Dasturosy қосымша білім беру және ижаза орталығы
675 subscribers
10 photos
2 files
9 links
Download Telegram
Нұр-Мүбарак оқу-әдістемелік мешітінде Мәуліт айына орай Имам Бусыридің әйгілі «Бурда» қасидасы бойынша дәрістер басталды.

Дәріс барысында мешіттің бас имамы Көптілеу Бауыржан Жақсыбекұлы жамағатты қасиетті Мәуліт айының келуімен құттықтап, игі айдың берекесіне тоқталды.

Сондай-ақ «Dasturosy» қосымша білім беру және ижаза орталығының жетекшісі Бейсенали Олжас Бекасылұлы Мәулітті атап өтудің мәні мен мұсылман өміріндегі рухани маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

Кейіннен «Бурда» қасидасы бойынша дәріс өз жалғасын тапты.

Қасидада Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ке деген сүйіспеншілік, құрмет және сағыныш көркем жырланған.

Алдағы уақытта «Бурда» қасидасы бойынша дәрістер Нұр-Мүбарак мешітінде екі апта бойы жалғасады.

#dasturosy #нұрмүбарак #мәуліт

https://www.instagram.com/reel/DctmCOkOCM5/?igsi=MTd3Zm96dHgyMXNieg==
11
“Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік” (Абылай хан)


1-қыркүйек білім күні баршаңызға құтты болсын! Білім жолындағы әр қадамыңыз берекелі болып, ізденістеріңіз биік белестерге бастасын. Ұстаздарға – еңбектерінің жемісін көруге, ал білім алушыларға – сапалы білім мен жарқын жетістіктерге жетуді тілейміз!
22
«DASTUROSY» ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ИЖАЗА ОРТАЛЫҒЫМЕН ТАНЫСУ

Құрметті Нұр-Мүбарак университетінің 1-курс студенттері!

Сіздерді университет жанындағы «Dasturosy» қосымша білім беру және ижаза орталығымен танысуға шақырамыз.

Кездесу барысында сіздер:

• «Dasturosy» орталығының білім беру бағыттары мен оқу бағдарламаларымен;
• Орталықта сабақ беретін ұстаздар құрамымен;
• ⁠Орталықтың талаптары мен сабақ тәртібімен танысасыздар.

Бұл кездесу — университеттегі негізгі оқу үдерісін қосымша біліммен толықтырып, діни және академиялық білімді тереңдетуге, жаңа бағыттарды тануға және өзіңізге қажетті оқу мүмкіндіктерін таңдауға жол ашатын маңызды жиын.

📅 Күні: 4 қыркүйек
Уақыты: 10:00
📍 Өтетін орны: Әл-Фараби залы

#нұрмүбарак #dasturosy
11
Бүгін «Құранды толық жаттау» курсына тіркелген талапкерлер іріктелді.

Шәкірттерді Құран ұстазы Смагулов Құрмет және орталықтың арнайы мамандары қабылдады.

Іріктеуге 200-ге жуық шәкірт қатысып, белгіленген талаптарға сәйкес келетіндері курсқа қабылданды.

Құранды толық жаттап, қарилық дәрежеге жетуді мақсат еткен барша шәкіртке сәттілік тілейміз! Алла Тағала білім алуға деген талпыныстарыңызға береке беріп, мақсаттарыңызға жеткізсін!

https://www.instagram.com/reel/DcyGHv7uKcL/?igsi=cHFydHg1NWJxOHQy
17
Емтихан тапсыруға өтініш жазған шәкірттер, 4 қыркүйек марказға келіп емтихан тапсырасыздар.

Уақыты: жұма намазынан кейін
4
НҰР-МҮБАРАК СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН МҮМКІНДІК!

Қазан қаласында өтетін халықаралық олимпиадаға қатысу үшін Нұр-Мүбарак студенттері арасында 3 номинация бойынша іріктеу сайысы өтеді! 🏆

🔹 Фиқһ және усул әл-фиқһ
🔹 Сира, хадис және Құран ілімдері
🔹 Араб тілі

Білімін сынап, өз деңгейін байқап, халықаралық деңгейде бақ сынағысы келетін студенттерді іріктеу сайысына қатысуға шақырамыз!

📅 Тіркелу: 26 тамыз – 6 қыркүйек
📝 Іріктеу: 7 қыркүйек

📞 Тіркелу үшін:
+7 706 446 7676 (whatsApp)
https://www.instagram.com/p/DcfmvU8ONwc/?igsi=MXZxODFkY3h0bTRtbw==
1
5 қыркүйек(сенбі) күні сайтқа тіркелу мәселесі туындаған 1 курс студенттері үшін марказ ашық.

Қабылдау: сағат 9:00-16:00 аралығы.
8
Құрметті шәкірттер!

Апталарыңыз берекелі болсын!

Сабақтарға тұрақты түрде қатысуларыңызды сұраймыз. Сабаққа 3 рет себепсіз қатыспаған жағдайда, шәкірт сабақпен қоса орталықтан да шығарылады.

Егер сабаққа қатыса алмайтындай себеп туындаса, орталыққа келіп тиісті өтініш жазуларыңызды сұраймыз.

1-курс студенттеріне сабақтардың басталу уақыты туралы қосымша ақпаратты орталық тарапынан алдағы уақыт хабарлаймыз.
25
1-курс студенттері!

Ұстаздарыңыз жаймен тағайындалып жатыр. Сәл шыдасаңыздар, дәрістер де басталып қалады.
35
Dasturosy Arabic Speaking Club

Араб тілінде еркін сөйлеу дағдысын жетілдіріп, күнделікті қарым-қатынаста араб тілін қолданғысы келетін студенттерді Dasturosy Arabic Speaking Club-қа шақырамыз!

Клубта араб тілінде сөйлесу арқылы сөздік қорды молайтып, сөйлеу қабілетін дамытуға мүмкіндік беріледі.

Ұстаз: Махмуд Абулейл

Әр сейсенбі
Ұлдарға — 12:00
Қыздарға — 13:00
Өтетін орны: Dasturosy орталығы
23
Орталыққа тіркелген, әліппе білмейтін, Құранға түспеген шәкірттер орталыққа келіңіздер. Сіздерге арнайы топ ашамыз.
13
ҚҰРАН АЯТТАРЫНА РИТОРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Құран аяттарының терең мағыналары мен тілдік, риторикалық ерекшеліктерін зерделеуге арналған дәріс.

Дәрісті Құрманғазы Садыбаев ұстаз жүргізеді.

Бейсенбі–жұма
Таңғы 07:00
409/1 аудитория

Құранның әрбір сөзі мен құрылымындағы нәзік мағыналарды танып, аяттарға тереңірек көзқарас қалыптастыруға шақырамыз.
27