L.N. Gumilyov Eurasian National University
4.48K subscribers
2.94K photos
311 videos
100 files
1.11K links
Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева
📩enu@enu.kz
📞+7(7172)709500
Download Telegram
📚 Юнус Емре – Шәкәрім: рухани үндестік мұрасы

ENU-да «Юнус Емре – Шәкәрім: Түркі халықтарының рухани бірлігі» атты халықаралық симпозиум өтті.

🔹 Шараның мақсаты – түркі әлемінің ортақ рухани мұрасын дәріптеу, Юнус Емре мен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы арқылы құндылықтарды насихаттау және мәдени-ғылыми байланыстарды нығайту.

🤝 Іс-шараға Қазақстан мен Түркияның жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

🎓 Симпозиум барысында Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры, профессор Арыжан Мұса Қазымға «ЕҰУ-дың Құрметті профессоры» атағы табысталды.

✍🏼Бағдарлама аясында түркі ойшылдарының еңбектеріне арналған кітап көрмесі мен екі ел мәдениетін танытатын сурет көрмесі ұйымдастырылып, ЕҰУ мен Анкара әлеуметтік ғылымдар университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

👏🏻Түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар ақындар мен өнер өкілдері ТҮРКСОЙ медальдарымен марапатталды.
👍1
📌ENU-да «Жасанды интеллект: ғылымның дамуы мен мемлекеттік саясаттағы рөлі» атты халықаралық форум өтті.

⚜️Іс-шара университеттің 30 жылдығы мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылды.

🔹Форумда ЖИ-дің ғылым мен мемлекеттік басқарудағы маңызы, деректерге негізделген шешім қабылдау, AI governance, қауіпсіздік және этика, халықаралық тәжірибе мен ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды.

👥 Форумға ҚР Үкіметі өкілдері, депутаттар, халықаралық сарапшылар мен жетекші университеттердің профессорлары қатысты.

Халықаралық сарапшылар, соның ішінде Генри Дженкинс, Натали Хельбергер және Эмилиано Трере өз баяндамаларын ұсынды.

🤝Форум қорытындысында академиялық ұтқырлық пен кадр даярлау бағытында халықаралық серіктестікті нығайту жоспары қабылданды.
1👍1
📌ENU: NEW STRATEGY | Стратегиялық воркшоп

ЕҰУ-да Times Higher Education халықаралық консультантының қатысуымен стратегиялық воркшоп өтті.

📊 Іс-шараның басты мақсаты — THE World University Rankings (WUR) көрсеткіштері негізінде университеттің қазіргі жағдайын бағалап, даму бағыттарын айқындау.

👥 Воркшопқа басқарушы құрам, профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қауымдастық және қызметкерлер қатысты.

🌍 Халықаралық сарапшы Эмми Роуз ЕҰУ-дың WUR рейтингіндегі позицияларын талдап, оның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды түсіндірді. Сонымен қатар университет референттік ЖОО-лармен салыстырылды.

💡 Фокус-топтар барысында қатысушылар университеттің бәсекелік артықшылықтарын айқындап, оның болашақ дамуының басым бағыттары бойынша ұсыныстар ұсынды.

🔹Іс-шара ЕҰУ-дың жаңа Даму стратегиясын әзірлеу аясында ұйымдастырылды.
1👍1
ENU-да жаңа Даму стратегиясын әзірлеуге арналған «ENU: NEW STRATEGY» стратегиялық сессия-конвенті ұйымдастырылды.

Іс-шараға университет басшылығы, оқытушылар мен ғалымдар, жұмыс берушілер, түлектер, мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар қатысты.

ENU ректоры Ерлан Сыдықов өз сөзінде университеттің трансформациясы, халықаралық бәсекеге қабілеттілік және даму басымдықтарына тоқталды.

Сессия барысында:
🔹 Times Higher Education сарапшысы Эмми Роуз университет позициясына әсер ететін факторларды таныстырды
🔹 Қатысушылар ғылым, білім беру, цифрландыру, интернационалдандыру және инфрақұрылым бағыттары бойынша ұсыныстар ұсынды
🔹 Барлық ұсыныстар «Strategic Hub» платформасында жинақталды
👍1
📌ENU-да халықаралық форум өтті

⚜️ЕҰУ-де «Эндаументтер. Түлектер. Меценаттар» атты халықаралық форум ұйымдастырылды. Ауқымды шара университеттің 30 жылдығына арналған 30 күндік іс-шаралар легінің бастамасы болды.

🌍 Форумда жоғары білімді дамыту, университеттердің қаржылық тұрақтылығы, эндаумент-қорлардың рөлі және халықаралық тәжірибе мәселелері кеңінен талқыланды.

👥 Іс-шараға мемлекеттік қайраткерлер, халықаралық сарапшылар, бизнес өкілдері, меценаттар, түлектер мен студенттер қатысты.

🎺 Форум ҚР Ұлттық ұланының үрмелі оркестрінің өнерімен ашылды.

💬 Спикерлер эндаумент-қорлардың университеттердің ұзақ мерзімді дамуы, ғылым мен инновацияны қолдау, дарынды студенттерге мүмкіндік беру ісіндегі маңызын ерекше атап өтті.

✍🏼Форум қорытындысында Қазақстандағы эндаумент-қорлар қауымдастығын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

***
📌 В ENU прошёл международный форум

⚜️ В ЕНУ состоялся международный форум «Эндаументы. Выпускники. Меценаты». Масштабное мероприятие дало старт 30-дневному марафону мероприятий, посвященных 30-летию.

🌍 В ходе форума были широко обсуждены вопросы развития высшего образования, финансовой устойчивости университетов, роли эндаумент-фондов и международного опыта.

👥 В мероприятии приняли участие государственные деятели, международные эксперты, представители бизнеса, меценаты, выпускники и студенты.

🎺 Форум открылся выступлением духового оркестра Национальной гвардии РК.

💬 Спикеры особо отметили значимость эндаумент-фондов в обеспечении долгосрочного развития университетов, поддержке науки и инноваций, а также в создании возможностей для талантливых студентов.

✍🏼 По итогам форума был подписан меморандум о сотрудничестве по созданию ассоциации эндаумент-фондов Казахстана.

https://youtu.be/B2DW3cEhoAk
7