𝗗𝘂𝗴𝗮𝗺𝗱𝗮𝘀𝘆𝘇...🦋
58 subscribers
285 photos
179 videos
11 files
4 links
Мен тілейін.
Алтыным, сен де тіле.
Жақсылық орнасын деп жер бетіне.🖤

insta: https://instagram.com/dugamdasyz?igshid=1tkhcyfne5szi
Download Telegram
Садақа беріп жарысайық🙌
Жасалатын жақсылық істің садақа болуы үшін діни тұрғыдан үш ерекшелікке ие болуы керек:

- Мұқтаж жанға беру;

- Алла разылығы үшін берілуі;

- Берілген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуы тиіс.
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен сахабаларының арасында мынандай әңгіме болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс, - деді. Сахабалардан бірі:
- Ей, Алланың Елшісі (с.а.у.), таппаған адам не істейді? Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Жұмыс істеп, табыс тауып садақа берер, - деді. Сахабалар:
- Істейтін жұмыс таппаса не болады? – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Мұқтаж болған жанға қандайда бір көмегін береді, - деді. Сахабалар:
- Жәрдем ететін адам да таппаса ше? – деп тағы сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Қандай да бір іс жасаса (біреуге жол көрсету, жолдағы зиян тигізетін затты алып тастау, ілім алу, үйрету т.б.), ол үшін бір садақа, - деді. (Бухари, Муслим риуаяты)
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады» (Табарани. Кәбир. ІХ, 109 б.)
«Адамның өмірінде берген бір дирхам садақасы, өлім сәтінде берген жүз динар садақасынан артық» (Әбу Дәуіт)
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят бойынша: «Алланың Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады» (Tирмизи, Зәкат 28)
Қолдан келгенше көмек берейік!
Уа, Раббым! Өзің жеңілдеткен істен жеңіл еш нәрсе жоқ. Егер Сен қаласаң қандай ауыр істі де жеңілдетесің
“Уа, уәдесін сөзсіз орындаушы болған Раббымыз! Менің сансыз күнәларымды Өзіңнің өте кең болған рақымдылығыңмен кешіргейсің. Сен рақымы шексіз әрі тым жомартсың”. (Салих әл-Мәрри)
ҰЙҚЫДАН ОЯНҒАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

اَلْحَمْدُ ِللّٰهِ الَّذِى اَحْيَاناَ بَعْدَ مَا اَمَاتَنَا وَاِلَيْهِ النُّشُورُ

“Әлхамду лилләһил-ләзи ахйянә бәъдә мә әмәтәнә уә иләйһин-нушур”.

Мағынасы: Бізді өлтіргеннен соң қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз.
“Уа, Алла тағалам! Есеп күні мені, ата-анамды және мүминдерді жарылқай гөр”. (Мансур ибн Аммар)
https://instagram.com/nurtas.sma?utm_medium=copy_link

Жәй өтіп кетпейікші🆘🆘🆘


Ақша қайтады, адам қайтпайды
Әссәлямуәлейкум
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын 🤲
Алла тағала тілеген дұға тілектеріңізді қабыл етсін🤲
Ораза ұзақтығы - 30 күн

1 сәуір - Алғашқы тарауих намазы
2 сәуір - Оразаның бірінші күні
27-28 сәуір - Қадір түні
30 сәуір - Соңғы тарауих намазы
1 мамыр - Соңғы ораза
2 мамыр - Ораза айт мейрамы

Пітір садақасы - 500 тг
Ораза қабыл болсын жақсылар🤲🏻