Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Егер іс емес сөз бағаланатын заманда өмір сүріп жатсаң, онда ең жаман адамдардың ортасында, ең жаман кезде өмір сүріп жатқаның.
Табиғин ғұлама Сәләмә ибн Динар (Алла рахымына алсын)
Табиғин ғұлама Сәләмә ибн Динар (Алла рахымына алсын)
Түнімен намаз оқып, күні бойы ораза ұстасаң да, егер тіліңе еге болмасаң қияметте сауапсыз қаласың.
“Бесінші әділетті халифа” Омар ибн Абдул-Азиз (Алла рахымына алсын)
“Бесінші әділетті халифа” Омар ибн Абдул-Азиз (Алла рахымына алсын)
Аузы берік адамның кедей болуы шарт емес. Бірақ мұқтаж жанның аузын аштырған абзал. Себебі ол ауыз аштырумен қоса мұқтаж жанға садақа берген болып саналады.
Сондай-ақ аузы берік адамды тамақтандырып тойдырған адам да, құрма немесе су беріп ауызды аштырған адам да сауапқа кенеледі. Алайда тойдырған адамның сауабы мол болады.
“Рамазан оразасына қатысты пәтуалар” кітабынан.
Сондай-ақ аузы берік адамды тамақтандырып тойдырған адам да, құрма немесе су беріп ауызды аштырған адам да сауапқа кенеледі. Алайда тойдырған адамның сауабы мол болады.
“Рамазан оразасына қатысты пәтуалар” кітабынан.
Имам Ахмадтың баласы Абдулла айтады (Алла рахымына алсын):
“Әкем намаздан кейін “Я, Алла, Өзіңнен басқаға сәжде етуден сақтағаныңдай, Өзіңнен басқаға қол жаюдан да сақта” деп дұға жасайтын еді”.
📚 Әл-Қари. Мирқат, 1/70
“Әкем намаздан кейін “Я, Алла, Өзіңнен басқаға сәжде етуден сақтағаныңдай, Өзіңнен басқаға қол жаюдан да сақта” деп дұға жасайтын еді”.
📚 Әл-Қари. Мирқат, 1/70
Баяғы салихалылардан қалған сөз бар: “Дүниедегі ең қымбат зат — адал бауыр”.
📚 Ибн Әбуд-Дуния
📚 Ибн Әбуд-Дуния
Өлімді жиі ойлайтын адамның көреалмаушылығы мен зұлымдығы азаяды.
Әбу Дарда (Алла разы болсын)
Әбу Дарда (Алла разы болсын)
Білімнің көркі — тақуалык пен жұмсақтық.
Имам Шафиғи (Алла рахымына алсын)
Имам Шафиғи (Алла рахымына алсын)
Бір мұсылман тал ексе, не егін ексе, сосын одан құс, адам, жануар жесе соның барлығы оған садақа болып жазылады.
📚 Хадис. Бұхари
📚 Хадис. Бұхари
Бірде Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларынан: “Сендердің ең жақсыларың кім екенін айтайын ба?”, — деп сұрайды. Барлығы: “Әрине, уа, Алланың елшісі”, — дейді бірауыздан. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: “Көрген кезде Алла Тағала еске түсетіндер”, — деп жауап береді. Сосын: “Ал ең жамандарың кім екенін айтайын ба? Олар — өсек таситындар, бір-бірін жақсы көретін адамдардың арасын бұзатындар және жақсы адамдардан жамандық іздеп жүретіндер”, — деп айтты.
📚 Бұхари. Әдәб-ул Муфрад
📚 Бұхари. Әдәб-ул Муфрад
Forwarded from Абылай Кенжалы
Кімнің бүкіл ғұмыры рамазан секілді өтсе, соңы айт болады.
©️Ізгілер 🌙
©️Ізгілер 🌙
Анаңның жүзіне қарауыңның өзі ғибадат! Ал енді оған жақсылық жасауың не болатынын ойлай бер.
Хасан әл-Басри
📚 Ибн Мубарак. Муснад
Хасан әл-Басри
📚 Ибн Мубарак. Муснад
Рамазан біткесін күнә істеймін деген пиғылмен ораза ұстап жүрген адамның оразасы қабыл болмайды.
Кағб ибн Мәлик
📚 Ибн Ражаб. Латаиф
Кағб ибн Мәлик
📚 Ибн Ражаб. Латаиф
Тақуалық — өзіңді ешкімнен артық санамауың!
Ибн Омар
📚 Тафсир әл-Бағауи
Ибн Омар
📚 Тафсир әл-Бағауи
Сорлы деген — Алла мені кешірмейді деп ойлайтын адам.
Ибн Ражаб
📚 Латаиф әл-Мағариф
Ибн Ражаб
📚 Латаиф әл-Мағариф
“Бесінші әділетті халифа” Омар Ибн Абдул-Азиз мұсылман елдерінің барлығына рамазан айын садақамен және истиғфармен аяқтауды бұйыратын болған екен. Оның айтуынша, садақа ораза ұстаушыны ораза кезінде айтқан бос, күнә сөздерінен тазартады. Ал истиғфар әлгі сөздердің ізін жояды.
📚 Ибн Ражаб. Латаиф әл-Мағариф
📚 Ибн Ражаб. Латаиф әл-Мағариф
Қиямет жақындағанда “уақыт тез өтеді” деген хадисті Ибн Хажар әл-Асқалани “барлық нәрседен береке кетеді. Тіпті уақыттан да” деп түсіндіреді.
📚 Фатх әл-Бари
📚 Фатх әл-Бари
Алла Тағала айтады: Әй, құлдарым, сендер түнде де, күндіз де күнә істейсіңдер. Ал Мен барлық күнәні кешіремін. Менен кешірім тілеңдер. Кешіремін!
📚 Құдси Хадис
📚 Құдси Хадис
Пайғамбар ﷺ сәждеде “Суббуухун Қуддуусун роббунаа уа роббуль мәләәикәти уар руух” деп айтатын болған.
📚 Муслим
Мағынасы: Ол мін-кемшіліктерден пәк әрі таза, періштелердің және Жәбірейілдің Раббысы.
📚 Муслим
Мағынасы: Ол мін-кемшіліктерден пәк әрі таза, періштелердің және Жәбірейілдің Раббысы.