🕌 Қадір түнін қалай өткіземіз?
Имам Ибн Баз (Аллаһтың оған рақымы болсын) айтады:
وقيامها يكون بالصَّلاة، والذِّكر، والدُّعاء، وقراءة القُرآن، وغير ذلك من وجوه الخير.
Қадір түнді өткізу – намаз оқумен, зікір етумен (Аллаһты еске алумен), дұға қылумен, Құран оқумен және басқа да жақсылықтың түрлерін жасаумен болады.
📚 Әл-Фатауа (15/426).
✅ @paidalar

.
. 🔷 Қадір түні оқылатын дұғалар.
⠀
1.Ықлас сүресін 100 рет айту.
⠀
Бисмилләһир рахмәнир рахим.
Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.
⠀
Ықлас сүресінің қазақша мағынасы:
«Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».
⠀
2.Қадыр сүресі – 100 рет.
⠀
Бисмилләһир рахманир рахим.
Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.
⠀
Қадір сүренің қазақша мағынасы:
«1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік.
2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің?
3. Қадір түні мың айдан да артық.
4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі.
5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».
⠀
3. Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.
Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.
⠀
4. Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.
⠀
Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.
⠀
5. Астәғфируллуһ – 500 рет.
⠀
6. Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.
⠀
Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап.
⠀
Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады.
⠀
Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету, бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды екенін біле жүріңіз бауырларым❤
⠀ .
🛇🛇🛇 ОСЫ ДҰҒАНЫ БАСҚА ДА БАУЫРЫҢЫЗ ОҚЫСЫН ДЕСЕҢІЗ,СОЛ КӨП ДОСТАРДЫ БЕЛГІЛЕП, САУАБҚА ИЕ БОЛЫҢЫЗДАР . 🔷

ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕМІЗ?
⠀
Кей адамдар Қадір түнін күзету дегенді тек қана ұйықтамау деп түсінеді. Сондықтан да уақыт өткізу үшін футбол көреді, ойын ойнайды. Әйтеуір көзім ілінбесе болды деп ойлайды. Алайда, бұл - қате түсінік.❌
⠀
Қадір түнін күзету дегеніміз - тек қана ұйықтамау емес, бұл түнді құлшылықпен безендіру деген сөз✔️
⠀
Қадір түнінде адамның алдағы бір жылдық ризық-несібесі жазылады, кімнің дүниеге келіп, кімнің өмірден өтетіні анықталады. Тіпті, кімнің қажылыққа барып, кімнің қалыс қалатыны да осы құрметті түнде жазылады екен.
⠀
Ендеше, бұл қасиетті түнді сауапсыз өткізіп алмай, құлшылық жасауымыз керек.
Ал құлшылық қандай болады десеңіз, оның бірнеше түрі бар. Мысалы,
⠀
📘Құран оқу;
🕋 Намаз оқу;
🤲 Тілек тілеу;
🌠 Алладан кешірім сұрау;
🔉"СубханАллаһи уа бихамдиһи" деп Алланы дәріптеу;
💰 Садақа беру;
🤲 Қайтадан дұға жасау деген сияқты...
⠀
Ендеше, аспаннан періштелер жауатын ең жайлы, тыныш түнде осы құлшылықтарды кезек-кезек орындауға тырысуымыз керек. Яғни намаз оқып, одан шаршай бастасақ, отыра қалып уағыз тыңдайық. Одан жалықсақ, тілек тілейік. Дұғамыз таусылып бара жатса, Құранды ашайық, садақа берейік. Әйтеуір бейқам қалмайық.
Қасиетті түнді ғибадатпен өткізіп, 83 жылдан астам құлшылықтың сауабына бір-ақ түнде ие болайық!
⠀
Алла Қадір түнінде тілеген тілек-дұғаларымызды қабыл етіп, бұл Рамазаннан сауап арқалап шығуымызды нәсіп етсін! Әмин🤲
___
#асыларна #asylarna #қадіртүні #тілек #ночьпредопределения #дұға #намаз

93.Ән-Нуру – Нұрландырушы, Нұр беруші. Әртүрлі жетіспеушіліктерден пәк. Бұл дүниені Өз нұрымен нұрландырып тұрады. Соқырға нұрды көру үшін көз нұрын, жанар береді. Адасқандарды тура жолға салады. Осы керемет есімді қайталап жүрген адам қайғыға салынбайды.
94.Әл-Һәди – Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші. Мустақим жолға салушы. Жүректерді хақты табу үшін бағыттайды. Дінде немесе дүнияуи амалда пайда беретін нәрсеге жолықтырады.
95.Әл-Бәдиғ – Жаратушы. Ешбір нұсқа, мысалсыз жаратады. Оның биік сипаттарына ешкім жете алмайды.
96.Әл-Бақи – Бақи, Мәңгі. Ол мәңгілік жасайды. Ол тірілмейді де, өлмейді. Егер бұл есімді күніне 1000 рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман сақтайды.
98.Әр-Рашид – Салушы. Ол Өз құлдарын пайда беретін жолға салады. Өз даналығымен билік жүргізеді.
99.Әс-Сабур – Сабыр иесі. Ол сабырмен құлдарының күнәларын кешіріп, азабын тездетпейді. Кім осыны меңгеріп, 100 рет Алланы еске алып зікір етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жүреді.
Құранды түсінбей оқудың қандай пайдасы бар❓❓❓
⠀
Бір оқиғамен жеткізіп көрейік...
⠀
🏔Тау бөктерінде орналасқан ауылдың шетінде ақсақал мен немересі өмір сүріпті.
⠀
Атасы үнемі ерте тұрып, Құран оқуды әдетке айналдырған екен. 📖Ал немересінің кез келген істе атасына ұқсауға тырысатыны, оның ізгі істерін қайталайтын қасиеті әркімді де қызықтыратын.
⠀
Бір күні көңіл-күйі түскен бала: «Ата, мен де күн сайын сен секілді Құран оқимын, бірақ, түсіне алар емеспін. 🤷🏻♂️Оқығанымды кітапты жапқан бетте ұмытып қаламын. 🤦🏻Сонда Құран оқуымның не пайдасы бар?» 🤔деп сұрақ қояды.
⠀
Сонда пешке көмір салып жатқан қария кілт тоқтайды да немересіне мейірлене қарап: «Балам, сен мына көмірдің себетін 🗑ал да, ана жердегі өзеннен толтырып су алып кел», - дейді.
⠀
Таңғалған немересі ештеңе деместен себетті🗑 ала жүгіреді. Алайда, үйге жеткенше себеттегі су түк қалмай төгіліп қалады.
⠀
Күлімсіреген ақсақал: «Тезірек жүруге тырыс» 🚶🏻♂️деп, баланы қайта жібереді. Ол бұл жолы жылдам қимылдайды, дегенмен, су тағы да таусылып қалады.
⠀
Бала себетпен су тасудың мүмкін еместігін айтып, шелекке қолын соза беріп еді, атасы оны тоқтатады. «Жоқ, балам, маған шелек емес, себет қажет. Сен барыңды салмай жатқан боларсың...» деп оны тағы да құлшындырды. Бала өзін дәлелдемек болып, себетке толтырып су алады да бар шамасы жеткенше қатты жүгіреді.
⠀
Атасының алдына жеткенде тағы да бос себетке көзі түседі. «Ата, көрдіңіз бе? Мұның еш пайдасы жоқ!» дейді терге малынған бала. Қария: «Расымен де, еш пайдасы жоқ деп ойлайсың ба? Себетіңе қарашы», - дейді.
⠀
Мұқият қараған бала көмір ыдысының сырты да, іші де тап-таза болғанын байқайды. «Құлыным, сен Құранды оқығанда дәл осындай жағдай болады. Түсінбеуің де, ештеңе есіңде қалмауы да мүмкін.
⠀
Бірақ, ол сенің ішіңді де, сыртыңды да өзгертеді. Сонан кейін Алла Тағала сенің өміріңді өзгертеді» деп үнемі Құран оқудың пайдасы мен даналығын түсіндірген екен.

Forwarded from ozgeshe (Abdykadyr Akniyet)
Махаббат тілеймін…
Я, Раббым! Жүрегімде бір адамды салып, оны маған сүйікті ет! Һәм ол адам әуелі Сенің сүйіктің болсын!
Я, Раббым! Маған сондай бір тақуа жанды жақсы көргіз. Оның ойы тек Сен, ал жүрегі мешіт, көңілі Қағба болсын!
Я, Раббым! Маған сондай бір ақылды, дана адамды жолықтыр… Сенен кейінгі ақылдасарым сол болсын! Һәм оның бірінші ақылдасары мен емес, Сен болсаң екен!
Я, Раббым! Онымен қол ұстасқан кезде, үстінде Сенің қолың болсын! Біз қол ұстасқанда барлық күнәларымыз саусақтарымыз арасынан ағып кетердей берекелі неке нәсіп ет!
Я, Раббым, маған сондай бір көздердің қарап тұруын нәсіп ет! Ол көздерден сені көрейін! Сені іздейін! Сені табайын!
Я, Раббым! Онымен бірге бір сапарға шығайық.. Сапардағы Жолбасшымыз Сен бол!
Я, Раббым! Маған сүйгеннің сүйіктісі болуды нәсіп ет! Ең қатты сүйгеніміз Сен бол!
Я, Раббым! Маған және барша мұсылманға Сені танытатын һәм Саған жетелейтін пәк, шынайы сезім бер! Әрі сол сезім некеге жетелесін! Ал неке мәңгілікке жетелесін!
Я, Раббым! Бір-бірімізге бір Өзіңнен бастау алған мейірім нәсіп ет! Біз құшақтасқанда бүкіл әлем бір-бірін құшақтасын!
Я, Раббым! Бір-бірімізге Сенің махаббатың мен мейіріміңді жайғанымыз соншалық, көктен махаббат тауының шыңына шығу нәсіп болған Хадиша (р.а) бізге қарап «Қарашы, Мұхаммед (с.а.с), бұл ғашықтарға, олар бізден, біз де олардан ба?» деп таңғалсын…
Хадиша анамыз (р.а)«Қара, жер бетінде біздің махаббатымыз әлі жалғасып жатыр. Алла біздің махаббатымызды жақсы көргені соншалық, бұл сезімді бұл жандарға да сезініп көруді бұйырды», – десін…
Я, Раббым, әр мұсылманға салиқалы, саналы ұрпақ нәсіп ет! Бейне бір Хазіреті Хадиша (р.а) пен Пайғамбарымыздан (с.а.с) тараған Қасым, Зейнеп, Руқия, Үммүгүлсім, Фатима, Абдуллаһ (р.а) секілді ізгі ұрпақтар қайта келгендей болсын!
Я, Раббым! Я, Латиф! Я, Рахманур Рахимин! Өзіңнен бастау алған, қайнар көзі Құран, шабыты сүннет болған ізгі махаббат нәсіп ет! Һәм оны екі дүниелік ет! Әмин!
Жаннұр ханымнан