Дастан Құрманбаев
21.1K subscribers
55 photos
12 videos
3 files
14 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Бірі: қажы – бес парыздың – бай адамға,
Төрт түлік төңірегі сай адамға.
Парыз емес уақа жоқ бармаса да,
Ауқаты аз, қолы қысқа жай адамға.
Пайғамбар: «Байлар қажыға жүрсін!» – депті,
«Мені келіп үмбетім көрсін!» – депті.

Мәшһүр Жүсіп
Forwarded from Orientalist's Notes
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыз қазақ па? | 1-бөлім

Соңғы уақытта осындай жаңалық тарап, қазақтілді кеңістікті шарлап өтті. Әлбетте, тамаша жаңалық! Біз қазақ, мақтанғанды сүйеміз, абырой көреміз, өзі солай-ақ та! (Онда тұрған не бар дерсің?!)

Күшті емес пе, әлемдік деңгейдегі тұлға - ұлты қазақ.

Ертең Шымкентте болатын жаңа мешіттің ашылуына да шапан жауып алдырттық.

[Шейх Осман Тоһә кім екенін білмесеңіз, төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз] ⤵️

YouTube сілтемесі

Содан, Осман Тоһә атамыздың қазақ екені бір видеодан мәлім болды, жан-жаққа тарқады. Ешкім фактчек жасамастан, соған нана кетті.

[Ол қандай видео десеңіз, оны да келесі сілтемеден көріңіз] ⤵️

YouTube сілтемесі

Видеода, бірақ қазақша сөйлеп тұр емес пе?!

Шейх 1934 жылы бүгінгі Сирияның Хәләб (Алеппо) қаласында, Санди деп аталатын ауылда дүниеге келген. Ал ол Санди - түркімен ауылы боп табылады. Жалпы, Сирияда араб пен күрдтен соң түркімен 3-орында (саны жағынан). Олардың басы Шам өлкесіне Зенкилер дәуірінде келе бастаған (тарихтан қараңыз).

“Түркімен” деп арабтарда, ертеде Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарын айтады. Сөздің өзі “Түрік” және “Иман” сөздерінің қосындысы. Уақыт өте кез-келген қос сөз ассимиляцияға ұшырайды, содан да бұл сөз “Түркімен” боп қысқарған.

Ғасырлар өтіп сол аймақтарда ұрпақтары қалған соң, жаңа бір этникалық топ секілді қалыптасып қалған, ал шынында түбі бір түрік халықтары.

Құрметті шейхіміз Осман Тоһә - сол Хәләб түркімендерінен. Бүгін сол шейхтің әйелі мен туған қызына аударма жасап, жандарында болған ұстаз, 10 қырағат иесі - Шоқан қарекең де осы сауалды сұрағанын айтты, әйелі де, қызы да түркімендерденбіз деп растаған.

Иә, түбіміз бір, бір тармақтанбыз, алайда қазақ деп жібере салу қаншалықты дұрыс?!

Осы принциппен шейх өзбек те бола алады, Ашхабад түркімені де бола алады, қырғыз да бола алады, ноғай да бола алады… Бәріміз түрікпіз (түркі)!

Шейхтің өзі 90-ды алқымдап қалған, содан да ақырын сөйлейді және кей сөздерін біздің қазекеңдер жаңылыс түсініп қалған көрінеді.

“Аталарым Түркістаннан келген” деген көрінеді шейх…

Енді осы “Түркістан” атауын талдап жіберейік.

1) Түркістан - көне қала атауы (біздің Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұрған).

2) Түркістан - бүкіл түрік (түркі) халықтарына ортақ тарихи мекен атауы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және оның ішінде Қарақалпақстан, Түркіменстан - бұл Батыс Түркістан.

3) Ал енді Қытайдағы (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы және маңындағы аймақтар - Шығыс Түркістан (ол да кәдүгіндей үлкен территория). Шыңжаңда ұйғырлардың тұратынын білеміз, алайда Батыс Түркістандағы халықтардың да көп бөлігі Шығыс Түркістанда бар.

4) Оңтүстік Түркістан деген де бар (Ауғанстанның солтүстігі), олар саяси тұрғыдан бізден бөлініп қалған. Бүгінде Ауғанстан жерінде көптеген түркі халықтарын кездестіре аламыз (өзбек, түркімен ж/е т.б.)

5) Еділ (Волга), Жайық (Урал), Қырым, Солтүстік Қауқаз (Кавказ) Қобан (Кубань), Дон, Днепр, Днестр, Дунай - осылардың бәрінде түркі халықтары н/е түркі халықтарының ізі бар.

Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) аталарының Түркістаннан келгенін айтса, Шымкент жақтағы Түркістанды меңземегені анық.

Википедияның ағылшыншасында “Nationality” деген жерге біздіңкілер “Qazaq” деп жазып кетіпті…😂 иә-иә, Википедияда өзің кіріп редакция ұсына аласың. Оны біздіңкілер жасағанын қайдан білдім? Өңделген өзгертпелердің мұрағатын көру мүмкіндігі бар. “Last edited” деген тұсы 1 ай бұрын деп тұр, яғни, соңғы рет бір ай бұрын өзгеріс еңгізілген.

Мақтануға келгенде жан салмаймыз алдымызға!😂

Біреу “Don’t change the page without proof” деп жазған, сонда қазақтар қайта-қайта кіріп “Qazaq” деп өзгерте берген ғой…😁 Бұл енді қате! Олай жасаған дұрыс емес!

Бір қазақ оларға ағылшынша жауап беріп қойыпты “Қазақ халқын көре алмайтындардың бүлдірген бетін қайта туралап қойдым” деп…😅 (до конца қырылған ғой, уопшым).

#панказахизм
Forwarded from Orientalist's Notes
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) қазақ па? | 2-бөлім

Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыздың (иә, түбі бір түркі атамыз деп мойындаймын) Қазақстанға келуі, жаңа мешіттің ашылуына қатысуы үлкен шарапат, береке, Алланың бізге берген нығметтерінен.

Қасиетті Алланың кәләмін жазған мүбарак қолдарын сүю - құптарлық іс, Алла Тағала бізге де көрісуді жазсын, қолын алуды, батасын алуды нәсіп етсін.

Қазақстанды “Атажұрт” дейді, иә, солай. Түркия президенті - Эрдоған көкеміз де солай айтады. Түрік (түркі) халықтарының асыл мекенінде қалғанбыз біздер.

Алайда шейхті “қазақ” деп жар салып, негізсіз, дәйексіз ақпар таратуға қарсымын.

“Шыңғысхан қазақ болған” деген секілді панказахизмді қою керек ау… тарихта өтіп кеткен Шыңғысханды қайтеміз, көзі тірі адамды қазақ қылып жіберіп жатқанымызда…

Ешкімді күстаналау мақсатымда жоқ, керісінше, шейхтің Қазақстанға келуіне себепкер болған видеодағы ұстазға да, басқа кісілерге де Алла разы болсын! Үлкен еңбек, оны мойындаймыз!

#панказахизм
Forwarded from Ержан Бақытжанов (Ержан Бақытжанов)
Мұсылман екі жақсылықтың арасында жан тапсырады. Біріншісі өтеп қойған жақсылығы. Екіншісі оны күтіп тұратын жақсылық. Ол – намаз.

Талқа ибн Хабиб (Алла рахым етсін)
Басқаның бақытын құнсыздандырма.

Біреу таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ одан кейін отбасына, бала-шағасына оралып, мауқын басып, бақытты сәттерін кешеді. Ол да – бақытты.

Біреу таңнан кешке дейін адамдарды емдеп, олардың алғысын алады. Олардың қуанғанын көреді. Ол да – өз еңбегімен бақытты.

Оларға келіп: “Осы да өмір ме? Кәсіппен айналысып миллион тап…” деп оның бақытын құнсыздандырма.

Адам бақытты болу үшін міндетті түрде миллиондаған доллар тауып, үлкен бизнесмен болу қажет деген сөз жоқ.

Өзіңнің пайымыңдағы бақыт ұғымын басқаларға да тықпалап әуре болма.

Әркім өз өміріне сай бақытты.
Шейх М.Ғазалидің айтуынша, тіпті қорқақ, сараң адамды түсінуге болады. Өйткені адамға кеудесіндегі жаны мен қорасындағы малы тәтті. Бірақ адамдарға өтірік айтуды әдет қылып алған өтірікшіге ешқашан түсіністікпен қарауға болмайды.

Сол себептен де Мұхаммед ﷺ пайғамбар “Мұсылманның қорқақ болуы, сараң болуы мүмкін бе?” деп сұрағанда “Иә” деп жауап берді де “Өтірікші болуы ше?” дегенде “Жоқ! Мүмкін емес!” деді. (Мәлик)

📚 Шейхтің “Мұсылманның мінезі” кітабынан
Шейх М.Ғазали айтады:

“Пайғамбарымыз ﷺ айтқан сөзін қастерлеп, естіген сөзін құрметтейтін адам болған. Бұл нағыз ерлерге тән қасиет!”

📚 Мұсылманның мінезі

Яғни, тек қана шындықты айтады, берген уәдесін ешқашан бұзбайды. Себебі ол өзінің аузынан шыққан сөздерді қастерлі санайды. Сол сияқты басқалардың да айтқан сөздерін құрмет тұтады.
Біз қазір сөздің еш қадір-қасиеті қалмаған заманда өмір сүріп жатқандаймыз. Өйткені өтірікті жаңбырша жаударытан, уәдені үйіп-төгіп беріп, бірақ біреуін де орындамайтын, ант пен серттің салмағын білмейтін адамдар көбейіп барады…
Құран Кәрім өтірік айтуды кәпірлер мен мұнапықтардың белгісі деп көрсетеді.
Өзіңе тілекші жандардан ғана көмек сұра, Құдайдан қорқатын адамдармен ғана ақылдас!

Әзірет Омар (Алла разы болсын)

📚 Шуғаб әл-Иман
Мұсылман адам, ақылы болса сауапты істердің ешбіреуін азсынбауы керек. Тіпті ең кішкентай сауапты ісімен Алла Тағаланың кешіріміне бөленіп кетуі мүмкін…

Ибн Абдул-Бар (Алла рахымына алсын)

📚 Әт-Тамһид
Жақсылық пен жамандықты жай ғана тани алатын адам ақылды емес, жақсылықты танып, соған ілескен және жамандықты танып, содан аулақ жүрген адам ақылды.

Суфиян ибн Ғуяйна (Алла рахымына алсын)

📚 Хилия
Алла Тағаладан амандық пен саулық сұраңдар! Пендеге иман нығметінен кейін саулықтан асатын жақсылық берлімеген.

📚 Хадис. Тирмизи
Жастық шақты, ондағы күш пен қайратты зиянды әдеттерге емес, игі істерге жұмсаған жастар — жарқын болашақтың кепілі!
Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.

Абай Құнанбайұлы
Бүгін “Халықаралық балаларды қорғау күні” деп жатырмыз ғой. Біз оларды неден қорғаймыз? Қалай қорғаймыз? Әрине балаларымызды надандықтан, арсыздықтан және барлық жамандықтан жақсы тәрбие беру арқылы қорғаймыз!

Бұл күнде “балаларды қайда қыдыртамыз?”, “не сыйлаймыз?” деп бас қатырудан бұрын жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздеген дұрыс!

Сондай-ақ “Ата-ананың баласына беретін ең жақсы нәрсесі — жақсы тәрбие” дейді хадисте.

Құрандағы “Өздеріңді және отбасыларыңды тозақ азабынан қорғаңдар” деген аяттағы “қорғауды” Әзірет Әли “жақсы тәрбие беріп, әдепке баулы арқылы жүзеге асады” деп түсіндірген.
Күллі надандық пен арсыздыққа, жалпы жаманшылық атаулының барлығына қарсы тұрып беретін жалғыз қамал ол — ИМАНДЫЛЫҚ!
Алла Тағалалан салихалы ұрпақ сұрау үшін Құрандағы мына дұғаны оқыңыз:


رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاء

Уа, Раббым! Маған Өз тарапыңнан пәк әрі қайырлы ұрпақ нәсіп ете көр! Шүбәсіз, Сен дұғалардың бәрін естушісің

“Әли Имран” сүресі, 38-аят