Диастың арнасы
147 subscribers
62 photos
13 videos
15 links
Өмір-өзен
Download Telegram
Код жазғанға келгенде, Claude-пен жұмыс істеген ChatGPT, Copilot-тардан жақсырақ болып көрінді өзіме. Ыңғайлылық бойынша Copilot-тың инлайн режиміне жетер жоқ әрине
4
Ағылшынша интернетте зумерлер компьютер қолдана білмейді дейді. Смартфон, планшет интерфейстеріне үйреніп алған, папкаларды қолдана алмайды-мыс. Бізде де солай ма екен?
2
Интернет сервистерге айына ~31 000 кетіреді екем:

Digital Ocean.Droplet + Managed Database. Сервер мен база данных. Керек нәрсе. Айына $22 ~11 000

Yandex Plus - 1499 теңге. Алып тастау керек, музыкасын тыңдамаймын, кино аса көрмейді екем. Футболды осы жерден көрем бірақ.

Claude: $20. Кодиң үшін ең жақсы AI. Айына ~10 000 кетеді.

Freedom. Банк емес, әлжеліні бұғаттайтын қосымша. Ең жақсы жері, бірнеше құрылғыға қосып қойса болады: менде телефонда да, ноутбукта да бір настройка тұр. Өткен жылдың сәуірінен бастап қоладнып келем. 100% қолдануға тұрарлық нәрсе. Мен бір жылға бірақ $29 (ол кездегі курспен ~13 000 теңге) төлеппін. Осы жылы $40(~20 000) болады екен. Палюбомый қосам’. Сілтемесі: https://freedom.to/

Google One. 1490 теңге. Google Drive-та 200GB, әзірге жетіп жатыр. Фотолар, файлдар, анау-мынаулар жататын жер.

Setanta Sports. 2300 алып тастау керек, босқа тұр. Одан да Нетфликспен қосылған FanPack қосып алған дұрыс болар.

Twitter Premium - 3 650. Осы ай жазылып қойдым. xAI-ды қолданып жүрмін. Жалпы твиттер қолданған ұнап жүр. Тестілеп болғаннан кейін көрем, ары қарай қалдырам’ ба, қалтырмаймын ба.


Жазылымдарға кететін ақша көбеймесе азаймайын деп тұр. Бірақ жалпы алғанда әкелетін пайдалары зор
2
Жазылымдарға қанша кетіресіздер?
Anonymous Poll
55%
0
20%
1 - 2000
3%
2001 - 5000
10%
5001 - 20 000
8%
20 001 - 50 000
5%
50 001 +
DoorDash(Wolt сияқты тамақ жеткізу) пен Klarna(бөліп төлеуге арналған қосымша) бірге жұмыс істеуге келісім жасапты. Донерге рассрочка. Твиттерде сол бойынша у-шу болып жатыр. Қазақстанда тұрып ондайға үйреніп қалған болуымыз керек, таң қалған жоқпын
2
Жалпы рассрочка деген нәрсе АҚШ-та қатты танымал емес екен. FT бойынша өткен жылдағы сатылымдардың 5% ғана алыпты. Бізде 20-30%-дан асып кететін шығар
2
Әйеілім екеуіміздің бір ритуалымыз бар. Күнде рилс-тиктоктарды лайкать етіп, маған дайындап қояды, тамақ ішкенде соларды бірге отырып көреміз. Ол платформаларда отырмағасын, осылай трендттарды біліп отырам’
6
Жемістер бойынша топ-3: 1. Банан, 2. Алма, 3. Мандарин. Келіспейтіндер болса шығып кете берің
💯4
Демалысқа барып келгем, feeling pumped. Бір апта емес, бір ай болғандаймын
5
Армандаған кітап сөремді жасатып алдым. Сатып алынып, оқылмайтын кітаптар енді шашылып жатпай, бір жерде тұрады
9🔥1😍1
You Life in Weeks дегенді білесіздер ме? Адам 90 жасқа дейін өмір сүреді деп алайық. Фотодағы әр шаршы ол бір апта. Осылай өзіңнің қанша өмір сүріп тастағаныңды, шамамен қанша қалғанын білесің. Өміріңе басқа призма арқылы қарауға көмектеседі. Менікі мынандай
4
Соны бір сервис қылып шығарып көрмекпін. Поштаңды қалдырасың, сол жерге жеке саған арналған кітапша келеді. Ағылшын тілді аудиторияға маркетиң жасап бастаймын. Тегін нұсқасы болмайды тек $5(~2600 теңге). Лендиң жасап қойдым, қарап көріңіздер: mortalityreminder.com
3🔥1
Жеке өзіме ең ұнайтын фича: жақын адамдардың күнтізбелерімен салыстыру. Ешкім мәңгі өмір сүрмейді, барды қадірлеу керек деген ойға келтірсе деймін
5
Өмірімде бірінші рет автограф алдым. Invincible Сол Кемпбелл. Арсенал кестеде бірінші орында тұр. Арсенал фанаты болатын керемет уақыт. COYG!
🔥4
Ремоут жұмыс істеп жүріп конференция митаптарға барған керемет. Саланың бар екенін, жан-жақта өмір қайнап жатқанын көресің
👍3