Дастан Құрманбаев
23.9K subscribers
65 photos
13 videos
4 files
15 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Ғұлама Әбу Бәкір Уаррақ (Алла оны рақымына алсын) бір әңгімесінде: “Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін маңайымдағы кісілерге қарап, кімнің адал ас, кімнің арам ас жегенін ажырата аламын”, – деді. Бұған таң қалған шәкірттері: “Ұстаз, оны қалай ажыратасыз?” – деп сұрағанда, ол: “Кімде-кім таң ата бос сөз, пайдасыз әңгімеге салынса, әркімді сырттай жамандап, бей әдеп сөз айта бастаса, оның бұл әрекеті арам ас жегендігінен туындауда деп түсінемін. Ал егер кімде-кім таңертең тұрғаннан кейін әуелі Алла Тағаланы зікір етіп, кешірім тілеп, истиғфар айтса, оның бұл әрекеті адал ас жегендігінен. Өйткені адал да, арам да адамның күнделікті іс-әрекетіне міндетті түрде әсер етеді”, – деген екен.

#жұма_уағызынан
Сахаба Әмр ибн Ас (Алла оған разы болсын): «Жүрек – сырды сақтайтын орын. Еріндер – сол орынның кұлпы. Ал тіл – соның кілті. Сондықтан әрбір адам сырдың кілтіне мұқият болсын», – деп өсиет айтқан.

#жұма_уағызынан
Төле би бабамыз:

“Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі –талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық”, –

деген екен.

#жұма_уағызынан