25 пайызы екенін айтты.
«Бұғалтырдан нақты анықтау керек. Жалпы жалақым 1,9 миллион теңге. Қолға алатыным осы сомадан алимент ұсталғандағы қалған қаражат», – деді Қилыбай. Өңір басшысы осы жағдай үшін өкінетінін де жасырмады.
«Иә, бұл кезінде жіберген қателігім. Өкінішке қарай, өткенді өзгерту мүмкін емес. Дәл қазір есіл-дертім өңірді дамыту. Әрине, бұл оқиға мен үшін жағымды емес», – деді әкім.
Сонымен қатар әкім қазір бұрынғы мәслихат депутаты Ынташ Наурызовадан туған баламен араласпайтынын жеткізді. Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай үйленген, бес баласы бар.
Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте жеке өміріне қатысты жанжалға ашық жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әкім бірнеше жыл бойы әлемжелі мен ақпарат құралдарында айтылып жүрген мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызовамен ортақ баласы бар екені туралы мәселені түсіндірді.
Журналист әкімге осы оқиға неге бірнеше жылдан кейін ғана жария болғанын және оның репутациясына қалай әсер еткенін сұрады.
«Бұл өте-мөте жеке мәселе, дегенмен жауап берейін. Әлемжеліде кейбір әріптестеріңіз сот мені ДНҚ сараптамасы арқылы баланы мойындауға міндеттеді деп жазды.
Шын мәнінде жағдай мүлдем басқаша. Мен баланы мойындау үшін сотқа өз еркіммен өтініш бердім.

🔥16👍8❤5👏4😁2🤔1