Дастан Құрманбаев
21.5K subscribers
54 photos
11 videos
3 files
12 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Алла Тағаланың құлдарына берген ең үлкен нығметі — “Ләә иләәһә илләллаһты” ұғындырғаны.

Суфиян ибн Ғуяйна

📚 Хилият әл-Аулия
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Шамаң келген барлық жақсылықты жаса. Себебі жәннатқа кіруіңе қай жақсылық себеп боларын білмейсің.

Шамаң келген барлық жамандықты таста. Себебі сені тозаққа түсіретін қай жамандық екенін білмейсің.

©️ Абу Хасан әл-Зәйят رحمه الله
“Шешендіктің шегі — кісінің көңіліне тимей сөз айту”.

Бақа би Айбекұлы (1827-1911)
Forwarded from Иса ұстаздың әлемі🫀
Для сторис:)
Имам Әбу Ханифа (Алла разы болсын) бір шәкіртіне айтқан өсиетінде: “Киіміңді жаңартып жүр және иіс майларын (парфюм) көп пайдалан”, — деген екен.

Осы жердегі “жаңартып жүр” дегенін “түрлендіріп ки, яғни әр түрден, түстен ауыстырып киетін бірнеше киімің болсын” деп түсіндім. “Адам көркі шүберек” дегендей, киген киімің жаңалығымен, тазалығымен ажарыңды ашып, өн бойыңа көрік беріп тұрса, сөзің де салмақты, ісің де тиянақты көрінбей ме?!
Киімі жарасып, үстінен хош иіс аңқып тұрған адамға адам түгіл періштенің өзі үйір болмай ма?!
Есіңде болсын! Егер жақсы қарым-қатынас жасамасаң, басқалар былай тұрсын, туған әке-шешең саған жау болады. Ал егер жақсы қарым-қатынас жасасаң, жаттың өзі жақыныңа айналады.

Әбу Ханифа

#Әбу_Ханифаның_өсиеті
Ең жаман адам — мынаған бір жүзбен, анаған басқа бір жүзбен баратын екіжүзді адам.

📚 Хадис. Муслим
“Жұма күні және жұманың түнінде маған көп салауат айтыңдар”, — дейді Пайғамбарымыз ﷺ

📚 Хадис

Бейсенбінің күні батқан кезде жұманың түні басталады
Бірде Пайғамбарымыз ﷺ Жәбірейілден: “Мен Микәйіл періштенің ешқашан күлгенін көрмеппін”, — деп оның себебін сұрайды. Сонда Жәбірейіл періште: “Ол тозақ жаратылғаннан бері күлмеді”, — деп жауап береді...

📚 Хадис