“Нагори. Тоска по уходящему сезону” Рёко Секигути
Бұл кітап жылдың әр маусымын ерекше жақсы көретін мен үшін әсіресе жаз мезгілі 12 айға тұрақтаған елде тұрып жатқан шағымда ерекше сезіммен оқылды.
🍂 Нагори- желание задержаться в ушедшем сезоне. Послевкусие.
🍂Окуру значит «провожать», ми — «взгляд»: омиокури — «провожать взглядом».
Когда я навещала своего деда и мне пора было возвращаться, он тоже выходил меня проводить и смотрел мне вслед, пока я шла вверх по склону и он мог меня видеть. Взгляд продлевает встречу — объединяет людей еще некоторое время после того, как они расстались.
🍂 Мы прощаемся не только с людьми - иногда и место нас провожает. Возможно, и вам случалось, сев в поезд, в машину или на корабль, смотреть, как удаляется пейзаж тех мест, откуда вы уезжаете и думать, что порт, дома, горы с вами прощаются…

❤115😢13❤🔥7
Бір жаман қасиетім бар. Көп нәрсені байқамағандай, жаныма батпағандай үнсіз көтеремін. Бір жақсы қасиетім бар.
Кейін оның бәрінің есесін асқан салқындылықпен қайтарып аламын. Минуста да емеспін, плюста да емеспін. Жай ғана ішкі тепе-теңдікті орнына келтіру. Бәрі әділетті.

❤212❤🔥33😢11
Хаха. Мынадай үнсіз, тыныш харизмасы бар ер адам кездестірсем, мен ойланар едім.
“Сізге қай әйелі ұнайды?” дейді оқырмандар. Маған Мөлдір де, Айман да, Ләйсира да, Баян да бәрі ұнайды. Мен біздің ер адамдарды жақсы түсінемін десем, түсінер ме екенсіздер…Біздің қыздар, әйелдер ессіз ғашық болатындай мықты ғой. Бірақ біз әйелдерге отбасын тастамақ түгіл, жай қиялдап, бір сәтке ойланатын да ер адам жоқтың қасы.

❤206🔥54😢14❤🔥9
Бруклин, еркекше қиналу осындай ғой.
А не вот это всё.
А не вот это всё.
❤🔥71🔥20❤8
Ча Ын Удың қиналған видеосын салғаныма өзімді кінәлі сезініп кеттім. Ертең күні салықтан жалтарды деп, баланы жан-жақтан талай бастады. Карьерасына үлкен қауіп төніп тұр. Бұдан да басқа проблемаларым бар. Бірақ жаңа қара фотомен кешірім сұрағаны 💔
❤64😢30
Белгілі бір жерден, елден Өзімді табамын деп ойлау аңғалдық. Жергілікті халықтың өмір сүру философиясы, табиғаты, атмосферасы ішкі қарсылықты азайтып, жоғалғанын іздеуді тоқтатып, өмір сүруді бастауға әкелуі мүмкін. Алайда өзіңді табуды қайдам, өзіңді танудың өзі өмір бойы жүретін процесс. Өмір бойы әр адам, әр жағдаймен өзімізге жаңалық боп өтетініміздің өзі ғажап емес пе?!
1❤227🔥15❤🔥14
Папа бассейннің жанында қазақ атасымен кездесіп қалып, танысып сөйлесіп тұр. Ол атаның бассейннің айналасында жүргеніне біраз болды. Жабық киінетін мұсылман қазақтар отбасынан болуы керек. Мен купальникпен жүр едім. “Анау қызың ба? Неге дұрыс киінбеген?” десе, папам “Ол сондай енді. Ерке қыз” деп бірнәрсе жауап берсе жарар еді деп қарап тұрмын. Әдетте маған біреу менің қызымның “тәрбиеге қайшы” тұстарын айтса “Еркін өсірдік. Ерке қыз ғой. Мән бермеңіз” деп жұмсақ арашалап аламын. Меніңше бар ата-ананың мақсаты баласын қоғам белгілеген шарттылықтардан сәт сайын арашалап отырып, еркін өсуіне, еркін өмір сүруіне жағдай жасау болуы тиіс.
3❤399🔥47❤🔥30
Осындай диалогтарға қашан жетеміз? Нәзік, маңызды ойлар🫠
“Твоё лучшее время”
“Твоё лучшее время”
❤37❤🔥4
Баяғыда тұлғалық даму сабақтарымда ара-тұра өзіңізге “мен бақыттымын ба?” деген сұрақ қойып, қайда бара жатқаныңызды тексеріп тұрыңыз, таңдау жасарда “бұл шешім мені бақытты ете ме? Бұл шешім мені мақсаттарыма жақындата ма?” деп шешім нәтижесін елестетіп көріңіз дейтін едім.
“Искусство Сары” дорамасындағы “Когда всё пошло не так?” деген сұрақ ұнады. Бағытыңнан ауытқып, бәрі астан-кестен шығып жатқан сәтте қай кезде қате таңдау жасағаныңды анықтауға көмектеседі. Себебін анықтай отырып, өз бағытыңа қайта оралу үшін кімді, нені, қандай жағдайды өміріңнен алып тастау керектігін айқын түсінесің.

❤151🔥14❤🔥9
Заметкиге 05.01.2022 жылы жазыппын. Ол кезде не болып еді десем, Қаңтар оқиғасы екен. Өзгертпедім.
Халықтың құрамында:
Маргиналдар.
Білімін ұштамаған, еңбек етпеген “үкімет тегін берсін” деп ашуланып диванда жата беретін ерлер, жәрдемақы үшін бала туа беретін әйелдер.
Көтерілісшілер.
Ыссыға күйіп, суыққа тонған, әділетсіздік көрген вахталық қызметтегілер, қара жұмысшылар, таксистер және белгілі бір саяси тараптың үгіт-насихатының құрбаны өр жастар.
Тұрақтылықты қамтамасыз етушілер.
Бюджет саласындағы қызметкерлер: ұстаз, дәрігер т.б. Ересек буынында керісінше кеңестік ойлау жүйесі. Жоғарыдан келген бұйрықты орындау керек. Ішінде билікке көңілі толмайтындары болса да “жұмысыңнан айырылып қаласың, тыныш жүр” деп өзіне команда беретін тыныш оппозиционерлер.
Өзгеріс әкелушілер.
Билік пен басшыдан тәуелсіз болуға ұмтылған кәсіпкерлер мен жастар. Күні марапатқа қарамаса мүмкін зиялы қауым да ішінде бар. Биліктен үміті үзілгендер. Өз бетімен білім алып, дамып, жағдайын жасап, өзім Өзгеріспін деп жүргендер. Билік халыққа дұрыс нәрсе жасаса шын қуанып, орнымен сын айта алатындар.
Ауыз жаласқандар.
Биліктегілер және биліктің қас-қабағына тәуелділер. Жоғары лауазымнан үмітті болғандықтан “тәртіпті” жүргендер. Откат, тендер, бөлінген бюджетті екі бүгіп, қалғанынан қалғанын мемлекет берген тапсырмаға жұмсайтындар. Бір табақтан ет жеп отырған соң әрине олар билікке қарсы ешнәрсе демейді. Дегісі келсе де сыбырлап, міңгірлеп ешкім естімейтіндей әрең дейтіндер.
Шетелдегі қазақтар.
Билікпен қудаланып, қатты ренжіп кеткендер. Шетелге барып, күш жинап алған соң қайта азу көрсетедіндер. Немесе билікпен шаруасы жоқ, айтса да өзге елдегі ізгі қоғамды көріп салыстырып, жаны ашығандықтан ара-тұра сын айтатындар.

❤165🔥36❤🔥13
2❤197🔥51❤🔥22😢2